Фирманың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2012 в 12:48, дипломная работа

Краткое описание

Диплом жұмысындағы толықтырылуы қажет сұрақтар тізімі немесе жұмыстың қысқаша мазмұны:
a) Айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелердің мәні, мазмұны, құрылымы, басқару саясаты, үлгілері қарастырылған.
ә) Қазіргі уақыттағы фирмалардың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқаруын талдау, «Институт Градтранспроект» ЖШС-тің айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін нарық жүйесіндегі фирмалардың айналым қаражаттары мен қысқа мерзімді міндеттемелерді басқару саясаты мен басымдылықтары қарастырылған. «Институт Градтранспроект» ЖШС-тің қызметінің сипаттамасы. Фирманың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелердің құрылымы және көлемдері талданған.
б) Ғаламдық жағдайдағы фирмалардың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқаруын жетілдіру. Фирманың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқару бойынша перспективалары мен болашағы қарастырылған.

Содержание работы

КІРІСПЕ......................................................................................................................5

1АЙНАЛЫМ АКТИВТЕРІ МЕН ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ............. 8

1.1 Айналым активтерінің экономикалық мәні, құрылымы және мазмұны…......8

1.2 Міндеттемелердің мәні мен мазмұны және олардың жіктелуі ......................16

1.3 Айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерді басқару саясаты және үлгілері..............................................................................................................22

2 ФИРМАЛАРДЫҢ АЙНАЛЫМ АКТИВТЕРІ МЕН ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІН БАСҚАРУЫН ТАЛДАУ («ИНСТИТУТ ГРАДТРАНСПРОЕКТ» ЖШС МЫСАЛЫНДА)..............................................35

2.1 «Институт Градтранспроект» ЖШС-нің қаржы-шаруашылық қызметінің сипаттамасы...............................................................................................................35

2.2 Фирманың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелердің құрылымын және көлемін талдау............................................................................39

2.3 «Институт Градтранспроект» ЖШС айналым активтерін қолдану тиімділігін талдау..........................................................................................................................50

3ҒАЛАМДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА ФИРМАЛАРДЫҢ АЙНАЛЫМ АКТИВТЕРІ МЕН ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІН БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ................................................................................. 55

3.1 Фирмалардың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқару бойынша мәселелері мен даму перспективалары....................................55

3.2 Ғаламдану жағдайында фирманың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқаруды оңтайландыру.............................................................58

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................65

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................68

ҚОСЫМШАЛАР.....................................................................................................69

Содержимое работы - 1 файл

Фирманың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқару.doc

— 748.00 Кб (Скачать файл)

     Айналым капиталы бойынша сұрақтарды шешу кезінде, қандай фирманың түрі екендігін білу керек (өндірістік, саудалық немесе аралас типті).

     Кез келген фирманың айналым капиталының  құрылымын құрудың негізгі идеясы, айналым активтері мен пассивтерінің  элементтері белгіленген уақыт  аралығында бір-біріне ауысып отырады. Яғни, белгіленген элементке құйылатын қаражаттар көлемі фирманың өзіне, саласына және сыртқы ортаға байланысты.

     Әлемдік қысқа мерзімді қаражаттар орнату мақсатына  жету үшін айналым қаражаттарымен байланысты төрт негізгі бағытты айтуға болады:

  1. қолма-қол ақшаларды басқару;
  2. ақша қаражаттарының менеджменті;
  3. несиелік менеджмент;
  4. қаржылық жоспарлау.

     Қолма-қол  ақшаларды басқару. (кэш-бюджеттеу, кассалық бюджет, қолма-қол ақшалардың бюджеті). Кэш-бюджетті құру тоқсандық  жоспарларды құрумен байланысты, кейбір жағдайларда айларға немесе апталарға бөлумен. Сонымен қатар кейбір жабдықтаушыларға салынатын инвестициялық қаражаттарға талдау жасалады (қорларда тауар босалқы қорларының айналымдылығы көрсеткіші негізінде немесе тауар бойынша төлемдердің түсуі негізінде). Кассалық бюджеттің көмегімен «тығыз» орын мәселесін шешуге мүмкіндік береді, яғни, шығындарды жүзеге асыру үшін ақша қаражаттарының қажетті мөлшерінен аз болып кетпеуін қадағалау. Кассалық бюджет қосымша бюджеттің қажеттілігін анықтауға мүмкіндік береді, яғни, басқарушылар үшін фирмаға жетіспей тұрған ақша қаражаттарын іздеу үшін уақыт береді.

     Фирманың  ақша қаражаттарының келуі мен кетуін жоспарлау негізінде ақша қаражаттарын басқару бойынша шешімдерді қабылдай алады.

     Ақша  қаражаттарының менеджменті. Ол үшін жоспарланған кезеңнің жобаланған түсімнің көлеміне байланысты шоттарда және кассалардағы ақша қаражаттарының қалдығының резервін анықтап, қарыздардың және жаңадан мүмкін болатын қаражат тартулардың қайтару уақытын анықтау. Қажетті және оңтайлы қолма-қол ақша қаражаттарының босалқы қорларын анықтау үшін бірнеше есептеуіш коэффициенттер қоланылады.

     Берілген  көрсеткіштер негізінде фирманың ақша қаражаттарының қозғалысының үлгісі анықталады. Жоспарланған және нақты, фактілі көрсеткіштерді салыстыру кезіндегі түзету, қолма-қол  ақша қаражаттарының резервін жоспарлауды реттеуге және оңайлатуға көмектеседі. Егер фирма болашақта ақша қаражаттарының жетіспеушілігімен байланысты мәселелерімен кездессе, онда фирманың өзінің қызығушылығына байланысты бұл қиындықты шешуге екі жолды қолдана алады: ақша қаражаттарының келу ағының жылдамдату немесе міндеттемелері бойынша мерзімді ұзарту. Осы бағыттардың кез келгенің қолдану кезінде тиімді жолдардың көп түрлері бар. Алайда олардың барлығы уақытша сипатқа ие. Ұзақ мерзімді болашақта фирма өзінің жұмысты ұйымдастыру және несиелік бөлімнің қызметінің тиімділігіне көңіл бөлу керек.

     Дебиторлық  қарыздарды басқару. Несиелік менеджмент бойынша фирма өзінің мүмкіндігінше  барлық клиенттеріне бере алатын жалпы  несиенің мөлшерін анықтау болып  табылады. Оның болжанған өткізу көлемімен қатынасы дебиторлық қарыздың инкассациялануының орташа кезеңін анықтай алады. Оның оңтайлы көрсеткіші жабдықтаушылар шотының төленуге тиісті орташа уақыт ұзартудан жоғары болмауы керек. Одан әрі, фирма үшін клиенттерді олардың сенімділігіне қарай топтастыру, ал ішінде – сұраныстың көлеміне қарай (немесе керісінше).

     Фирмалардың бағалық бәсекелестігі кезінде, сонымен қатар сатып алушыға  берілетін несиелердің мерзіміне  байланысты күрес пайда болуы  мүмкін. Бұндай қадамға шекті жағдайларда  ғана бару керек, себебі, қазақстандық жағдайда клиенттер әр қашанда мерзіміне сай төлейді деп айта алмаймыз. Инкассациялау кезеңін өсіру өте қиын жағдайларға ұшырату мүмкін: несие саясатын қатаңдату клиенттердің азаюын алып келіп және қаржылық жағынан айналымның төмендеуіне алып келеді.

     Жалпы, жоғарыдағы мәліметтерді қолдана отырып, қаржылық жоспарлардың мақсаты –  фирманы ең арзан әдіспен айналым  қаражаттарын қаржыландыру болып табылады. Айналым пассивтерінің негізгі  екі менеджменті («төленуге тиіс шоттар» және «қысқа мерзімді займдар») осы бағытта жұмыс істеудің негізі болып табылады. Жабдықтаушылармен келісімдер, егер олармен саудалық қатынастар бір жылдан көп істелінген болса, онда сатылымның жобалауы және статистикасы, тапсырыс беру саясаты төлемдердің мерзімін айтарлықтай нақты анықтауға мүмкіндік береді. Жоспарлаудың қиындығы фирманың бір жабдықтаушыдан, оның көбеюіне келгенде пайда болады.

     Фирмалар  мен еңшілес фирмалар есептемені әр түрлі валютада жүргізгендіктен, айырбастау операцияларымен байланысты, әлемдік қолма-қол ағындарының операцияларына ететін шығындар жайлы сұрақтар туады. Ол шығындарды төмендету үшін фирма көбінесе орталықтандырылған депозитарий арқылы көпқырлы неттидіру жүйесін қоланады.

     Неттиндіру (неттинг) – операциялық тәуекелге хеджирлеу шығындарын төмендету үшін көп ұлттық фирмалар қолданатын әдіс. Бұл әдіс фирманың кіретін және шығатын валюталар ағының сальдолау негізінде құралады.

     Бұнда орталықтандырылған депозитарий ірі  халықаралық қаржылық орталықтарда құралады және керек кезде салықтық жеңілдіктерге қол жеткізу мүмкіндіктері бар. Берілген депозитарийде фирманың әр түрлі бөлімінен қолма-қол ақшалардың ағыны туралы мәліметтер жиналады, ал әрі қарай ол сальдоланады және төлемдерді аудару туралы қорытынды шығындар төмендейді.

     Алайда  бұндай депозитарийдің құрылуы экономикалық тиімді болу керек. Ол үшін фирма оны енгізгеннен тікелей шығындардың үнемділігін анықтау керек. Жалпы неттиндіру жүйесін ендіру орташа 20 мың доллармен бағаланады. Шетел валютасының операциялары мен банктік аударымдардың қосылымынан экономдау жылына 1 «неттиндірілген» долларға 1,5%. Сонымен қатар кейбір елдерде орталықтандырылған депозитарий жүйесін құру еркін неттингті қолдануға қаржылық органдардан рұқсаты керек.

     Депозитарийдің  жақсы жақтарының бірі болып қолданылмаған  қолма-қол ақшалардың қалдығы үлкен табыс алу мүмкіндігі. Орталықтандырылған депозитарийдің мамандары қолма-қол ақшалардың қалдығын кез-келген валютаға конверсиялауға және де болашақта одан да жоғары өсімге жетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар құралдардың көптігіне – бір күн жабу мүмкіндігінен бірнеше айларға дейін жабу мүмкіндігі бар құралдар.

     Әлемдік менеджер білу керек көрсеткіштердің  бірі болып – инфляция саналады. Көбінесе инфляция саудалық фирмаларға үлкен әсер етеді, әсіресе, екі инфляция туралы бірдей айтылса: ішкі нарықтағы бағалардың өсуі және ұлттық валютаның сыртқы валюталарға қарай құнсызданса, мысалыға, АҚШ долларына қарай құнсыздану байқалса. Егер де осы екі инфляцияның қарқыны бірдей болса, онда ішкі нарықта ғана жұмыс істейтін фирмалар белгіленген уақытта құнсызданатын дебиторлық қарыздарын тезірек инкассациялауға тырысады, ал өздерінің қарыздары бойынша керекті мерзімдерді тағайындайды. Шетел жабдықтаушылармен жұмыс істейтін фирмаларда осыған ұқсас жұмыс істейді.

     Бірақ та көбінесе екі мемлекеттегі инфляцияның қарқыны бірдей болмайды. Егер де ішкі инфляция жоғары болса, тек бір ғана мемлекетте жұмыс істейтін, яғни ішкі нарықта ғана жұмыс істейтін фирма үшін дәл сол мәселе, дебиторлық қарыздың құнсыздануынан шығындарды төмендетіп, қайтару болып табылады. Сонымен қатар, табысты қайтарып отырған фирмалар үшін, айналымның біршама мерзімін ұзарту жағымды болу мүмкін.

     Керісінше жағдай байқалады, егер ұлттық валютаның  сыртқы құнсыздануы ішкіге қарағанда  тезірек байқалса. Онда басты міндет болып, конверсиядан шығындарды төмендету үшін шетелдік жабдықтаушылар алдында төлемдерді тезірек жүргізу болып табылады. Дебиторлық қарыздар жай жылдамдықпен құнсызданады және қайтара алмау тәуекелі болмайды.

     Егер  де экономикада төлей алмау жағдайы  байқалса, фирманың беделіне әсер ету мүмкін жабдықтаушыларға төлемдерді кештетуге және кейбір жабдықтаушылармен жұмысты тоқтату керек. Сұрақты шешудің екінші жолы нақты талдауды талап етеді: фирма қосымша несие алып, жабдықтаушылар алдында қарызын жаба алады.

     Материалды-техникалық босалқы қорларды басқару. Қаржылық менеджменттің бірден-бір маңызды бөлімі материалды-техникалық босалқы қорларды басқару болып табылады.

     Егер  материалды-техникалық босалқы қорларды басқаруды бір мемлекет шегінде қарасырсақ, онда оның мәні босалқы қорлардың көлемін көбейтіп, оларды ұстауға кететін шығындардың тым көбеюі немесе қосымша босалқы қорлардан пайда болмағанша дейін ұстаумен шектеледі. босалқы қорлармен айналасатын менеджерге барлық тауарлардың айналымдылығы туралы мәліметтерді білу және олардың тапсырыс беруге дейінгі уақытты білу. Оның арқасында қорлардың керекті деңгейден асып кетпеуін болдырмауға болады. Тауарларды керекті деңгейде ұстап тұру, тапсырыстардың уақытын белгілеу келесідей көрсеткіштердің негізіндегі үлгілер қолданылады:

  • тауарлардың қорларда сақталуымен байланысты сатылым мен шығындар тенденциясы;
  • әлемдік менеджер үшін айналым капиталын басқаруға қиындататын валюта бағамының ауыспалығы, ақша аударымдылығының шектеулігі, баға бойынша мемлекеттің реттелуі, дискриминациондық тарифтер саясатының болуы, квоталардың енгізуі, лицензиялау және де сыртқы сауданы қиындататын басқа да факторлар.

     Осындай қиындықтардан шығындарды төмендету  үшін мыналар қолданылады:

  • алдын ала сатып алулар;
  • трансферттік баға қойылымдар;
  • шектеусіз сауда кеңістіктерін құру.

     Айналым капиталының басқаруындағы мақсаттарының  бірі болып, фирманың қысқа қысқа  мерзімді салымдарының табыстылығы  саналады. Оның негізгі жолы болып, әлемдік ақша нарығының құралдарына  инвестициялау негізінде қол  жеткізу болып табылады.

     Қысқа мерзімді инвестициялау бойынша шешімді қабылдау келесі себептерге байланысты қиын таңдау болып саналады:

  1. қолма-қол ақшалардың көлемі нарық ұсынатын қаржылық құралдар көлеміне әрқашан сәйкес келмейді;
  2. құралдарды орналастыру бойынша мерзімдер, менеджердің бос капиталының болуы мен инвестициялауға болатын уақыттармен ұштаспауы және кейде бірдей болмайды.

     Фирманың  бос қолма-қол ақша қаражаттары  келесілерде орналастырылу мүмкін:

  • Эмитенттері орталық үкімет пен федералды агенттіктер болып табылатын, қазынашылық вексельдер және ноталар;
  • Мерзімі 90 күннен аспайтын коммерциялық банктердің депозиттік сертификаттары;
  • Банктік акцептер;
  • Эмитенті ірі корпорациялар болып табылатын, қысқа мерзімді коммерциялық бағалы қағаздар;
  • Айналымды емес формада шығарылатын мерзімді корпоративті займдар.

     Әр  түлі құралдарға салымдардың тиімділігін  салыстыру. Әр түрлі салымдардың  тиімділігін салыстыру нақты  пайыздық сыйақыларды анықтау негізінде  жүзеге асырылады.

     Валюталық салымдардың нақты табыстылық қойылымы – инвестициялау кезеңінде валюталық  айырбастау бағамының динамикасын және берілген валютаның номиналды пайыздық қойылымын ескеретін қойылым түрі.

     Шетел валютасында инвестициялау жөніндегі  шешімдерді қабылдамас бұрын ұлттық валютаның бағамының өзгерісін  ескеру қажет. Ол үшін келесідей паритеттер қолдану керек: әлемдік Фишер эффектісі және пайыздық қойылымның паритеті.

     Сонымен, айналым капиталымен оңтайлы режимде жұмыс істеу үшін келесідей жалпы нұсқаулықтарға көңіл аударған жөн:

  • егер фирманың активтеріне салынған қаражаттарды басқа фирмада көбірек қолдануға болса, онда нақты қазір олар дұрыс қолданылмай тұр;
  • әрқашанда меншікті капиталмен, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді займдармен, бағалы қағаздардың эмиссиясымен үнемі бағыттарын өзгертіп тұру керек;
  • тұрақты қорлардағы қаражаттарды ағымдағыға ауытыру қысқа мерзімді қаржыландыруға үлкен мүмкіндік береді. Оның көмегімен өтімділік тәуекелі төмендей бастайды. Бірақ ол өз кезегінде өндіріс көлемі мен сату көлемінің төмендеуіне, табыстың жартысынан айырылуына ықтимал;
  • қысқа мерзімді займдарға қарағанда ұзақ мерзімді займдар қымбаттырақ, бірақ өтімділік тәуекелі төменірек;
  • маусымдық өтімді капиталға деген сұраныстың жоғарлауы кезінде фирманың меншікті активтерін жұмсамай, қысқа мерзімді займдарды қолдану. Ал өзінің қаражаттарын инвестициялауға бағыттау;
  • қолма-қол ақшалармен басқару өнерінің мәні өтімділіктің мүмкін болатын дәрежесінде бос қолма-қол ақшаларды инвестициялау және одан табыс алу;
  • ағымдағы қолма-қол ақшалардың көлемін анықтау үшін менеджер келесілерді ескеру қажет: капиталдың мүмкін болатын ағындарын және активтер мен пассивтерінде көрініс табатын; табыстылық пен тәуекелдің ескерулуі;
  • күтіп тұрған қолма-қол ақшалар ағыны; сыйақы мөлшері мен қарыздарды жабу мерзімі; фирманың займдарды өзіне тиімді мерзімдер мен уақытында алу мүмкіндігі. 

     Қорыта келе, Елбасымыз айтқандай,-  "Бүгінгі таңда Қазақстан көптеген көрсеткіштер бойынша әлемнің 50 елінің қатарына енді де. Мысалы, халықаралық резерв деңгейі ұлттық қорды қоса алғанда 69 миллиард АҚШ долларына жетті. Біз кәсіпкерлік саласын қолдап, еліміздің экономикасының белсенді әрі тиімді қатысушысы еттік". Бұл дегеніміз, кәсіпкерлік саланын дамуы, еліміздің болашағын жетілдіру болып табылады. Ол фирмалардың бәсекеге қабілетті және белсенді дамуына жол береді. Ғаламдану жағдайында фирмалардың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерді басқаруды жетілдіру, бірінші олардың дұрыс басқарылуы мен байланысты. Басқаруда қандай мәселелер туындауы мүмкін, оны қалай оңтайландыру керек, даму перспективалары қандай барлығы қарастырылған.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Фирманың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқару