Бюджеттің экономикалық тиімділігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Января 2013 в 07:43, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық жұмыстың мақсатына жету үшін келесі міндерттерді орындау керек:
бюджет түсінігіне тоқталып, оның ерекшеліктерін қарастыру;
бюджет балансын анықтау;
мемлекеттік бюджеттің құруын және оның бюджетаралық реттеу шараларын қарастыру;
аймақтық бюджеттің атқаруын қарастыру.

Содержимое работы - 1 файл

диплом2.doc

— 689.50 Кб (Скачать файл)

 

 

 

    1. Бюджет балансы. Бюджет артықшылығы және тапшылығы

 

 

 

Бюджеттік тапшылық (дефицит) маңында бюджет шығындарының оның кірістерінен артықшылығы қарастырылады, ал егерде бюджет кірістері оның шығындарынан асып түссе, онда бюджеттік профицит деген түсінік болады. Бюджет тапшылығының (профициттің) мөлшері операциялық қалдықтан таза бюджеттік несиелеу мен қаржы активтер операциялар бойынша қалдықты минустағанға тең.

Бюджеттік тапшылықты өтеу үшін мемлекет әр түрлі әдістерді пайдаланады, мысалы, ақша эмиссиясы, ішкі және сыртқы шеттен алып пайдалану. Республиканың Бюджеттік кодексінде бюджеттік тапшылықты қаржыландыру шеттен алып пайдалану мен бюджет қүралдарыныц бос қалдықтары есебінен қарастырылған. Бюджет тапшылығын қаржыландыру мөлшері тапшылық мөлшеріне сәйкес және ол алынған займдар мен бюджеттік құралдар қалдықтары сомасының займдар бойынша негізгі берешекті өтеу сомасының артықшылығы арқылы анықталады.

Бюджет профицитін пайдалану  деген бюджет профицитін, займдар құралдарын, бюджет құралдарының бос қалдықтарын займдар бойынша негізгі берешекті өтеуге жұмсау[13,52б]. Оның көлемі займдар бойынша негізгі берешекті өтеу сомасының алынған займдар мен бюджет құралдар қалдығының қозғалысы сомаларынан артықшылығы арқылы анықталады.

Әр бюджетте оның кіріс  жөне шығыс бөлігін теңестірген, яғни баланстаған дұрыс. Баланс — бұл тепе-теңдік, бюджетті жасаған кезде негізгі мәселе мемлекеттің ақшалай түсімдері мен шығыстарының осындай жай-күйіне жету болып табылады. Кірістердің шығыстардан, яғни бюджетке түсетін түсімдердің жалпы сомасының шығыстардың және қайтарымды негізде бөлінетін кірістердің ауқымынан асып түсуі бюджет артығын -профицитті құрайды. Ол мемлекеттік борышты өтеуге бағытталады немесе бюджеттік қаражаттардың (республикалық жөне жергілікті бюджеттегі) бос қалдығын құрауы мүмкін. Аяқталған бюджет жылы бойынша бюджет кезеңінің аяғында қалыптасқан бюджеттік қаражаттардың бос қалдықтары үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың арнайы шоттарына есептеледі және кассаның айналымдағы нақты ақшасының өсіміне және биліктің тиісті органының мемлекеттік борышын жабуға пайдаланылады. Мұндай қажеттлік болмаған жағдайда бұл қаражаттарды пайдалану туралы шешімдерді тиісті әкімшіліктер қабылдайды. Шығыстардың кірістерден асып түсуі мемлекеттік бюджеттің тапшылығын тудырады. Тапшылықтың едәуір өрі тұрақты болуы қаржының дағдарыстық жай-күйін сипаттайды.

Тапшылықтың ұйғарымды деңгейі деп елдің жалпы ішкі өнімге қатысты 2-3% мөлшері саналады. Мұндай жағдайда тапшылық мемлекеттік қарыздар шығарудың немесе қағаз ақшалар эмиссиясының көмегімен біршама жеңіл жабылуы мүмкін. Бюджеттің едәуір және созылмалы тапшылығы кезінде қарыздар мемлекеттің қажеттіліктерін жаппайды, олар ақшаның қосымша (яғни тауар айналымының қажеттіліктерінен тыс) эмиссиясымен қамтамасыз етіледі, бүл инфляцияның дамуына, ақша айналысы заңының бұзылуына, ақшаның құнсыздануына, нақтылы табыстардың және халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуіне апарып соғады.

Бюджет тапшылығы экономиканың жай-күйін қамтып көрсетеді, ал оның болуы мына себептерге байланысты:

  1. елдің экономикасында өндірістің жалпы құлдырауы;
  2. қоғамдық өндіріс шығындарының өсуі;
  3. айналысқа тауар жиынымен жабылмайтын ақшаны шектен тыс шығару;
  4. бюджеттің шығыстарында экономиканың даму деңгейіне сәйкес келмейтін едәуір әлеуметтік шығыстардың басымдығы;
  5. әскери-өнеркәсіп кешенін ұстауға жұмсалатын әскери шығыстарды, басқару шығыстарын қаржыландырудың қомақты ауқымы;
  6. "көлеңкелі" экономиканың ірі ауқымды айналымы;
  7. ұлттық шаруашылықтағы өнімсіз шығыстар мен ысыраптар;

Бюджет тапшылығын төмендетудің мынандай әдістері болады:

  1. шығыстар тұрақты, кірістер өседі;
  2. кірістер тұрақты, шығыстар азаяды;

3) кірістер өседі, шығыстар азаяды (тапшылық 2 еседен жылдамырақ төмендейді).

Тапшылықты қаржыландыру — оны жабу үшін қосымша ақша қаражаттарын іздестіру.

Бюджет тапшылығын қаржыландырудың  жолдары:

  1. ақша белгілерін шығару. Бүл жол теріс әлуметтік -экономикалық салдарлары болатын инфляцияға жеткізеді. Өз кезегінде ақша эмиссиясы айналысқа ақша белгілерін тікелей шығаруда да, жанама түрде мемлекеттік бағалы қағаздар шығару жөне оларды коммерциялық банктерге өткізу арқылы да тұлғалануы мүмкін, коммерциялық банктер өзінің резервтерін көбейтеді және банктік мультипликатордың арқасында айналыстағы ақшаның санын көбейтеді.
  2. мемлекеттік қарыздар. Бүл жағдайда қаржыландыруға бос ақша қаражаттары бар компаниялар, банктер және т.б. қатысады.
  3. шетелдік қарыздар. Оларды Дүниежүзілік валюта қоры, басқа халықаралық қаржы ұйымдары, үкіметтер, банктер береді.
  4. ұлттық байлықты пайдалану. Бұл орайда мемлекет басқа субъектілерге өзінің активтерін сатады[14,35б].

Салықтардың мөлшерлемелерін көбейту бюджет тапшылығын қаржыландырудың әдісі емес, оны қысқартудың амалы болып табылады.

Бюджеттің кірістерін көбейтуге және шығыстарын қысқартуға, бюджет тапшылығын реттеуге, басқа экономикалық дағдарысқа қарсы шаралардың жиынтығында нысаналы басқаруға бағытталған шараларды әзірлеу жөне дәйекті іске асыру мемлекеттің қаржы жағдайын тұрақтандыруға жағдай жасайды, оның әлеуметтік экономикалық дамуына жердемдесетін болады.

Бюджет тапшылығына  қатысты фискалдық саясат үш түжырымдамаға негізделеді.

Жыл сайынғы теңгерілетін бюджет. Мұндай бюджет мұндаға дейін фискалдық саясаттың мақсаты деп есептелді. Алайда бюджеттің мүндай жай-күйі фискалдық саясаттың тұрақтандырушы, циклге қарсы бағыттылығын азайтады. Бюджетті теңгеру тіпті экономикалық циклдың ауытқуын ұлғайтуы мүмкін. Жұмыссыздықтың болуы жөне халықтың табысының құлдырауы кезінде салық түсімдері автоматты түрде қысқарады. Бұл жағдайда бюджетті теңгеру үшін мемлекетке не салықтардың мөлшерлемелерін арттыруы, не мемлекеттің шығыстарын қысқартуы, не бүл екі әрекеттіде жүзеге асыруы қажет. Қорытындысы жиынтық сұранымның қысқаруы және өндірістің одан сайын құлдыруы болып табылады.

Бюджетті теңгеру саясаты  сонымен бірге инфляцияны үдетуі мүмкін. Инфляцияның болуы кезінде  ақшалай табыстардың артуы автоматты  түрде салық түсімдерін көбейтеді. Бюджеттің артығын жою үшін мемлекет мына шараларды қолдануы тиіс: не салықтардың мөлшерлемелерін төмендетуі, не мемлекеттің шығыстарын көбейтуі, не бүл екі шараның үштастырылуын пайдалануы тиіс.

Циклдік негізде  теңгерілетін бюджет. Бүл тұжырымдамаға сәйкес бюджет жыл сайын емес, экономикалық циклдың барысында теңгеріледі. Өндірістің құлдырауын болдырмау үшін мемлекет тапшылықты әдейілеп жасай отырып салықтарды азайтады жөне шығыстарды көбейтеді. Экономиканың келесі өрлеуі кезінде мемлекет салықтарды көбейтеді және шығыстарды қысқартады, ал пайда болған бюджеттің артығы құлдырау жылдарындағы тапшылықтарды өтеуге бағытталады. Сөйтіп, циклге қарсы фискалдық саясат және экономикалық цикл ішінде бюджетті теңгеру жүргізіледі. Құлдыраулар мен өрлеулер тереңдігі мен ұзақтығы бойынша бірдей болмайтындығы, мұның өзі бюджеттің циклдік теңгерімділігін бұзатындығы бұл тұжырымдаманың әлсіз буыны болып табылады.

Қаржының функциялық тұжырымдамасының мақсаты макроэкономикалық тұрақтылыққа, инфляциялық емес толық қамтылуды қамтамасыз етуге жету үшін жалпы экономиканы теңгеру болып табылады. Бұл түжырымдама кезінде бюджетті теңгеру болмашы мәселе болып табылады, бюджет тапшылықтары мен мемлекеттік борыштың да, бюджет артығының да болуына рұхсат етіледі. Бұл жағдайда экономикалық өсуге қарай салық жүйесі бюджетке түсетін түсімдерді автоматты түрде қамтамасыз етеді, ал микроэкономикалық тұрақтылық бұл өсуді ынталандыратын болады, мұның нәтижесінде тапшылық өзін-өзі қаржыландырады деп шамалауға болады. Бұдан басқа, мемлекет салықтармен іс жүзінде шексіз айла-шарғы жасай алады және бюджеттің тапшылығын жаба алады. Бұл тұжырымдамада сонымен бірге тапшылықтар мен ірі мемлекеттік борыштың болуы қалыпты экономика үшін қауіпті емес деп шамаланады[15,75б].

Циклдік негізде және функциялық қаржы тұжырымдамасында теңгерілетін бюджеттің тұжырымдамасына бағдарланған фискалдық саясат ақша айналысының жай-күйін есепке алатын, бюджет тапшылығының қалыптасуына бақылауды, мемлекет шығыстарының бағыттары бойынша тиімді шараларды қаржыландыруды қамтамасыз ететін қаржылық шаралардың негізделген бағдарламасын әзірлеуді қажет етеді.

2002-2008  жылдар аралығындағы мемлекеттік кірістер мен шығыстарының жағдайын қарастырсақ, 2008 жылдың қорытындылары бойынша мемлекеттік бюджет кірісі мемлекеттік заемдар бойынша түскен түсімдерді есептемегенде 2006 жылмен салыстырғанда 11,4% ұлғайды жэне 2 338,0 млрд. теңгеге жетті немесе ЖІӨ-нің 24,0% құрады (2005 жылы ЖІӨ-ге қатысты 27,6%). Кірістер құрылымындағы салық түсімдері 10,5% өсіп ЖІӨ-нің 22,7% болды (2006 жылы ЖІӨ-нің 26,3%) Түсімдердің неғұрлым өсімі халықаралық саудаға және сыртқы операцияларға салықтар бойынша 76,5%-ға, қосылған құн салығы бойынша 42,3%-ға, акциздер бойынша 41,9%-га жеке табыс салығы бойынша 34,2%-ға өсуімен байқалды.

Корпоративтік табыс салығы бойынша жэне табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін түсімдер тиісінше 6,9% және 10,3% төмендеді, бұл Ұлттық қорды қалыптастыру тетігінін өзгеруіне байланысты болды.

Капитал сатудан  түсімдер 2006 жылғы ЖІӨ-нің 0,5%- нан 2006 жылы ЖІӨ-нің 0,8%-на дейін 2,2 есе өсті, бұл мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті сатудың 8,2 есе және жер сатудан түскен түсімдердің 49,6% өсуімен қамтамасыз етілді.

Мемлекетгік бюджеттен 2007 жылы 2150,6 млрд. теңге сомаға шығын немесе ЖІӨ-нің 22,1% жұмсалды (2006 жылы ЖІӨ-нің 26,1%). Бұл ретте 2007 жылға арналған қаржыландыру бойынша жылдық бюджеттік жоспар 98,5% орындалды[16,14б].

«Отын-энергетика кешенінің және жер қойнауын пайдалану» (44,1 %), «мәдениет, спорт, туризм жэне ақпараттық кеңістік» (42,2%), «өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы жэне құрылыс қызметі» (41,0%) баптары бойынша шығындар ұлғайды. Әлеуметтік салаға арналған шығыстар арасында білім беруді 27,4%, әлеуметтік қамсыздандыруды және әлеуметтік көмекті 22,3%, денсаулық сақтауды 20,4% қаржыландыру ұлғайды.

Мемлекеттік бюджет 2006 жылғы 46,7 млрд. теңгеден (ЖІӨ-нің 0,6%) ұлғая отырып, 2006 жылы 81,6 млрд. теңге мөлшеріндегі профицитпен орындалды (ЖІӨ-нің 0,8%).

Республикалық бюджеттің кірістері 2007 жылы 1 847,2 млрд. теңгені кұрады немесе «2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Заңға салынғаннан 9,8% және 2006 жылға қарағанда 7,2%-ға көп.

Бюджеттік балансты ұстап тұру үшін, бюджеттік процесс қызметі арқылы жүзеге асырылады. Бюджеттік процесс (бюджеттік процедура) - билік пен басқару органдарының бюджетті құру, қарау, бекіту, атқару, қарылуын бақылау және атқарғаны туралы есепті бекіту бойынша заңмен реттелетін қызметі. Бюджеттік процесс Қазақстан Республикасының «Бюджет жүйесі туралы» Заныңың жыл сайын қабылданатын «Республикалық бюджет туралы» заңымен, атқарушы билік органдарының шешімімен анықталады.

Бюджеттік құру атқару және атқарылңғны туралы есеп атқарушы билік органдарының функциясына, ал қарау ше бекіту Парламент пен жергілікті өкілетті орган - маслихаттың    функциясына;    бюджеттің    атқарылғанын    бақылау иіліктің екі деңгейінің функциясына кіреді.    Қазақстан Рсспубликасының Президенті республикалық (Бюджеттің жобасын жасауды бюджет комиссиясына жүктейді. Бюджет процесін жүзеге асыруда  Қаржы министрлігіне үлкен роль жүктеледі[17,25б].

Республикалык, бюджет туралы Заңда мынадай мәліметер  көрсетілуі тиіс:

-ресми трансферттен  алынған табыс көлемі, бұрын берілген несиелер бойынша негізгі қарызды өтеу, шығыстар, несиелеу және бюджет дефициті (профициті);

  • минималды   еңбекақы,   зейнетақы   мөлшері,   айлық 
    септік көрсеткіш мөлшері;
  • Қазақстан Республикасы Үкіметі резервтерінің көлемі;

     - Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындау сомасы;

    - тиісті қаржы жылының соңындағы жергілікті атқарушы органдардың, Астана жөне Алматы қалаларының қарыз жиыны;

     - функционалдық топтар бойынша шекті шығындардың 
тізімі;

  • секвестрленбейтін республикалық жөне жергілікті бағдарламаларының тізімі;
  • жергілікті бюджеттен қаржыланатын маңызды бюджеттік бағдарлама.

Алдағы қаржы  жылына арналған республикалық Бюджет туралы  Заң жобасын   Қазақстан  Республикасының  Парламентке ағымдағы  жылдың  15 қыркүйегіне тапсырады.

Республикалық бюджетті бекіту, оған өзгерістср толықтырулар енгізу Парламенттің біріккен отырыс оқылымнан кейін ағымдағы жылдың 15 желтоқсанына дейін жүргізіледі.

Жергілікті  бюджет жобасын құруга тиісті өкімшілі бөлімшелердің өкімдері бюджеттік комиссия негізгі болжамды көрсеткіштерін талдап, қарастырады  және оны әкімнің қарауына ұсынады.Жергілікті атқарушы органдар бюджеттік комиссияның ұсыныстарын ескере отырып жергілікті бюджет жобасын құрып, оны министрлігінің болжамына 1 -қыркүйекке дейін ұсынады.

Облыстык  өкілетті органдар облыстық қалалық (аудандық) бюджеттер арасында табыстарды бөлудің тұрақты мативін бекітеді.  Облыстардың,  Астана,  Алматы  қалалары өкімдері республикалық бюджет туралы заң күшіне енгеннен күннсн бастап, екі апта ішінде бюджеттің болжамды нақтылап, мәслихат қарауына ұсынады,  олар,  өз кезегінде екі апта мерзім ішінде оның бекітілгені туралы шсшім қабылдайды[18,49б].

Аудан (қала) әкімдері облыстық бюджет бекітілген: кейін екі апта мерзім ішінде бюджет жобасын маслихаттың қарауына ұсынып, олар, өз кезегінде, екі мерзім ішінде оның бекітілгені туралы шешім қабылдайды. Жергілікті бюджет туралы маслихаттық шешімінде келесідей келтіріледі:

Информация о работе Бюджеттің экономикалық тиімділігі