Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2011 в 16:23, шпаргалка
Работа содержит ответы на вопросы по дисциплине "Бухгалтерлік есеп".
23 Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысу есебі бухгалтерлік есептің мынадай шоттарында жүреді:
301
«Алынуға тиісті қарыздар»
302 «Алынған вексельдер» шоты;
302
«Сатып алушылар мен тапсырыс
берушілердің басқадай
Осы шоттар бойынша жасалатын есептің ұйымдастырылуын қарастырайық.
301 «Алынуға
тиісті қарыздар» шотында
24 Дебиторлық қарыз дегеніміз кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлғалардан оларға сатқан тауарлары, көрсеткен қызыметтері, сондай-ақ аванс ретінде алдын ала төлеген төлемдері үшін алашақ борыштары. Осы кәсіпорындар мен ұйымдарға берешегі бар заңды және жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады. Өтілетін (алынатын) уақытына қарай алынуға тиісті дебиторлық борыштар ағымдағы алынуға тиісті борыштар және ұзақ мерзімді алынуға тиісті борыштар болып екіге бөлінеді. Бұл борыштардың есебі «Алынуға тиісті шоттар» бөлімінің шоттарында есептеледі.
Есеп беретін уақыттан кейінгі бір жыл ішінде алынатын (өтелінетін) дебиторлық борыштар ағымдағы активтер қатарында есептеледі. Олардың қатарына жататындар:
25 Инвестициялар деп өнеркәсіптің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының және экономиканың басұа да салаларының кәсіпорындарына капитал түрінде салынып, жұмсалатын шығындардың жиынтығын айтамыз.
Инвестициялық қызметтің мақсаты — түпкі нәтижесінде кәсіпкерліктен табыс немесе пайыз алу болып табылады.
Инвестицияның көзі болып жаңадан қалыптасқан немесе құрылған құн немесе таза табыстың жинақталған бөліп саналады Кәсіпкерлер әлбетте кәсіпорындар оны өзінің табысының немесе таратылған қаражаттарының есебінен жұмылдырады.
Негізгі капиталды жаңартуға арналған инвестиция көзі болып кәсіпорынның меншігінде қалған табысы саналады Бағалы қағаздардың көп түрлілігі инвестицияны жіктеудің көптеген критерийлерін алдын-ала айқындайды.
Қаржылық инвестиция өзнің пайдалану мерзіміне қарай, қысқа және ұзақ мерзімді болып бөлінеді.
Инвестиция өзшің арналымы немесе алынған мақсаты бойынша қаржылық және нақты болып бөлінеді
Нақты инвестициялар — бұл
кәсіпорынның негізгі
материалдық-өндірістік қорын өсіруге
салынатын салымдар
Қаржылық инвестициялар — бұл
субъектінің табыс алу
пайдаланатын активі (мысалға, пайыздар,
роялтилер, дивидендтер және жалға
ақысы), инвестицияланған капиталдың есімі
немесе алынатын басқа да олжалар,
мысалға, коммерциялық мәміленін нәтижесі.
Сондай-ақ, қаржылық
инвестицияға пайдаланбай тұрған жылжымайтын
мүліктер де жатады Қаржылық
инвестицияның бір түрі болып бағалы (құнды)
қағаздар да саналады Барлық бағалы (құнды)
қағаздар екі топқа бөлшеді — ақшалай
және күрделі (капиталды)1
болып Ақшалай бағалы қағаздарды алған
кезде ақшалай қарыздарды
алғандағыдай етіп рәсімделеді Бұл борыштық
бағалы қағаздар. Оларға вексельдер, депозиттер
және жинақ сертификаттар және т б жатады
Осы бағалы қағаздар бойынша табыс бір
мәртелік сипатқа ие болады және олар
өзінің номиналдық (атаулы) құнынан төмен
бағаға сатып алудың есебінен қалыптасады
Ақшалай бағалы қағаздар, әдетте, қысқа
мерзімге (бір жылдан аспайтын уакытқа)
беріледі.
Капиталды бағалы қағаздар кәсіпорынды дамыту үшш, оның капиталын (қорын) құрастыру немесе ұлғайту мақсатында шығарылады.
Бағалы қағаздар құқығы бойынша кімге жататындығы туралы белгілерін куәландыру үшін олар былайша бөлінеді
-
бағалы қағазды ұсынушыға -
құқықтарын орындау үшін, бірақ олардың
иелерін теңестіруді (идентификациялауды)
талап етпейді, ұстаушылардың атына
тіркеу жасалынбайды. Ұсынушы бағалы қағазды куәландыратын құқығын басқа адамға қарапайым жолымен қолына береді
-
атаулы бағалы қағаздар - белгілі
бір адамның атына жазылады. Бағалы
қағаздарда куәландырылған құқықтары
ондағы қойылған талапты жеңілдету үшін
белпленген тәртіппен басқа тұлғаға беріледі
Атаулы бағалы қағаздар бойынша
құқық беретін адам соған сәйкес келетін
талаптардың орындалуы емес, ондағы
тиесілі талаптың заңды еместіпне жауап
береді.
-ордерлік
бағалы қағаз - ол ең алғашында иемденушінің
атына немесе оның бұйрығы бойынша жазылады.
Бұл онда керсетілген құқықтар қағазға
түсірілген тәртіпке байланысты ауыспалылығын
сақтайтындай етіп - индоссаментке жазып
береді. Индоссамент өзінде құқықтың болғанына
ғана емес, сонымен бірге, оның жүзеге
асуына да жауап береді Бағалы қағаздардан
алынатын табысқа қатысты оларды борыштық
және инвестициялық етіп белуге болады
26 Бухгалтерлік еспте негізгі құралдар деп өндіріс үдерісінде ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құның шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке, есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын, яғни материялдық активтерді айтады.
Барлық
«негізгі құралдар» өздерінің өндіріске
қатсуына қарай өндірістік және өндірістік
емес болып екіге бөлінеді.
Өндірістік негізгі құралдар
өндірісте қызмет ететін, яғни өнім өндіру
орындарында пайдаланатын негізгі құралдарды
айтады Өндірістік емес негізгі құралдардың
қатарына–шаруашылықтың өндірістен басқа
салаларында пайдаанатын негізгі құралдар
жатады. Оларға әлеуметтік қамсыздандыру,
білім беру және мәдениет салаларында
пайдаланатын негізгі құралдар және тағы
басқалары жатады.
27
Негізгі құралдардың есебін
Негізгі құралдардың бастапқы құны – ал активті салуға, сатып алуға, әкеліп жеткізуге, орнатуға кеткен шығындардан құралады.
Негізгі құралдардың ағымдағы құны – бұл кәсіпорынның белгілі бір уақыттағы, яғни бүгінгі күнгі негізгі құралдарының нарықтың бағасы болып табылады.
Негізгі құралдардың қалдық (жойылу) құны – негізгі құралдың пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін оны бұзу, жоюдан алынған іске жарамды бөлшектнрінің құнынан обьектіні есептен шығаруға байланысты жұмсалатын келешектегі шығындарды алып тастау арқылы анықталады . Негізгі құралдардың келісілген құны – бұл кез келген екі жақтың, яғни негізгі құралдарды сатушы мен алушының арасындағы келісілген құн болып табылады.
Келіп түскен, кіріске алынған негізгі құпралдарға кәсіпорын үлгілі түрі НҚ-1 санды қабылдау - тапсыру актісін толтырады.
Кәсіпорында негізгі құралдарды есептен шығару үшін үлгілі түрі НҚ - 3
«Негізгі құралдарды есептен шығару актісі» немесе үлгілі түрі НҚ 4
«Көлік құралдарын есептен шығару актісінің» тиістілері толтырады.
28 Негізгі құралдардың түсуі.
Субъектінің шаруашылық іс-әрекетінде белгілеу бойынша пайдалану мақсатымен алынған негізгі құралдар құрамына көрсетіледі. Алып-сату мақсатымен алынған негізгі қорлар - тауарлық-материалдық қорлар құрамында, ал субъектінің өзі пайдалану үшін емес, ұзақ уақытқа қаржы салу мақсатымен алынатын негізгі құралдар қаржылық инвестиция ретінде көрсетіледі. Негізгі құралдарды есептеу үшін 2400 «Негізгі құралдар» бөлімшесінің синтетикалық шоты қолданылады.
Негізгі құралдар құралына объектілердің есепке алу пайдаланудың нормативтік мерзімі көрсетілетін. Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісімен (№НҚ-1 ф.) ресімделеді. Субъектілер пайдалы қызмет ету мерзімін (негізгі құралдарды қолданудан экономикалық пайда алу көзделетін кезең нормативті қызмет мерзімін (субъект белгіленген нормаларға сәйкес негізгі құралдардың тозуы есептелетін кезең) және жойылу құнын (пайдалы қызметі мерзімі біткен соң, күтілген шығыны істен шыққан соң есептен шығарылып, негізгі құралдарды жоюда пайда болатын қалдықтар, қосалқы бөлшектердің болжанатын бағасы) өз бетінше белгілейді.
Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру (ауыстыру) актісі негізінде бухгалтерия да мүліктік карточка ашылып, негізгі құралдардың таңдамалы есебі жүргізіледі. Негізгі құралдардың әрбір объектісіне мүліктік нөмір беріледі. Нөмірлеу әдетте реттік нөмір беріледі. Нөмірлеу әдетте реттік-сериялык жүйе бойынша жасалады. Мысалы, үй үшін 0001-ден 0299 дейінгі нөмірлер, ал ғимараттар үшін 0300-ден 0399-ға дейін және т.б. нөмірлер бөлінеді. Мүліктік нөмір негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру акісінде келтіріледі және ол пайдалануда тұрған уақыт бойы объектіде сақталады, ал істен шыкқанда қайта түскен объектіге ұзақ уақыт бойы (бес жылға дейін) берілмейді. Толтырылған мүлік карточкалары әрбір жіктеуші топ бойынша бір данада жүргізілетін «Негізгі құралдарды есептеу мүлік түгендеу карточкаларының тізімдемелерінде» (№НҚ-6) тіркеледі. Істен шыққан негізгі құралдар бойынша категорияларды «Архив» картотекасы бөліміне қояды.
Негізгі құралдарды тұрғызу, салу немесе алу жөніндегі барлық нақты болған қажетті шығындар, сонын ішінде сатып алынғанда өтелмеген салықтар мен алымдарды төлеу (үйлер мен жаңа автомобилъдерді алу кезінде төленген ҚҚС, сатып алу келісім-шартты жасаған кезде төленетін мемлекеттікк баж салығы және т.б.), жеткізу, монтаж, құрылыс кезінде берілген кредит үшін проценттер, белгілеуі бойынша қолдану үшін жұмыс істейтін жағдай келітіруге тікелей байланысты басқа да кез келген шығындар кіретін бастапқы баға бойынша кіріске алу сәтіңде негізгі құрал-жабдыктар кіріске алынады.
Жер учаскесінің бастапқы құнына шотта көрсетілген сатып алу бағасы, жылжымайтын мүлік бойынша агенттерге комиссиялық сыйақылар, сатып алу-сату шартын ресімдеу жөніндегі заңгерлердің қызметіне төлеу, мұндайда туындайтын салықтар мен алымдар, жерді мақсатты пайдалану үшін дайындауға кететін шығындар (үйді беру кезінде алынған материалдарды өткізуден түскен кірістерді шығарып, шегеріп, ескі үйлерді бұзу, тазалау, тегістеу және т.б.) кіреді; сатып алынған жабдықтың бастапқы құнына алу бағасы, тасу шығындары, соның ішінде тасымал кезіндегі сақтандыру, монтаж, пайдалануға берілетін жабдықтың жарамдылығын тексеру мақсатымен сынақ өткізу кіреді, үйлер мен ғимараттарды салғанда бастапқы құнға құрылыс жөніндегі шығындар: материалдар, еңбекті төлеу, қосымша шығындардың тиісті үлесі, архи-текторлардың, заңгерлердің қызметіне төлеу, құрылыс кезінде сақтандыруға жұмсалатын шығындар, құрылысқа берілетін кредиттер бойынша проценттер, құрылысқа рұқсат алу үшін шығатын шығындар.
Қажетті болып саналмайтын шығындар (тасымал кезінде алынған зиянды жоюға кеткен шығындар, монтаж кезінде жабдықты бүлдіру салдарынан жасалған жөндеу және т.б.) бастапқы құнға кірмейді, ал ағымдағы шоттағы шығындар ретінде ескеріледі.
Негізгі құралдар қоймада резерв ретінде тұрады, белгіленген тәргіппен тоқтатылып қойылады. Баланста саналатын негізгі құралдар тәртібі іс жүзіндегі заңдарға сәйкес шаруашылық жүргізуші субъектінің басшысы белгілейді және бекітеді.
Негізгі құралдардың істен шығуы.
Негізгі құрал объектілері субъектінің бухгалтерлік балансынан мыналардың нәтижесінде есептен шығарылады: