Шпаргалка по "Бухгалтерлік есеп"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2011 в 16:23, шпаргалка

Краткое описание

Работа содержит ответы на вопросы по дисциплине "Бухгалтерлік есеп".

Содержимое работы - 1 файл

БУХ.doc

— 479.00 Кб (Скачать файл)

  -Ұйымға  келтірілген зиянды өтеу үшін  ұсталатын ұсталымдар.

  Бұлардан  басқа жұмысшылар мен қызметкерлердің  еңбек ақыларынан өздерінің жазбаша  өтініші бойынша жинақ кассаларына  салатын салымдары, тағы да басқалары ұсталады. 

  17 Еңбек демалысына төленетін төлемдерді есептеу барысында демалысқа барар алдындағы он екі айдың еңбек ақысы жартылай сақталған, уақыттары алынып тасталынады.

  Осы жоғарыда айтылғандарды есептеу  кезінде толық бір айда қалмаған жағдайда демалыс үшін төленетін соманы сол демалысқа барар алдындағы жұмыс істеген күндерге алған еңбек ақы сомасын жұмыс істеегн күндерінің санына бөліп есептейді.

  Кәсіпорындарда  жұмысшылар мен қызметкерлерге жыл  сайынғы берілетін демалысы немес пайдаланбаған демалысына төленетін төлемдерді есептеу үшін орташа еңбек ақыны есептегенде төлеу жүйелеріне қарамастан төленген төлемдердің мына түрлері алынады:

  -Негізгі  еңбек ақы және оған қосымша  төленген үстемелер;

  -Кәсіпорындарда  тұрақты қолданылатын сыйлық беруге сәйкес еңбек ақы қорына және сондай-ақ материалдық сыйақы қорынан берілетін сыйақы;

  -Жыл  бойы істеген жұмысының қорытындысы  бойынша берілетін сыйақы, яғни  он үшінші айлық;

  -Қосымша  еңбек ақы.

  Осы күнгі қолданылатын заңдарға сәйкес орташа еңбек ақы мынандай уақыттарға немесе мерзімдерге есептеледі:

  -жұмысшылар  мен қызметкерлерге зейнеты ақы  есептеу үшін зейнеткерлік демалысқа  шығар алдындағы соңғы он жыл  ішіндегі кез келген бес жылдың  орташа еңбек ақысы;

  -жұмысшылар  мен қызметкерлерге жыл сайынғы еңбек демалысына баратын уақытына немесе жұмыстан босатылатын және пайдаланбаған демаласы үшін, сондай-ақ балалы болған кездегі әйелдерге берілетін демалыс үшін, амалсыздан жұмысқа шықпай қалғаны үшін, еңбекке уақытша жарамсыздыққа жәрдем ақы төлеу үшін және тағы да басқа жағдайларда соңғы он екі айдың орташа еңбек ақысы алынуға тиіс. 

  18. Кәсіпорындардағы жұмысшылар мен қызметкерлердің бәріне және олардың әр қайсысына бір айға төленуге тиісті еңбек ақыныңжалпы сомасын табу үшін алғашқы құжаттар бойынша өндірілген өнімдер мен істелген жұмыстарға және қосымша төлемдер мен қосымша еңбек ақыларына қоса төленетін жалпы соманы анықтап одан ұсталынуға тиісті сомаларды алып тастау керек.

  Жұмысшылар  мен қызметкерлердің табысын, оның ішінде табыстан ұсталатын ұсталымдарды және оларға төленуге тиісті еңбек ақы сомаларын жинақтап қорытындылауға арналған құжатты есеп айырысу төлеу тізілімі деп атайды.

  Ұйымдарда бұл тізімдеме әрбір цехтар, бөлімшелер бойынша толтырылады.

  Еңбек ақы жөінде есеп айырысу төлеу  тізімдемесі әрбір жұмысшылар мен қызметкерлер бойныша есептелген еңбек ақымен басқа да төлем сомаларын және одан ұсталынған ұсталым сомаларын жинақтаушы құжат болып табылады.

  Бұл тізімдемеде жұмысшы-қызметкерлердің  аты-жөні, табельдік нөмері, оларға есептелінген негізгі және қосымша еңбек ақылары мен одан ұсталынатын ұсталымдардың түрлері бойынша сомалары және сол айдың басы мен соңындағы кәсіпорынның жұмысшылар мен қызметкерлерге немесе жұмысшылар мен қызметкерлердің кәсіпорынға қарыз сомалары көрсетіледі.

  Жұмысшылар мен қызметкерлер осы есеп айырысу төлеу тізімдемесі бойынша ұйымның кассасынан өзіне тиісті еңбек ақыны алып, қол қояды.

  Бұл тізімдеме бойынша біріншіден жұмысшылар мен қызметкерлермен еңбек ақы  жайында  есеп айырысу жүргізілсе, екіншіден бұл тізімдеме еңбек ақы бойынша есеп айырысудың  талдамалы есебі болып табылады, ал үшіншіден ол тізімдеме арқылы жұмысшылар мен қызметкерлерге олардың еңбегіне қарай еңбек ақыларын төлейді.

  Тізімдемені толтыру барысында оның ең соңғы  бетіне жиынтық сомалары жазылады. Кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек ақы бойынша есеп айырысу есебі 681-ші «Қызметкерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысу» деп аталатын топтамалық, пассивті шотта есептеліп жүргізіледі.

  Бұл шот бойынша деректер мен ақпараттар үлгілі түрі №10 және №10-1 журнал-ордерлерде көрсетіледі. 

  19. Өндіріс процессінде еңбек құралдарымен қатар өндірістік босалқы қорлары еңбек заттары ретінде қатысады. Еңбек құралдарынан айырмашылығы еңбек заттары өндіріс процесіне бір-ақ рет қатысады және олардың құны өндірілетін өнімнің материалдық негізін құрай отырып, өнімнің өзіндік құнын құрайды.

  Материалдық құндылықтарды есепке алудың алдында  мынадай негізгі міндеттер тұрады:

  • босалқылар кіріске дер кезінде  және толық есепке алу, сақтау орындарында жағдайын қадағалау;
  • босалқылардың қозғалысы бойынша барлық операцияларды толық және дер кезінде құжаттау;
  • көліктік – дайындау шығындары ҰКДШҚ мен дайындалған құндылықтардың өзіндік құнын уақытында және толық анықтау;
  • КДШ-ны өндірістің шығындарына жазудың біркелкі және дұрыс болуын бақылау;
  • ішкі ресурстарды жұмылдыру мақсатында субъектіге қажет емес материалдық босалқыларды сату, сақталатын орындағы құндылықтардың  қалдықтары мен қозғалысы туралы дәл мәліметтерді алу.

  Тауарлы – материалдық қосалқы бағалау кезінде неғұрлым арзан өзіндік құнымен, не таза құнымен бағаланады. Қолда бар тауарлы-материалдық қорлардың бүлінуі немесе олардың жекелей, әлде толықтай ескіруі немесе олардың бағасының төмендеуі, яғни бір сөзбен айтқанда, өзіндік құнының деңгейіне келтіру мүмкіндігі болмаған жағдайда, өзіндік құнның орнына сату бағасы пайдалануы мүмкін.

  Шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай шикізаттар, отын,қосалқы бөлшектер  және басқа босалқы материалдар  кәсіпорын балансында өздерінің нақты өзіндік құнымен көрсетіледі. Осы баға бойынша құндылықтар синтетикалық есепте де көрсетіледі: талдамалы есепке – тұрвақты есеп бағасымен (келісімді немесе жоспарланған – есеп бағасы) көрсетіледі.

  Материалдардың  бір ғана түрінің алу бағасы есепті кезең барсында әртүрлі болуы мүмкін, сондықтан оларды дұрыс анықтау үшін, 7-БЕС қарастырылған төрт әдістің бірін қолданамыз:

  • арнайы идентификациялау әдісі;
  • орташа өлшемді әдіс қорларды бастапқы сатып алу бағалары бойынша бағалау әдісі («ФИФО»);
 

  20 Өндіріс запастарының шығысы мен түсімі бойынша жасалатын алғашқы құжаттар материалдық есепті ұйымдастырудың негізі болып табылады. Тікелей алғашқы құжаттардың көмегімен тауарлы-материалды запастардың (ТМҚ) тиімді пайдалануын және сақталуын, қозғалысын алдын ала, ағымдағы және келешектегі бақылауын жүзеге асырады. Есепті тиімді ұйымдастыру ісінде қорлардың сақталуымен есепке алынуына қатысы бар барлық тұлғаларға баға көрсеткішінің номенклатурасын жасап, таратудың маңызы зор. Онда субъектінің қолында барлық материалдық қорлар белгілі бір белгілері бойынша әзірленеді.

    Әрбір атаулары, сорттары бойынша  шартты сандық белгілері –  номенкалатуралық номері (коды) беріледі, содан соң барлық құжаттарда  ТМҚ-дың бары мен қозғалысы  бойынша берілген номері қойылады. Номенклатуралық номері: баланс шоттарының номері немесе метериалдың қатар номері бойынша берілу мүмкін. Материалдың номенклатурасында есептелінетін материалдардың бірілік бағасы көрсетіледі, яғни ол баға – номенклатурасы деп аталады. Ол жүйеленген материалдар тізімі бойынша жасалынады және оны кәсіпорынның барлық бөлімшесі ( материалды – техникалық жабдықтау, бухгалтерия, қаржы бөлімдері) анықтама ретінде пайдаланады.(3, 109-115)

    Тауарлы – материалдық запастардың  түсуін құжатпен рәсімдеу. ТМҚ-ды  кәсіпорын әртүрлі жағдайда алуы мүмкін: жабдықтаушының қоймасынан, темір жол станциясынан, айлақтардан, аэропорттан, материалды жауапты тұлғалар арқылы өз қоймаларынан.

    Жабдықтаушылардың (жіберушілердің) қоймаларынан ТМҚ-ды алған кезде  алушы – кәсіпорын өздерінің  жауапты тұлғалары арқылы жүзеге асырады.

     Материалдың қозғалысын есепке  алған кезде мынадай типтік  құжаттар пайдаланылады.

     Жабдықтаушылардың қоймасынан тауарларды  алу үшін материалды жауапты  тұлғаға сенім хат беріледі. Сенім  хатты бухгалтерия ресімдеп, алушының қолын қойғызып, қолхат алу арқылы береді. № М-2а типтік  ведомосы аралық нысаны алдын ала номірленген және түптелген журналға (ү. № М-3) тіркеледі.

     Берілген сенімхатты есептеу  журналы, сенімхатты тіркеуге  және беруге жауапты тұлғада  сақталады.

     Сенім хатты беру үшін лауазымды тұлғамен келісім шарт жасалады, ондай келісім шарты жоқ болған жағдайда бір жолғы сенім хаттар беріледі. Берілген сенім хаттты шаруашылық жүргізуші субъектілер оның мерзімін көрсетеді. Сенім хатқа кәсіпорын басшысы, бас бухгалтері қол қойып, мөр басады. Сол сенімхатта алынатын тауарлардың тізімі сенімхаттың артқы (кері) жағында жазылады.

     Егер де алынатын тауарлар  саны жағынан көп болмаса және  түрлері де бір тектес болып  келсе, онда олардың жалпы санымен  сомасы бір жолға жазылады.

     Бір қоймаға жататын ТМҚ алынған  жағдайда оған бірнеше накладной  керек болса, сенім беруші сенімді  тұлғаға бір сенімхаттың беруіне  болады, бірақ онда берілген барлық  наклоднойдың номері , күні көсетілуі  тиіс. Егерде бір ғана сенімді  тұлғаның бірнеше қоймадан тауар алуына тура келсе, онда оған әрбір қоймаға ұсыну үшін жеке сенім хат беріледі.

     Сенім хат, әрекет ететін мерзіміне  қарамастан, тауарлы – материалдық  құндылықтарды алған кезінен  бастап беріледі. Мерзімі өткен  сенімхаттары бойынша есеп бермеген лауазымды тұлғаға жаңа сенімхаттар берілмейді. ТМҚ ала салысымен материалды жауапты тұлға тапсырманы орындағаны туралы құжаттарды бухгалтерияға беріп, ТМҚ қоймаға өткізу керек, олардың сол құндылықтарды қуаттайтын сенім хатты толық болмаса да.

