Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Января 2013 в 07:43, дипломная работа
Дипломдық жұмыстың мақсатына жету үшін келесі міндерттерді орындау керек:
бюджет түсінігіне тоқталып, оның ерекшеліктерін қарастыру;
бюджет балансын анықтау;
мемлекеттік бюджеттің құруын және оның бюджетаралық реттеу шараларын қарастыру;
аймақтық бюджеттің атқаруын қарастыру.
Бюджетаралық қатынастардың ашықтығы және бюджетаралық қатынастың кез келген моделі үш жағдайға негізделеді:
Бюджетаралық қатынастар облыстар мен қалаларының бюджеттік қамтамасыз етілу деңгейлерін теңестіруге, өңірлердегі орынды экономикалық саясатты ынталандыруға, жергілікті атқарушы органдардың барынша тиімді әрі нәтижелі мемлекеттік қызметтердің біркелкі деңгейін көрсетуін қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс.
1999 жылдан бастап бюджеттік бағдарламалардың бөлінуі, республикалық және жергілікті бюджеттердің арасындағы түсімдер заңмен белгіленді. Жергілікті атқарушы органдарға заңмен белгіленген деңгейде қарыз алуды жүзеге асыруға рұқсат берілді.
Бюджеттер деңгейі арасында кірістер мен шығыстарды бөлудің қалыптасқан жүйесі алдыңғы жүйемен салыстырғанда бірқатар артықшылықтарға ие болды. Республикалық және жергілікті бюджет арасында кіріс қайнар кездерін салықтарды бөлмей нақты анықтады және оларды пайдалану бағыттары шектелді.
Осы орайда Қазақстан Республикасының "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" заңында қарастырылған субвенциялар мен бюджеттік алынулар жобасын қарастыра кеткен жөн (Кесте 2).
2 кесте. 2007 жылдың жергілікті бюджеттер туралы мәліметтер
Кірістер |
шығыстар |
субвенциялар | ||
1 |
Барлығы |
536147092 |
577439205 |
192790980 |
2 |
Ақмола облысы |
15132786 |
34 749 426 |
19616640 |
3 |
Ақтөбе облысы |
28226410 |
27147281 |
1079129 |
4 |
Алматы облысы |
24 536 504 |
46 722 803 |
22186299 |
5 |
Атырау облысы |
66 570 278 |
23508511 |
43061767 |
6 |
Ш-Қазақстан облысы |
32 700 845 |
54 890 106 |
22189261 |
7 |
Жамбыл облысы |
12269892 |
33596198 |
21 326 306 |
8 |
Б-Қазақстан облысы |
20287610 |
31 460 769 |
11 173159 |
9 |
Қарағанды облысы |
42 674 098 |
50 351 767 |
7 677 669 |
10 |
Қызылорда облысы |
12475382 |
27287 135 |
14811 753 |
11 |
Қостанай облысы |
18888353 |
32 302 857 |
13414504 |
12 |
Маңғыстау облысы |
42 293 640 |
17856896 |
24436744 |
13 |
Павлодар облысы |
29 703 360 |
33513879 |
3810519 |
14 |
С -Қазақстан облысы |
11 628324 |
28173975 |
16545651 |
15 |
О- Қазақстан облысы |
27 049 025 |
67 088 244 |
40039219 |
16 |
Алматы қаласы |
113486036 |
41175683 |
72310353 |
17 |
Астана қаласы |
38 224 549 |
27613675 |
10610874 |
Республика құрамындағы 14 облысының он бірі субвенцияны пайдаланып отыр. Басқаша айтқанда облыстардың "орталық бюджет доноры" категориясынан "орталық бюджет реципиенті" категориясына ету процесі жүріп жатыр. Бұл бюджетаралық қатынастың қазіргі жүйесінің жергілікті бюджеттердің жеткіліктігін қамтамасыз етулеріне ынталанбайтындығын сипаттайды және бұл өз кезегінде атқарушы биліктің жергілікті органдарының бюджет кірісінің қосымша қайнар көздерін іздеуде белсенділіктанытуына ықпал етпейді.
Бюджетаралық қатынастар саясатының негізгі мақсаты мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлеріне бекітіліп берілген мемлекеттік қызметтерді толық көрсетуі және ездеріне жүктелген функцияларды жүзеге асыруы үшін, оларды жеткілікті қаржы қаражатымен қамтамасыз ету болып табылады.
Бюджетаралық қатынастар Бюджет кодексінде белгіленген қағидаттардан және түсімдер мен шығыстардың бюджет деңгейлері арасында бөлінуінен бастау алады әрі өзара қатынастардың, ең алдымен, облыс-аудан деңгейіндегі анықтығы мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге, әрбір басқару деңгейінің дербестігін күшейтуге, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету деңгейін оларды алушыларға жақындатуға бағытталған.
Бюджет кодексіне сәйкес бюджетаралық қатынастар ресми трансферттер мен бюджеттік несиелермен, облыстық және аудандық аралығындағы бюджетпен, сонымен қатар кірістерді бөлу нормативтерімен реттелетін болады. Ресми трансферттер жалпы сипаттағы ресми трансферттер, ағымдағы мақсатты трансферттер, дамуға мақсатты трансферттер болып бөлінеді.
Бюджетаралық қатынастарды реттеу нысандарын айқындау кезінде әрбір бюджет деңгейінің салықтық әлеуеті, нормативтік құқықтық актілер негізіндегі өңірлердің объективті бюджеттік қажеттіліктерін бағалау нәтижелері, бекітілген заттай нормалар ескерілетін болады.
Өңірлердің экономикалық дамуының тым күшті саралануы салдарынан кіріс базасының өңірлер арасында біркелкі бәлінбеуіне байланысты халықтың мемлекеттік сектордың қызметтер көрсетуіне тең қол жеткізуіне жету үшін бюджеттік субвенциялар мен бюджеттік алынуларды қамтитын жалпы сипаттағы бюджетаралық трансферттердің мөлшерлерін бекіту негізінде еңірлердің бюджеттік қамтамасыз етілу деңгейін теңестіру саясаты жүргізіледі.
Республикалық және облыстық бюджеттердің аралығындағы 2005-2007 жылдарға арналған бюджеттік субвенциялар мен алып қоюлардың көлемі "Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы 2005-2007 жылдарға арналған жалпы сипаттағы ресми трансферттердің көлемдері туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы №602-ІІ Заңымен, ал облыстық бюджет пен аудандық бюджеттер аралығында (облыстық маңызы бар қалалар) - облыстық мәслихаттың шешімімен бекітілген. Бюджеттік субвенциялар мен алынулардың көлемі әр үш жыл сайын өзгертілуі тиіс.
Орта мерзімді кезеңге арналған жалпы сипаттағы ресми трансферттер мөлшерін бекіту тұрақтылығы жергілікті атқарушы органдардың салық әлеуетін ұлғайтуға мүдделілігін, жергілікті бюджеттердің шығыстарын жоспарлаудың анықтығын қамтамасыз етеді. Жергілікті атқарушы органдар облыстық бюджет жобасының жасалуын күтпей, жергілікті бюджет жобасын қалыптастыруды жүзеге асыруға мүмкіндік алады.
Жалпы сипаттағы ресми трансферттердің үш жылдық көлемінің әрекет ету кезеңінде мақсатты ағымдағы трансферттер бюджетаралық қатынастарды реттеу құралы болады.
Алдағы кезеңде төмен тұрған бюджеттерге қосымша функциялардың тиісті өтемақысыз жүктелуіне жол бермеу қағидаты қатаң сақталады.
2007 жылдан
бастап бюджет саласы қызметкер
Еңбекақының және стипендияның көбейуіне байланысты Республикалық бюджеттен жергілікті бюджетке ағымдағы мақсатты трансферттер өтемақы шығыстарына қаралған.
Ағымдағы мақсатты трансферттер әрекет етіп және әзірленіп жатқан мемлекеттік, салалық (секторалық) немесе өңірлік бағдарламалар шараларының орындалуына қарастырылады.
Мемлекеттік, салалық бағдарламалармен қарастырылған жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) іске асыруының орындалуына мақсатты трансферттерді дамуға беріледі.
Білім беру, денсаулық сақтау, ауыз сумен қамтамасыз ету объектілерін салу және қайта жаңарту мен тұрғын үй салу орта мерзімді кезеңге арналған бюджеттік даму бағдарламаларының өңірлік тұрғыдағы басым бағыттары болады.
Осыған байланысты мақсатты трансферттерді тек мақсатты бағытына сәйкес пайдалану мүмкіндігіне байланысты, оларды пайдалану тиімділігін бақылауды күшейтуге ерекше назар аударылатын болады.
Бюджет теңсіздігін реттеудің басты құралы болып бюджет аралық трансферттер саналады, трансферттердің негізгі екі типін ерекшелеуге болады: тік (жоғарғы деңгей бюджетінен теменгі деңгей бюджетіне) және көлденең (бір деңгей бюджеттері арасында). Тік бюджетаралық трансферттер жалпы (теңестіруші) және мақсатты (арнайы) деп жіктеледі. Жалпы трансферттер бюджеттік өкілеттіліктен шығатын шығындар қажеттілігіне қатысты аймақтардың кірістермен бюджеттік қамтамасыздығы бойынша айырмашылығын реттеуге арналған. Мақсатты трансферттер мемлекеттік өңірлік саясаттың нақты тапсырмаларын жүзеге асыруға арналған.
Қазақстан Республикасында жыл сайын әртүрлі деңгейдегі бюджет пен бюджетаралық қатынастарды құру тәртібі нақтыланады. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі дамуының негізгі бағыттары жергілікті бюджеттердің жоғары дәрежелі автономиялығына қол жеткізу, бюджетаралық ағымдардың көлемін азайту болып табылады. Бюджетаралық қатынасты жетілдірудің басты тапсырмалары темендегі:
Орта мерзімді кезеңдегі фискалдық саясаттың негізгі мақсаты тұрақты экономикалық дамудан және азаматтардың әлауқатының өсуінен көрінетін ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.
Орта мерзімді кезеңде бұл мақсатқа қол жеткізуге мынадай негізгі міндеттерді шешуді қарастырады:
3 Республикалық бюджеттің қаржыларын пайдалануды бақылау
Республикалық бюджеттiң атқарылуының бақылау жүйесiн дамытудың мәселелерiн шешудiң кешендi тәсiлi, оны халықаралық ережелерге сәйкес жетiлдiру ұлттық экономиканың дамуының, әртүрлі деңгейдегi мемлекеттiк органдар қызметiнiң қалыптасып жатқан ерекшелiктерiн ескере отырып және әлемдiк практикаға қайшы келмейтiн және оны байыта түсетiн үдiстердi, құрал-жабдықтарды және әдiстемелiк шешiмдердi сақтай отырып жинақталған отандық тәжiрибемен ұштасуы тиiс.
Әзірге Қазақстанда орныққан қаржылық және бюджеттік заңдар жоқ. Оның үстіне басқа бақылау-тексеру органдарының қолда бар әдістемелік жасалымдарын Есеп комитеті мен мәслихаттардың тексеру комиссиялары іздерiнiң мiндеттерi мен қызметтерінің ерекшелiктерiне байланысты толықтай қабылдай алмайды. Сондықтан да Есеп комитетiнiң, мәслихаттардың тексеру комиссияларының және Қазақстан Республикасынық Үкiметi өкiлеттiк берген мемлекеттiк органдардың талдау және бақылау шараларын жүргiзудiң баламалылық әдiстемелерi мен рәсiмдерiн әзiрлеу мәселесi өте шұғыл және ол таяу арада, оның iшiнде тиiстi заң нормалары арқылы шешiлуi тиiс.
Осыған сәйкес республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражатын пайдаланушылардың барлығының қаржылық тәртiптi сақтауы, мемлекеттiк ресурстарды ысыраптайтын нормативтiк құықтық кесiмдердiң кемiстiктерiн iздеу талаптары Есеп комитетi мен мәслихаттардың тексеру комиссияларының жұмысындағы маңызды басым бағыттарға айналады. Заңдылық өлшемiн iске асырудың ерекше мағынасы осы соңғысында жатыр. Мұны Есеп комитетi мен мәслихаттардың тексеру комиссиялары іздерiнiң мәртебелерiне сәйкес анағұрлым тиiмдi жүзеге асыра алады. Өйткенi Қазақстан Республикасының Yкiметi өкiлеттiк берген органдар бақылау іс-шараларын тек қана қолданылып жүрген нормативтiк құықтық кесiмдердiң шеңберiнде жүзеге асыра алады. Оларды қызықтыратын жарғылық және жарғыға қарсы iс-әрекет қана, ал заңдардағы "сайлауларда" жүзеге асырылатын жарғылыұ еместерi бақылаудан тыс қалып қояды, бұған жол бермеу керек.
Қазiргi уақытта Есеп комитетi республикалық бюджеттiң атқарылуына, оның iшiнде оның кiрiстерi мен шығыстарының көлемi, құрылымы және тағайындалған мақсаттары бойынша уақтылы атқарылуына бақылау жасайды және республикалық бюджет қаражаты есебiнен жабылатын шығыстарды жүзеге асыру ережелерiн айқындайтын немесе республикалық бюджеттi жасақтауєа және атқаруға ықпал ететiн нормативтiк құқықтық кесiмдерге талдау жүргiзедi. Осыған байланысты бюджеттiң атқарылуы нәтижелерiне оның баға беруiнiң өлшемі, біріншіден, бюджетке кіріс келтіру резервтерін толық пайдалану, екіншіден, бюджет қаражаты шығыстарының орындылығы мен үнемділігі болуы тиіс.
Осы тұжырымдама қызметтің жаңа түрін - Есеп комитетіне сараптама-талдау жұмысын енгізуді көздейді, ол есеп-талдау тексерулерінің бірнеше түрлерін, оның iшiнде бюджеттiң атқарылуы процесiндегi қабылданатын шешiмдердiң негiзділігiн талдауды, бюджет ресурстарын пайдаланудың тиiмдiлігін және республикалық бюджеттiк баєдарламалардың әкiмшiлерiнiң қаржылық қызметiн тексерудi қамтуы тиiс.
Республикалық және жергілiктi бюджеттердiң атқарылуының бақылау жүйесiн дамыту республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражатын уақтылы және мақсатты пайдаланылуын, сондай-ақ республикалық және коммунальдық меншiктегi мүлiктiң тиiмдi пайдаланылуын алдын ала, ағымдағы және одан кейiнгi бақылауды одан әрi нығайтуды және жетiлдiрудi талап етедi.
Алдағы бiрнеше және iшiнде министрлiктер, агенттiктер мен комитеттердiң көпшiлiгiнде iшкi бақылаудың күштi қызметтерiн құру жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру қажет. Сонымен қатар, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын iшкi бақылауын жүзеге асыруымен бiрге әдiстеме базасын әзiрлеу, енгiзу және оқыту бөлiгiнде орталық функциональдық рөлiн орындайтын Қазақстан Республикасының Yкiметi өкiлеттiк берген мемлекеттiк органдарды заң жүзiнде бекiту қажет.