Шпаргалка по "Бухгалтерлік есеп"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2011 в 16:23, шпаргалка

Краткое описание

Работа содержит ответы на вопросы по дисциплине "Бухгалтерлік есеп".

Содержимое работы - 1 файл

БУХ.doc

— 479.00 Кб (Скачать файл)

  Негізгі құрал объектілерін өтеусіз беру туралы шешім шаруашылық жүргізуші субъектіге қатысушылардың жалпы жиналысында қабылданады.

  Негізгі құралдардың жарамсыздығын, оларды қалпына келтіріп, жөндеудің мүмкін еместігін және тиімсіздігін анықтау үшін, сондай-ақ есептен шығаруға қажетті құжаттаманы ресімдеу үшін субъект басшысының бұйрығы бойынша тұрақты жұмыс істейтін комиссиялар құрылады.

  Комиссия объектіні қарайды, есептен шығарудың нақты себептерін белгілейді, мерзімінен бұрын істен шығаруға кінәлі адамдарды табады, пайдалану мүмкіндігін анықтайды және жарамды материалдық құндылықтарды бағалайды. Есептен шығаруды «Негізгі құралды есептен шығару актісі» (№НҚ-3 ф.) және «Автотранспорттық құралдарды есептен шығару актісімен» (№НҚ-4 ф.) екі данамен ресімделеді.

  Объектіні таратуға тек ұйым басшысының актісі бекітілгеннен кейін ғана кіріседі.

  Жарамсыз  болған және заттай, сапалық жағынан тозу, апат, стихиялық апат, пайдаланудың нормативті шарттардың бұзылуы, сондай-ақ құрылысқа, кеңеюге, қайта құруға және тағы басқа себептер салдарынан жойылуға тиісті негізгі құрал-жабдықтарды кәсіпорын балансынан есептен шығарылады.

  Негізгі құралдардың жарамсыздығын, оның қалпына келтіретін жөндеудің мүмкін еместігін немесе экономикалық тиімсіздігін субъект басшысы, бас бухгалтер, қызмет мамандары құрамына кіретін, тұрақты жұмыс істейтін комиссия айқындайды.

  Кәсіпорында тұрақты жұмыс істейтін комиссия жойылатын объектіні тікелей қарап, байкау өткізеді, оларды есептен шығару себептерін және бұған кінәлі жауапкершілікке тартылатын адамдарды анықтайды, кейбір тораптардың детальдардың, материалдардың қолдануға мүмкіндігін айқындап, оларға бағалау жүргізеді. Негізгі құрал-жабдықтарды есептен шығару жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссияның қызмет нәтижесі болып негізгі құрал-жабдықтарды есептен шығару актісі (ф. № НҚ-4)  табылады, оның негізінде бухгалтерияда тиісті бухгалтерлік жазбалар жасалады. Актіде объектінің бастапқы бағасы, бухгалтерлік есеп бойынша есептелген тозу сомасы, объектіні бөлшектегенде (демонтажда) алынған материалдық құндылықтарды құнын, тарату бойынша шығындар (бөлшектеу, демонтаж және т.б.) мөлшерін, өткізудің ықтималдығы мен таратудың жалпы қорытындысы бағасын көрсетер.

  Стихиялық апат пен апат (авария) салдарынан таратылатын негізгі құрал-жабдықтар бойынша актіге құзырлы органның стихиялық апат туралы анықтамасы, не болмаса себептері мен айыптылары көрсетілген авария туралы актінің көшірмесі тіркелуі тиіс. Материалдық құндылықтарды сатудан түскен сома, сондай-ақ бөлшектеуден немесе түскен материалдар пайдаланылуы ықтимал бағамен кіріске алынады. Сатудан түскен қаржы шаруашылық жүргізілетін субъектінің қарауында қалады.

  Негізгі құрал объектілерін өтеусіз беру туралы шешім шаруашылық жүргізуші объектіге қатысушылардың жалпы жиналысында қабылданады 

  29 Негізгі құралдар өндіріс үдерісінде бірте-бірте тоза бастайды, яғни өзінің бастапқы  сапасын жоғалтады. Олар белгілі бір уақыт өткеннен кеиін пайдалануға жарамай қалады да, бұл құралдардың орнына жаңа негізгі құралдар сатып алуға тура келеді. Негізгі құралдардың тозуын  «табиғи» және  «сапалық» тозу деп екіге бөлінеді. Негізгі  құралдардың табиғи тозуы  олардын материялдық жағынан  тозуы болып табылады Негізгі құралдардың сапалық тозуы олардың толық табиғи тозуы жетпей-ақ құнсызданып, өндірістін даму үдерісінен кеиін қалуы, яғни активтердің ғылым мен техниканың дамуының бүгінгі күнгі талаптарына сәикес келмеитін жағдайда болуынан пада болады. 

  30 Негізгі құралдар (үйлер мен ғимараттар, машиналар, көліктер) өндіріс үдерісінде пайдаланылған кезде өздерінің бірте-бірте тозуына байланысты  құндарын өздерінің көмегімен өндіріліп шығарылатын, жаңадан жасалған өнімдерге біртіндеп ауыстырып отырады. Бұл үдеріс «амортизация»  деп аталады. Негізгі құралдарға амортизациялық аударым есептеу мына әдістер бойынща жүргізіледі:

  1. Құнды бірқалыпты (тура жолды) есптен шығару әдісі.
  2. Қнды орындалған жұмыстың, өндірілген өнімнің көлеміне тепе-тең мөлшерде есептен шығару әдісі (өндірістік әдіс).
  3. Жылдамдатып есептен шығару әдістері:

  а) Сандардың жиынтығы бойынша құнын  есептен шығару әдісі (камулятивтік әдіс);

    б) Қалдық құнының кему (қалдықты  азайту) әдісі; 

  31-32 1Ағымдағы жалгерлік бұл қаржыландырылатын жалгерліктен басқа жалгерліктің барлық түрлерін айтамыз.Ағымдағы жалгерлікте жал міндеттемесі жалға беруші адамда болады, және ол қысқа мерзімге беріледі. Ал, Қаржыландырылатын жалгерлікте жал өте ұзақ мерзімге беріледі және жал міндеттемесі жалға алушы да болады.Жал мерзімі біткеннен кейін жалға алған негізгі құрал жалға алушыда қалуы мүмкін, егер жал шартында басқа жағдай қарастырылмаса. 

  33 Материалдық емес активтер - бүл өндірісте ұзақ мерзім бойына пайдалану үшін немесе тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді), сатуға, әкімшілік мақсатқа және басқа субьектілерге жалға беруге арналған табиғи нысаны (мэні) жоқ ақшалай емес активтер. Бұл активтерді анықтауға болады, олар субъектінің күшімен бақыланады және оларды пайдаланудан субъект болашақта экономикалық олжа табады деп күтіледі.

  Кейбір материалдық емес активтер физикалық заттың (алып жүрушілердің) құрамында болады, атап айтсақ: компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз ететін - дискетте, фильм-лентасында, заңды құжаттау (лицензия, патент) - қағазда болады, бірақ дискет те, лента да, қағаз да өз кезегінде қосалқы элементтер болып табылады және олар активтің мәнін анықтау үшін негіз бола алмайды.

  Шаруашылық  субъектілерінде материалдық емес активтер өздерінің пайдаланылуы  барысында біртіндеп сапалы жағынан  тоза бастайды. Осы активтер тозғанға дейін, яғни субъектіде уақы аралығында пайда әкелуі қажет. Шаруашылық субъектілерінде материалдық емес активтерді пайдалану барысында олардың құнының бір бөлігі ай сайын, яғни оның пайдалану мерзімінде өндіріс шығындарына қосылып отырады. Яғни, материалдық емес активтердің құнына амортизациялық аударым есептеліп тұрады. материалдық емес активтердің амортизациялық кезеңін анықтау барысында келесі факторларды ескерген жөн:

  - заңды, реттеуші, келісімді жағдайларын ескеріп, олардың 
максималды   қызмет ету мерзімімен шектелуі мүмкін;

  - жаңарту немесе ұзарту жағдайлары  келсе, онда оның 
топшыланған       қызмет ету мерзімі өзгеруі мүмкін;

  -        тозу, сұраныс және басқа да  экономикалық факторлар оның  қызмет ету мерзімін қысқыртуы мүмкін;

  -       келешектегі бәсекелестіктердің  және басқа да субъектілердің  әрекеті материалдық емес активтердің бүгінгі белсенділік қабілеттілігін шектеуі мүмкін;

  - материалдық емес активтердің  кейбір түрлерінің қызмет ету  мерзімі 
сол активтердің құрамдас бөлшектектері болуы мүмкін;

  Материалдық емес активтердердің пайдалы қызмет ету мерзімін субъектінің өзі  дербес белгілей алады, егер де заңдармен  басқаша жағдайы қарастырылмаса (патент, авторлық құқық) немесе келісім-шартпен (лицензиондық келісім).

  Материалдық емес активтердердің мерзімін дәл анықтау  мүмкін болмаған жағдайда, оның пайдалы  пайдалану мерзімін 10 жыл деңгейінде белгілейді, бірақ ол шаруашылық жүргізуші  субъектінің қызмет ету мерзімінен аспауы керек.

  Материалдық емес активтердерді есептеу үшін әртүрлі әдістер пайдалынылады: біркалыпты, қалдық құнын азайтатын жэне комулятивтік. Әдісті тандау активтен күтілген экономикалық олжаны тұтыну моделіне байланысты болып келеді. 

  34. Біршама материалдық емес активтердің белсенді нарығы болмайды, өйткені олар өте сирек кездеседі, мысалға, тауар белгілері, басылым атауы, кино мен музыкаға берілген авторлық құқықтары және бір актив үшін төленген сомасы, осы тәріздес басқа активтің құнын өлшеу үшін, негіз бола алмайды.

  Сондықтан көптеген материалдық емес активтердің құнын, әдетте, екі жақтың келісімі бойынша анықтайды.

  Материалдық емес активтер танылған кезеңінен бастап бастапқы құны бойынша бағаланады. Материалдық емес активтердің бастыпқы құны олардың алынған тәсіліне байланысты болып келеді: сырттан түссе (сатып алынған бағасы, ұйымдар бірлестігінің күшімен; айырбастау арқылы немесе мемлекеттік субсидияның есебінен) немесе шаруашылық жүргізуші субъектінің өз күшімен жасалса.

  Құн қағидасына сәйкес, материалдық емес активтер сатып алынған кезде сол құны бойынша көрініс табуы тиіс. Сатып алу құнына сатып алумен байланысты барлық шығындар енгізіледі, соның ішінде сатып алынған бағасы, тасымалдау шығыны және т.б.

  Егер  де материалдық емес активтер бартерлік (айырбас) негізде алынса, онда олардың бағасы нарықтық құн немесе осы тәріздес материалдық емес активтер құны бойынша анықталады. Егер материалдық емес активтің бастапқы құны несие есебінен алынса, онда сол несие үшін төленетін пайыз бастапқы құнына қосылмайды, ал ол кезендік шығысқа жатқызылады. Егер материалдық емес активтің бастапқы кұны мемлекеттің есебінен тегін (немесе номиналды атаулы, немесе мемлекеттің субсидиясының есебінен) алынса, онда ол сату немесе белсенді нарықгағы материалдык емес активтерінің тап осы түрінің құны бойынша танылады.

  Егер  де Үкімет тарапынан ауыл шаруашылығынын кажеттілігін қамтамасыз ету үшін, мысалы, шегірткеге қарсы күресетін препаратқа "АВВА" кәсіпорынның лицензиондық келісімін тегін алды делік, бұндай жағдайда аталған лицензиондық келісімнің белсенді нарығы болмайды.

  Материалдық емес активтердің қолда бары мен  қозғалысының есебі 2700-бөлімшенің активтік шоттарында жүргізіледі.             

  Материалдық емес активтердің келіп түсуі  мен шығуы бір данада жасалған №1 нысандағы "Материалдық емес активтерді қабылдау-өткізу актісінде" көрсетіледі.

  Актіде  мыналар көрсетіледі:

  1. Материалдық емес активтердің дәл атауы.
  2. Кәсіпорынға өткізілген (келіп түскен) күні.
  3. Объектінің сипаттамасы.
  4. Бастапқы құны.
  5. Амортизация нормасы.

  Материалдық емес активтер басқа кәсіпорынға табыс етілгенде (сатылғанда, өтеусіз берілгенде) акт өткізуші және қабылдаушы кәсіпорындарға екі данада жасалады. Материалдық емес активтерді есепке алу №2 МЕА нысанындағы инвентарлық карточкасында жүргізіледі. Инвентарлық карточкалардың деректерін материалдық емес активтерді есепке алу ведомосінде топтастырады, онда мыналар келтіріледі:

  а) материалдық емес активтердің атауы;

  ә) ай басындағы және соңындағы қалдықтар;

  б) ай ішіндегі қозғалысы.

  Есеп  компьютерленген жағдайда осындай принциппен машинограмма жасалады. 
 

  35. Мүліктардің ақшалай өлшемге айналдырылғандағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып саналады. Кәсіпорын алғашқы құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол сол ұйымның құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен  құралады, бұл сома, яғни кәсіпорынның капиталы осы ұйымның қызметі барысында тапқан таза табысы және басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады. Кәсіпорын мүлкі оның негізгі құралдары мен айналымдағы қаржыларының құнынан құралады. ¥йымның меншікті капиталының көздері болып мыналар саналады:

  - жарғылық капитал;

  - резервтік капитал;

  - бөлінбеген пайда. Жарғылық қор меншік иесінің (кәсіпорынның) жарғысында қаралған қызметтерін қамтамасыз ету үшін инвестициялық қаржылардың сомасы болып табылады. Мешік иесінің тиісті қүқығымен жауапкершілігіне қарай ұйымның жарғылық қоры мынадай түрлерге бөлінеді: Кәсіпорындардың (толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік, жабық және ашық акционерлік қоғам) жарғылық капиталы.

  Өндірістік  коператив мүшелерінің мүлік  жарналары (үлестері). Жарғылық қор мөлшері ұйымның жарғысында және басқа да құрылтайшылық қүжаттарында белгіленген, үкіметтің атқарушы органдарында тіркелуі керек. Оның мөлшері құрылтайшылық құжаттарға тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін ғана өзгеруі мүмкін  Қосымша төленген капитал - қоғамның өзінің акцияларын  олардың атаулы (номиналдық) құнынан артық бағаға сатқан жағдайда пайда болған құн айырмашылығынан туындайды.

Информация о работе Шпаргалка по "Бухгалтерлік есеп"