Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Января 2013 в 07:43, дипломная работа
Дипломдық жұмыстың мақсатына жету үшін келесі міндерттерді орындау керек:
бюджет түсінігіне тоқталып, оның ерекшеліктерін қарастыру;
бюджет балансын анықтау;
мемлекеттік бюджеттің құруын және оның бюджетаралық реттеу шараларын қарастыру;
аймақтық бюджеттің атқаруын қарастыру.
КІРІСПЕ
Бюджет Қазақстанның
ғалами жалпы шаруашылық байланыстар
жүйесіне толық кіруіне, қазіргі
таңдағы өтпелі кезеңді жеңіп
шығуына мүмкіндік туғызуы
Бүгінгі күнгі мемлекеттің бюджеті қаржылык қарым-қатынастағы әр түрлі қатысушылардың әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қалыптастыратын күрделі және көп міндет атқаратын құрал.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі бюджет арқылы орталық пен аймақтар арасындағы әлеуметтік шығындар мен салық бөлу, еңбекақы мен кіріс жөніндегі ышыраға (компромисс) келеді, бюджеттік дотациялар мен трансфертер бөлу аркылы мемлекет орталық және жергілікті мүдделерді қалыптасуын іске асыруы болып табылады. Ал бюджет экономикалық құжат ретінде қоғамның саясаттық және әлеуметтік дамуын көрсетеді.
Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 4-бабында бюджетке келесідей түсінік берілген: «Бюджет - ол мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруын қаржылық қамтамасыз етуге арналған оның орталықтандырылған ақша қоры». Бюджеттің формасы - қаржылық жоспар, материалдық негізі - ортатандырылған қор, экономикалық негізі - жалпы экономика қарым-қатынас, заңнамалық белсендіруі - заң.
Бюджет экономикалық
қарым-қатынасқа
факторларына әртүрлі көзқарастар бар. Ең негізгісі - қаржыландыру көлемі, екіншісі - бюджет қаржысын бөлу бағыттарын болжауды негіздеді. Үшіншісі - «қаржылық технологизм» тұжырымдамасынын қалайтын - қаржыны процедурасы болып табылады. Мемлекеттік ресурста тиімсіз пайдалану олардың процедураларының, бюджет процесінің барлық сатылары бұрмалануына, бюджеттің тасуы мен орындалуына кедергілер тудырады. Бұдан басқа да процедуралық сұрактардың шешілмеуі мемлекеттік меншіктің тиімсіз өкімі болып табылады. Акционерлеу жекешелендіру кезінде, сондай -ақ банкрот болғандығын ескеру және қаржылық сауықтыру шараларын жүргізу кезінде мемлекет қаржылық ысырапқа ұшырайды. Айта кететін жәйт, мемлекеттік қаржы ресурстарын тиімді пайдалану «тиімді ығыстардан» тәуелсіз, бұл дегеніміз жеке секторлардың экономикалық белсенділігінің төмендеуінен мемлекеттік шығыстардың көбеюі мүмкін.
Елбасы халқына жолдауында айтқандай, «Ең бастысы, ол экономиканың шикізаттық емес секторы, әсіресе, шағын және орта бизнес үшін жалпы салықтық ауыртпалықтардың төмендетілуін қарастыруы керек. Бюджеттің күтілетін шығындарының орны өндіруші сектордың экономикалық қайтарымын арттыру есебінен өтелуі тиіс». Осы жолдауда келесі Жаңа үшжылдық бюджет құрылды:
Осыған байланысты, дипломдық жұмыстың мақсаты бюджетті дұрыс құра отырып, олардың тұрақтандырудың негізігі әдістері мен жолдарын көрсету.
Дипломдық жұмыстың мақсатына жету үшін келесі міндерттерді орындау
керек:
Дипломдық жұмыс үш бөлімнен, бөлімшелерден және қолданылған әдебиеттер тізімнен тұрады.
Бірінші бөлімінде, мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмұны ашылған.
Екінші бөлімінде, ҚР бюджетін тұрақтандыру әдістері мен жолдары көрсетілген.
Үшінші бөлімінде, Республикалық және жергiлiктi бюджеттердің
атқарылуын бақылау жүйесiн жетiлдiру және
дамыту жолдары жазылған.
Дипломдық жұмысты жазу барысында әдістемелік негіз болып отандық және шетелдік экономистердің бюджетті зерттеу бойынша еңбектер, нормативтік құқықтық актілер мен заңдар әдебиеттер, мақалалар мен статистикалық мәліметтер табылады.
Бюджет - ол жалпы қаржы категорияға қарағанда бөлек, ерекше тұрған экономикалық категория. Оның қаржыдан ерекшелігі тек қана абстракцияның басқа деңгейі мен қаржылық байланыстың әр түрлі дәрежеде болуына байланысты. Сондықтан, көптеген қаржылық байланыстардың ішінде бір-бірінен ерекше тұратын бөлек арнайы салаларды бөліп шығаруға болады. Сондай бір ерекше байланыс қоғамдық құндылық өнім бөлу аумағында мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасындағы қаржылық қарым-қатынас болып табылады. Бұндай қаржылық қарым-қатынастың жалпы белгісі, біріншіден, олар мемлекеттің қатысуымен болатын құндылық бөлу процесінде орын алуы, екіншіден, жалпы мемлекеттік функцияларды атқаруға арналған орталықтандырылған ақша қаражаттар қорын қалыптастыру мен пайдалануына байланысты. Осындай барлық қаржылық қарым-қатынас мемлекеттік бюджет деген түсініктің экономикалық мазмұнын құрады.
Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 4-бабында бюджетке келесідей түсінік берілген: «Бюджет - ол мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруын қаржылық қамтамасыз етуге арналған оның орталықтандырылған ақша қоры» [1,21б]. Бюджеттің формасы - қаржылық жоспар, материалдық негізі - орта тандырылған қор, экономикалық негізі - жалпы экономика қарым-қатынас, заңнамалық белсендіруі – заң.
Бюджет әр мемлекетке өзінің экономикалық, әлеуметтік саясаттық функцияларын орындауға объективтік ақшалай түрде жетті. Бюджет қай мемлекеттікі болмаса да мазмұндары бір категориялардан қалыптасады, яғни салық, займдар, шығын тағы басқалары, сонымен қатар олар бір қоғамдық-экономика формациядан басқа формацияға ауысса да өздерінің мазмұны өзгертпейді. Дәл осы ұғым бюджетті экономикалық категория деп дәлелдейді. Сондықтан, бюджеттің экономикалық түбі экономикалық категорияларға сай ақша түріндегі және сәйкес материалды негізі бар өндірістік қарым-қатынаста жатады.
Бюджет қаржы жүйесінің орталық тізбегі болғандықтан сол қаржының барлық негізгі, сапалы сипаттамаларына сай. Басқаша айтқанда, егерде «қаржы» жалпы ақша қарым-қатынас жүйесі болса, яғни мемлекеттік орталықтандырылған ақша қорын қалыптастыру және пайдалану процесі, онда «бюджет» өз алдына қарым-қатынас жүйесін құрады, яғни бюджеттік корды калыптастыру және пайдалану процесі. Бюджеттік қор көптеген қоғам қажеттілік шығындарды (әлеуметтік, қорғаныс, т.б.) қаржыланруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Экономикалық әдебиет (заңдар, монографиялар, оқулықтар, ғылыми мақалалар) беттерінде «бюджет» термині әр түрлі ұғымда пайдаланады, мысалы, ақша қаражаттарынын кірісі мен шығысы формасында немесе ақша қаражаттарының не орталықтандырылған қоры ретінде.Осыған қоса, әдебиетте мемлекеттік бюджетке тағы да келесідей анықтама берілген: бюджет - ол қаржылық жоспар; бюджет- ол басқарушылық жоспар; бюджет - ол заңнамалық құжат; бюджет - ол коммуникация құру бюджет - ол бюджеттік салық саясатты дәлелдейтін құжат делінген. Бірақ, бюджеттік салық саясатының мазмұны өте кең, оған мемлекеттік басқару органдарының негізгі функциялары мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен фискалдық саясаттың көрсеткіштері, бюджеттің көрсеткіштері тағы бір керсеткіштер мен ережелер кіреді[2,56б].
«Бюджет» деген көптеген ұғымға сүйене отырып, ол келесідей түсініктемелерден қалыптасады деп айтуға болады:
Бюджет экономикалық қарым-қатынасқа негізделгендіктен объективтік түрде сипатталады. Өз алды бюджеттік сала болуы адамзаттың субъективтік пікіріне байланысты емес, ең алдымен ол қоғамдық өндірістің дамуына керекті орталықтандырылған ресурстарға, мемлекеттің табиғаты мен функцияларынан туатын объективтік қажеттілікке байланысты. Ақша қаражаттары ресурстарын орталықтандырудың экономикалық және саясаттық мәні өте зор, себебі олар мемлекеттің жоспарлаған шараларын іске асырудың негізгі қүралы, біріккен экономикалық және қаржылық саясатты жүргізуге қажет болып табылады.
Сондықтан, Бюджет кодексінде мемлекеттік бюджетке мынадай түсінік берілген - ол «республикалық және жергілікті бюджеттердің арасындағы қарама-қарсы өтеу операцияларын есептемегенде сараптамалық ақпарат ретіңде пайдаланатын және бекітуге жатпайтын қосындысын құрайтын жалпы бюджет». Сонымен қатар, «мемлекетгік бюджет» термині - мемлекет құрастыратып және басқаратын орталықтандырылған бюджеттік қор мағынасында да пайдаланады.
Бүгінгі күнгі мемлекеттің бюджеті қаржылык қарым-қатынастағы әр түрлі қатысушылардың әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қалыптастыратын күрделі және көп міндет атқаратын құрал. Бюджет арқылы орталық пен аймақтар арасындағы әлеуметтік шығындар мен салық бөлу, еңбекақы мен кіріс жөніндегі ышыраға (компромисс) келеді, бюджеттік дотациялар мен трансфертер бөлу аркылы мемлекет орталық және жергілікті мүдделерді қалыптасуын іске асырады. Ал бюджет экономикалық құжат ретінде қоғамның саясаттық және әлеуметтік дамуын көрсетеді.
Құндылық бөлудің айрықша аумағы ретінде бюджет арқылы қоғамдық міндет атқарады, яғни ол жалпы мемлекеттік мүдделерді қаражаттандыруға қызмет етеді. Бюджет қаражаттары арқылы өндірістің дамуы мен ұлғайтуының шығыстары, ғылыми-техникалық пен қоғамдық өндірістің салалық және аумақтық құрылымы жетілдіру қаражаттандырылады, ұжымдық шығындар (білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала) және басқа да шығындар қамтамассыз етіледі.
Құндылық бөлудің айрықша аумағы ретінде бюджет арнайы белгілермен сипатталады: