Фирманың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2012 в 12:48, дипломная работа

Краткое описание

Диплом жұмысындағы толықтырылуы қажет сұрақтар тізімі немесе жұмыстың қысқаша мазмұны:
a) Айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелердің мәні, мазмұны, құрылымы, басқару саясаты, үлгілері қарастырылған.
ә) Қазіргі уақыттағы фирмалардың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқаруын талдау, «Институт Градтранспроект» ЖШС-тің айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін нарық жүйесіндегі фирмалардың айналым қаражаттары мен қысқа мерзімді міндеттемелерді басқару саясаты мен басымдылықтары қарастырылған. «Институт Градтранспроект» ЖШС-тің қызметінің сипаттамасы. Фирманың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелердің құрылымы және көлемдері талданған.
б) Ғаламдық жағдайдағы фирмалардың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқаруын жетілдіру. Фирманың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқару бойынша перспективалары мен болашағы қарастырылған.

Содержание работы

КІРІСПЕ......................................................................................................................5

1АЙНАЛЫМ АКТИВТЕРІ МЕН ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ............. 8

1.1 Айналым активтерінің экономикалық мәні, құрылымы және мазмұны…......8

1.2 Міндеттемелердің мәні мен мазмұны және олардың жіктелуі ......................16

1.3 Айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерді басқару саясаты және үлгілері..............................................................................................................22

2 ФИРМАЛАРДЫҢ АЙНАЛЫМ АКТИВТЕРІ МЕН ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІН БАСҚАРУЫН ТАЛДАУ («ИНСТИТУТ ГРАДТРАНСПРОЕКТ» ЖШС МЫСАЛЫНДА)..............................................35

2.1 «Институт Градтранспроект» ЖШС-нің қаржы-шаруашылық қызметінің сипаттамасы...............................................................................................................35

2.2 Фирманың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелердің құрылымын және көлемін талдау............................................................................39

2.3 «Институт Градтранспроект» ЖШС айналым активтерін қолдану тиімділігін талдау..........................................................................................................................50

3ҒАЛАМДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА ФИРМАЛАРДЫҢ АЙНАЛЫМ АКТИВТЕРІ МЕН ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІН БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ................................................................................. 55

3.1 Фирмалардың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқару бойынша мәселелері мен даму перспективалары....................................55

3.2 Ғаламдану жағдайында фирманың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқаруды оңтайландыру.............................................................58

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................65

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................68

ҚОСЫМШАЛАР.....................................................................................................69

Содержимое работы - 1 файл

Фирманың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқару.doc

— 748.00 Кб (Скачать файл)

     Баланстық пассивтері олардың мерзімі бойынша  келесідей топтастырылады:

  1. Ең шұғыл міндеттемелер (П1), өзіне кредиторлық қарыздар, қатысушыларға табысты төлеу бойынша қарыздар және басқа қысқа мерзімді міндеттемелерді кіріктіреді.
  2. Қысқа мерзімді пассивтер (П2) – қысқа мерзімді несиелер және заемды қаражаттар.
  3. Ұзақ мерзімді пассивтер (П3) – ұзақ мерзімді несиелер және заемды қаражаттар.
  4. Тұрақты пассивтер (П4) – капитал және резервтер, болашақ кезең табыстары және резервтер [4.,].

      Сонымен, «Институт Градтранспроект» ЖШС-нің айналым активтерін қолдану тиімділігі анықталды. Айналым қаражаттарының қолдану тиімділігінің критерийсі болып, қызметтің қаржылық нәтижесі мен өндірістің максималды жоғары қорытындысын алуға көмектесетін айналым қаражаттарын авансталуын барынша минимилизациялау болып табылады. Фирманың қызметкерлік беделі қаржылық тұрғысынан айналым қаражаттарының жылдамдығынан анықталады. Айналымдалық коэффициенті фирманың активтерінің жылына қанша рет айналатының көрсетеді. Бұл көрсеткіш өте маңызды болып келеді, себебі, айналым қаражаттарының жылдамдығы, олардың ақшалай формаға ауысуы, фирманың төлем қабілеттілігінің көрсеткіші болып табылады.

      Қорыты  келе, фирмалардың айналым активтері  мен қысқа мерзімді міндеттемелерін  басқаруын талдау («Институт Градтранспроект» ЖШС мысалында), ең бастысы фирманың қаржылық-шаруашылық қызметімен тығыз байланысты. Ол дегеніміз айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерінің құрылымын және көлемін талдау арқылы, диплом жұмысының мақсатына жету.  
 

3 ЖАҚАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА ФИРМАЛАРДЫҢ АЙНАЛЫМ АКТИВТЕРІ МЕН ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІН БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ 

3.1 Фирмалардың айналым  активтері мен  қысқа мерзімді  міндеттемелерін  басқару бойынша  мәселелері мен даму перспективалары 

    Қазіргі жағдайда көптеген фирмалар мен компаниялардың айналым активтерін басқаруда барлық субъектілерде бірыңғай бірдей көрсеткіштердің тиімсіз болуы байқалады. Олар:

  • айналым активтері ішінде дебиторлық қарыздар көлемінің жоғары болуы;
  • ағымдағы активтердің рентабелділігінің төмендеуі фирмалардың коммерциялық, басқарушылық, операциялық, өткізілімнен тыс шығындардың өсуі және ағымдағы активтердің айналымдылығының төмен болуы;
  • айналым активтерінің айналымдылығының айналымдылық кезеңінің өсуі, дебиторлық қарыздың айналымдылық кезеңінің өсуімен байланысты, ол өз кезегінде қаржылық циклдың өсуіне алып келеді, яғни меншікті қаражаттардың айналымнан шығып кетуінің мерзімін жоғарлатады.

    Жоғарыда  айтылғандардың барлығының ішінде дебиторлық қарыздарға жоғары көңіл бөлу керек, себебі, ол айналым капиталының құрамында  маңызды рөл атқарады және де оның оңтайландыруы негізінде айналым капиталын басқаруының жалпы тиімділігін көтеруге мүмкіндік береді.

     Яғни, келесідей сұрақтарға шешімдер табу тиіс:

  1. Ағымдағы активтердің айналымдылығының және рентабелділігін көтеру үшін, қаржылық циклдың кезеңділігін төмендету үшін және одан меншікті айналым қаражаттарын босату үшін дебиторлық қарыздың айналымдылық кезеңін төмендету;
  2. Дебиторлық қарыздың құрылымын қарызды жабу мерзімдері бойынша талдау жасау, ал ол өз кезегінде дебиторлық қарыздың күмәнді түрінің пайда болуын алдын ала білуге болады. Дұрыс талдаусыз дебиторлық қарыздың өсуін фирма үшін «тиімді» жағдай орын алып жатыр деп айта алмаймыз, себебі, оның өсуі дебиторлық қарыздың қайтарылмау немесе мерзімінде қайтарылмағандықтан өсуі мүмкін.

    Бұл қиындықтарды шешу кез келген фирма  үшін айналым капиталын басқаруының  тиімділігін көтеруде басты қадам болып табылады.

    Сонымен қатар, ағымдағы активтердің рентабелділігін  көтеруде коммерциялық, басқарушылық, операциялық, өткізілімнен тыс фирманың шығындарын төмендету болып табылады.

    Барлық  фирмалар өздерінің тауарларын және қызметтерін сатқан кезде, оның негізгі шартын дәл қазір төлеуді алдына қояды, бірақ сатушылар арасында бәсекелестіктің болуынан төлемдердің мерзімін кештетуге жол беріледі. Осы жерде пайда болатын дебиторлық қарыздар фирма үшін айналым қаражаттарының дефицитіне алып келу мүмкін немесе сатушының тауар айналымдылығының жоғарлату құралы ретінде қолданылуы мүмкін. Сондықтан да фирманың бұл активін талдауға үлкен мән беріледі және дебиторлық қарызды басқаруының тиімділігін көтеретін әдістер мен тәсілдерге көп көңіл бөлінеді.

    Дебиторлық  қарызды басқару бойынша үдеріс фирманың несиелік саясатын құрудан  басталады. Оның негізгі көрсеткіші болып саналады:

  • тауарлық несиені беру шарттарын анықтау;
  • тауарлық несиені берудің максималды мерзімін есептеу;
  • «жеңілдіктер матрицасын» құру – бұл кесте өзіне төлемдерді жүргізу мерзіміне қарай жабдықталған тауарлар үшін жеңілдіктер көзделеді. Яғни, тауарлар үшін бағалар кестеде несиенің бағасы ретінде көрсетіледі.

    Төменде, көрсетілген көрсеткіштердің дәлелдеу алгоритмі көрсетілген: 

  1.   Дұрыс деп саналады, егер несиелік тарихы жоқ клиенттерге тауарлық несиені екі ай ішінде бермеу ұйғарылып, тек тауарлармен жабдықтауды нақты және сол мезетте төлеу жүргізілуді талап ету. Тауарлық несиені тауар айналымының орташа көлемінің жүргізілуі үшінші айдан бастап берілуі керек. Клиентке тауарлық несиені беру туралы шешім қабылдау несиенің қайтарылмауын сақтандырумен қатар бірге жүргізілуі тиіс. Сақтандырудың бірден-бір көп тараған түрі, ол жабдықталған тауарлар үшін белгіленген пайызын аванс түрінде алу болып табылады. Егер клиенттер тауарлар үшін кішкене болмасын шығынға барса, онда клиенттер өздерінің қызметтеріне және алған несиелері үшін үлкен жауапкершілігімен қарайды, ол өз кезегінде айналымға жағымды әсер етеді және дебиторлық қарыздың сапасын жоғарлатады. Ал несиенің қалған бөлігін қайтару кезінде жеңілдіктерді есептеумен бірге жүргізіледі.

    Аванстың  бекітілген көлемін есептеу үшін өткен кезеңнің бухгалтерлік баланстың  мәліметтерін қолдануға болады.

    Маусымдық факторлардың әсерінен алшақ болу үшін өткен кезең ретінде бір жылды ғана алу керек. Онда аванс көлемі келесі формуламен анықталады:  

         Клиенттен келіп түскен

         алдын ала төлемінің  көлемі          * 100%                            (21).

         Жылдық  тауар айналымдылығы 
     

    Осы формуланы ұстаушылардың айтуынша аванстың бекітілген көлемін жабдықталған тауар көлемінің 25%-нан төмен болмауы керек. Ал осы шектен төмен болатын несие бойынша шешімдер несие саясатының жұмсақтығын көрсетеді.

  1. Фирма жабдықтаушылар алдында жабдықталған тауары және көрсетілген қызметі үшін белгіленген мерзімдік шектерімен белгіленген міндеттемелерге ие болғандықтан, клиенттерге берілетін несие мерзімі несиелік қарыздың айналымдылық кезеңінен аспауы тиіс. Алайда несиелік қарыздың айналымдылық кезеңінің есептілігін төмендетіп, ақшалардың жолда жүруінің мерзіміне (3-4 күн) түзету керек. Кредиторлық қарыздың түзетілген айналымдылық кезеңі тауарлық несиенің беру кезеңділігімен салыстырылады.

    Дебиторлық  қарызды талдау оның жағдайын бағалау  мен айналымдылығының динамикасын  бағалаудан басталады, себебі, төлемдердің жылдамдығының төмендеуі қосымша шығындарға және қарыздардың қиындауына алып келеді. Уақытты кешіктіру, сонымен қатар, дебиторлық қарыздың сапасының төмендеуінің қоңырауы ретінде қарастыруға болады. Клиенттің дебиторлық қарыздағы орны мен фирманың тауар айналымдылығындағы орнын қарама-қарсы қою арқылы негізделген әдіс дебиторлық қарыздың сапасының өзгеруін және динамикасын қадағалауға көмектеседі. Осы жерде айтқымыз келгені, клиенттерге тауарлық несиенің беруі тиімді болады, егер де клиенттің тауар айналымдылығына қосқан үлесі дебиторлық қарызға қосқан үлесінен жоғары болса. Талданатын кезең ретінде ай немесе тоқсан алынады. Осы жерде ғалымдар әдісті қолдануда келесідей этаптардан тұратын нұсқаулықты ұсынады:

    Бірінші кезеңде келесілер анықталады:

  • дебиторлық қарыздың айналымдылығын жалпы фирма бойынша және әрбір клиент бойынша анықтау;
  • әрбір клиенттің жалпы дебиторлық қарыздардағы және тауар айналымдылығындағы үлесін;

    Екінші  кезеңде барлық клиенттер, олардың  айналымдылығының көрсеткішіне байланысты төрт топқа бөледі:

  • айналымдылығы нөлге тең;
  • айналымдылығы нөлден фирмадағы орташа көрсеткішке дейін;
  • фирмадағы орташа көрсеткіштен жоғары;
  • дебиторлық қарыздары жоқ.

    Үшінші  кезең – анализдің өзі болып  саналады. Мұнда фирманың қойған мақсаттарына байланысты алынған нәтижелерді келесілерге бөліп береді:

  • бөлімдерге;
  • менеджерлерге;
  • клиенттерге.

      Сонымен, жоғарыдағы мәселелерді ескере отырып, келесідей сұрақтарды шешуге болады:

  • дебиторлық қарыздың айналымдылық кезеңін төмендету;
  • дебиторлық қарыздың пайда болуымен байланысты мерзім бойынша құрылымына талдау жасау.

    Айналым капиталын басқаруды оңтайландыру үшін, келесідей шараларды жүргізу қолайлы:

  1. Клиенттердің дебиторлық қарыздағы үлесі мен тауар айналымдылығындағы үлесін қатар қойып салыстыру арқылы дебиторлық қарызды бағалау;
  2. Дебиторлық қарыздың құрылымына, оның пайда болу мерзімі бойынша талдау жасау. Ол несие саясатының тиімділігінің және тепе-теңдігін сақтауға және жеңілдік беру шартын ойластыруға көмектеседі. Қарызды қайтару бойынша қосымша күштер керек облыстарды анықтау.

     Жоғарыда  аталған дебиторлық қарызды басқару  бойынша әдістер дебиторлық қарыздың орташа 15-20%-ға төмендетуге мүмкіндік  береді.

     Қорыта  келе, фирманың айналым активтері  мен қысқа мерзімді міндеттемелерін  басқару бойынша мәселелер мен даму перспективаларын келтірілген оңтайландыру шаралары арқылы шешуге болады.  
 

3.2 Ғаламдану жағдайында фирманың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқаруды оңтайландыру 

     Ғаламдану әлемдік экономиканың барлық үдерістеріне, соның ішінде бәсекелестік саласына, онда да бәсекелестіктің тек тауарлар мен қызметтер нарығында ғана емес, қаражат ресурстарының таралу бағыттарына да қатысы бар. Ғаламдану жағдайында әлемдегі өтіп жатқан меншікті ғаламдық қайта бөлісу де қосылады. Осының нәтижесінде алпауыт фирмалар мен корпорациялардың қуаты ең алдымен ұлттық шекаралардан тысқары орналасқан активтердің есебінен одан сайын молайып, меншіктің ғаламдануы деп аталатын құбылыс пайда болады. Меншіктің ғаламдануы дегеніміз, біріккен кәсіпорындар (ірі фирмалар, корпорациялар) иелігіндегі меншік, әрі олардың қаржылық және өндірістік қуаттарының ары қарай өсімі ұлттық шекарадан тыс орналасқан активтері арқылы жүреді.

     Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына  «Жаңа онжылдық –жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында Қазақстан ТМД-дағы интеграциялық үдерістердің белсенді қатысушысы екенін атап көрсетеді. Оның бір айғағына 2010 жылдан бастап күшіне енген Ресеймен және Беларусьпен Кеден одағының құрылуын атауға болады. Ал үш ел интеграциясының келесі кезеңі 2012 жылдан бастап Біртұтас экономикалық кеңістіктің қалыптастырылуы болмақ. Бұл капитал мен жұмыс күшінің еркін қозғалысын қамтамасыз етілетін интеграцияның әлдеқайда жоғары деңгейі. Қазақстан ТМД-дағы өңірлік экономикалық бірлестіктерге қолдау білдіре отырып, бүкіләлемдік сауда ұйымына кіру үдерісін жандандыруы тиіс. Бірақ, қазіргі кезде Қазақстан Республикасындағы көптеген фирмалар мен кәсіпорындар кедендік одаққа кіру салдарынан айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқаруда бірталай қиындықтарға ұшырап отыр. Осы жерде басты мәселе болып фирмаларды «әлемдік фирма» ретінде басқару және басқа мемлекеттердің фирмаларымен бәсекеге түсе отырып, әр түрлі шешімдер қабылдау болып табылады.

     Әлемдік фирма валюталық айналым ресурстарын күтіп тұрған төлемдерді жүзеге асыру үшін, қажетті өтімділікке қол жеткізу үшін, табысты алу үшін, салымдарын және өндірістік қызметті жақсарту үшін қолданылады. Осы әлемдік валюталық активтерге салынған қаражаттар фирма мен сыртқы қаржылық-экономикалық орта арасында валюталық ағындарды тудырады.

     Әлемдік қысқа мерзімді қаражаттарды құрудың  басты мақсаттары:

  • төлемдерді уақытында орындау;
  • салымдардың табыстылығын қамтамассыз ету.

     Жалпы әлемдік фирманың айналым капиталын  басқару менеджментінің әдістері ішкі нарықта ғана жұмыс істейтін фирмаларға ұқсас. Олардың айырмашылығы өздерінің қызметінде валюталық және саяси тәуекелдерді ескеру, сонымен қатар әлемдік менеджердің қолында бар әр түрлі құралдар мен валютаны айырбастау кезіндегі шығындарға ұшырау мүмкіндігі болып табылады.

     Әлемдік фирманың көптеген шешімдері шетелдік валютаны бағалау мен фирманың саудалық және несиелік операцияларының қатынасына әсерін анықтаумен байланысты болады. Сонымен қатар әлемдік қаржылық менеджер келесідей сұрақтарға жауап бере алуы керек:

  • өндірістік қызметке байланыссыз болып келетін, нарықта қазіргі уақытта қандай валютаны қолдануға тиімді және тәуекелі төмен?
  • коммерциялық жоспар немесе кәсіпкерлік қызмет орындауда қандай қысқа мерзімді несиенің шартын таңдау керек?
  • уақытында орындалмағаны үшін айыппұлдар мен өсімпұлдар, ал мерзімінен бұрын қайтарылған қарыздар үшін жеңілдіктер қолданылса, фирма өзінің негізгі мақсаттарына жетуді оңайлата ма?
  • қай деңгейге дейін валюталық тәуекелдерді форвардтық мәмілелер, «своп», локалды несиелендіру арқылы жабу керек?
  • қазіргі кәсіпкерлік қызметте фирманың шет елдік валюталық қысқа мерзімді активтер портфелі қандай оңтайлы түрі болуы керек?

Информация о работе Фирманың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқару