Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2012 в 12:48, дипломная работа
Диплом жұмысындағы толықтырылуы қажет сұрақтар тізімі немесе жұмыстың қысқаша мазмұны:
a) Айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелердің мәні, мазмұны, құрылымы, басқару саясаты, үлгілері қарастырылған.
ә) Қазіргі уақыттағы фирмалардың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқаруын талдау, «Институт Градтранспроект» ЖШС-тің айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін нарық жүйесіндегі фирмалардың айналым қаражаттары мен қысқа мерзімді міндеттемелерді басқару саясаты мен басымдылықтары қарастырылған. «Институт Градтранспроект» ЖШС-тің қызметінің сипаттамасы. Фирманың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелердің құрылымы және көлемдері талданған.
б) Ғаламдық жағдайдағы фирмалардың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқаруын жетілдіру. Фирманың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқару бойынша перспективалары мен болашағы қарастырылған.
КІРІСПЕ......................................................................................................................5
1АЙНАЛЫМ АКТИВТЕРІ МЕН ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ............. 8
1.1 Айналым активтерінің экономикалық мәні, құрылымы және мазмұны…......8
1.2 Міндеттемелердің мәні мен мазмұны және олардың жіктелуі ......................16
1.3 Айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерді басқару саясаты және үлгілері..............................................................................................................22
2 ФИРМАЛАРДЫҢ АЙНАЛЫМ АКТИВТЕРІ МЕН ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІН БАСҚАРУЫН ТАЛДАУ («ИНСТИТУТ ГРАДТРАНСПРОЕКТ» ЖШС МЫСАЛЫНДА)..............................................35
2.1 «Институт Градтранспроект» ЖШС-нің қаржы-шаруашылық қызметінің сипаттамасы...............................................................................................................35
2.2 Фирманың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелердің құрылымын және көлемін талдау............................................................................39
2.3 «Институт Градтранспроект» ЖШС айналым активтерін қолдану тиімділігін талдау..........................................................................................................................50
3ҒАЛАМДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА ФИРМАЛАРДЫҢ АЙНАЛЫМ АКТИВТЕРІ МЕН ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІН БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ................................................................................. 55
3.1 Фирмалардың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқару бойынша мәселелері мен даму перспективалары....................................55
3.2 Ғаламдану жағдайында фирманың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқаруды оңтайландыру.............................................................58
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................65
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................68
ҚОСЫМШАЛАР.....................................................................................................69
Кестеден көріп отырғанымыздай «Институт
Градтранспроект» ЖШС-нің қысқа мерзімді
міндеттемелерінің құрамы мен құрылымы
талданған. Фирманың қысқа мерзімді міндеттемелерінің
барлығы бірінші жылы, 13350109 теңге болды,
ол 100% құрады. Оның ішінде: салықтар бойынша
міндеттемелер – 0,1%, басқа міндеттемелер
бойынша, міндетті және ерікті төлемдер
– 0,04%, қысқа мерзімді кредиторлық қарыз
– 16,4%, басқада қысқа мерзімді міндеттемелер
– 83,5%құрады. Ал екінші жылы, 7243062 теңге
болды, ол 100% құрады. Оның ішінде: салықтар
бойынша міндеттеме – 0,7%, қысқа мерзімді
кредиторлық қарыз – 37,7%, басқада қысқа
мерзімді міндеттемелер – 61,6% құрады.
Үшінші жылы, 4452152 теңге болды. Оның ішінде:
салықтар бойынша міндеттемелер – 17,4%,
басқа міндеттемелер бойынша, міндетті
және ерікті төлемдер – 1,1%, қысқа мерзімді
кредиторлық қарыз – 42,7%, басқада қысқа
мерзімді міндеттемелер – 38,8% құраған
болатын. Осыдан келе бұл көрсеткіштердің
барлығын диаграмма түрінде көруге болады
(9 сурет).
Сурет 9. «Институт Градтранспроект» ЖШС-нің қысқа мерзімді міндеттемелерінің құрамы мен құрылымының диаграммасы
Дерек
көзі: Автор «Институт
Суретте «Институт Градтранспроект» ЖШС-нің қысқа мерзімді міндеттемелерінің құрамы мен құрылымының диаграммасы көрініс тапқан. Үш жыл бойы салықтық міндеттемелер артқан. Бірінші мен үшінші жылдары міндетті және ерікті төлемдердің де артқаның байқауға болады. Бірақ, екінші жылы ешқандай да міндетті және ерікті төлемдер жасалынбаған. Қысқа мерзімді кредиторлық қарыздың көлемі ұлғайған, ол дегеніміз таза айналым капиталының теріс мәнімен тығыз байланысты. Басқада қысқа мерзімді міндеттемелер жылдан жылға кеміген.
Фирма басшылығы осы фирманың материалдық – техникалық базасын нығайтуға және жаңартуға қатаң көңіл аударуы тиіс. Бұл дегеніміз нарық талаптарына сәйкес, жұмыстың тез әрі сапалы орындалуына сәйкес болып табылады. Осыған байланысты айналым активтерінің құрамы мен құрылымында өзгерістер байқалады. Оны келесі суреттен көруге болады (11 кесте).
Кесте 11
«Институт Градтранспроект» ЖШС-нің айналым активтерінің құрамы мен құрылымының өзгерістері
|
Кестеде «Институт Градтранспроект» ЖШС-нің айналым активтерінің құрамы мен құрылымының өзгерістері байқалды, олардың әр қайсысын жеке-жеке талдау нәтижесінде келесідей қорытындылар жасауға мүмкіндік берді. Ақшалай құралдар: 2008-2009 жылдары 217,8% өсіп, 2009-2010 жылдары -74,4% төмендегені байқалады. Қысқа мерзімді дебиторлық борыш: 2008-2009 жылдары -89,4% төмендеп, 2009-2010 жылдары 926,3% өскендігі байқалады. Ағымдағы салықтық активтер: 2008-2009 жылдары -45,8% төмендеген. Ал басқа да қысқа мерзімді активтер: 2008-2009 жылдары 3370% өсіп, 2009-2010 жылдары -74,2% төмендегені байқалды. Қысқа мерзімдік активтердің барлығы бойынша 2008-2009 жылдары 103,2 % өсіп, 2009-2010 жылдары -55,4 % төмендеген. «Институт Градтранспроект» ЖШС-нің айналым активтерінің құрамы мен құрылымының өзгерістерін талдай отырып, оны диаграмма түрінде көруге болады (10 сурет).
Сурет 10. «Институт Градтранспроект» ЖШС-нің айналым активтерінің құрамы мен құрылымының өзгерістерінің диаграммасы
Дерек
көзі: Автор «Институт
Суретте
«Институт Градтранспроект» ЖШС-нің айналым
активтерінің құрамы мен құрылымдарының
өзгерістерінің диаграммасы бейнеленген.
Бұл жерде 2008-2009 жылдары ақшалай құралдар
өсіп, 2009-2010 жылдары төмендеген. Ағымдағы
салықтық активтер төмендеген. Қысқа мерзімді
дебиторлық борыш 2008-2009 жылдары төмендеп,
2009-2010 жылдары біршама өскені байқалады.
Ал басқада қысқа мерзімді активтер 2008-2009
жылдар аралығында өсіп, 2009-2010 жылдары
әлдеқайда төмендеген. Себебі, қысқа мерзімде
жасалынатын «Институт Градтранспроект»
ЖШС-нің жұмыстарына ақша қаражаттарының
салынуы азайған немесе фирма жұмыстарының
ауқымы біршама қысқарған . Осыған байланысты
«Институт Градтранспроект» ЖШС-нің қысқа
мерзімді міндеттеменің құрамы мен құрылымының
өзгерістерге ұшырады, оны келесі
кестеден көруге болады (12 кесте).
Кесте 12
«Институт Градтранспроект» ЖШС-нің қысқа мерзімді міндеттеменің құрамы мен құрылымының өзгерістері
|
Кестеден
көріп көріп отырғанымыздай, фирманың
қысқа мерзімді міндеттемелерінің өзгерістері
байқалған. Ол өз кезегінде келесідей
қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Салықтар бойынша міндеттемелер екі жылдар
аралықтарында да өскен. Қысқа мерзімді
кредиторлық қарыз 2008-2009 жылдары 25,04%
өсіп, 2009-2010 жылдары -38,02% төмендегені
байқалды. Ал басқа да қысқа мерзімді міндеттемелер
үш жылдар аралықтарында да төмендеген.
Қысқа мерзімді міндеттемелердің барлығы
бойынша 2008-2009 жылдары -145,7%,
2009-2010 жылдары -39,2%
төмендегені байқалды. Шыққан нәтижені
диаграмма түрінде көруге болады (11 сурет).
Сурет 11. «Институт Градтранспроект» ЖШС-нің қысқа мерзімді міндеттеменің құрамы мен құрылымының өзгерістерінің диаграммасы
Дерек
көзі: Автор «Институт
Суретте «Институт Градтранспроект» ЖШС-нің қысқа мерзімді міндеттеменің құрамы мен құрылымының өзгерістерінің диаграммасы көрініс тапқан. Салықтар бойынша міндеттеме 2008-2009 жылдар аралығында төмендеп, ал 2009-2010 жылдары өскен. Қысқа мерзімді кредиторлық қарыз 2008-2009 жылдар аралығында өсіп, 2009-2010 жылдары төмендегені байқалды. Басқада қысқа мерзімді міндеттемелер үш жыл бойы да төмендеген. Себебі, қысқа мерзімді кредиторлық қарыздардың төмендеуі фирманың жұмыс істеуіне кедергі келтіреді. Ол дегеніміз фирманың ақша қаражаттарының аздығын, үлкен ауқымда жұмыс жасалынбағаның білдіреді.
Кез келген фирманың қаржылық
потенциялын, оның қалыптасқан
меншік капиталы құрайды. Оны
келесі кестеден көруге болады (13 кесте).
Кесте 13
«Институт Градтранспроект» ЖШС-нің меншік капиталының қалыптастырудағы көрсеткіштерді талдау
Атауы | Көрсеткіштерді есептеу алгоритмі | Есептелінуі | ||
2008 жыл | 2009 жыл | 2010 жыл | ||
Меншік капитал есебінен қажетті айналымнан тыс активтер | Ұзақ мерзімді актердің барлығы - Ұзақ мерзімді міндеттемелер |
|
1579710 |
1542339 |
Меншік капитал есебінен айналым активтерін қалыптастыру | Қысқа мерзімді актердің барлығы - Ұзақ мерзімді міндеттемелер | 1497233 |
3042183 |
1357525 |
Таза айналым капиталы | МК-( Ұзақ мерзімді актердің барлығы - Ұзақ мерзімді міндеттемелер) | -11852875 |
-4200879 |
-3094627 |
Меншік капитал маневерлеу коэффициенті | ТАК/МK |
|
-1.6 |
|
Дерек
көзі: Автор «Институт |
Кестедегі мәліметтерден фирманың меншіктік капиталының қалыптасу саясаты көрініс тапқан. Бұл өз кезегінде таза айналым капиталының теріс екендігін көрсетеді. Меншік капиталының маневерлеу коэффициенті де теріс мәндерге ие. Фирманың табыстары да теріс деген қорытындыға келуге болады. Олар қарыз қаражаттары мен тартылған қаражаттар арқылы өз қызметің атқарады. Бұндай жағдайда әр фирма осындай тығырықтан шығу үшін, дағдарысқа қарсы үлгілер жасайды. Талданып отырған «Институт Градтранспроект» ЖШС-гі үшін жасалынған дағдарысқа қарсы үлгі, «Альтманның Z үлгілері» деп аталады.
Альтманның Z үлгілері:
1.Екі факторлы Альтманның Z үлгісі:
- Ктл- ағымдық өтімділік коэффициенті
- Кз- тәуелділік коэффициенті
- (-1,0736) және 0,0579- коэффициентінің салмақтық мәндері
- (-0,3877)-
тұрақты мөлшер
Z= -0,3877+
Ктл*(-1,0736)+ Кз*0.0579
(12) .
Ктл=
ағымдағы активтер/ағымдағы міндеттемелер
Кз= қарыз
қаражаттары/ қарыз көздерінің жалпы
(14).
Екі факторлы Альтманның Z үлгісінің коэффициенттері талдау
келесі кестеде көрсетілген (14 кесте).
Кесте 14
Екі факторлы Альтманның Z үлгісінің коэффициенттерін талдау
Коэффициент | 2008 жыл | 2009 жыл | 2010 жыл | Өзгерістер | |
2008-2009жж. | 2009-2010жж. | ||||
ағымдағы өтімділік коэффициенті | 0,1 | 0,4 | 0,3 | 0,3 | -0,1 |
тәуелділік коэффициенті | 0,2 | 0,6 | 0,6 | 0,4 | 0 |
Дерек көзі: Автор «Институт Градтранспроект» ЖШС-нің мәліметтері негізінде құрады |
Кестеде үш жылдық екі факторлы Альтманның Z үлгісінің коэффициенттерін талданған. Бұл жерде сонымен қатар үш жылдық өзгерістері де көрініс тапқан. 2008-2009 жылдары ағымдағы өтімділік коэффициенті 0,3-ке тең. Ал 2009-2011 жылдары -0,1 болды. Тәуелділік коэффициенті 2008-2009 жылдары 0,4-ке тең. Ал 2009-2010 жылдары о-ге тең. Себебі, 2008-2009 жылдарға қарағанда, 2009-2010 жылдары ағымдағы өтімділік пен тәуелділік төмендеген. Кестедегі мәліметтерді қолдана отырып, келесідей қорытындылар жасауға болады:
2008 жыл:
Z=-0,3877+0.1*(-1,0736)+0.2*0.
Z<0 банкроттықтың ықтималдығы 50% төмен;
2009 жыл:
Z=-0,3877+0.4*(-1,0736)+0.6*0.
Z<0 банкроттықтың ықтималдығы 50% төмен;
2010 жыл:
Z=-0,3877+0.3*(-1,0736)+0.6*0.
Z<0 банкроттықтың ықтималдығы 50% төмен.
Шыққан
үш жылдық қорытынды нәтижесінде
екі факторлы Альтманның Z үлгісінің коэффициенттерін
талдауды диаграмма түрінде көруге болады
(12 сурет).
Сурет 12. Екі факторлы Альтманның Z үлгісінің коэффициенттерін талдауының диаграммасы
Дерек
көзі: Автор «Институт
Суретте екі факторлы Альтманның Z үлгісінің коэффициенттерін талдауының диаграммасы көрініс тапқан. 2008-2009 жылдар аралығында ағымдағы өтімділік коэффициенті өсіп, 2009-2010 жылдар аралығында төмендеген. Ал 2008-2009 жылдар аралығында тәуелділік коэффициенті де өсіп, 2009-2010 жылдар аралығында бірқалыпты. Себебі, фирманың қаржылық жағдайына байланысты оның өтімділік және тәуелділік коэффициенттері де төмендейді. Неғұрлым фирманың қаржылық жағдайы төмендеген сайын, оның өтімділігі де төмендейді.
2. Бес факторлы
Альтманның Z үлгілері:
Z= 1.2*K1+1.4*K2+3.3*K3+0.6*K4+1.
K1- меншіктік
айналым капиталы/ барлық активтер
К2- бөлінбеген
табыс/ барлық активтер
(17).
К3-
% мен салық төленбеген пайда/ барлық
активтер
(18).
Информация о работе Фирманың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқару