Фирманың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2012 в 12:48, дипломная работа

Краткое описание

Диплом жұмысындағы толықтырылуы қажет сұрақтар тізімі немесе жұмыстың қысқаша мазмұны:
a) Айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелердің мәні, мазмұны, құрылымы, басқару саясаты, үлгілері қарастырылған.
ә) Қазіргі уақыттағы фирмалардың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқаруын талдау, «Институт Градтранспроект» ЖШС-тің айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін нарық жүйесіндегі фирмалардың айналым қаражаттары мен қысқа мерзімді міндеттемелерді басқару саясаты мен басымдылықтары қарастырылған. «Институт Градтранспроект» ЖШС-тің қызметінің сипаттамасы. Фирманың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелердің құрылымы және көлемдері талданған.
б) Ғаламдық жағдайдағы фирмалардың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқаруын жетілдіру. Фирманың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқару бойынша перспективалары мен болашағы қарастырылған.

Содержание работы

КІРІСПЕ......................................................................................................................5

1АЙНАЛЫМ АКТИВТЕРІ МЕН ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ............. 8

1.1 Айналым активтерінің экономикалық мәні, құрылымы және мазмұны…......8

1.2 Міндеттемелердің мәні мен мазмұны және олардың жіктелуі ......................16

1.3 Айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерді басқару саясаты және үлгілері..............................................................................................................22

2 ФИРМАЛАРДЫҢ АЙНАЛЫМ АКТИВТЕРІ МЕН ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІН БАСҚАРУЫН ТАЛДАУ («ИНСТИТУТ ГРАДТРАНСПРОЕКТ» ЖШС МЫСАЛЫНДА)..............................................35

2.1 «Институт Градтранспроект» ЖШС-нің қаржы-шаруашылық қызметінің сипаттамасы...............................................................................................................35

2.2 Фирманың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелердің құрылымын және көлемін талдау............................................................................39

2.3 «Институт Градтранспроект» ЖШС айналым активтерін қолдану тиімділігін талдау..........................................................................................................................50

3ҒАЛАМДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА ФИРМАЛАРДЫҢ АЙНАЛЫМ АКТИВТЕРІ МЕН ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІН БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ................................................................................. 55

3.1 Фирмалардың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқару бойынша мәселелері мен даму перспективалары....................................55

3.2 Ғаламдану жағдайында фирманың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқаруды оңтайландыру.............................................................58

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................65

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................68

ҚОСЫМШАЛАР.....................................................................................................69

Содержимое работы - 1 файл

Фирманың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқару.doc

— 748.00 Кб (Скачать файл)

     Кесте 4

     Қысқа мерзімді міндеттемелердің  өзгеруі

Көрсеткіштер Көрсеткіштердің өзгеру сипаты
Меншікті  қаражаттарды тиімді қолдаунуы Төмендеу Өсу
Қысқа мерзімді міндеттемелер Тұрақылық Өсу
Айналым активтері Өсу Өсу
Меншікті  және ұзақ мерзімді заемдық қаражаттар Өсу Тұрақылық
Таза  айналым капиталы Өсу Төмендеу
Фирманың  қаржылық тұрақтылығы Өсу Төмендеу
Қаржы тұтқасының тиімділігі Төмендеу Өсу
Операциондық  тұтқаның әсер ету күші Өсу Төмендеу
Дерек көзі: Снитко Л.Т., Красная Е.Н. Управление оборотным капиталом организаций, [5., ]. РДЛ., 2002 ж., 216 бет.
 

     Кестеде айналым активтерін қаржыландыру көздерін таңдауда, капитал қолдану деңгейі мен қаржылық тұрақтылық тәуекелі мен фирманың төлем қабілеттілігінің қатынасымен анықталады.

     Қаржылық  қажеттіліктерді жабу, операциялары келесідей ережелермен реттеледі:

  1. Егер операциялық қаржылық қажеттіліктер нөлден жоғары болса, онда ақшалай емес айналым активтерін қаржыландырудың ағымдық қажеттіліктер қысқа мерзімді ресурстардан жоғары.
  2. Егер операциялық қаржылық қажеттіліктер нөлден төмен болса, онда меншікті айналым қаражаттарының қысқа мерзімді ресурстары ақшалай емес айналым қаражаттарының қаржыландыру қажеттіліктерінен жоғары болады.
  3. Қолма-қол ақша қаражаттарын басқару соңында меншікті айналым қаражаттары мен ағымдағы қаржылық қажеттіліктерді реттеуге әкеп соғады. Олардың көлемі фирманың қаржысын басқару стратегиясы мен тактикасына тәуелді. Шешім қабылдау үшін үлкен кезеңдерге талдау жасап, өзгерістердің басты құрылымдық бөлімдерін талдау.
  4. Меншікті айналым қаражаттары мен ағымдағы қаржылық қажеттіліктердің реттегіші болып – ақшалай қаражаттар саналады [5.,].

     Айналым активтерін басқару фирманың капиталды  қолдануды басқару жүйесінде  және қаржылық менеджментте үлкен бөлігін  алады. Бұл айналым капиталдары  есебінен құралатын және басқарудың индивидуалды түрлерін талап ететін активтер элементтерінің көптігімен байланысты. Оның маңыздылығы айналым капиталының түрлерінің трансформациялану динамикасының жоғары болуы, фирма қызметінің төлем қабілеттілігін қамтамасыз ету, өтімділігін және басқа маңызды қорытынды көрсеткіштерді қамтамасыз етудегі рөлі [4.,].

     Фирманың  жиынтық операциялық капиталын қолдануды басқару саясатының бір бөлігі ретінде айналым капиталын қолдануды басқару саясатын айтуға болады.

     Айналым активтерін басқару белгіленген  кезеңдер негізінде жүзеге асырылады. Алдымен (I кезең) болашақ кезеңде фирманың операциялық үдерісінде қолданылатын айналым активтеріне талдау жасау тиіс. Бұл үшін айналым активтерінің жалпы көлемінің динамикасын қарастыру, айналым қаражаттары негізінде құрылған фирманың айналым активтерінің динамикасының құрылымын қарастыру. Фирманың айналым активтерінің құрылымына талдау жасау және олардың әр қайсысыларына баға беру арқылы, олардың өтімділік дәрежесін анықтауға болады.

     Осылардың нәтижесінде фирманың айналым активтерін басқаруының жалпы дәрежесін  және болашақ кезеңде негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді.

     Келесі  этапта (II кезең) фирманың операциялық капиталы арқылы айналым активтерін құруға негізгі бағыттары анықталады. Қаржы менеджментінің теориялық нұсқамаларында фирманың айналым активтерін құруда негізгі 3 бағыт көрсетілген:

  1. Консервативті бағыт – бұл бағыт бойынша фирмаға айналым капиталының үлкен резервін құруға итермелейді, ол резервтердің басты мақсаты – фирманың болжанбаған қиындықтарының туындауы, мысалыға, шикізат және материалдардың азаюы, өндіріс көлемінің нашарлануы, дебиторлық қарыздардың инкассацияланудағы қиындық және т.б.
  2. Біркелкі бағыт – бұл фирма үшін айналым активтерінің қанағаттарлық  көлемін жасау және оларды сақтандыру.
  3. Агрессивті бағыт активтердің жекелеген түрлері бойынша сақтандыру резервтерін төмендету.

     Қорыта  келе, бұл бағыттардың барлығы  айналым активтерінің сомасын және операциондық қызметіне капитал  сыйымдылығының дәрежесінің қатынасын  көрсетеді.

     Ал III кезеңде айналым активтерінің көлемін оңтайландырады. Оңтайландыру үдерісі айналым активтерін құру кезіндегі саясатқа байланысты болу керек. Ол айналым активтерінің тиімділігі мен қолдану тәуекелі арасындағы қатынасындағы белгіленген дәрежесінде тұруға міндетті.

     Операциялық үдерісте қолданылатын айналым активтерінің тұрақты және өзгермелі бөліктерінің қатынасын оңтайландыру IV кезеңге жатады. Бұл оның қолдану процесіндегі айналымдылығын басқару негізі болып табылады.

     Ал  келесі V кезеңде айналым активтері  негізінде құрылған және қолданылатын активтердің өтімділігін ұстап  тұру басталады [4.,].

     Қорытынды кезеңде айналым активтерінің рентабельділігін көтеру жұмыстары жүргізіледі. Оның негізінде өндіріс-өткізу қызметтерін  жүргізу кезінде пайда көлемі өсіп тұруы керек.

     Айналым активтерін басқару үдерісін жүргізу кезінде, оның негізі болып бос жатқан ақшалай активтерді қолдану саналады. Оның мақсаты – қысқа мерзімді қаржылық салымдар портфелін құру болып табылады.

     Нарық жағдайында фирманың айналым активтеріне  деген қажеттілікті анықтау менеджерлер  мен фирма иелерінің негізгі  міндеті болып табылады. Айналым активтеріне деген қажеттілікті  өсіріп немесе кемітіп көрсету фирмаға зиян келтіреді. Айналым активтерінің жетіспеушілігі өндіріс үдерісімен, өнімді өткізуге теріс әсер етеді. Фирма залалға ұшырап, қаржылық тұрақтылығы төмендейді.

     Меншік  айналым активтеріне қажеттілікті анықтау нормалау үдерісінде жүзеге асырылады. Айналым активтерін нормалау ұзақ мерзім бойы қызмет ететін айналым активтер нормасын қабылдаудан тұрады.

       Нормативтер жиынтық және жеке  болып бөлінеді.

       Жеке норматив өндірістік материалдық  қорлардың (шикізат, материал, отын, т.б.) баптар бойынша айналым активтер мөлшері.

     Жиынтық норматив – барлық жеке нормативтер  қосындысы.

     Осымен  байланысты, норма – бір дана өнімге қандайда бір ресурстарды  жұмсаудағы минималды немесе максималды көлем. Барлық фирмаларда нормалар технологиялық үдерістердің өзгеруіне байланысты өнімді өндіру жоспарының өзгеруіне байланысты нормалар қайта қарастырылып отырады. Норма және нормативтер мына мақсаттарда қолданып отырады:

  • ресурстарды артық жұмсамау үшін;
  • фирманың бекітілген жұмыс істеу тәртібін қамтамасыз ету үшін;
  • шығарылатын өнімнің берілген сипатынан ауытқымау үшін;
  • айналадағы орта және еңбек жағдайын қажетті дәрежеде ұстау үшін;
  • фирманың қызметін жоспарлау барысында мәліметтер базасын құру үшін.

     Айналым құралдарының нормативін анықтау үшін 3 әдіс қолданылады:

  1. коэффициенттік;
  2. статистико-аналитикалық;
  3. тікелей өлшу әдісі [4.,].

     Коэффициенттік  әдіс – айналым құралдарыдың жиынтық  нормативінің жоспарланған кезең басында  баланс бойынша орташа қалдық көлемінде  толық негізделгенде және жоспарлы кезеңдегі салаға әсер ететін өндіріс көлемі мен өзге де факторларды есептейтін коэффициенттер көлемімен жыл соңындағы нормативті айқындау есебі. Мысалыға, қалдық бойынша жоспарланатын кезеңнің басында жиынтық норматив 30 млн теңге, жоспарлы жылда қызмет көлемін 5% көтеру болжанады. Баға өзгерісі (инфляция) жылына 10% құрайды. Болжам бойынша айналым құралдарының айналымдылығы 2% көтеріледі. Онда жоспарлы кезеңнің соңында айналым құралдырының нормативі 30*1,05*1,1*0,98=33,67 млн теңге.

     Осындай әдіс арқылы айналым активтерінің кез  келген элементі бойынша нормативті есептеуге болады.

     Статистико-аналитикалық әдісі айналым құралдарының нормативін жоспарлы кезеңнің тауарлы-материалдық  құндылықтардың босалқы қорларының көлеміне талдау жасау негізінде есептеледі. Фактілік қалдық көрсеткішінен түгендеу кезінде анықталған және көлеміне өзгерістер енгізе отырып, өзгерген және керек емес босалқы қорларды алып тастайды. Мысалыға, бір күнгі шығындар 15 мың теңгеге тең, материалды қорлардың фактілік көлемі нормаға тең, базалық  периодтың есептелуі 50 күн. Норматив мынаған тең 15*50=750 мың теңге.

     Бұл әдісті қолдану үшін тікелей өлшеу  әдісі арқылы норма мен нормативтер  есептелінеді. Тікелей әдіс бойынша  нормативті анықтау үшін жеке материалдық  құндылықтардың минималды мөлшері және нормасы арқылы есептелінеді. Содан кейін осы қорларды құру үшін қажетті ақшалай қаражаттар анықталады. Айналым қаражаттары бойынша нормативті есептегенде – нормаларды, есептеген көрсеткіштер бойынша нормаларға көбейтеміз.

     Дебиторлық  қарызды басқару әдістері. Дебиторлардан  төлемдерді алу фирманың қаражаттары  түсу көздерінің бірі болып табылады. Экономикадағы ақша қаражаттарының дефициті фирмалардың өздерінің  өнімдерін сату жолдарын өзгертуге  міндеттейді, ал өз кезегінде сатып алушылармен болған бұрынғы қатынастарды өзгертуге және олардан төлемдерді алуды өзгертті, сонымен қатар фирмалардан несие беру және инкассациялау саясатының жаңа тәсілдерін іздестіруге талап етті. Инфляцияның әр түрлі тауарлар тобына біртекті емес әсері тапсырыс беру облысының саясаты мен сату саясатының арасындағы байланысты бұзды. Ол өз кезегінде инкассациялаудың жаңадан, тиімді тәсілдерін енгізу керек екендігін көрсетті. Қабылданатын несиелік шешімдер бойынша шығындар мен табыстарды есептеу көрсеткіштерін сату көлемін жоғарлату және ағымдағы активтердің айналымдылығын көтеру құралы ретінде қолдануға болады.

     Дебиторлық  қарызды басқарудың келесідей әдістері бар:

  • тапсырыстардың есебі, шоттарды рәсімдеу және дебиторлық қарыздың сипатын анықтау;
  • дебиторлардың АВС-талдауын өткізу;
  • қарыздардың анализін өнімнің түрі бойынша жүргізу, тауарлардың инкассациясының тиімсіз жағы арқылы анықтау;
  • бар дебиторлық қарыздардың нақты құнын анықтау;
  • үмітсіз қарыздар сомасы бойынша дебиторлық қарыздардың төмендеуі;
  • дебиторлық және кредиторлық қарыздар қатынасын қадағалау;
  • мерзімінен бұрын төленген қарыздар бойынша жеңілдіктерді анықтау;
  • дебиторлық қарызды сату – факторинг мүмкіндіктерін бағалау.

     Дебиторлық  қарыздардың пайда болуы бойынша  қадағалау және анализін жасау несие  саясатының тиімділігін бағалауға және баланстылығын анықтауға мүмкіндік береді және жеңілдік беру мүмкіндігін анықтауға, қарыздарды қайтару бойынша қосымша күштер керек және талап ететін облыстарды анықтауға, күмәнді қарыздар бойынша резервтер құруға, қаражаттардың түсу болжамын жасауға көмектеседі.

     Болашақта фирма дебиторларынан  ала алатын қаражаттарды анықтау және бағалау  үшін, қарыздардың пайда болуында мерзімдерінің тобы бойынша үмітсіз  қарыздар ықтималдылығын бағалау керек. Бағалауды эксперттік мәліметтер негізінде немесе жиналған статистикалық мәліметтер негізінде жасауға болады. Үмітсіз дебиторлық қарыздар сомасының негізінде күмәнді міндеттемелер бойынша резервтер құрылу тиіс.

     Фирманың  ақша қаражаттар ағының келуін миксимизациялау  үшін мерзімдері мен төлемдердің формасы шартты болып келетін нақты жүйе құру керек:

  • жеңілдіктерге қол жеткізуге болатын алдын ала төлемдер;
  • алдын ала төлемдер мен несиеге сатуды өзіне кіргізетін, жартылай алдын ала төлеу;
  • өткізілімге беру – бұл жерде ескерілетін жағдай, фирма тауарлар бойынша төлемдерді алмағанша, тауарлар бойынша құқықтар фирманың қолында қалады;
  • аралық шоттар орнату – ұзақ мерзімді мәмілелерде тиімді және жұмыстардың белгіленген бөлігін орындау кезінде ақша қаражаттарының ағының келуін үнемі қамтамасыз етіп отырады;
  • банктік кепілдік – дебиторлардың өздерінің міндеттемелерін орындамаған жағдайда банк керекті соманы өтейді.

Информация о работе Фирманың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқару