Фирманың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2012 в 12:48, дипломная работа

Краткое описание

Диплом жұмысындағы толықтырылуы қажет сұрақтар тізімі немесе жұмыстың қысқаша мазмұны:
a) Айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелердің мәні, мазмұны, құрылымы, басқару саясаты, үлгілері қарастырылған.
ә) Қазіргі уақыттағы фирмалардың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқаруын талдау, «Институт Градтранспроект» ЖШС-тің айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін нарық жүйесіндегі фирмалардың айналым қаражаттары мен қысқа мерзімді міндеттемелерді басқару саясаты мен басымдылықтары қарастырылған. «Институт Градтранспроект» ЖШС-тің қызметінің сипаттамасы. Фирманың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелердің құрылымы және көлемдері талданған.
б) Ғаламдық жағдайдағы фирмалардың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқаруын жетілдіру. Фирманың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқару бойынша перспективалары мен болашағы қарастырылған.

Содержание работы

КІРІСПЕ......................................................................................................................5

1АЙНАЛЫМ АКТИВТЕРІ МЕН ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ............. 8

1.1 Айналым активтерінің экономикалық мәні, құрылымы және мазмұны…......8

1.2 Міндеттемелердің мәні мен мазмұны және олардың жіктелуі ......................16

1.3 Айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерді басқару саясаты және үлгілері..............................................................................................................22

2 ФИРМАЛАРДЫҢ АЙНАЛЫМ АКТИВТЕРІ МЕН ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІН БАСҚАРУЫН ТАЛДАУ («ИНСТИТУТ ГРАДТРАНСПРОЕКТ» ЖШС МЫСАЛЫНДА)..............................................35

2.1 «Институт Градтранспроект» ЖШС-нің қаржы-шаруашылық қызметінің сипаттамасы...............................................................................................................35

2.2 Фирманың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелердің құрылымын және көлемін талдау............................................................................39

2.3 «Институт Градтранспроект» ЖШС айналым активтерін қолдану тиімділігін талдау..........................................................................................................................50

3ҒАЛАМДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА ФИРМАЛАРДЫҢ АЙНАЛЫМ АКТИВТЕРІ МЕН ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІН БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ................................................................................. 55

3.1 Фирмалардың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқару бойынша мәселелері мен даму перспективалары....................................55

3.2 Ғаламдану жағдайында фирманың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқаруды оңтайландыру.............................................................58

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................65

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................68

ҚОСЫМШАЛАР.....................................................................................................69

Содержимое работы - 1 файл

Фирманың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқару.doc

— 748.00 Кб (Скачать файл)

    К4- меншік капиталы/ қарыз капиталы                                                      (19). 

    К5- өткізуден түскен табыс/ барлық активтер                                              (20).

    

      Бес факторлы Альтманның Z үлгілерінің коэффициентерінің талдауы келесі кестеде көрсетілген (15 кесте). 
 
 

    Кесте 15

    Бес факторлы Альтманның Z үлгілерінің коэффициентерін талдау

Коэффициент 2008 жыл 2009 жыл 2010 жыл Өзгерістер
2008-2009жж. 2009-2010жж.
меншіктік айналым капиталы/ барлық

активтер

 

5,8

 
      1,6
 
1,5
 
-4,2
 
-0,1
     
-0,6
 
- 0,6
 
-5,4
 
-1,2
бөлінбеген  табыс/ барлық активтер -4,8
пайыз бен салық төленбеген пайда/  барлық активтер  
-4,02
     

1,8

 
0.4
 
-2,22
 
-1,4
меншік  капиталы/ қарыз капиталы -4,8 -0,6     -0,5 -5,4 -1,1
өткізуден түскен табыс/ барлық активтер  9,8 15,5 2.8 5,7 -12,7
Дерек көзі: Автор «Институт Градтранспроект» ЖШС-нің мәліметтері негізінде құрады
 

    Кестеде үш жылдық  бес факторлы Альтманның Z үлгісінің коэффициенттері талданған. Бұл жерде сонымен қатар үш жылдық өзгерістері де көрініс тапқан. Кестедегі мәліметтерді қолдана отырып келесідей қорытынды жасауға болады:

