Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Января 2013 в 07:43, дипломная работа
Дипломдық жұмыстың мақсатына жету үшін келесі міндерттерді орындау керек:
бюджет түсінігіне тоқталып, оның ерекшеліктерін қарастыру;
бюджет балансын анықтау;
мемлекеттік бюджеттің құруын және оның бюджетаралық реттеу шараларын қарастыру;
аймақтық бюджеттің атқаруын қарастыру.
Сол кезде елде бақылаудың әдiстеме базасын, оны оқытудың орталықтануын сақтай отырып, ішкi бақылаудың аралас жүйесiнен орталықтың қарамағынан шығарылған жүйесiне өту мүмкiндiгi туады.
Бұл мемлекеттiк органдар басшыларының жауапкершiлiгiн едәуiр арттыра түседi, өйткенi олар Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Бухгалтерлiк есеп туралы" заң күшi бар Жарлығына сәйкес, iшкi бақылаудың ұйымдастырылуын және оның органдарының қызмет атқаруын қамтамасыз етедi.
Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарына мемлекеттік бюджетті құру және пайдаланумен байланысты негізгі қызметтер кіреді. Республикалық бюджеттің қаржыларын пайдалануды бақылауын Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің (әрі қарай комитет) қаржылық бакылау комитеті (ҚБК) және оның аумақтық бөлімшелері жүргізеді, олар бақылау объектісінің қызметтеріне Қазақстан Республикасы бақылау функциясының заңымен сәйкес келеді. Бақылау жүргізуде, Комитет және оның аумақтык бөлімшелері Қазақстан Республикасының Конституциясы, Азаматтық кодекс, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс, салық кодексі, Қазақстан Республикасының заңнамаларын, Қазақстан Республикасы Үкіметі және Президент актісін, басқа да нормативтік кұқықтық актілерді, Комитет туралы ережені, қабылданған стандарттар, бекітілген ережелер, сонымен бірге сәйкес келетін бақылау бағдарламасын Қолданады.
Мемлекеттік ревизиялық – бақылау органы қызметінің негізгі бағыты республикалық және жергілікті бюджетгерге бақылау жүргізгенде ревизиялық және тақырыптық тексеріс барысындағы зандылықгы сақгау, жасалған қаржылық және шаруашылық операцияның бекітілуі, олардың бақылауы субъект есептемесінде және есепте дұрыс көрсетілуі, сонымен бірге олардың қаржылық жағдайы мен мемлекеттік ұйымдардың экономикалық тиімділігін, кәсіпорын және мекеменің қолдануын көрсету болып табылады.
Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігінің каржылық бақылау мен мемлекеттік сатып алу Комитетінің негізгі мақсаты мыналар болып табылады:
-республикалык бюджетте ішкі
бақылауды орындау
және жергілікті бюджетте сыртқы бақылаудың
орындалуын жүзеге асыру;
-жүйелі тексерудің дұрыс
құрылуымен, республикалық
бюджеттен қаржыландыратын, мемлекеттік
мекемелердің қаржыландыру жоспарын (шығындар
сметасы) бекіту, бюджет қаржыларын мақсатты
пайдаланумен бірге бюджет қарыздарын
және республикалық бюджет бағдарламасының
тиімділігі;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдігі мен тартылған мемлекеттік және мемлекеттік емес қарыздарын мақсатты қолдануына бақылау жүргізу;
- мемлекеттік кәсіпорындардың таза табыс үлесін тиісті бюджеттерге толық және уақттылы аударуымен
- шаруашылық серіктестіктердің табысты мемлекет үлесіне, ал Акционерлік мемлекет акция пакетіне қоғамдардың дивидент есептелуіне бақылау жүргізу;
-республикалык және жергілікті бюджеттердің орындалуына ішкі бақылау мен сыртқы бақылау әдістемесін және әдістеме ғылымын жетілдіру, Мемлекеттік мекемелер мен республикалык және жергілікті бюджеттердің қаржыларын пайдалану бойынша ұйымдардың мерзімді тексеруін жүргізу Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігінің қаржылық бақылау Комитетінің жарлығымен анықталды.
Бақылауды жүргiзудiң негiзгi қағидаттарын қамтитын, бақылауға қойылатын талаптарды айқындайтын, мәнi тұрғысынан нормативтiк құжат болып табылатын республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылаудың стандарттарына ерекше назар аударылатын болады. Мемлекеттiк бақылаудың сыртқы және iшкi болып бөлiнуiне байланысты, бақылаудың стандарттары да әртүрлi болады. Сондықтан, оларды әзiрлейтiн және бекiтетiн өкiлеттi органдарды айқындау қажет.
Республикалық бюджеттiң атқарылуын сыртқы бақылау стандарттарын Есеп комитеті әзірлейді және бекітеді.
Жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын сыртқы бақылау стандарттарын, республикалық және жергiлiктi бюджеттердің iшкi бақылау стандарттарын Қазақстан Республикасының Yкiметi өкiлеттiк берген мемлекеттiк орган әзiрлейдi, ал Есеп комитетi оларды бекiтедi.
Жоғарыда айтылғандар бюджеттiк бағдарламалау әдiстерiнiң енгiзiлуiн ескере отырып республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылаудың бiрыңғай әдiстемелiк базасын жасаудың және ақпараттық жүйесiн жетілдiрудiң, Есеп комитетiнiң, мәслихаттардың тексеру комиссияларының және мемлекеттiк басқару органдарының республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау саласындағы ақпараттық жүйелерiн бiрiктiрудiң қажеттiгiн растай түседi.
Есеп комитетiнiң қолданылып жүрген өкілеттіліктерiн, мiндеттерi мен функцияларын, оның ішiнде сараптама-талдау жұмыстарын жүргiзу бөлігінде одан әрi ұлғайтуды, Есеп комитетi мен мәслихаттардың тексеру комиссияларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметi өкiлеттiк берген мемлекеттiк органдардың іздерiнiң өкiлеттiктерi, құқықтары мен мiндеттерi шегiнде республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң тиiсiнше атқарылуын бақылаудың кешендi жүйесiн қамтамасыз етуiн көздей отырып "Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзiрлеу дер кезiндегi шара болып табылады.
Мынандай ережелердi заңдастыру қажет:
1) республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылаудың объектiсi мен субъектiсiн нақты айқындау.
2) Қазақстан Республикасындағы республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылайтын негiзгi органдарға Есеп комитетi, мәслихаттардың тексеру комиссиялары, Қазақстан Республикасының Yкiметi өкiлеттiк берген мемлекеттiк органдар, әкiмияттар өкiлеттiк берген мемлекеттiк органдар, мемлекеттiк органдардың ведомстволық бақылау қызметтерi жатқызылсын.
3) республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау олардың түрлерi бойынша сыртқы және ішкi болып бөлiнедi.
Сыртқы бақылау - республикалық бюджеттiң Қазақстан Республикасының Yкiметi тарапынан атқарылуын және жергiлiктi бюджеттердiң жергiлiктi органдар тарапынан атқарылуын оларға қатысты тәуелсiз мемлекеттiк органдар тарапынанбақылау. Iшкi бақылау-Қазақстан Республикасы Үкiметi және жергiлiктi атқарушы органдар жүзеге асыратын тиiсiнше республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау.
Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi республикалық бюджеттiң атқарылуына сыртқы бақылауды жүзеге асырады және iшкi бақылау жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстар жасайды.
Мәслихаттардың тексеру комиссиялары жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуына сыртқы бақылауды жүзеге асырады және iшкi бақылауды жетiлдiру жөнiндегi ұсынысты әзiрлейдi.
Қазақстан Республикасының Үкiметi өкiлеттiк берген мемлекеттiк органдар республикалық бюджет қаражатын пайдалануға iшкi бақылауды жүзеге асырады және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуының сәйкестiгiн сыртқы бақылауды жүзеге асырады.
Әкiмияттар өкiлеттiк берген мемлекеттiк органдар жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуына ішкi бақылауды жүзеге асырады.
Мемлекеттiк органдар мен мекемелердің бюджет қаражатын мақсатты және тиiмдi пайдалануды ведомстволық бақылауы iшкi (әкiмшiлiк) бақылаудың бiр бөлiгi болып табылады.
4) бақылаудың түрлерiн айқындау, атап айтқанда:
- сәйкестiгiн бақылау;
- бақылау объектiлерi қызметiнiң республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы туралы Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң талаптарымен сәйкес келтiру дәрежесiн бағалау;
Қаржылық есебiн бақылау - бақылау объектiлерi беретiн қаржы есептерiнiң дәлдiгiн, негiздiлiгiн және уақыттылығын бағалау;
тиiмдiлiгiн бақылау - республикалық және жергiлiктi бюджеттер қаражатын пайдалану кезiнде бақылау объектiлерiнiң бюджеттiк заңнамада белгiленген бюджет бағдарламаларының мақсаттарын орындау дәрежесін бағалау.
5) жұмыстағы қайталануды және қосарлануды болдырмау үшін республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын бақылайтын органдардың арасында функциялар мен өкiлеттiлiктердi айқын шектеудi көздеу.
Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау кезiнде Есеп комитетi бақылаудың барлыќ үш түрiн жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Yкiметi өкiлеттiк берген мемлекеттiк органдардан келетiн бақылау кесiмдерiн сараптайды және Қазақтан Республикасының Yкiметiне осы органдар жүзеге асыратын республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылаудың тиiмдiлiгiн арттыру жөнiнде ұсынымдар жасайды. Осы негiзде Есеп комитетi қосымша бақылаулар жүргiзедi.
Қазақстан Республикасының Үкiметi өкiлеттiк берген мемлекеттiк орган да бақылаудың үш түрi бойынша да ішкi бақылауды жүзеге асырады, мемлекеттiк мекемелердегi белгіленген ведомстволық бақылауға баға бередi және тексеру материалдарын Есеп комитетiне бередi.
Жергiлiктi бюджеттердi бақылау кезiнде:
- мәслихаттардың тексеру комиссиялары сыртқы бақылау жасайды және әкiмияттар өкiлеттiк берген мемлекеттiк органдар жүзеге асыратын iшкi бақылаудың тиiмдiлiгiне баға бередi;
- Қазақстан Республикасыныѕ Yкiметi өкiлеттiк берген мемлекеттiк орган сүйкестілігiне сыртқы бақылауды жүзеге асырады;
- әкiмияттар өкілеттiк берген мемлекеттiк органдар бақылаудыѕ үш түрi бойынша iшкi бақылауды жүзеге асырады, мемлекеттiк мекемелер жүзеге асыратын iшкi бақылауларға баға бередi және тексеру материалдарын жергiлiктi өкiлеттi органдарға бередi.
Республикалық және жергiлiктi бюджеттердің атқарылуын бақылау үшiн мемлекеттiк органдарда ішкi бақылау қызметтерi құрылады.
Жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын сыртқы бақылау органдарының қызметiне әдiстемелiк жетекшіліктi Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi жүзеге асырады.
Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын ішкі бақылау органдарының қызметіне әдістемелік жетекшілікті Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттік берген мемлекеттік органы жүзеге асырады.
Халықаралық және азиялық INTOSAL және ASOSAI жоғарғы аудиторлық институттар ұйымдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасында мақсаттары мен мiндеттерi жақын ПРООН, Дүниежүзiлiк Банктiң және басқа да жобалар мен бағдарламаларды іске асырып жүрген халықаралық ұйымдармен байланыстарды ұлғайту және нығайту қажет. Бұл осы заманғы бақылау әдiстерiне, қажеттi ақпараттық ресурстарєа жол ашуға, мемлекеттiк қаржы бақылау органдары қызметкерлерiн оқыту және бiлiктілiгiн көтеру және белгiлi бiр дәрежедегi олардың техникалық қайта жарақталуы мәселелерiн шешуге мүмкiндiк бередi.
Республикалық және жергілiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылаудың мiндеттерi мен нәтижелерi туралы материалдар, әдiстемелiк, нормативтiк құқықтық және басқа да құжаттар жарияланған бюллетеньдердi жүйелi түрде шығарып отыруды ұйымдастыру қажет.
Алға қойылған мiндеттердiң ауқымдылығын ескере отырып республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарды сапалық және сандық тұрғыдан одан әрi нығайту мәселелерiн жүргiзiлетiн жұмыстардың көлемiн, ауқымын және тереңдiгiн, тексерiлетiн объектiлердiң саны мен мерзiмдiлiгiн мұқият талдай отырып шешкен жөн.
Тұжырымдаманы іске асырудан күтiлетiн негiзгi нәтижелер ретiнде мыналарды бөлiп қарауға болады:
1) Қазақстан Республикасының республикалық және жергiлiктi бюджеттерiнiң атқарылуын бақылаудың нормативтiк құқықтық базасын жетiлдiру (2001 жылы Қазақстан Республикасының тиiстi Заңын және қажет болған жағдайда басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдердi қабылдау).
2) 2003 жылға дейiн халықаралық тәжiрибелердi ескере отырып, көрсетiлген бақылау жүйесiн қажеттi әдiстемелiк жағынан қамтамасыз ету.
3) 2004 жылға дейін республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелерін құру.
4) 2007 жылға дейін Ұлттық Банктiң, қазынашылықтың, салық және кеден қызметтерінің, зейнетақылық және әлеуметтік қамтамасыз етуінің және басқа да ведомстволардың қолда бар және енгізіліп жатқан ақпараттық жүйелері негізінде республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы үшін жауап беретін мемлекеттік органдардың біріккен ақпараттық - телекоммуникациялық жүйесін құру және пайдалануға енгізу.
Бюджет салық саясаты бұл жылдары (1999-2000 жж бастап) экономикалық өсуде ынталандыруға бағытталды. 2001 жылы 12 маусымда қабылданған (2002 жылы 1 қаңтардан бастап енгізілген) Республикасының «Бюджетке толенетін салықтар және басқа да міндетті төлемдер туралы» жаңа Салық кодексі республикадагы салық салу және салық жүйесін жетілдіру нұсқасы болды.
Салық салудың Шетелдік тәжірибесін зерттеу негізіиде резиденттік және аумақтық ұстанымына негізделген корпорациялық табыс салығы (заңды тұлгаларға салынатын табыс салығының орнына) енгізілді. Салық салудың мүндай ұстанымдары салықтық шегерім сомасын есептеу кезінде салық салу объектісінің ерекшеліктерін ескереді. Жекелеп айтатын болсақ, салық толсушінің материалдық және әлеуметтік жағдайы, оның салықтық базасы, толснетін салық түрлері, принциптің екі жақ үшін тиімділігі.
Сондай-ақ «инвестицияның салықтың жеңілдіктер» сияқты салық жадалығын айта кету керек. Ол салық төлеушіиің негізгі қаражатқа (жаңа өндіріс құруға, жүмыс істеп түріан өндірісті кеңейтуге және жаңартуга жүмсалған қаражатты жылдық жиынтық табыстан игеру жолымен) инвестиция мақсатында қосымша жсцілдіктср жасауды қарастырады. Салық толемінің мерзімін ұзартуды білдірстін «салықтық кредит» үғымы да жаңадан енгізілді. Мерзімі ұзартылған салық төлемінің сомасы негізгі жэнс айналым капиталын инвестициялау үшін пайдаланылады.