Шпаргалка по "Бухгалтерлік есеп"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2011 в 16:23, шпаргалка

Краткое описание

Работа содержит ответы на вопросы по дисциплине "Бухгалтерлік есеп".

Содержимое работы - 1 файл

БУХ.doc

— 479.00 Кб (Скачать файл)

  57 Қоғамдық тамақтандыру ұйымының шаруашылық қызметінің алға басуы бухгалтерлік есепті жүргізу ерекшеліктерін анықтайды. Бір жағынан, ол өндірістік процестерді көрсетуге арналса (тағам дайындау), ал басқа жағынан-сату процестері (өндіріс).

  Өндірістің  өз меншігіндегі өнімдерінің (тіске басар, бірінші, екінші, үшінші тағам, шалафабрикаттар, аспаздық өнімдер) кейбір сатып алынатын тауарлары (шырын, нан, кондитерлік өнімдер, т.б.) аспаздық өңдеуден өтпей-ақ өндіріледі. Қоғамдық тамақтандырудың негізгі кәсібі сатып алушылар мен ұйымдарға сату үшін өзінің өнімін шығару, яғни тамақ дайындау болып табылады.

  Өзінің  өнімі дегеніміз асханада немесе кәсіпорынның өндірістік цехінде дайындалған  дайын өнім және жартылай фабрикаттар. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары, сонымен қатар, сатып алынатын тауарларды да өндіреді.

  Сатып алынатын тауарлар дегеніміз сырттан  ешқандай өңдеусіз сатып алынатын азық-түліктер. Кәсіпорынның өзі өндірген өнімдері тұтынушыларға тікелей сатуға арналған.

  Қоғамдық  тамақтандыру кәсіпорындары тұтынушыларға  тапсырыс және міндетті нормативтік құжаттардың талабына сәйкес келетін қызметтер көрсету керек.

  Өндірілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің сапасы төңірегінде тұтынушылардың мүдделерін қорғау мақсатында «Стандарттау және сертификациялау туралы» ҚР Заңы қабылданды.

  Қоғамдық тамақтандыру ұйымының қызметі Жарғы және өндіріске құқылы лицензиясы болған жағдайда іске асырылады. Қоғамдық тамақтандыру объектiлері мынадай санаттарға бөлiнедi:

  1) ресторан - тұтынушыларға мiндеттi түрде даяшылар қызмет көрсететiн, тапсырыстық және фирмалық тағамдарды қоса алғанда, дайындалуы күрделi ас мәзiрiнiң түр-түрiн, сондай-ақ алкоголь өнiмдерiн ұсынатын қоғамдық тамақтандыру және демалыс объектiсi;

  2) кафе - тұтынушыларға мiндеттi түрде даяшылар қызмет көрсететiн, дайындалуы күрделi емес ас мәзiрiнiң түр-түрiн, сондай-ақ, алкоголь өнiмдерiн ұсынатын қоғамдық тамақтандыру және демалыс объектiсi;

  3) бар - тұтынушыларға тiске басар, десерт және кондитерлiк тағамдар, сондай-ақ алкоголь өнiмдерiн ұсынатын қоғамдық тамақтандыру және демалыс объектiсi;

  4) асхана - тұтынушылар өз-өздерiне қызмет көрсететiн қоғамдық тамақтандыру объектiсi.

  Сауда объектiсiнiң мамандандырылуын Қазақстан  Республикасының заңдарына сәйкес, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келiсе отырып, оның меншiк иесi айқындайды.

  Кез келген сертификацияның негізгі  міндеті стандарттар мен санитарлық нормаларға сәйкес тұрғындарға ұсынылатын сол қызметтерге сәйкестілігі.

  Қоғамдық  тамақтандыру кәсіпорындарының өндірген барлық өнімдері мен көрсеткен қызметтері келесі нормативтік құжаттардың талабына сәйкес болуы керек:

  • Санитарлық-гигиеналық және технологиялық;
  • Сатылатын шикізаттар мен өнімдердің қауіпсіздігі;
  • Экология, өрт, электр қауіпсізідігі.

  Өндірістік  ғимараттар мен құрал-жабдықтардың орналасуы өндірудің технологиялық үрдісін және өнім өткізудің жүйелілігін қамтамасыз етуі керек.

  Өндіріс үрдісі өнім өндірудегі ең маңызды  кезеңдерінің бірі,ол жабдықталған және осы мақсатқа арнайы дайындалған  жерлерде жүзеге асырылады (өндіріс  немесе асхана).

  Ал, өнімді өткізу кәсіпорын үшін тауар  қозғалысының ең соңғы кезеңін көрсетеді, яғни, ол өзінің соңғы мақсаты- тұтынушыға жеткізіледі. 

  59 Банк мекемелері  несиелерінің    есебі қысқа және үзақ  мерзімді несие беру  туралы  Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкі   бекітетін  «Қысқа   және  ұзақ  мерзімді  несие  беру»  ережелеріне сай  жүргізіледі. Қысқа  мерзімді несие  субьектінің  айналым  қаржысын  құрайтын  көздердің  бірі болып  саналады.

  Несиелер  қайтарымдылық  төлем  және  мерзімдік  шарттары  бойынша  келісіліп,  коммерциялық  негізде  беріледі.

  Несие    алу  үшін  шаруашылық  субьектілері  банк  мекемесі  басшысының  атына  өтініш  береді. Бұл  өтінішке  қосымша  өзіне   қажетті  несие  сомасы  мөлшерін,  оның  жұмсалынатын  мақсаты  мен  бағытын, өтелуіне  яғни  қайтару  мерзімін,  сонымен  қатар   осы  несие  сомасы   арқылы  орындалатын  операциядар  үшін  жасалған   бизнес  жоспар  және тағы  басқадай құжаттар табыс  етілуі  тиіс.

  Банктен  бірінші рет  несие  алайын  деп  отырған  кәсіпорындар  мен   ұйымдар,  яғни  шаруашылық  субьектілері жоғарыда  аталған  құжаттар  мен  қоса  банкке  өздерінің  жарғысын,  құрылтайлық  құжыттарының   көшірмесін,  тіркелу  куәліктерінжәне  тағы  басқа  құжаттарды  табыс  етуі  керек.

  Жалпы  шаруашылық  субьектілеріне  берілетін  несие  сомасы,  банк  маекмесінің  жауапты  мамандары субьектінің  өткізген  құжаттарын  тексеріп  болғаннан  кейін,  несие  бойынша  борышты   және  пайызды  (процентті)  қайтару,  өтеу  үшін  кепілдікке  меншік  туралы  келісімшарттың  орындалуына  сәйкес  беруледі.

  Банк  мекемесі мен несие  алушы  шаруашылық  субьекті арасындағы  несиелік  қызмет  көрсету  бойынша  келісімшарт  бір  жылға  немесе  одан  да  ұзақ  мерзімге  жасалынады.  Егер  келісімшарт  бір  жылдан  артық  уақытқа жасалынған  жағдайда  несие жыл сайын бекітілетін несиелік  келісмшарт  негізінде   беріледі. Несиеліе  келісімшарт банк  мекемесі  мен әрбір несие алушы субьекті  (клиент)  үшін  жеке-жеке  жасалынады.

  Қысқа  мерзімді  банк  несиелері  12 айдан артық емес  мерзімге  беріледі  (яғни  бір жылдан кем уақытқа).  Кейбір  жағдайларда түрлі себептерге  байланысты  бұндай  несиенің  мерзімі ұзартылуы мүмкін.  Бірақ ұзартылған  мерзімін  қоса  есептегендегі оның  мерзімі екі жылдан  аспауы  керек.

    Банк  несиесі  субьектінің   яғни  несие  алушының  есеп  айырысу  шоттарындағы  қаражаттарының  мөлшеріне  (көлеміне)   байланыссыз   беріледі  және  қолма-қолсыз  тәртәппен  несие  алушының  қарыз  шотынан  оның  есеп  айырысу шотына  ақша  аудару  арқылы  жүргізіледі.  Несиелік  борышты  өтеу  тәртібі, нақты  терзімі,  әдістері  несиелік  келісімшартта  қарастырылады.  Егер  несие  алушы  келісімшартта  белгіленіп  көрсетідген  мерзімінде  несиелік  борышын  өтей  алмайтын  болса,  банк  макемесі алдын ала  несие  алушының  рұқсатынсыз  кепілдік  берушінің  шотынан  қарыз  сомасын  қайиару  жайлы  талаптар  қояды.

  Шаруашылық  субьекті  банк  мекемесінен  несие  алған  уақытында  1040-«Есеп  айырысу  шоты», 1010-«Кассадағы Ұлттық  валюта  түріндегі  3ақша», 3310-«Жабдықтаушылармен   есеп  айырысу шоты»  және   тағы  басқа  да  шоттар  дебеттелініп, 3010-«Банк  несиесі  шоты» кредиттелінеді.  Ал  бұл  алынған  несие  қайтарылған  уақытта  3010- «Банк  несиесі»  шоты  дебеттелініп, 1040- «Есеп айырысу  шоты»   кредиттелінеді. Осы  алынған  несие  ұшін  есептелген  пайыз  сомасы  7330-«Есептелінген  пайыз» шотының  дебеті, 3380- «Процент  бойынша  міндеттеме»  шотының  кредиті  түрінде  бухгалтерлік  жазуы  жазылады.  Шаруашылық  субьектісі  бұл  міндеттемені  төлеген  уақытында  3380-«Пройент  бойынша  міндеттеме»  шоты  дебеттелініп,  1040-«Есеп  айрысу шоты» кредиттелінеді.

  Қарыз  капиталының  қозғалысын  несиелеу – ол  пайыз  түрінде  қарызға  төлем ақы  ретінде  қайтарылатын  капитал.

  Несиенің  обьективті  қажеттілігі ең  алдымен өнеркәсіп пен сауда   капиталының айналымдық  заңдалаға мен байланысты.

  Несиелерді  есепке  алу  үшін  «Несиелер»  бөлімшесіне  енгізілген   3010 «Банк  несиелері», 3020 «Банктен тыс мекемелердің несиелері», 603 «Басқа да несиелер» сияқты  пассивті  шоттары  пайдалынады.

  Қысқа мерзімді  және  ұзақ  мерзімді  несиелерді  беру  Қазақстан Республликасы  Қлттық  банкі  бекіткен»Қысқа   мерзімді  және  ұзақ  мерзімді несиелендіруді   ұйымдастыру  ережелеріне»  сәйкес   жүргізіледі.

  Несие  беру  және  оның  операцияларын  жүргізу  лицензия  берілген  Ұлттық  банктің  шешімімен  айқындалған  ресми  статусы  бар  банкілер  арқылы жүзеге  асады.  Несие  негізінен  оны  өтеу  қабілеті  бар  кәсіпорындарға  беріледі.  Несие  өтеу  қабілеттілігі  деп  кәсіпорынның  өзінің  борышты  міндеттемелерін  толығымен  және  уақытында  есептесе   алукын   атаймыз. Кәсіпорындарға несие  негізінен  өнеркәсіптің    тиімділігінарттыруға  және  оның  ғылыми-техникалық  деңгейін  көтеруге  тиімділігі  жоғары   жаңа  өнім  түрлерін  шығаруға,  ынталандыруға,  халыққа  түрлі  қызметтерді  көрсетуге,  халық  үшін  экспортқа  тауар  шығаруға  байланысты  шаралар  мен  мақсаттарға  беріледі.  Олардың   ішінен  жете  көңіл  бөлінетіндері   өз  міндеттемелерін   дер  кезінде   орындайтын  клиенттерге,   өз  қаржыларын  осы  банктің  депозиттеріне  және   шоттарына  сақтайтын   банк  акционерлеріне,   кәсіпорындарға   және  ұйымдарға  беріледі.

  Несие  мерзімділік,  қайтарымдылық   және  төленетін  жағдайында  коммерциялық  және келісімшарт  негізінде  беріледі.

  НЕсие  беру  банктердің  өздерінде  бар  несие  қорларының  көлемінде  жүзеге  асырылады.  Банк  қарыздары (ссудасы)  бұрындары  берілген  ссуда  бойынша  қайтару  мерзімі  өтіп  кеткен  қарыздары  жоқ болса ғана  беріледі.  Банк  мекемесі  табысы  төмен кәсіпорындарға  несие беру  үлкен қауіп туғызатындықтан,  ондай кәсіпорындармен несие қатынастарын  орнату  мәселесі   жан-жақты зерттеледі.

  Кәсіпорыцн  несие    алу  үшін  нес  иесиенің  сомасы   және  пайдалану  мақсаты,  өтеу  мерзімі,  сондай-ақ  несиеленетін  шараның   қысқа  сипаттамасы  және  оны    жүзеге  асырудың  экономикалық  тиімділігі  дәлелденген   жағдайда  жазбаша  түрінде  банкке  өтініш  білдіреді.  Банк   жасалған  өтініштің  негізінде   егер  кәсіпорынның  қарызы  және  бұрындары   аталмыщ     кәсіпорын  олардың   берген  несиесін   оқтын-оқтын  пайдаланып  отырған  болса,  онда  кәсіпорынның  берген  өтінішінің   оң  шешімін   табуы  мүмкін.

  Әдеттре,  қарыз  (ссуда)  шоттары  банктерде  есеп  айырысу  шоты  ашылған  жерінде   ашылады.  Бұл  үшін  кәсіпорын  банкке  төменде  келтірілген  өтініш  міндеттемесін  ұсынуы  керек.

  Сонымен  қатар,  банктен  несие  алу  үшін  бірінші  рет  барған  кәсіпорын   өзінің  жарғысын,  ұйымдастыру  құжаттарының  көшірмесін,  ережелерін,  жалға  алу  келісімдерін,   тіркеу  куәлігін   және  клиенттің   несие  алу  құқығының 

  Барлығын  растайтын  басқа  да  құжаттарын  банкке  ұсынады.  Қарыз  алушының  несиені  алғаш    алып  отырғанын  немесе  несиені  үнемі  пайдаланып  жүргендігіне  қарамастан  несиені  алудың  мақсаты,   пайдалану  мерзімі   зерттеледі,  содан  соң  ғана  несиелендірілетін  шараның  техникалық-экономикалық  негіздемесі,  күттілетін  түсімнің  есчебі;  жылдық  пен  тоқсандық  бухгалтерлік  және  статистикалық   есептері,  қаражат  нәтижесі    жөніндегі  есептері,  басқа    банктердегі  ашылған   шоттарының  көшірмесі; қарыз  алушының  несиені  қайтару  қабілеттілігі   және  қаражат   жағдайын,  анықтайтын  басқа  да  деректер;   банк  тәжірибесінде   қабылданған  нысандағы    несиені  уақытында  қайтаруды  қамтамасыз  ететін  мүмкіндігі  (кепілдікке  салынатын  мүліктері,  сақтандыру  куәлігі  және т.б.)  және  басқа да  құжаттарының  көшірмесібанкке  ұсынылады.

  Аталған  құжаттар  болған   жағдайда  банкке  зааңмен  белгіленген  талаптарға,  савнитарлық-тазалық,  экологиялық  және  басқа да  нормаларға  жауап  беретін  кәсіпорындарының  құрылысының  жобасы  сондай-ақ  жоғарыда  аталған   нормалардың,  мердігерлік  келісімдердің  сақталатындығын  растайтын  сараптай  мекемелерінің   және  смета  құжаттары  бар болса  ғана  несиелеу  саясаты  оң  шешімін  табуы  мүмкін.  (Қосымша №4)

  Несие  беру  келісімшарты   бекітілгенге  дейін  банк  қарыз  алушының   несиені  қайтару  қабілеттілігін  мұқият  талдауға,   қарыздың   (ссуданың)   өтелмеуіне  әсер  ететін   факторларын;  қарыз  алушының  атағын,  бұрын  алынған  ссудасын  уақытында  өтеуі  (соның  ішінде  басқа  банктерден де), басқа  міндеттемелерге қатынасын,  қарыз  алушының  экономикалық     және  қаражаттық  жағдайын  ,    балансы  бойынша  төлем  қабілеттілігін  және  несиені  пайдалану тиімділігін   және  т.б.  мүмкіндігін  зерттеуге  міндетті.

  Қарыз  беруші  банк   қарыз  алушыдан  негізгі  қарызын  да  оған  төленетін  пайызын да  өндіріп алуға және  олардан   кепілдік  мүліктерін  талап етуге құқығы   бар.  Тауарлы-материалдық құндылықтарды,  өнімдерді   және  басқа да кепілдік  салуға  болатын мүліктерін  ұсынған жағдайда  банк  несие береді.4

Информация о работе Шпаргалка по "Бухгалтерлік есеп"