    2008 жыл: Z=1.2*5.8+1.4*(-4.8)+3.3*(-4.02)+0.6*(-4.8)+1.0*9.8=-6.106

1.80>-6.106 банкроттықтың  ықтималдығы өте жоғары;

    2009 жыл: Z=1.2*1,6+1.4*(-0,6)+3.3*1,8+0.6*(-0,6)+1.0*15,5=22,16

 Z =  және < 3 және одан жоғары банкроттықтың ықтималдығы төмен;

    2010 жыл: Z=1.2*1,5+1.4*(-0,6)+3.3*0.4+0.6*(-0,5)+1.0*2.8=3.62

 Z = және < 3 және одан жоғары банкроттықтың ықтималдығы төмен.

      Сонымен, фирманың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелердің құрылымы мен көлемі  қаржылық есептің маңызды элементі болып саналатын активтер мен міндеттемелерді талдау барысында, осы активтер мен мінтеттемелердің нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және оларда болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымын және оның жеке топтарын талдау, оларды рационалды таратылуын талқылауға мүмкіндік береді. Активтердің өсуі фирманың болашақтағы дамуын көрсететін болғандықтан, ол осы фирма жұмысының оң нәтижесін сипаттайды.Ал теріс болса, керісінше болады. Қаржы менеджментінің маңызды аспектісінің бірі ретінде  фирманың қысқа мерзімді міндеттемелерінің  қаржылық жай-күйін талдау. Бұл айналыста жүрген ақша қаражаттарын дер кезінде жабуы болып табылады. 
 

2.3 «Институт Градтранспроект»  ЖШС айналым активтерін  қолдану тиімділігін  талдау 

     Фирманың  ресурстарының қолдану тиімділігін  анықтау үшін әр түрлі көрсеткіштер, яғни ресурстардың қолдану интенмивтілігі мен олардың әр түрлі түрлері қолданылады. Айналым қаражаттарының қолдану тиімділігінің критерийсі болып, қызметтің қаржылық нәтижесі мен өндірістің максималды жоғары қорытындысын алуға көмектесетін айналым қаражаттарын авансталуын барынша минимилизациялау болып табылады. Фирманың қызметкерлік беделі қаржылық тұрғысынан айналым қаражаттарының жылдамдығынан анықталады. Айналымдалық коэффициенті фирманың активтерінің жылына қанша рет айналатының көрсетеді. Бұл көрсеткіш өте маңызды болып келеді, себебі, айналым қаражаттарының жылдамдығы, олардың ақшалай формаға ауысуы, фирманың төлем қабілеттілігінің көрсеткіші болып табылады.Активтердің айналымдылығының коэффициенті өнімді өткізуден түскен түсім мен мүліктердің орташа жылдық бағасының арасындағы қатынас арқылы анықталады. Ол фирманың бүкіл қолданылатын қаражаттарының тиімділігін, яғни бір жылда табыс әкелетін құралдың қанша рет айналым жасайтының сипаттайды. Басқаша сөздермен, өнімді өткізуден түскен түсімді айналым қаражаттарының бір теңгеге есебін көрсетеді (16 кесте).

     Кесте 16

     «Институт Градтранспроект» ЖШС-нің айналымдылық коэффициенттерін талдау

Атауы Көрсеткіштерді  есептеу алгоритмі 2008 жыл  2009 жыл 2010 жыл
Активтердің айналымдылық коэффициенті Өнімді өткізуден  түскен таза түсім / Айналым активтердің  орташа жылдық құны  
2,3
 
31,6
 
3,7
Бекіткіш  коэффициенті 1 / Айналымдылық  коэффициенті 0,4 0,03 0,3
Дебиторлық  қарыздың айналымдылық коэффициенті Өнімді өткізуден  түскен таза түсім / Дебиторлық қарыздың орташа жылдық құны  
98,2
 
294,6
 
30,9
Кредиторлық қарыздың айналымдылық коэффициенті Өнімді өткізуден  түскен таза түсім / Кредиторлық қарыздың орташа жылдық құны  
6,8
 
29,2
 
3,5
ТМҚ айналымдылық коэффициенті Өнімді өткізуден  түскен таза түсім / Тауарлы-материалдық қорлардың орташа жылдық құны  
610,4
 
0
 
0
Дерек көзі: Автор «Институт Градтранспроект» ЖШС-нің мәліметтері негізінде құрады

     Кестеде фирманың айналымдылық коэффициентің есептеу арқылы, біз үш жылдық қорытынды жасадық. Ол өз кезегінде келесідей болды: Активтердің айналымдылық коэффициенті, 2008 жылы - 2,3; 2009 жылы - 31,6; 2010 жылы - 3,7. Бекіткіш коэффициенті, 2008 жылы - 0,4; 2009 жылы - 0,03; 2010 жылы - 0,3. Дебиторлық қарыздың айналымдылық коэффициенті, 2008 жылы - 98,2; 2009 жылы - 294,6; 2010 жылы - 30,9. Кредиторлық қарыздың айналымдылық коэффициенті, 2008 жылы - 6,8; 2009 жылы - 29,2; 2010 жылы - 3,5. Тауарлы - материалдық қорлардың айналымдылық коэффициенті. 2008 жылы - 610,4 құрады. Осыған сәйкес, оларды келесі диаграммадан көруге болады (13 сурет). 

 

     Сурет 13. «Институт Градтранспроект» ЖШС-нің айналымдылық коэффициенттерін талдау диаграммасы

     Дерек көзі: Автор «Институт Градтранспроект» ЖШС-нің мәліметтері негізінде құрады 

     Суретте «Институт Градтранспроект» ЖШС-нің айналымдылық коэффициенттерін талдау диаграммасы көрініс тапқан. Активтердің айналымдылық коэффициенті 2008-2009 жылдары өсіп, 2009-2010 жылдары кеміген. Бекіткіш коэффициенттері үш жыл аралықтарында кеміген. Дебиторлық қарыздың айналымдылық коэффициенті 2008-2009 жылдары өсіп, 2009-2010 жылдары төмендеген. Ал кредиторлық қарыздың да айналымдылық коэффициенті 2008-2009 жылдары өсіп, 2009-2010 жылдары төмендеген. Себебі, активтердің айналымдылық коэффициентінің төмендеуі, оның кредиторлық және дебиторлық коэффициенттерінің төмендеуіне алып келеді. Сондықтан да фирма қызметінің жұмысы нашарлайды және оның көрсеткіштері осыған сай болады. Айналымдылық коэффициенттерін талдау нәтижесінде айналымдылық ұзақтығын есептеуге болады. Ол келесі кестеде көрініс тапқан (17 кесте).

     Кесте 17

     «Институт Градтранспроект» ЖШС-нің  айналымдылық ұзақтығын талдау

     
Атауы Көрсеткіш есептеу  алгоритмі 2008 жыл 2009 жыл 2010 жыл
Айналым активтерінің айналымдылық ұзақтығы 365 / Активтердің  айналымдылық коэффициенті  
158,7
 
11,6
 
98,6
Дебиторлық  қарыздың айналымдылық ұзақтығы, күндер 365 / Дебиторлық  қарыздың айналымдылық коэффициенті  
3,7
 
1,2
 
11,8
Кредиторлық қарыздың айналымдылық ұзақтығы, күндер 365 / Кредиторлық  қарыздың айналымдылық коэффициенті  
53,7
 
12,5
 
104,3
Тауарлы-материалдық қорлардың айналымдылық ұзақтығы, күндер 365 / Тауарлы-материалдық  қорлардың айналымдылық коэффициенті 0,6 0 0
Операциондық  циклдың ұзақтығы, күндер Кредиторлық қарыздың айналымдылық ұзақтығы + Тауарлы-материалдық  қорлардың айналымдылық ұзақтығы 54,3 12,5 104,3
Дерек көзі: Автор «Институт Градтранспроект» ЖШС-нің мәліметтері негізінде құрады
 

     Кестедегі мәліметтер келесідей нәтиже берді. Ол айналым активтерінің айналымдылық ұзақтығы, 2008 жылы - 158,7; 2009 жылы - 11,6; 2010 жылы - 98,6. Дебиторлық қарыздың айналымдылық ұзақтығы, күндер, 2008 жылы - 3,7; 2009 жылы - 1,2; 2010 жылы - 11,8. Кредиторлық қарыздың айналымдылық ұзақтығы, күндер, 2008 жылы - 53,7; 2009 жылы - 12,5; 2010 жылы - 104,3.  Тауарлы-материалдық қорлардың айналымдылық ұзақтығы, күндер, 2008 жылы – 0,6. Операциондық циклдың ұзақтығы, күндер, 2008 жылы – 54,3; 2009 жылы–12,5; 2010жылы–104,3болды. Осыған сәйкес, оларды келесі диаграммадан көруге болады (14 сурет).

 

     Сурет 14. «Институт Градтранспроект» ЖШС-нің  айналымдылық ұзақтығын талдау диаграммасы

     Дерек көзі: Автор «Институт Градтранспроект» ЖШС-нің мәліметтері негізінде құрады 

     Суретте «Институт Градтранспроект» ЖШС-нің  айналымдылық ұзақтығын талдау диаграммасы көрініс тапқан. Айналым активтерінің айналымдылық ұзақтығы 2008-2009 жылдары төмендеп, 2009-2010 жылдары өскен. Дебиторлық қарыздың айналымдылық ұзақтығы 2008-2009 жылдары төмендеп, 2009-2010 жылдары өскен. Кредиторлық қарыздың айналымдылық ұзақтығы 2008-2009 жылдар аралығында төмендеп, 2009-2010 жылдар аралығында өскен. Ал  операциондық циклдың ұзақтығыда да 2008-2009 жылдары аралығында өсіп, 2009-2010 жылдар аралығында кеміген. Себебі, ақша қаражаттарының жеткіліксіздігінің нәтижесінде фирма қызметінің  айналымдылық ұзақтығына әсер етеді. Жұмыстың дер кезінде орындалмауы.            
          Тауарлы-материалдық қорлардың айналымдылық коэффициенті – босалқы қорлардың өткізу жылдамдығын көрсетеді. Жалпы тауарлы-материалды қорлар айналымдылығының көрсеткіші тым жоғары болса, соншалықты айналым активтерінің бұл бөлімде аздығын көрсетеді. Яғни, айналым қаражаттары өтімділіктің жоғары деңгейлі құрылымына және қаржылық тұрақтылығына ие болады. Төлем қабілетін бағалауға баланстағы айналым қаражаттарының өтімділігінің сипаттамасы негізінде жүргізуге болады.

     Баланстың өтімділігін талдау активіндегі қаражаттарды олардың өтімділігінің деңгейін төмен қарай түсу бойынша салыстыру, ал міндеттемелердің пассивы бойынша оларды өтеу мерзімінің жоғарлауы бойынша топтастыру арқылы жүргізіледі.Фирманың активтері олардың өтімділік дәрежесіне байланысты келесідей топтарға бөлінеді:

  1. Ең өтімді активтер (А1), өзіне ақша қаражаттарын және қысқа мерзімді қаржылық салымдарын (бағалы қағаздар, бірақ меншікті акцияларының баланстық құнынан басқасы).
  2. Тез өткізілетін активтер (А2) – қысқа мерзімді дебиторлық қарыздар және меншікті капиталға салымдар бойынша қатысушыларға қарыздарды есептегендегі басқа да айналым активтері.
  3. Жай өткізілетін активтер (А3) – босалқы қорлар, меншікті капиталға салымдары үшін қатысушыларға қарыздар, ұзақ мерзімді қаржылық салымдар.
  4. Қиын өткізілетін активтер (А4) – иммобилизацияланған қаражаттар және ұзақ мерзімді қаржылық салымдарды есептегендегі ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздар.

Информация о работе Фирманың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқару