Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Января 2013 в 07:43, дипломная работа
Дипломдық жұмыстың мақсатына жету үшін келесі міндерттерді орындау керек:
бюджет түсінігіне тоқталып, оның ерекшеліктерін қарастыру;
бюджет балансын анықтау;
мемлекеттік бюджеттің құруын және оның бюджетаралық реттеу шараларын қарастыру;
аймақтық бюджеттің атқаруын қарастыру.
Салықтарды үлестік бөлу әдісін қолдану мемлекетгік билік деңгейлері арасында бөлуге жарамды бюджетгік түсімдердің түрлерін дұрыс таңдауды талап етеді. Салықтарды үлестік бөлудің келесідей әдісі бар. Бірінші әдіс бойынша салықтар жиналған аймақтың аумағындағы әкімшілік бірліктің иелігінде қалады. Бұл әдістің артықшылығы - оның қарапайымдылығы және жергілікті билік органдарына түсімдердің белгілі бір бөлігін алуға кепілдіктерінің болуы.
Салықтық түсімдер үлесін алудың келесі әдісі бойынша аумақтарға жалпымемлекетгік салықтарға қосымша салықтар салуға рұқсат етіледі. Бұл қосымша салықтың көлемі белгілі шекпен анықталады. Осындай «салыққа үстеме» жүйесі тиімдірек қызмет етеді. Әдетте, осындай қосымша салықтарды жинау кезінде аймақтық билік органдары орталық үкіметтін одан да жетілдірілген әкімшілік механизмін қолдана алады.
Үстемелер бюджет жүйесінің әр түрлі буындары арасындағы салықтық түсімдерді шектеудің тиімді нысандарының бірі болып табылады. Мемлекеттік салыққа салынатын үстемелер экономикасы нарықтық қатынастар негізінде дамып отырған мемлекеттерде кеңінен қолданылады. Қазақстан Республикасы үшін бұл жүйе жаңалық емес. Нарыққа өту кезеңінде жергілікті бюджеттердің табыстарын құрудың берілген әдісі жергілікті басқару органдарының қаржылық дербестігін нығайтудың индикаторларының бір қызметін атқарды.
Қазіргі жағдайда, әсіресе жергілікті басқару жүйесін реформалауға орай, жергілікті бюджеттердің табыстарын қүрудың осындай әдісі тиімді болып табылады. Бұл әдісті тиімді пайдаланудың басты шарты - мемлекетгік деңгейде үстемелердің шекті көлемдерін белгілеу.
Біздің ойымызша,
Қазақстанда бюджеттер
Бұл механизм келесі құраушылардан құрылуы қажет:
- облыс, аудан
аумағында құрылатын қаржы
- табыстарды бюджет түрлері бойынша бөлу механизмін ескере отырып, бюджеттік ресурстардың үлес салмағын анықтау;
- аймақтарда құрылатын өзіндік бюджеттік ресурстардың үлес салмағының төменгі шегін анықтау. Енді аймақ деңгейінде қалыптасқан бюджеттік ресурстарды басқару мәселесіне тоқталайық. Аймақтың қаржылық ресурстарын тиімді басқару меншік қатынастарының қалыптасуымен және институционалдық өзгерістермен анықталатын аймақтық қаржылық өзін-өзі қамтамасыз ету мен өзіндік жеткіліктілік механизмдерін жүзеге асыру арқылы мүмкін болады. Бюджеттік реттеудің басымды мақсаты аймақтағы барлық меншікті тарта отырып, оның әлеуетін белсенді қолдану негізінде аймақгың өзін-өзі қамтамасыз етуі мен өзін-өзі дамыту қабілетін (мүмкіндігін) теңестіру болып табьшады. Мысалы, меншік объектісі болып, тек үйлер, ғимараттар, машина ғана сонымен қатар капитал, өнім және табыс та алынады. барлығы мүліктік қатынастардағы, меншік объектісінің меншік түсінігіне кіреді. Сонымен бірге меншік қатынастары өмір сүру ортасы мен аймақтық қалпына келтіру шарттарын қалыптастыру қатынастарын да қамтиды.
Атап айтқанда, қазіргі кездегі меншік қатынастары аймақтық жүйелердің тиімді қызмет етуіне, мемлекет пен оның аймақтарының экономикалық әлеуетінің өсуіне бағытталмаған. Аймақтық меншік құрылымы екі бөлімнен тұрады:
Жергілікті басқаруды орталықсыздандырудың тұтас ел үшін оңды тұстары ретінде төмендегілерді атап өтуге болады:
Ал аймақтар үшін орталықсыздандырудың онды әсері ретінде олардың әлеуметтік-экономикалық жүйесінің тұрақтылығын көтеруге мүдделіліктерінің артуын айтуға болады[39,23б].
Унитарлық мемлекет болып табылатын еліміз үшін жергілікті органдарға өз функцияларын жүзеге асыру үшін дербес қаржы көздерін бекітіп беру қажеттілігі сөзсіз. Қаржысыз аймақтардың дербестігі қамтамасыз етілмейді. Жергілікті бюджеттер аймақтық мәселелерді шешуге бағытталған, ал аймақаралық мәселелер республикалық бюджет арқылы ұлтгык деңгейде шешіледі.
Ұлттық экономиканың нарықтық қатынасқа өтуі мемлекеттің экономикалық тетіктерінің кешенін толығымен пайдалануды қарастырады, олардың ішіндегі ең маңыздыларының бірі фискалды саясат болып табылады.
Фискалды саясат іскерлік белсенділік деңгейін реттеу мақсатында мемлекеттің салық салу және мемлекеттік бюджет қаражаттарын жұмсау мүмкіндіктерін пайдалануды қарастырады.
Фискалды жүйенің, мемлекеттің әлсіз жағдайы кезінде де төлем қабілеті бар сұраныс пен өндірістің ауытқуын әлсірететін, икемді "түзілген тұрақтандырушы" ретіндегі қабілеті, оны ағымды дағдарысқа қарсы құрал ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. Өндірістің көтерілуі кезінде салық механизмі кірістерді мемлекеттік бюджет есебіне прогрессивті түрде ала отырып, экономикалық өсудің қарқынын тежейтіндей әрекет етеді. Фискалды саясат - мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының мемлекеттік қаржылық іс-шаралардың жиынтығы, халықтың жұмыспен қамтылуына және инфляцияға қарсы жалпы халықтық өнім алуға бағытталған. Ол мемлекеттің экономика саясатының құрамды бөлігі және қаржы саясатының өзекті бөлігі болып табылады.
Қазіргі таңғы фискалды саясат мемлекеттің қаржы ресурстарын пайдаланудың негізгі бағыттарын, қаржыландырудың әдістемесі және қаржыландырудың басты қайнар көздерін, бюджеттің ашық керінуіне қол жеткізуге бағытталған, нормативтік базаның сенімділігін, салық базасының кеңдігіне қарамай салықтың кемітілуін, тиімсіз мемлекеттік инвестицияның қысқартылуын және мемлекеттік шығындардың құрылымын жақсартуды, халықтың неғұрлым аз қорғалған жіктерін әлеуметтік қолдаумен қамтамасыз етуде шынайы мүмкіндіктерін айқындайды.
Фискалдық саясат міндеттерін іске асыру мынадай негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
Фискалды саясат пен бюджетаралық қатынастың өзара байланыс мәселесін қарастырып көрейік. Қайсыбір мақсатқа жетуге бағытталған фискалды саясаттың қандай моделі қалай жүзеге асырылады? Біз фискалды саясатты мемлекет алдына қойған стратегиялық тапсырмаларды шешуі үшін мемлекеттік шығыстар мен салық салуды өзгерту женіндегі үкіметтің қолданатын шаралар жиынтығы екендігін білеміз.
Тек дәстүрлі түсінікте ғана фискалды саясаттың шаралары инфляция мен жұмыссыздық деңгейін төмендетуге және экономиканың тұрақтылығына бағытталған. Осындай түсінік фискалды саясатты жүргізудің нақты механизмдерін анықтайды. Ал біздің жағдайымызда фискалды саясат тік және келденең теңестіруге бағытталған. Мұндағы фискалды саясаттың нақты шаралары салық кірістері мен мемлекеттік шығыстарды бюджет жүйесі деңгейінде манипуляциялауда. Осы көзқарасты Т.Ф.Юткина да растайды, ол: "салық салу жүйесінің фискалды әрекеттерінің ақырғы мақсаты -мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының арасындағы теңдігіне қол жеткізуден, салық түсімдерінің сомасын бюджет жүйесінің тармақтары арасында теңдей бөлуден, азаматтардың әлеуметтік қамтамасыздығының аймақтық деңгейін теңестіруден көрінеді" деп атап көрсетеді.
Фискалды саясаттың бюджетаралық қатынасқа әсерін басқа жағынан да қарастыруға болады. Мезоэкономика деңгейінде мемлекеттік реттеуде, мемлекет өзінің функцияларын шаралар мен реттеушілердің белгілі жиынтығы арқылы жүзеге асырады: құқықтық, әкімшілік және экономикалық. Экономикалық реттеушілер ретінде біз фискалды саясатты атадық. Яғни фискалды саясат мезоэкономиканы, оның ішінде орталық билік органдары және бюджетаралық қатынас субъектілерінің арасындағы фискалды екілеттілік пен функциялар бойынша реттеу құралы болып табылады.
Соңғы жылдары бюджетаралық қатынастар саясатында маңызды өзгерістер болды. Бюджетаралық қатынастар жүйесін жетілдіру орталық пен өңірлердің мүдделері теңдігіне жетуге, аймақтардың экономикалық дамуындағы мемлекеттік басқарудың теменгі деңгейінің мүддесін кетеру мен жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдердің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Сонымен фискалды саясат пен бюджетаралық қатынас арасында тығыз байланыс болады. Бюджетаралық қатынастың қайсыбір моделін фискалды саясат шараларын қолданбай жүзеге асыру мүмкін емес.
Қалыптасқан бюджетаралық қатынастар жүйесін бағалаған кезде келесі факторларды талдау қажет:
1) шығыстарды бөлу: әрбір деңгейіндегі биліктің фискалды міндеттемелері;
2) кірістерді бөлу: әрбір деңгейіндегі биліктің фискалды өкілеттілігі. З.Фискалды жүйенің тік және көлденең теңестірілуі бойынша теңдігі;
3) мезоэкономикалық реттеу функциясының атқарылуы;
Фискалды саясаттың міндеттерін іске асыру шеңберінде мемлекеттің қаржы ресурстарын мемлекеттік басқару функцияларының барынша тиімді әрі толық орындалуын қамтамасыз ететіндей түрде тарату керек. Бұл үшін экономикалық және бюджеттік жоспарлаудың нарықтық экономика жағдайларына бейімделген тұтас жүйесін құру қажет. Бағдарламалық құжаттарды оңтайландыру және біріздендіру, олардың іс-шараларының бюджет шығыстарымен нақты өзара байланысын белгілеу бұл жұмыстың ажырамас бөлігі болып табылады.
ҚР Үкіметінің жоспарлаудың бағдарламалық-мақсатты әдісін одан әрі жетілдіру мақсатында мемлекеттік, салалық (секторалық) бағдарламаларды іске асырудың тиімділігін, олардың республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуына әсерін бағалау жүйесі әзірленеді. Бұл бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда бюджет шығыстарының мынадай басымдықтары айқындалды:
Бюджет экономиканы
мемлекеттік реттеудің маңызды
Экономикалық реттеу құралдары негізгі үш топқа бөлінеді:
1) жоспарлау және болжау;
2) салық-бюджет жүйесі;
3) әртүрлі реттеуші құралдарды пайдалану.
Салық-бюджет жүйесі үш деңгейден тұрады: орталық, аймақтық және жергілікті. "Бюджеттік федерализм" түсінігі федеративті республикаларда қолданылады (мысалы, Ресей) және жекелеген деңгейлердің бюджетінің автономиялығы мен бюджетаралық қатынастардың үйлесімділігін сипаттайды. Әртүрлі елдерде кірістерді бюджет деңгейлері арасында бөлу әр түрлі болады, ол салық-бюджет жүйесінің құрылымына тәуелді.
Бюджетаралық
қатынастардың маңызын ашу