    Егер де ТМҚ – ды алу құқы жойылса, онда одан сенімхатты қайтып алынады, ал жіберушілерге басқа сенімхат беріледі.

    Падаланбаған сенімхаттар мерзімі  өткенен кейін келесі күні  сенім білдірушіге қайтарылады.  Пайдаланбаған сенім хатты қайтарған  кезде оны «сенімхаттарды есепке алу журналына» тіркейді және оның түбіршегіне «пайдаланбаған» деген белгісін жасайды. Осындай сенімхаттар есеп беру кезінің соңына дейін сақталады, сосын есепті кезеңнің соңында жойылады.

    Жабдықтаушылар (жіберушілер) ТМҚ  босатқан кезде, әрбір жіберілген бөлігіне үш данада наклодной жазып, онда сенімхаттың номері, күні көрсетіледі. Оның біріншісі ТМҚ алушыда, екіншісі жіберушінің өзінде қалады, оны ол алдағы кезеңінде жіберілетін ТМҚ-ды бақылау жасау үшін пайдаланылады. Ал үшіншісі бухгалтерияға беріледі. ТМҚ босатып біткен соң ең соңғы партиясының құжаттарымен бірге сенімхатты да бухгалтерияға тапсырады. ТМҚ-ды мынадай жағдайларда сенімхат бойынша босатылуына болмайды:

  • сенімхаттың барлық реквизиттері толық толтырылмаса, жөнделген немесе өшірілген болса;
  • көрсетілген сенімхаттағы құжаттары болмаса;
  • сенімхаттың мерзімі біткен болса;
  • субъектіден берілген сенімхаттың жойылғаны туралы хабар алса;
  • сенімхат берген субект өз қызметін тоқтатса (жойылса, қайта құрылымдық өзгерістер жасаса).

    Жабдықтаушылар сатып алушының қоймасына автотранспортпен ТМҚ-ды жеткізіп берген кезде сатып алушылардың материалды жауапты тұлғасы (қойма меңгерушісі) жабдықтаушылардың экспедиторынан алған ТМҚ-дың санын және брутто салмағын. Тауарлы – транспорттық (көліктік) наклодной мәліметімен салыстырады, олар екі данада жазылады. Тауарлы – транспорттық накладной (ТТН) үлгісі төменде келтіріледі. Егер олардың мәліметінде айырмашылық болмаса, онда оның бір данасына қол қойып және штам басып, ТМҚ қабылданды деп жазады. Накладнойдың   бір экземпляры материалды жауапты тұлғада қалады. Ал егер айырмашылық болса, онда оның санымен сомасына АКТ жасалады. Ол екі дана етіп жазылады және оған екі жақтың да жауапты тұлғалары қол қояды. Оның біреуін жабдықтаушыға жібереді, ал екіншісі ТМҚ қабылданған жауапты тұлғада қалады, одан әрі ол бухгалтерияға беріледі. АКТ жабдықтаушыға талап – тілек қоюға негіз бола алады.

     ТМҚ-ды теміржол транспортымен  жеткізіп берген кезде ТМҚ  қабылдау вогондардан, контейнерден, цистернадан түсірген жерінде  немесе темір жол қоймаларынан қабылданады. ТМҚ алушы өкілі олармен қоса келген құжаттардың (жүкті тасымалдауға берілген накладной) негізінде қабылдап алады және қабылдау процессіне тасымалдаушының өкілі де, Сауда - өнеркәсіп палатасынан келген тәуелсіз бақылаушы да қатысады.

    Егер жүк қосарлана жүретін  құжаттарынсыз келсе, онда ТМҚ-ы  актімен рәсімделеді, сол актіде  нақты ТМҚ-дың саны мен бағасы  көрсетіледі. Бұл жағдайда жабдықтаушылардың  өкілі қатысқаны жөн, егерде  олар болмаса тәуелсіз бақылаушылар  қатысады. Актіні жасаудың барлық ережесі сақталса онда ол заңды құжат болып табылады және жабдықтаушыға талап тілек  қоюға негіз бола алады. ТМҚ қабылдау кезінде жүзеге асырылатын операциялардың барлығы автомобильмен, сумен, авиациямен әкелінетін жүктердің операциясына ұқсас болып келеді.

Информация о работе Шпаргалка по "Бухгалтерлік есеп"