Бюджеттің экономикалық тиімділігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Января 2013 в 07:43, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық жұмыстың мақсатына жету үшін келесі міндерттерді орындау керек:
бюджет түсінігіне тоқталып, оның ерекшеліктерін қарастыру;
бюджет балансын анықтау;
мемлекеттік бюджеттің құруын және оның бюджетаралық реттеу шараларын қарастыру;
аймақтық бюджеттің атқаруын қарастыру.

Содержимое работы - 1 файл

диплом2.doc

— 689.50 Кб (Скачать файл)

Бюджеттің әрекет етуінің  барлығы экономикалық формалары жоспарлы түрде жүргізіледі, сондықтан көптеген меншік формадағы шаруашылық  болжампарлық жүргізуді талап етеді. Бұл қарым-қатынастың осындай болжам етуін талап етеді. Мемлекеттің ақша қаражаттары орталықтандырылған қорының қозғалысы жоспарлық форма мен биліктің тік байланыстың тұрақты сипаты байланыстардың арнайы қаржы кұжатында - бюджетте, мемлекеттің негізгі қаржы жоспарында анықталады. Бұл құжат бюджеттің экономикалық мазмұның құрайтын барлық бөлу процестері қарастырылған.

Негізгі қаржылық жоспардың арнайы кіріс және шығыстары мемлекеттің ақша қаражаттарының орталықтандырылған пайдалану бағыттары мен оның қалыптасу көздерін көрсетті. Негізгі қаржы жоспар мемлекеттің жоспарлық әрекетінің нәтижесі болып табылады, себебі мұнда қоғамның барлық мүшелерінің мүдделерін анықтайтын және оларды орындайтын мемлекет күш-жігері жарияланады. Қазақстан Республикасы Парламент жыл сайын қабылдайтын «Республикалық бюджет жөніндегі» заңға сәйкес мемлекеттің негізгі қаржы жоспарының көрсеткіші ешқандай шартсыз орындалуға тиісті.

Қаржы жоспары ретінде  бюджет және басқа да салалар дамуының қарқыны екінші жағынан, көбінесе соларды бюджеттің жалпы экономикаға белсенді түрде ықпал етуіне байланысты, яғни негізгі қаржылық жоспар барлық ұлттық экономиканың бюджеті болып табылады. Материалдық өндірістің дамуын ынталандырушы ретінде де мемлекеттік бюджеттің рөлі өте зор. Бюджет қаражаттары жеке (бөлек шаруашылық субъектілер) және қоғамдық (барлық ұлттық шаруашылық) негізгі қорлар айналымдылығын қамтамасыз етуге де пайдаланады.

Мемлекеттің бюджеттік-салық саясатында қаржылық жоспар бюджет арқылы іске асырылады. Мемлекеттің бюджеттік-салық саясаты - ол халықтың ауқаттылығын жоғарлату мен экономикалық дамуды қамтамасыз етуге арналған іс-әрекеті. Бұл саясат еліміздегі жұмыссыздықты қысқарту, инфляцияның қарқынын төмендету мен басқа да осындай мәселелерді шешуін қамтамасыз етуге бағытталған.

Осындай күрделі мәселелерді  шешуге және еліміздің жалпы экономика  жүйесіне әсер ету үшін мемлекет өз қызметінде мемлекеттік қаржы басқарудың механизмдері мен құралдарын пайдаланады. Бюджет тарапынан негізгі құралдар ретінде мемлекеттік кіріс пен мемлекеттік шығыс табылады. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық маңызы жалпы қаржы қасиеттерімен сипатталады, яғни экономикалык маңызды әлпеттейтін әдіс жалпы қаржы мен оның тізбектерінде біртиптік функцияларға сәйкес. Сондықтан, мемлекеттік бюджет, барлық қаржы жүйесі секілді бөлу және бақылау функцияларын атқарады[4,54б]. Сонымен қатар, «қаржы» категориясына қарағанда бюджет ерекше категория, оған келесі негізгі функциялар атқаруы тән:

  • ұлттық табысты қайта бөлу;
  • әлеуметтік саясатты қаржымен қамтамасыз ету;
  • экономиканы реттеу мен ынталандыру;
  • ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорын қалыптастыру мен пайдалануын бақылау.

Ұлттық табыс  пен жалпы ішкі өнімдердің құндық бөліс құралы ретінде мемлекеттік бюджет осы функция арқылы озінің экономикалық маңызын тікелей әлпеттейді. Бөліс функция арқылы мемлекет ауқымында ақша қаражаттарын орталықтандыру мен оны жалпымемлекеттік мұқтаждықты қанағаттындыруға пайдалану іске асырылады. Ал бақылау функциясы мемлекет тарапына уақытында және толық қаржы ресурстар түсуі, орталықтандырылған қаражаттар бөлуіндегі пропорциялар жағдайы, сол қаражаттар үнемді және тиімді пайдалану жонінде мәлімдейді.

Мемлекеттік бюджеттің  болу мен бақылау функциялары  бір бірінен бөлек емес, неғұрлым бірігіп, бір уақытта іске асырылады, себебі бұларда бюджеттік қарым-қатынастың барлық жағы бейнеленеді.

Бөлу функцияның мазмұны қоғамдық іс-әрекет салалары, аумақтар, экономика салалары арасында қаржы ресурстарды қайта бөлу процесімен анықталады. Бюджеттен басқа бір де бір құндылық бөлу категориялар ақша қаражаттарын осындай коп аспектіні қайта болу мен экономикалық басқарудың әр деңгейінде іске асыра алмайды.

Салааралық қайта бөлу, бір жағынан, занды және жеке тұлғалар бюджетке енгізетін салықтар мен төлемдерге, ал екінші жағынан, бюджеттік қаражаттар арқылы әр түрлі инвестициялық бағдарламалар, айналыс құралдар, операциялық және басқа да шығындарды қаражаттандыруға негізделеді. Аумақаралық қайта бөлу лайықты мемлекеттік билік органдарына салықтар мен кірістер бекіту және бюджеттік реттеудің әр түрлі формалары арқылы жүргізіледі. Мұндай әдіс әрбір әкімшілік-аумақтық бірлікте оның дамуын еліміздің әлеуметтік-экономикалык даму жоспарына сәйкес қамтамасыз ететін бюджеттік қор қалыптастыруын қамсыздандырады.

Ақша қаражаттарын өндірістік және өндірістік емес салалар арасында қайта бөлу материалдық өндіріс кәсіпорындардың қаржы ресурстарының бір бөлігін алу арқылы іске асырылады. Содан кейін өндірістік емес сала мекемелерін бюджеттік қаржыландыру жүргізіледі. Мұндай бюджеттік қаржыландырудың ұлттық табысты пайдалануының құрылымын қалыптастыруда рөлі өте зор, себебі мемлекеттік бюджет экономика секторлары арасында ұлттық табысты қайта бөлудің маңызды құралы болып табылады. Әрине, қазіргі уақытта ақша қаражаттарының басым жағы орталықтандырылған қорға мемлекеттік сектордан түседі, бірақ жалпы мемлекеттік қажеттілікті қамтамасыз етуге жеке кәсіпкерлер мен экономиканың мемлекеттік емес саласының басқа да субъектілердің қаражаттары тартылады.

Бөлу функцияны ішкі өнімнің бөлінген құнын қайта бөлуге пайдалануының кең тарауы бірден мемлекеттік бюджет арқылы ұлттық табыстың белгілі бір бөлігін бірнеше қайта бөлуге әкеледі. Ақша қаражаттарының ағыны бюджетпен кәсіпорындардың өзара қатынастарының өзгерістері арқылы ең алдымен өзара байланыстарды өзгертеді, сонымен қатар бюджеттің экономикаға тигізетін әсерінің дәрежесін тек сандық үйлесімдермен анықтамай, олардың экономика процестерінің дамуы мен еліміздің қаржы ресурстарының өсуіне әсерлі болады[5,31б]. Сондықтан, бюджеттің бөлу функциясы экономиканың құндық құрылымын реттеуде, салалық және аумақтық үйлесімдерді жетілдіруде, мемлекет ішіндегі және мемлекетаралық деңгейдегі интеграциялық процестерді ұлғайтуда кеңінен пайдаланады.

Бөлу функциясының әрекет ету шекарасы бюджетпен қатынасқа түсетін қоғамдық өндірістің барлық қатысушылар мен экономиканың барлық салаларымен анықталады. Бюджеттік бөлудің негізгі объектісі болып қосымша өнім (таза табыс) табылады, бірақ бюджет арқылы керекті өнімнің де бір бөлігі қайта бөлінуі мүмкін, мысалы, материалдық өндіріс жұмыскерлерінің салықтық төлемдері және оларды пайдалануы.

Бюджеттің бөлу функциясының ерекшеліктеріне бюджеттің қоғамдық өндіріске көпжақты әсері мен нақты нәтижеге жеткізетін жоғары деңгейдегі іскерлігі жатады. Бюджеттің бұл функциясы ақша қаражаттарын экономикалық және әлеуметтік дамудың басымдылық бағыттарға пайдалануға мүмкіншілік береді де экономиканың жоғары өсу қарқынына жетуі мен оның тиімділігін жоғарлатуына ықпал етеді.

Бюджеттің бақылау функциясының негізін бюджеттік шығындар көрсеткіштері арқылы бюджеттік ресур қозғалысы қалайды. Мысалы бюджетке уақытында немесе төленбеген салықтар мен түсімдер экономиканың кейбір салаларында даму қарқыны төмендегеннің белгісі жатады. Егер бюджет тарапынан қарастырылған қаражаттар толық көлемде пайдаланса, онда экономика салалары мен іс-әрекет салаларда экономикалық коньюктура қажетті деңгейде еместігі. Сондықтан, бюджеттік көрсеткіштер экономикадағы осындай кемшіліктерді көре отырып, сол кемшіліктерді жою мен бұзылған қаржылық  қалпына қайта келтіруте бағытталған нақты шараларды қарастырып қолдануға негіз болады.

Бюджеттің бақылау функциясы  бәрін қамтушы сипатқа және өте кең әрекетті шекарамен ерекше. Бұл функция экономиканың барлық салалары мен қоғамдық өндірістің барлық қатысушыларына жайылған. Дегенмен, бюджетке елдің бар қаржы ресурстары жиналмаса да, ол бақылау функцияға экономиканың жалпы қаржылық ахуалы жөнінде «хабар беруге» кедергі болмайды.

Қазіргі заманның шарттарына сәйкес бюджеттің бақылау функциясы да өзгеруде, себебі ол өз мақсаттарын іске асыруға тараған ақпарат пайдалану, автоматталған жүйелер, қаржы есептемелер, компьютерлер колдану негіздерінде көп мүмкіншілік алады.

Мемлекеттік бюджет категориясы  объективті болғандық оның функциялары  да объективті. Бюджет функцияларын бір  оның ішкі потенциалдық қабілеттілігінен түсіну қажет, себебі (қабілеттілік) өзін тек міндетті түрде бюджеттік қатынасы қоғамдық қарым-қатынастың белгілі саласында көрініс табады. Сондықтан, бюджетке тән қасиеттер көрінісі, оларды бөлу бақылау құралдары ретінде пайдалануы тек адамша іс-әрекет процесінде мүмкін, ал ол мүмкіндік мемлекет жасаған бюджеттік механизм арқылы іске асырылады.

Бюджеттік механизм, бюджеттік саясатты шынайы түрде  іске асырушы болып, бюджеттік қатынастарды нақты түрде экономикалық және әлеуметтік сауалдарды шешуге бағытталады. Бұл арада бюджет іс-әрекетінің объективтік және субъективтік жақтарының арасындағы арақатынасты дұрыс түсіну қажет, себебі бюджеттің және оның функцияларының объективтік сипаты қатынас жүйесіндегі бюджеттің орны мен оның экономиканың даму деңгейіне тәуелді екенін анықтайды.

Сонымен, бюджет функциялары, дәл айтсақ, бюджеттік  салық саясаттың функциялары қорытынды түрде келесілерді құрайды:

а)  нарықтан тыс қызмет керсету (қоғамдық сипаттағы қызметтер: білім беру, денсаулық сақтау, қорғаныс және т.б.);

ә) кірістерді қайта бөлу (салықтар, трансфертер, субсидиялар және т.б.);

б) мемлекеттік реттеу (монополияға қарсы реттеу, еңбекпен 
қамтамасыз ету және т.б.);

в) мемлекеттік бақылауды іске асыру (сыртқы бақылау, ішкі 
бақылау).

Мемлекеттік бюджетті, жалпы  категориялар  секілді  мемлекет белсенді түрде  болашақ және ағымды әлеуметтік-экономикалық пайдаланады. Мемлекет бюджетті функциясын іске асырудың маңызды құралы ретінде қолданып, оны экономиканы басқарудың әсершіл құралына айналдырады.

Бюджетті экономикалық басқарудың құралы ретінде пайдалануы мынадай маңызды қасиеттерімен дәлелденеді: ол заң күшіне ие, мұнда қоғамдық өндірістің дамуына бағытталған, оның тиімділігін жоғарлатуға, қоғам мүшелерінің мұқтаждықтарын қанағаттандыруға арналған бағдарламалар тікелей керсетілген.

Бюджеттік қатынастарды пайдаланудағы оған өте үлкен ұтқырлы және ұйымдастырушылық мән береді.

Экономикада тауарлы-ақша қатынас болғандықтан экономикалық пропорциялар екі формада көрініс табады, яғни натуралды-заттық және құндық (ақшалай). Натуралды-заттық форма қоғамдық өндірістің құрылымдық бөлімде әрі арасында материалды-техникалық құралдарды бөлуі мен оларды жұмыс күшімен ал құндық форма ақшалай қаражаттарды бөлудің анықтауды қарастырады.

Ішкі өнім бөлудің  ақшалай формасының біршама дербестік  болуының салдарынан қоғамдық өндірістің құндық құрылымын реттейтін мүмкіншілік болады және ол қажетті экономикалық нәтижеге жеткізеді. Құндылық құралдарды (қаржы, бюджет, несие және т.б.) пайдалану мемлекетке қоғамдық өндірістің құрылымын жетілдіру мен экономикалық процестердің тиімділігін жоғарлатуға мүмкіндік береді[6,21б].

Реттеу құралы ретінде  мемлекеттік бюджет экономиканың салалық  және аумақтық пропорцияларын жетілдіруде, өндірістен тыс салалардың дамуын реттеуде, қаржы ресурстарын жалпы мүддеге  сәйкес қайта бөлуде пайдаланады. Ол еңбек, ақша және материалды ресурстарды пайдалануын ынталандыру, экономиканың барлық тізбектерінде жүйелі бақылауды іске асыру мен басқа да әлеуметтік-экономикалық мақсаттарды шешуге мүмкіншілік береді. Экономиканы басқарудың белсенді құралы ретінде мемлекеттік бюджетті айтуға болады, себебі бюджет негізі - бюджеттік қатынастар қоғамдық өндіріс дамуы мен оның тиімділігін жоғарлату мүдделерінің алуан-алуан бағытында пайдаланады.

Мемлекеттік бюджетті - экономиканы  басқару құралы ретінде сипаттай отырып, бұл құралдың рөлі объективті алдын ала анықталғанын айрықша айту қажет. Оған дәлел, біріншіден, экономикалық байланыстарды жалпы реттеу нәтижесінде бюджеттік қатынастарды негізгі қаржы құжат арқылы формада пайдалану, екіншіден, мемлекеттік бюджеттің бөлу табиғаты негізінде оны қоғамдық өндіріске әсер ететін маңызды экономикалық құрал ретінде пайдалану. Бюджеттің мәні мен ролі оның экономикалық құрал ретіндегі ерекшілігімен дәлелденеді, яғни ол қоғамдық өнім бөлу саласының кең пайдаланатын құндық құралы болып табылады.

Экономиканың дамуына  байланысты оны басқару құралы ретінде  бюджеттік бақылаудың мәні ұлғаяды. Қоғамдық өндірістің ауқымы неғұрлым ірі болса, соғұрлым экономиканың өсу  қарқыны жоғары, сондықтан ақша қаражаттарын уақытында қалыптастыру мен тиімді пайдалану процестерін бақылау өте маңызды.

Бюджеттің рөлі экономиканы  ынталандырушы есебінде арнайы бюджеттік механизм арқылы іске асырылады. Осы механизмнің арқасында объективтік түрде бар қатынастарды экономика даму мүддесінде пайдаланудың мүмкіншілігі болады. Бюджет механизм - ол бюджеттік қатынастарды үйымдастыруға ме кеттің құрастырған және пайдаланатын арнайы формалар мен қаржылық ресурстарды қоғамдық іс-әрекет салалары, экономика салалары және елдің аумақтар арасында қайта бөлуді қарастыратын әдіс-тәсілдердің жүйесі.

Бюджеттік механизмнің  объективтік негізі мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмұнын құрайтын болу процестері болып табылады. Экономикалық категория ретін бюджеттің өзінің ішкі құрылымы бюджеттік механизмнің әр түрлі тізбектер бар екенін дәлелдейді[7,82б]. Сондықтан, бюджет механизм құрылымында кірістер, шығыстар, бюджетаралық байланыстар сияқты бюджеттік қатынастар топтары және сол сәйкес ақша қаражаттарын қайта бөлудің әр түрлі формалары әдістерін енгізеді. Сол себепті бюджеттік механизмде бюджет қатынастар көрінісінің формаларына тәуелді келесі құрылым тізбектерді бөлуге болады, олар: ақша қаражаттарын мемлекет тарапына жұмылдыратын әдістер; әр түрлі іс-әрекет салалар бюджеттік қаражаттар беру мен бюджет қалыптастыратын формалар; ішкі бюджеттік бөлу мен қайта болу жөне олар маневр жасайтын әдістер.

Информация о работе Бюджеттің экономикалық тиімділігі