Фирманың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2012 в 12:48, дипломная работа

Краткое описание

Диплом жұмысындағы толықтырылуы қажет сұрақтар тізімі немесе жұмыстың қысқаша мазмұны:
a) Айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелердің мәні, мазмұны, құрылымы, басқару саясаты, үлгілері қарастырылған.
ә) Қазіргі уақыттағы фирмалардың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқаруын талдау, «Институт Градтранспроект» ЖШС-тің айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін нарық жүйесіндегі фирмалардың айналым қаражаттары мен қысқа мерзімді міндеттемелерді басқару саясаты мен басымдылықтары қарастырылған. «Институт Градтранспроект» ЖШС-тің қызметінің сипаттамасы. Фирманың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелердің құрылымы және көлемдері талданған.
б) Ғаламдық жағдайдағы фирмалардың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқаруын жетілдіру. Фирманың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқару бойынша перспективалары мен болашағы қарастырылған.

Содержание работы

КІРІСПЕ......................................................................................................................5

1АЙНАЛЫМ АКТИВТЕРІ МЕН ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ............. 8

1.1 Айналым активтерінің экономикалық мәні, құрылымы және мазмұны…......8

1.2 Міндеттемелердің мәні мен мазмұны және олардың жіктелуі ......................16

1.3 Айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерді басқару саясаты және үлгілері..............................................................................................................22

2 ФИРМАЛАРДЫҢ АЙНАЛЫМ АКТИВТЕРІ МЕН ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІН БАСҚАРУЫН ТАЛДАУ («ИНСТИТУТ ГРАДТРАНСПРОЕКТ» ЖШС МЫСАЛЫНДА)..............................................35

2.1 «Институт Градтранспроект» ЖШС-нің қаржы-шаруашылық қызметінің сипаттамасы...............................................................................................................35

2.2 Фирманың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелердің құрылымын және көлемін талдау............................................................................39

2.3 «Институт Градтранспроект» ЖШС айналым активтерін қолдану тиімділігін талдау..........................................................................................................................50

3ҒАЛАМДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА ФИРМАЛАРДЫҢ АЙНАЛЫМ АКТИВТЕРІ МЕН ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІН БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ................................................................................. 55

3.1 Фирмалардың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқару бойынша мәселелері мен даму перспективалары....................................55

3.2 Ғаламдану жағдайында фирманың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқаруды оңтайландыру.............................................................58

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................65

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................68

ҚОСЫМШАЛАР.....................................................................................................69

Содержимое работы - 1 файл

Фирманың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқару.doc

— 748.00 Кб (Скачать файл)

     Екінші  тарауда қазіргі уақыттағы фирмалардың  айналым активтері мен қысқа  мерзімді міндеттемелерін басқаруын талдау, «Институт Градтранспроект» ЖШС-тің айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін нарық жүйесіндегі фирмалардың айналым қаражаттары мен қысқа мерзімді міндеттемелерді басқару саясаты мен басымдылықтары қарастырылған. «Институт Градтранспроект» ЖШС-тің қызметінің сипаттамасы. Фирманың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелердің құрылымы және көлемдері талданған.

     Үшінші  тарауда  ғаламдық жағдайдағы фирмалардың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқаруын жетілдіру. Фирманың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқару бойынша  перспективалары мен болашағы қарастырылған. Сонымен қатар  ХҚЕС-на   сәйкес қысқа мерзімді міндеттемелер туралы Қазақстан Республикасының заңдары туралы ақпараттар көзі ашылып жазылған. Дипломдық жұмыстың орындалуы  еліміздегі қолданылып жүрген құқықтық нысандарды да қамтыған. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1 АЙНАЛЫМ АКТИВТЕРІ МЕН ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 

1.1 Айналым активтерінің  экономикалық мәні, құрылымы және  мазмұны 

     Айналым активтері (айналым  капиталы) – бұл бір өндірістік-коммерциялық циклде толық қолданылатын және кәсіпорынның ағымдағы қызметіне қажетті меншікті құндылықтардың жиынтығы болып табылады. Тар мағынада – айналым активтеріне бір өндірістік цикл ішінде немесе бір жылдың ішінде ақша қаражаттарына айналатын активтерді айтады.

      Айналым активтерін 2 топқа бөлуге болады:

  1. Тұрақты бөлімі;
  2. Өзгермелі бөлімі.

     Тұрақты бөлімі – бұл белгілі бір цикл ішінде үнемі қажетті болып отыратын ағымдағы активтерді айтамыз .

     Өзгермелі бөлімі – бұл ағымдағы активтерге қажеттілігі тек белгілі бір  кезеңдерде ғана байқалатын активтерді айтамыз.

     Өзінің  айналым жасау кезінде айналым  активтері ақшалай, өндірістік және тауарлық формаларда болып отырады, оларды келесідей бөлуді қажет етеді:

  • өндірістік қорлары (шикізат және материалдар, қосалқы бөлшектер, аяқталмаған өндіріс, отын, қорап және қорап материалдары, төмен бағалы инвеньтарлар және т.б.);
  • айналым қорлары (дайын өнім, ақшалай қаражаттар және дебиторлық қарыздар);

     Айналым активтерінің басқару объектісі болып:

  • өтімділік дәрежесі;
  • құрылымы;
  • мөлшері;
  • қалыптасу көздері және олардың құрылымы [1.,].

     Өтімділік дәрежесіне байланысты айналым қаражатының  құрамы мен құрылымы келесі кестеде  көрсетілген (1 кесте). 

     Кесте 1

     Айналым қаражаттарының өтімділік дәрежесі бойынша құрамы мен құрылымы

Айналым  қаражаттарының топтары Енгізілетін қаражаттар құрамы
1 2
  1. Ең өтімді актив
1.1.Ақшалай қаражат

    - Касса;

   
 
Кесте 1- нің  жалғасы
1 2
 
    - Есеп айрысу  шоты;

    - Валюталық  шот;

    - Өзге де  ақшалай қаражаттар.

1.2.Қысқа мерзімді  қаржы    салымдары

  1. Жылдам сатылатын актив
2.1.Жөнелетін  тауар

2.2.Дебиторлық  берешек:

    - Тауар, жұмыс, қызмет үшін;

    - Алынған вексель бойынша;

    - Еншілес фирмалармен;

    - Бюджетпен;

    - Қызметкерлермен өзге операциялар бойынша;

    - Өзге дебиторлармен.

2.3. Өзге айналым  капиталы

  1. Баяу сатылатын актив
3.1.Алдағы кезеңде  шығысы шегерілген запас және  сатып алынған құндылық бойынша  ҚҚА
Дерек көзі:Кадерова Н.Н. Корпоративтік қаржы,[2.,].Экономика,2008ж.,93 бет.
 

     Кестеден  көріп отырғанымыздай, айналым қаражаттарының өтімділік дәрежесінің  құрамы мен құрылымы қарастырылған. Бұл өз кезегінде сатылуы екіталай ағымдағы активті анықтауға мүмкіндік береді.Өндірістік кәсіпорындардағы айналым активтерінің құрылымы оның жұмыс істейтің саласына байланысты болады. Мысалы, материалды босалқы қорлар өндеуші салада, машина жасау саласында, жеңіл және тамақ өнеркәсібінде көбірек болады.

     Тікелей жоспарлау мүмкіншілігіне байланысты айналым қаражаттары мөлшерлі және мөлшерсіз деп бөлуге болады. Мөлшерлі (жоспарланатын айналым қаражаттары) – ол өнімді өндіріп өткізу үдерісін үзбей қамтамасыз ету үшін және минималды материалдық - өндірістік босалқы қорларды (запастар) қалыптастыруға қажетті ақша қаражаттарын айтамыз.Ал мөлшерсіз – ол жоспарланбайтың айналым қаражаттары болып табылады [2.,].

     Қалыптастыру  көздеріне байланысты айналым активтері  келесі кестеде көрсетілген (2 кесте).

     Кесте 2

     Айналым қаражат көзінің құрамы мен құрылымы

Айналым қаражат көзі
Меншікті Қарыз Қосымша тартылған
  1. Жарғылық капитал
  1. Банктің ұзақ мерзімді кредиті
  1. Кредиторлық берешек:
    - Жеткізушілер мен
     
Кесте 2 –  нің жалғасы
  1. Үстеме капитал
  2. Резервтегі капитал
  3. Бөлінбеген таза кіріс
  4. Жинақтау қоры
  5. Мақсатты қаржыландыру, сондай – ақ бюджеттен және бюджеттен тыс қордан түсетін түсім
  1. Ұзақ мерзімді қарыз
  2. Банктің қысқа мерзімді кредиті
  3. Қысқа мерзімді қарыз
  4. Коммерциялық кредит
  5. Инвестициялық салық кредиті
  6. Қызметкерлердің инвестициялық жарнасы
    мердігерлерге

    - Еңбекақы  төлеу бойынша

    - Сақтандыру  бойынша

    - Бюджетпен

    - Өзге кредиторлармен

  1. Тұтыну қоры
  2. Алдағы шығыс пен төлемнің резерві
  3. Күмәнді борыш бойынша резерв
  4. Қысқа мерзімді өзге міндеттеме
  5. Қайырымдылық және өзге түсім
Дерек көзі:Кадерова Н.Н. Корпоративтік қаржы,[2.,]. Экономика, 2008ж., 95 бет.
 

     Кестеде айналым қаражат көзінің құрамы мен құрылымы көрініс тапқан. Әдетте, фирманың айналым қаражатына барынша аз қажеттілігі келесі меншікті көздің: пайданың, жарғылық капиталдың, жинақтау және мақсатты қаржыландыру қорының есебінен жабылады. Алайда бірқатар объективті себептерден (инфляция, өндіріс мөлшерінің ұлғаюы, клиенттердің шоттарын төлеуді кешіктіру және т.б.) фирмаға уақытша қосымша айналым қаражаты қажет болады. Бұл жағдайда шаруашылық қызметті қаржымен қамтамассыз ету үшін қарыз көзі: банк және коммерциялық несие, қарыз, инвестициялық салық несиесі, фирма қызметкерлерінің инвестициялық жарнасы, облигациялық қарыз тартылады. Банк несиесі инвестициялық несие немесе қысқа мерзімді несие нысанынды береді. Банк несиесі негізгі және ағымдағы активті сатып алумен байланысты шығынды қаржыландыру, сондай – ақ фирманың маусым кезіндегі қажеттілігін, тауарлық материалдық босалқы қорларды уақытша ұлғайту, дебиторлық борышты, салық төлемдерін, күрделі шығындарды қаржыландыру үшін қажет. Қысқа мерзімді несие үкіметтік мекеме, қаржы фирмасы, коммерциялық банк, факторингтік фирма беруі мүмкін. Инвестициялық несиені үкіметтік мекеме, сақтандыру компаниясы, коммерциялық банк, андеррайтер,  жеке инвестор беруі мүмкін. Айналым қаражатын қаржыландыру көзіне банк несиесі сияқты басқа фирма мен ұйымдардың қарыз, вексель, тауарлық несие мен аванстық төлем түрінде рәсімделген коммерциялық несие де жатады. Инвестициялық салық несиесін фирмаға мемлекеттік билік органы фирманың салық төлемінің уақытын ұзарту түрінде береді. Фирма инвестициялық салық несиесін алу үшін жергілікті салық органымен несие келісімін жасасады.

     Фирманың  айналым капиталының қалай сыныпталатыны  келесі суретте көрсетілген (1 сурет).

        Айналым капиталы

Өндірістік  айналым қорлары          Айналыс қорлары

     

Өндірістік  босалқы қорлары   Аяқталмаған өндіріс пен болашақ кезең шығыстары    
Дайын өнім
  Ақша қаражаттары  мен есеп айырысудағы қаражаттар

     

Мөлшерлі   Мөлшерсіз
 
Меншікті   Қарыз
 

    Сурет 1. Айналым капиталының сыныптамасы

    Дерек көзі: Көпешова Б. Корпорациялар қаржысы, [1.,]. Қазақ университеті, 2010ж., 66 бет. 

     Суретте айналым капиталының сыныптамасы  көрініс тапқан.Фирма үшін айналым қаражаттарын сақтауды қамтамасыз ету фирманың маңызды мәселесі. Ол үшін жоспарлы кезең басында меншік айналым қаражаттарының болжамды немесе деректі сомасы жиынтық қажеттіліктерімен салыстырылады. Егер жоспарлы қажеттілік фирманың меншік қаражаттарынан асып кетсе, меншік айналым қаражаттарының жетіспеушілігі туындайды. Бұл жетіспеушілік меншік, уақытша және қарыз қаражаттар есебінен толықтырыла алады. Егер салыстыру барысында меншік айналым қаражаттарының артықшылығы пайда болса, онда ол артықшылық айналым қаражаттар өсімін қаржыландыру көзі болып табылады.

     Айналым капиталын басқару айналым капиталын  құру және оны қолдану іс-әрекеттерін білдіреді [1.,].

     Айналым капиталы фирманың жалпы бөлігі болып табылатындықтан, оған келесідей айналым капиталын қолдану ерекшеліктері көрініс табады:

  • капиталды қолданудың негізгі түрі, яғни экономикалық ресурс ретінде;
  • операциялық қызметті қаржыландырушы , экономикалық ресурс ретінде;
  • негізгі капиталды қолданудың спецификалық мүмкіндіктері мен механизмдері;
  • табысты (пайданы) жоғарлату арқылы айналым активтерінің өзіндік ерекшеліктерін көтеру;
  • әр түрлі тәуекелдерді тудыру;
  • айналым капиталының үнемі айналу кезінде олардың формасын өзгертуі;
  • әр түрлі нарықтардың жұмыс істеуіне тікелей байланысты;
  • кәсіпорынның тактикалық мақсаттарымен, миссияларымен тікелей байланысты.

     Капиталды қолдануды басқару  болып, басқару шешімдерінің жүйелік міндеттері мен методологикалық түрлері сналады. Оның негізгі мақсаты фирманың әр түрлі қызмет түрлерінде әсер ету, пайдалану болып табылады.

     Капиталды қолдануды басқарудың негізгі міндеттеріне келесілерді жатқызуға болады:

  • фирманы басқарудың жалпы жүйесіне интеграциялау;
  • басқару шешімдерінің жалпы сипаттамасын құру;
  • басқарудың жоғары динамизмі;
  • белгілі шешімдерді қарастыру кезіндегі олардың көп қырлылығы; Фирманың стратегиялық және тактикалық даму мақсаттарының нақтылығы болып табылады [3.,]. 

Информация о работе Фирманың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқару