Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2012 в 12:48, дипломная работа
Диплом жұмысындағы толықтырылуы қажет сұрақтар тізімі немесе жұмыстың қысқаша мазмұны:
a) Айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелердің мәні, мазмұны, құрылымы, басқару саясаты, үлгілері қарастырылған.
ә) Қазіргі уақыттағы фирмалардың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқаруын талдау, «Институт Градтранспроект» ЖШС-тің айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін нарық жүйесіндегі фирмалардың айналым қаражаттары мен қысқа мерзімді міндеттемелерді басқару саясаты мен басымдылықтары қарастырылған. «Институт Градтранспроект» ЖШС-тің қызметінің сипаттамасы. Фирманың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелердің құрылымы және көлемдері талданған.
б) Ғаламдық жағдайдағы фирмалардың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқаруын жетілдіру. Фирманың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқару бойынша перспективалары мен болашағы қарастырылған.
КІРІСПЕ......................................................................................................................5
1АЙНАЛЫМ АКТИВТЕРІ МЕН ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ............. 8
1.1 Айналым активтерінің экономикалық мәні, құрылымы және мазмұны…......8
1.2 Міндеттемелердің мәні мен мазмұны және олардың жіктелуі ......................16
1.3 Айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерді басқару саясаты және үлгілері..............................................................................................................22
2 ФИРМАЛАРДЫҢ АЙНАЛЫМ АКТИВТЕРІ МЕН ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІН БАСҚАРУЫН ТАЛДАУ («ИНСТИТУТ ГРАДТРАНСПРОЕКТ» ЖШС МЫСАЛЫНДА)..............................................35
2.1 «Институт Градтранспроект» ЖШС-нің қаржы-шаруашылық қызметінің сипаттамасы...............................................................................................................35
2.2 Фирманың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелердің құрылымын және көлемін талдау............................................................................39
2.3 «Институт Градтранспроект» ЖШС айналым активтерін қолдану тиімділігін талдау..........................................................................................................................50
3ҒАЛАМДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА ФИРМАЛАРДЫҢ АЙНАЛЫМ АКТИВТЕРІ МЕН ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІН БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ................................................................................. 55
3.1 Фирмалардың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқару бойынша мәселелері мен даму перспективалары....................................55
3.2 Ғаламдану жағдайында фирманың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқаруды оңтайландыру.............................................................58
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................65
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................68
ҚОСЫМШАЛАР.....................................................................................................69
Міндеттемелерді 3 топқа бөліп қарастырайық:
Нақты
міндеттемелер – бұл
Бағалық міндеттемелер – белгілі бір мерзімге дейін нақты сомасы белгілі болмайтын міндеттемелер айтамыз. Бағалық міндеттемелерге мысал ретінде, табыс бойынша салықтық міндеттемелер, мүлік бойынша салық міндеттемелер, кепілденген міндеттемелер, жылдық демалыстарды төлеуге арналған резервтер жатады.
Шартты міндеттемелер - өткен мерзімдегі операциялар әсерінен болашақ мерзімде пайда болуы мүмкін немесе белгілі бір іс-әрекеттер мен қызметтер жүзеге асатын міндеттемелер. Шартты міндеттемелерге: салық төлемдері бойынша сот тергеулері, салықтық келіспеушілік, табыс етуге тиісіті дисконтталған вексельдер болған жағдай, басқа фирманың қарыздарын кепілдендірілгенде, мемлекеттік қолдану тәртіптерін бұзған кезде пайда болатын міндеттемелер.
Шартты міндеттемелер қаржылық есептемелерде көрініс табады, егер келесі шарттар орындалса:
Ал егер бұл талаптарға сай болмаса, онда ол қаржылық есептің аяғында ескерту ретінде көрсетілуі керек. Қысқа мерзімді міндеттемелер – бұл тауарлар мен қызметтер үшін міндеттемелер, сатып алынған, бірақ төленбеген салықтар мен басқа да төлемдер үшін шығыстар, сонымен қатар алынған аванстар, алдын ала төлемдер, коммерциялық акцепт, төленуге тиіс вексельдер, қысқа мерзімді ссудалар, ұзақ мерзімді міндеттемелердің ағымдағы бөлігі болып табылады. Ағымдағы міндеттемелердің негізгі түрлеріне несиелік қарыздар, қысқа мерзімді векселдер, төленуге тиісті дивидендтер, аванстар және қайтарылатын депозиттер, алдын ала төленген, бірақ алынбаған табыстар, салықтық төлемдер, шартты төлемдер, ұзақ мерзімді міндеттемелердің ағымдағы кезеңде төленуге тиісті бөлігі, талап етуге дейінгі несиелік қарыздар жатады.
Ағымдағы міндеттемелерді жабу, егер міндеттемелері болмағанда фирманың күнделікті қызметінде қолдануға болатын ресурстар қолданылады. Бұл сипаттама олардың ұзақ мерзімді несиелерден айырмашылығын сипаттайды. Ағымдағы міндеттемелердің өзіндік ерекшелігі, олар бір операциялық цикл ішінде ақшалай қаражаттарға айналады немесе бір жыл ішінде қолданысқа түсетің міндеттеме. Дұрыс жұмыс істейтін фирмаларда тауарлар мен қызметтерге жұмсалынған ақша қаражаттары мен олардың қайтып ақша қаражаттарына айналуда орташа уақытта болады. Бұл уақыт өзіне келесідей фазаларды кіріктіреді: ақша қаражаттарын тауарлық-материалдық қорларға сатып алуға жұмсау; тауарлық-материалдық қорларды дайын өнімге айналдыру; дайын өнімді несиеге сату (дебиторлық қарызды ашу жолымен); дебиторлық қарыздың сатып алумен жабылуы және ақша қаражаттарына айналу. Ағымдағы міндеттемелердің өмір сүру мерзімі ағымдағы активтерге ұқсас болғандықтан, оларды жабу да ағымдағы активтер негізінде жүзеге асырылады.
Несиелік қарыздар - өндiрiсте (шикiзат ретiнде) немесе қайта сату қолданылатын серiктестiктер мерзiмдi қайталанатын операциялардың жүрiсте алынатын тауарларда және қызметтiң есеп қалыбы болумен төлеуге берiлген шоттармен немесе саудалық төлеуге берiлген шот болып табылады. Сонымен қарыздың бұл түрi серiктестiктiң негiзгi қызмет етушi сауда операцияларының төлеудi жүзеге асыруында қолданылады. Кредиторлық қарызды өтеуiнің мерзiмін сатып алушымен және жабдықтаушының аралығында шартта реттеледi.
Қысқа мерзiмдi векселдер. Қысқа мерзiмдi векселдер – кредиторлық қарыз, сонымен бiрге мақсаттары бар, немесе соларға қолданылуға тауарлар және серiктестiктiң қызметiнiң негiзiнде қолданылмайтын қызметтердiң төлеуiне қызмет көрсете алады. Сонымен бiрге қысқа мерзiмдi векселдерге ағымдағы есептiк мерзiмде өтеуге жататын ұзақ мерзiмдi мiндеттеме де жатады.
Мiндеттемелердiң түрi аталып өткен мәлiмет шарттарының векселiнiң орналастыруында қамтамасыз етiлуге немесе серiктестiктiң активтерiмен немесе қамтамасыз етiлмеуiмен байланысты болуы мүмкiн. Векселдiң қамтамасыз етуi ретiнде немесе басқа формадағы парыздарында серiктестiктiң мүлкі немесе мүлікті (тұтқындау) ұстап қалуын құқыққа кепiлдеме қағазы ретінде алады. Векселді орналастыру кезінде заңды түрде оны қамтамасыз ететін активтер ескерілуі жөн. Фирмада қысқа мерзімді міндеттемелерінің ішінде ағымдағы векселдер бар болғанда, олар есептілікте векселдерді орналастыру туралы шарттары және оны қамтамасыз ететін активтер жайлы мәліметтер белгілену керек. Кейбір жағдайларда фирма несие берушілердің сенімділігінде болса, онда өз қарыз қамтамасыз етілмеген несие арқылы да төлем жүргізе алады.
Векселдер пайыздық және пайызсыз болып бөлінеді.
- Пайыздық векселдерде векселдердің пайызы, яғни рәсімделген пайыз сыйақысы белгіленеді.
- Пайызсыз векселдерде ешқандай пайыз белгіленбейді, бірақ ол векселдер бойынша номиналды құнынан басқа төлемдер төленбейді деген сөз емес. Барлық коммерциялық құралдар өздерінің құрастыру формасына байланыссыз, қарыздық міндеттемелердің барлығы нақты немесе өзгермелі түрде пайыз төлеуді айтамыз. Ол оның уақытқа байланысты құн динамикасын көрсетеді. Пайызсыз векселдер бойынша пайыз сыйақысы нарықтықтағы пайыз сыйақысы түрінде немесе қысқа мерзімді ақша салымдарының табыстылық деңгейіне байланысты төленеді. Нарықтық немесе нақты пайыздық сыйақы болашақ төлемдердің дисконттау сыйақысы ретінде жұмсалынады.
Ұзақ мерзімді міндеттемелердің ағымдағы бөлігін жабу. Егер де фирманың ұзақ мерзімді несие бойынша төлемдерде келесі кезеңде жабу керек болса, онда фирманың баланстық есептілігінде белгіленген сома ағымдағы міндеттемелер ретінде сипатталынады.
Несие берушінің талабымен жабылатын міндеттемелер. GAAP тәртібімен несие берушінің талабымен жабылатын несие келесі екі жағдайларда ағымдағы міндеттемелерге жатқызылады:
Есептелінген міндеттемелер. Есептелінген міндеттемелер өзіне жұмысшыларға еңбекақы төлемдерін және есептелген, бірақ әлі төленбеген несие бойынша пайыздарды кіріктіреді. Есептелген міндеттемелер есепті кезеңнің соңында шоттардың түзету жазылымы ретінде жүргізіледі. Мысалы, кезең соңында төленбеген және көрсетілмеген еңбекақы, еңбекақы бойынша шығындар шотының дебетінде және еңбекақы бойынша қарыздар шотының кредитінде көрсетілуі тиіс. Бұндай есептелінген, бірақ төленбеген міндеттемелерді көрсету бірдей есепті кезеңде табылған табыстар мен кеткен шығындарды салыстыру үшін жасалады.
Аванстар және қайтаруға тиісті депозиттер. Аванстар мен депозиттерді алу кез келген фирма үшін контрагент фирмалармен қарым-қатынас құрудың жолы болып саналады. Мысалы, фирма тапсырыс алу кезінде өздерінің клиенттеріне аванс алуға құқылы және тапсырыстан бас тартқан жағдайда оны қайтармауға да құқылы. Бұл жерде аванс фирманың мүмкін болатын шығындарды жабу көзі болып табылады. Депозиттер осыған ұқсас жағдайларда қолданылады. Мысалыға, контрагент фирма уақытша алған мүлікті бұзғаны немесе залал келтіргені үшін төлем ретінде алынады. Яғни, аванстар мен депозиттер сақтандыру қызметін атқарады және контрагент фирмалар үшін өздерінің міндеттерін орындауға көмектесетін ынталандырушы құрал ретінде қолданылады.
Аванстар және депозиттер есептілікте қолма-қол ақшаларды дебеттеу және оларға қызмет ететін арнайы шотты, мысалыға, сатып алушылар депозитінің шотын кредиттеу негізінде сипатталынады.
Алдын-ала төленген табыстар. Алдын-ала төленген табыстар термині фирма әлі көрсетілмен қызметі Бұндай жағдайды көрсететін басты мысалдар ретінде темір жол, әуе және басқа көлік құралдары үшін билеттерге төлемдер, газет, журналдарға жазылу, пәтер, тұрғын-үй үшін арендалық төлемдер және басқа да активтер үшін төлемдер жатады. Жоғарыдағы аталған критерийлер негізінде бұл табыстарды әлі нақты табыс деп айта алмаймыз, себебі, ол табыстар бойынша қызметтер орындалмағанға дейін болып табылады.
Сондықтан да бұндай төлемдердің пайда болуы фирма үшін ақша қаражаттарының көбеюін көрсетеді, сонымен қатар міндеттеменің пайда болуын ұйғарады. Оны есептілікте көрсету үшін белгіленген пассивті шот ашылады, оның аты «Әлі табылмаған табыс (болашақ кезең табыстары)» немесе «Аванс негізінде алынған табыстар» деп жазылады. Сонымен қатар бұндай табысқа қосымша сөз қосылуы мүмкін, мысалыға, «Жазылым бойынша әлі табылмаған табыстар».
Алдын ала төленген, тауарлар мен қызметтерді орындағаннан кейін пассивті шот тауарлар мен қызметтерді орындағаны үшін төлем көлемінде қысқарады, ал табыстар шоты сол сомаға несиеленеді. Берілген проводка түзетуші болып саналады және кезең аяғында жүргізіледі. Әлі орындалмаған қызметтер немесе жабдықталмаған тауарлар бойынша төлемдерден қалған қалдықтар, келесі кезеңде басқа міндеттемелер ішіне қосылып, есептілікте көрсетіледі.
Салықтық міндеттемелер. Көптеген мемлекеттерде фирмаларға заң жүзінде өздерінің клиенттерінен және жұмысшыларынан белгіленген мөлшерде әр түрлі салықтар мен төлемдерді алуды мәжбүрлейді. Осындай ұсталымдарды жүргізу үшінші тұлғаларда ақша қаражаттарының өсуімен қатар тиісті міндеттемелердің өсуін сипаттайды. Сатудан салықтарды есептегенде (ол әрбір сатылымның белгіленген пайыз түрінде сатып алушыдан алынады) есептік журналда бөлек жол ретінде қойылады:
- ақша қаражаттары;
- сатудан табыстар;
- сатуға салықтар.
Міндеттемелерді жабу кезінде салықтарды алушылардың атына төленетін салықтар пассивтік шотта дебеттеледі де, ал қолма-қол ақшалар шоты кредиттеледі, дәл сол сомаға [4.,].
ХҚЕС-на (Халықаралық қаржылық
1. оны ұйымның қалыпты операциялық кезеңiнiң шеңберінде өтеу көзделсе;
2. ол негізінен сату мақсаттарына арналса;
3. ол есепті күннен кейiн он екi айдың iшiнде өтелуге тиiс болса; не
4. есепті күннен кейін ең аз дегенде он екі айдың ішінде тиісті міндеттемені өтеуді кейінге қалдыруға ұйымның сөзсіз құқығы болмаған жағдайда. Контрагенттің қалауынша міндеттеменің орындалуы мерзімінің оның үлестік құралдар шығаруына әкеп соқтыруы оның топтастырылуына әсерін тигізбейді.
Қалған мiндеттемелердiң барлығы ұзақ мерзiмдi мiндеттемелер ретiнде топтастырылуы тиiс.
Жеткiзушiлер мен мердiгерлердiң алдындағы кредиторлық берешек сияқты кейбiр қысқа мерзiмдi мiндеттемелер, қызметкерге кейбір есептеулер және басқа да операциялық шығындар фирманың қалыпты операциялық кезеңiнде пайдаланылатын айналымдық капиталдың бiр бөлiгiн құрайды. Ондай операциялық баптар, тiптi олар қаржылық жағдай туралы есеп күнiнен бастап он екi айдан астам уақыт өткен соң өтелуге тиiс болса да, қысқа мерзiмдi мiндеттемелер ретiнде топтастырылады. Фирманың қалыпты операциялық кезеңі дәл анықтауға келмесе, оның ұзақтығы он екі айды құрайды деп көзделеді.
Басқа
қысқа мерзiмдi мiндеттемелер қалыпты
операциялық кезеңнiң бiр
Өзінің қаржы мiндеттемелерiн, олар қаржылық жағдай туралы есеп күнiнен кейiн он екi айдың iшiнде өтелуге тиiстi болса, онда фирма міндеттемелерді қысқа мерзімді ретінде топтастырады, егер тіпті:
1. олардың бастапқы мерзiмi он екi айдан асатын мерзім болса; және
Информация о работе Фирманың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқару