Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Января 2013 в 07:43, дипломная работа
Дипломдық жұмыстың мақсатына жету үшін келесі міндерттерді орындау керек:
бюджет түсінігіне тоқталып, оның ерекшеліктерін қарастыру;
бюджет балансын анықтау;
мемлекеттік бюджеттің құруын және оның бюджетаралық реттеу шараларын қарастыру;
аймақтық бюджеттің атқаруын қарастыру.
- ресми трансферт түрінде алынған табыс жергілікті бюджеттен бұрын берілген несиелер бойынша негізгі қарызды өтеу; шығыстар, несиелеу, бюджет дефициті (профициті) және бюджет дефицитін қаржыландыру (профитін пайдалану);
-аудандық (қалалық )бюджеттер арасында табыс бөлуін нормативі;
- қоршаған ортаны корғаудың жсргілікті мемлекеттік мөлшері;
- тиісті қаржы жылының содындағы
облыс, Астана,
Алматы қалаларының резерв мөлшері, қарыз
мөлшері;
- функционалдық топтар бойынша шекті шығындар;
- секвестрленбейтін жергілікті бюджет бағдарламаларының тізімі.
«Бюджет жүйесі туралы» Заңда қарастырылған жағдайлардан басқа кезде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, жоғарғы мемлекеттік органдардың, облыстық жергілікті атқарушы органдардың томенгі деңгейдегі бюджеттерді құру атқару процесіне қатынасуына тыйым салынған.
Республикалық бюджеттің атқарылуын
Қазақстан Ресбупликалық Үкіметі қамтамасыз
етеді. Тиісті әкімшілік-әміршіл бірліктегі бюджеттің атқарылуын
жергілікті атқару-органдар қамтамасыз
етеді. Егер жергілікті атқарушы органдар
бюджетті атқару барысында шығыстарды
өсіретін
кірістерді төмендетін нормативтік-құқықтық
актілер қабылдаған жағдайда, ол қаражат
жоғарғы тұрған бюджеттен қаржы жылының
басында алынған бюджет қаражаты біріктірілген
қалдығы жоғары тұрған бюджетке алынбайтын
жергілікті атқарушы органның негізгі
қарызын, жергілікті бюджеттің кредиторлық
қарызын өтеуге қолданылады, ол егер ондай
болмаған жағдайда жергілікті бюджст
багдарламасын қаржыландыруға жұмсалады.
Секвестрленбейтін
бағдарламалардың тізімін Қазақстан Республикасы
Республикалық бюджеттің атқарылғаны туралы жылдық Қазақстан Республикасынын Үкіметі Парламент пен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылайтын Есеп комитетіне есепті жылдан кейінгі жылдың 1-шілдесіне дейін тапсырады. Қаржы министрлігі Есеп комитетіне ішкі бағдарлама деңгейінде рсспубликалық бюджеттің атқарылуы туралы айлық есепті тапсырады. Жергілікті атқарушы органдар бюджеттің атқарылуы туралы жоғаргы атқарушы орган мен маслихатқа ай сайын органдар мен Астана, Алматы қалалары Қаржы минстрлігіне ай сайын есеп береді. Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметіне республикалық жөнс жергілікті бюджеттердің есепті кезендегі атқарылуы туралы ай сайын береді[19,39б].
Республикалық
бюджеттен мемлекеттік
Республикалық бюджеттің атқарылуын Есеп комитеті жергілікті бюджеттің атқарылуын тиісті деңгейдегі органның ревизиялық комиссиясы, сондай-ақ Республикасының Қаржы министрлігі мен оның аудандық органдары жергілікті атқарушы және өкілетті орган міндетті түрде хабарлай отыруын бақылайды.
Салық жинау
және басқа міндетті төлемдерді дұрыстығына
бақылауды төлеушілердің
Салық төлеушілерге (салық зандарын бұзатын) жасырған сомаларды қайтару, заң бұзу ауырлығына қарай үлестік немесе мөлшерде айыппұл бюджетке төлемдерді кешіктіргені үстеме төленеді.
Облыстық
атқарушы Мемлекеттің кәсіпорындар,
мемлекеттік мекемелер мен
Бюджеттік қатынастар мен бюджетаралық байланыстар қаржылық ресурстарды қалыптастыру, бөліс және қайта бөліс процестері арқылы белгілі болады. Олар өз арнауы мен нақты іске асуы бюджеттік жүйе арқылы көрінеді, яғни барлығы әр түрлі деңгейдегі бюджеттер, бюджетаралық арақатынастар мен бюджеттік жайластырушылық арқылы.
Бюджеттік құрылым
- ол елдің мемлекеттік бюджеті
бюджеттік жүйені ұйымдастыруы және
олардың өзара байланысының ұйымдастырушылық
формалары. Бюджеттік жайлы
Бюджеттік құрылым елдің мемлекеттік қүрылымдық формасымен анықталады және биліктің орталық пен жергілікті органдарының республикалық және жергілікті бюджетте құрастыру, қарау, бекіту мен атқару, кірістер мен шығыстар бөлу жөніндегі өкілеттіліктерін реттейтін қүқықтық нормалар негізделеді. Бұлар бюджеттік жүйенің буындарын құрайды, олардың өзара байланысы бюджетаралық қатынас механизм арқылы іске асады.
Қазақстан Республикасының бюджеттік жайластырушылық мемлекеттік құрылымның біртұтас формасына сәйкес, мұнда әкімшілік-аумақтық бірліктерінде автономия да, мемлекеттітілік те жоқ [25,12б]. Олар барлығы біріккен құқықтық актілерге, билік біріккен органдарына, саясаттық, экономикалық және әлеуметтік процестерді орталықтандырылған басқаруға бағынады. Жалпы айтқанда, бюджеттік құрылым әрекеттегі негізгі құқықтық акті және экономикалық-әлеуметтік процестердегі бюджеттің рөлі мәні арқылы анықталады.
Бюджеттік процестегі жоғары және төмен тұратын бюджет арасындағы бүктемелеуленген қатынастарды бюджетаралық қатынастар деп атайды. Бюджетаралық қатынастар жүйесі тек қана ресбупликалық бюджет пен республиканың аймақтар бюджеттер арасындағы қатынастардан тұрмайды, оған аймақтар ішінде облыстық және аудандық бюджеттер арасындағы қатынастар кіреді. Бюджетаралық қатынастардың негізі болып мемлекеттік басқару деңгейлерінің өкілеттілігі мен функцияларын айқын ашу, бюджет деңгейлері арасында кірістер мен шығыстарды бөлу әдістерінің бірлестігі табылады.
Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасы өзінің жеке бюджет саясатын қалыптастыра бастады. Алғаш қабылданған тәуелсіз мемлекетіміздің заңдарының бірі «Бюджет жүйесі туралы» болды. Республикадағы бюджетаралық қатынастарды реттеу заңдылықтарының негізі осы заң болып табылды. Бұл заңға сәйкес жергілікті бюджет республикалық бюджетген тәуелсіз, сонымен қатар төменгі деңгейдегі бюджеттердің қалыптасу үрдісіне жоғарғы органдардың араласуына шектеу қойылған, жергілікті органдарға қолда бар қаражаттарын еркін пайдалануға кұқық берілген.
Елбасы халқына жолдауында айтқандай, «Ең бастысы, ол экономиканың шикізаттық емес секторы, әсіресе, шағын және орта бизнес үшін жалпы салықтық ауыртпалықтардың төмендетілуін қарастыруы керек. Бюджеттің күтілетін шығындарының орны өндіруші сектордың экономикалық қайтарымын арттыру есебінен өтелуі тиіс». Осы жолдауда келесі Жаңа үшжылдық бюджет құрылды:
- тұтас алғанда 2007 жылға қарағанда зейнетақылардың орташа мөлшерін 2012 жылға қарай 2,5 есе, оның ішінде 2009 жылы – 25% , 2010 жылы – 25% және 2011 жылы 30% арттыруды қамтамасыз етуге тиіс. Бұл ретте 2011 жылы арқаулық зейнетақылық төлемдер мөлшері ең төменгі күнкөріс мөлшеріне қарай 50% -ға дейін өсірілуге тиіс;
Әлеуметтік игілікті қамтамасыз ету өмір сүру сапасын арттырумен, сондай-ақ еліміздің адам ресурстарын ұлғайтумен қатар жүргізілуге тиіс. Еліміздің ғылыми, білім беру және денсаулық сақтау кешендерінің басты мұраты осы.
Әкімдердің бірінші кезектегі міндеті болып қалуға тиіс. Сондықтан мына бағыттарда мақсатты түрде жұмыс жүргізу керек.
Бірінші. Бюджеттің нәтижелілігін арттыру. Тұрғындардың әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға арналмаған барлық шығындарды қысқарту қажет.
Орталықта нәтижелілікке бағытталған бюджетті өмірге енгізу жөніндегі жұмыс қазірдің өзінде жүзеге асырылып жатыр. Бұл жұмысты жергілікті жердегі деңгейде де дамыту қажет. Тұрғындар өңірлік биліктің нақты қамқорлығын сезінуге тиіс.
Жаңа әлеуметтік нысандар: медициналық мекемелер, мектептер, спорт ғимараттары тұрғындарға сапалы, озық және ең бастысы, бұқаралық қызмет көрсету орталығына айналуға тиіс.
Екінші. Әкімдер инфрақұрылымдарды, әсіресе, жергілікті маңызы бар жолдарды барынша дамытуды қамтамасыз етуі керек.
Үшінші. Жер телімдерін жасырын бөлу тәсілінің тәжірибесін тоқтату керек. Барлық жер телімдері ашық аукциондар арқылы бөлінуге тиіс. Бұл ретте тек ӘКК қызметтеріне арналған жер телімдеріне ғана артықшылық беріледі.
Үкімет жүргізген тексерістер
Астананың және облыс орталықтарының
маңайындағы жер телімдері
Оларға бұл жерлерді мемлекетке өз еріктерімен қайтару жөнінде ұсыныс жасау қажет немесе құқық қорғау органдары бұл іс-әрекеттердің заңдылығын және ондай адамдардың жауапкершілігін анықтауға міндетті.
Қазақстандағы бюджеттік үрдіс «Бюджет жүйесі туралы» Заңның үш рет (1991, 1996, 1999 жылдар) қабылдануына «куә» болып, сонымен іргелесе келе жатыр. Соңғы қабылданған (1999 жылғы) жаңа заң негізінде республикалық және жергілікті бюджетгерді әзірлеу, қарау, бекіту, орындау және бақылаудың жаңа тәртібі анықталды. Осы заңмен бюджет қаражаттарын қалыптастыру мен жұмсаудың қағидаларына өзгерістер енгізілді, атап айтқанда:
Бюджетаралық қатынастар - бұл бюджет үрдісіндегі жоғары және төмен тұрған бюджеттердің арасындағы қатынас. Бюджет мемлекеттің өз функцияларын орындауды қамтамасыз ету, мемлекеттік саясат шараларын жүзеге асыру жөніндегі негізгі құралы болып табылады. Сондықтан мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерін жүктелген функцияларын жүзеге асыру үшін жеткілікті қаржы құралдарымен қамтамасыз ететіндей, өзара қарым-қатынастың тұрақтылығы мен айқындылығы қағидасына негізделген, сондай-ақ тиімді бюджет саясатын жүргізуге ынталандыратындай бюджетаралық қатынастардың оңтайлы моделін қалыптастыру талап етіледі.
Бюджетаралық қатынастарды реформалау мемлекет пен экономиканың ілгерілеуі үшін аса қажет және соған орай қазіргі кезеңдегі өзекті мәселелердің біріне айналып отыр.
Қазақстанда бюджетаралық қатынастарды, соның ішінде бюджет деңгейлері арасында табыстарды бөлуді реформалау 1998 жылы басталған еді. Табыстарды бөлу тұрғысынан бюджеттік үрдісті жетілдіру үш кезеңнен өтті.
Бірінші кезең. 1995 жылдың 1 шілдесінде қабылданған Салықтық Кодексте салықтар мемлекеттік бюджет деңгейлері бойынша бөлінді. Онда салықтарды бөлудің жылдар бойы өзгеріп отырған әр түрлі тәсілдері қолданылды. 1996 жылы жергілікті бюджетгерге:
- жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы. 1997 жылдан бастап қосымша қул салығы тұтасымен республикалық бюджетке түсті. 1997-1998 жылдары бюджетаралык реттеу заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы есебінен жүргізілді[36,62б].
Екінші кезең. 1999 жылдан бастап барлық облыстар бойынша республикалық және жергілікті бюджеттер арасында табыстарды бөлудің бірыңғай нормативі белгіленді. Осы уақыттан бастап заңды түлғалардан алынатын табыс салығы мен ішімдік өнімдері бойынша акциздердің 50 пайызы, занды түлғалардан алынатын табыс салығы мен әлеуметтік салық - 100 пайыз жергілікті бюджеттерге түсті.
Үшінші кезең. 2002 жылдан бастап бюджет деңгейлері арасында салықтың нақты түрін бөлшектеуді жүзеге асырмай-ақ, салықтардың түрлері бойынша республикалық және жергілікті бюджеттердің табыс көздері дәл айқындалды.
Елдің әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын ескере отырып, мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі оңтайландыру қажеттілігі туындайды. Қазіргі уақытта осы бағытта бірқатар ілгері қадамдар жасалуда. Атап айтқанда, Республика Президентінің 2001 жылғы 24 қазанындағы №713 Жарлыгымен мемлекеттік басқару деңгейлері жэне бюджетаралық қатынастарды жетілдіру арсында өкілеттіліктерді ажырату жөнінде Мемлекеттік комиссия құрылды. Комиссия жұмысының мақсаты мемлекеттік басқару деңгейлері арасында мемлекеттік қызметтерді тиімді бөлу, сондай-ақ бюджетаралық қатынастарды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады. Комиссия жұмысының шеңберінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2002 жылғы 5 ақпанындағы №4 Қаулысымен мемлекеттік басқару деңгейлері мен бюджетаралық қатынастарды жетілдеру арасындағы өкілеттіліктерді шектеу тұжырымдамасының жобасын дайындау жөніндегі жұмыс тобын құрып, жергілікті бюджеттердің тұрақтылығын қамтамасыз ететін бюджетаралық қатынастарға оңтайлы көзқарасты қалыптастыру мақсатында төмендегідей төрт нұсқа жасақтады.