Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2012 в 12:48, дипломная работа
Диплом жұмысындағы толықтырылуы қажет сұрақтар тізімі немесе жұмыстың қысқаша мазмұны:
a) Айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелердің мәні, мазмұны, құрылымы, басқару саясаты, үлгілері қарастырылған.
ә) Қазіргі уақыттағы фирмалардың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқаруын талдау, «Институт Градтранспроект» ЖШС-тің айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін нарық жүйесіндегі фирмалардың айналым қаражаттары мен қысқа мерзімді міндеттемелерді басқару саясаты мен басымдылықтары қарастырылған. «Институт Градтранспроект» ЖШС-тің қызметінің сипаттамасы. Фирманың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелердің құрылымы және көлемдері талданған.
б) Ғаламдық жағдайдағы фирмалардың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқаруын жетілдіру. Фирманың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқару бойынша перспективалары мен болашағы қарастырылған.
КІРІСПЕ......................................................................................................................5
1АЙНАЛЫМ АКТИВТЕРІ МЕН ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ............. 8
1.1 Айналым активтерінің экономикалық мәні, құрылымы және мазмұны…......8
1.2 Міндеттемелердің мәні мен мазмұны және олардың жіктелуі ......................16
1.3 Айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерді басқару саясаты және үлгілері..............................................................................................................22
2 ФИРМАЛАРДЫҢ АЙНАЛЫМ АКТИВТЕРІ МЕН ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІН БАСҚАРУЫН ТАЛДАУ («ИНСТИТУТ ГРАДТРАНСПРОЕКТ» ЖШС МЫСАЛЫНДА)..............................................35
2.1 «Институт Градтранспроект» ЖШС-нің қаржы-шаруашылық қызметінің сипаттамасы...............................................................................................................35
2.2 Фирманың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелердің құрылымын және көлемін талдау............................................................................39
2.3 «Институт Градтранспроект» ЖШС айналым активтерін қолдану тиімділігін талдау..........................................................................................................................50
3ҒАЛАМДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА ФИРМАЛАРДЫҢ АЙНАЛЫМ АКТИВТЕРІ МЕН ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІН БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ................................................................................. 55
3.1 Фирмалардың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқару бойынша мәселелері мен даму перспективалары....................................55
3.2 Ғаламдану жағдайында фирманың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқаруды оңтайландыру.............................................................58
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................65
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................68
ҚОСЫМШАЛАР.....................................................................................................69
Айналым
капиталын қолдануының басқару бүкіл
фирманы басқару жүйесінде алатын орны
келесі суретте көрсетілген (2 сурет).
Кәсіпорынды басқарудың жалпы жүйесі. | |||
Кәсіпорынның қаржысын басқару жүйесі | |||
Кәсіпорынның капиалын басқару жүйесі | |||
Капиталды құруды басқару жүйесі | Капиталды қолдануды басқару жүйесі. | ||
Айналым капиталын басқару жүйесі |
Сурет 2. Фирманы басқарудың баспалдағы
Дерек
көзі: Поляк Г.Б. Финансовый менеджмент,
[3.,].Прима, 2003 ж., 527 бет.
Суретте фирманы басқаруының баспалдағы көрсетілген, бұл жерде фирманы басқарудың жалпы жүйесі, оның ішінде: қаржысын басқару, қаржы қалай құрылады, қалай жұмсалынады, айналымда жүрген ақшалар қалай басқарылады қарастырылған.
Капиталды қолдануды басқару, яғни фирманы басқарудың арнайы облысы ретінде келесідей функцияларды орындауға міндетті болады:
Операциялық қызметте капитал қолдануын басқару келесідей:
Айналым капиталының қозғалысын басқару келесідей болып табылады:
Капиталды
қолдануды басқаруының
Айналым активтерін қолданудың басқару мақсаты – ағымдағы және болашақ кезеңдерде фирманың меншік иелерінің пайдасын максималды дәрежесін тұрақты сақтап тұру.
Айналым активтерін қолдануының негізгі бағыттары ретінде:
Айналым активтерін басқару
Жалпы фирманың айналым
Қаржы менеджментін келесі кезеңдердің дәйекті ауысымы ретінде сипаттауға болады:
Қаржы менеджментінің маңызды аспектісі фирманың айналым активтерінің қаржылық жай-күйін талдау болып саналады. Ол фирманың қаржы тұрақтылығын, оның нарықтағы жағдайын сипаттау үшін қажетті екендігін білдіреді. Талдаудағы қажетті ақпараттар бухгалтерлік баланста, қаржы шаруашылығы нәтижелері туралы есепте, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепте болады.
Сөйтіп, қаржы менеджменті фирманың күнделікті өндірісіне қажетті айналым активтерін және тағы басқа активтерді қаржылық қамтамассыз етілуінің тактикасы мен стратегиясы ретінде қаржының тиімді іс-әрекет етуінің мақсаттары үшін, оның ағымдарын басқаруға мүмкіндік береді. Фирманың қаржы саясатында қаржы менеджментінің мақсатты нұсқамасы- экономикалық дамудың ішкі және сыртқы факторларын есепке ала отырып, фирманың нарықтағы тең қаржы саясытын жүзеге асыру болып табылады.
Фирманың айналым активтерінің жетіспеушілігі салдары, ең басты фирманың қаржылық тұрақтылығына байланысты болады. Айналым активтерін ұйымдастыру олардың тиімділігін арттыру мәселесімен айналысады. Оларға келесілер жатады:
- айналым құрамын және құрылымын анықтау;
- фирманың айналым активтерінің қажеттілік деңгейінің оңтайлы көлемін анықтау;
- айналым активтерінің қалыптастыру көздерінің тиімді тарту жолдарын анықтау;
- айналым активтерін бөлу және оларды ұтымды қолдану шаралары;
- айналым активтерінің сақталуын және қауіпсіздігін қамтамассыз ету.
Айналым құрамы өндірістік қорлар және айналым қорларын қалыптастырушы элементтер жиынтығын білдіреді. Ал құрылымы әр бір айналым элементінің жалпы активтердегі үлесін анықтайды. Фирма қызметін қаржыландыруда және несиелеуде фирма активтерінің негізгі құрамын келесілер құрайды:
- тауарлы-материалды құндылықтардың қорын басқару;
- дебиторлық қарыздарды басқару;
- есеп қаражаттарын басқару;
- ақша қаражаттарын қалыптастыру.
Мұндағы
тауарлы-материалдық қорларды басқару
фирманың қызмет етуіне күнделікті қажетті
болып табылатын айналым
Дебиторлық қарыздарды басқару фирманың өз қызыметін тиімді ұйымдастырудағы қажетті қарыз несиелерінің тартылуындағы тиімді жақтарын анықтау немесе қарыз берудегі қызметін анықтау болып табылады. Мысалы, фирма несие алуда ұзақ мерзімді немесе қысқа мерзімдегі банктерден немесе банктік емес ұйымдардан алудың қай жолдары ұтымды екенің анықтау қажеттігі туындайды.
Фирманың есеп қаражаттарын басқару, бұл өз кезегінде бухгалтерлік есеп негізінде көрініс табады. Бухгалтерлік құжаттарға фирманың бухгалтерлік қызметі, оның шығындары мен табыстарының есебі, қорытынды есептер болады. Фирманың бухгалтерлік есебінде айналым активтерінің үлесі айтарлықтай орын алады. Бұл әсіресе қаржы салаларында кең көрініс табады.
Ақша қаражаттарын басқаруда фирманың айналым активтерінің күрделі әрі барлық қызметтерді іске асырудың және оны ұйымдастырудың негізі болып табылатын , ақша қорларын және ақша қаражаттарын қалыптастыру мен тиімді пайдаланудан туындайды. Ұдайы өндірістік тұжырымдаманы жақтаушылар қаржының экономикадағы келесі үш қызметен тұрады:
Мемлекет және фирмалар өзінің игілігіне материалдық өндіріс саласында жасалған қоғамдық жиынтық өнім және өзіндік өнім құнының бір бөлігін алып немесе жұмылдырып отырады. Бұл үдеріс қаржының қызметі ақша қорларын жасау ақылы жүзеге асырылады.
Осы жинақталған немесе ұйымдастырылған ақша қорларын экономикада тиімді орналастыру қаржының екінші қызметі ақшалай табыстар мен қорларды жұмсау арқылы жүзеге асырылады. Әрине, жоғарыда аталған қызметтердің барлығы бір - бірімен тығыз байланысты және олардың қызметтері бір - бірінсіз жүзеге аспайтын белгілі бір экономикалық жүйе болып табылады сөзсіз.
Сонымен
қатар фирманың айналым активтерін
басқарудың негізі айналым капиталын
дұрыс орналастыру мен пайдалану әдістерін
анықтау болып саналады. Оның іске асуын
келесі суреттен көре аламыз (3 сурет).
Айналым активтерін тиімді қолдану әдістері мен тәсілдері |
Айналым активтерінің айналым жылдамдығын анықтау |
Әр
бір айналым активінің |
Айналым көлемі немесе айналым коэффициенті |
Айналым активтерінің абсолютті және қатысты босатылуы |
Сурет 3. Айналым активтерін басқарудың тиімділігін анықтау
Дерек
көзі: Көпешова Б.Корпорациялар қаржысы,
[1.,]. Қазақ университеті, 2010 ж., 85 бет.
Мұндағы айналым активтерінің жылдамдығын анықтауда белгілі бір кезеңдегі фирманың салынған капиталдарының қайтарылуы және үстеме пайда әкелу арқылы анықталынады, бұл дегеніміз ұдайы ұлғаймалы өндірістен неше айналым болғандығын көрсетеді. Егер неғұрлым айналым активтерінің айналу жылдамдығы көбірек болған сайын, соғұрлым олардың экономикалық қызметінің тиімділігі сипатталынады және бұл өнімге сұраныстың артқаның білдіреді [1.,].
Сонымен,
айналым активтерінің экономикалық
мәні бір өндірістік-коммерциялық циклде
толық қолданылатын және кәсіпорынның
ағымдағы қызметіне қажетті меншікті
құндылықтардың жиынтығы болып табылатындығы
байқалды. Айналым активтері өзіне тән
ерекшелікпен жоғары жылдамдықпен айналады.
Өндіріс үдерісіндегі айналым активтерінің
атқаратын құрылымдық рөлі негізгі капиталдың
рөлінен өте ерекшелінеді. Айналым активтері
өндіріс үдерісінің үздіксіздігін қамтамассыз
етеді. Ол айналым қаражаттарының өтімділігіне,
қаражат көзінің қалыптасуына байланысты
болды.
1.2
Міндеттемелердің
мәні мен мазмұны
және олардың жіктелуі
Міндеттемелер (liabilities) – фирмалардың әр түрлі мәмілелер жасасқан кезде және болашақта тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін төлемдер жасауға заңды негіздеме болып табылатын көрсеткіш. Әдетте міндеттемелерді олардың пайда болуынан бастап тіркеу керек. Ал кезеңнің аяғында үлес қосылған және уақыты ұзарылған міндеттемелер туралы түзету жазбалар енгізуге тиісті болып табылады.
Міндеттемелер әдетте ақшалай құнмен бағаланады немесе қарызды қайтаруға, тауарлар мен қызметтер көрсетуге міндетті нарықтық құнымен сипатталынады.
Қысқа мерзімді міндеттемелер (short-term or current liabilities) – бұл міндеттемелер бір жыл ішінде немесе бір операциялық цикл ішінде орындалуға тиісті міндеттемеле р болып табылады.
Ұзақ мерзімді міндеттемелер (long-term liаbilities) – бұл дегеніміз уақыты бір жылдан және бір операциялық циклден асатын міндеттемелерді болып саналады. Кейде ұзақ мерзімді міндеттемелердің бір бөлігін, ағымдағы уақытта жабылатын қысқа мерзімді міндеттемелерге жатқызуға болады.
Информация о работе Фирманың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқару