Шпаргалка по "Бухгалтерлік есеп"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2011 в 16:23, шпаргалка

Краткое описание

Работа содержит ответы на вопросы по дисциплине "Бухгалтерлік есеп".

Содержимое работы - 1 файл

БУХ.doc

— 479.00 Кб (Скачать файл)

             Бухгалтерлік есептің алдында  тұрған міндеттерді шешу, оны  ұтымды түрде ұйымдастырмайынша  мүмкін емес. Ал бухгалтерлік  есепті ұтымды ұйымдастыру деп  кәсіпорынның қаражат-шаруашылық  қызметіне бақылау және оның жұмысының нәтижесіне талдау жасауға мүмкіндік туғызуды айтады. Бухгалтерлік есепті ұтымды ұйымдастырудың алғы шарттары: - шаруашылық операцияларын, бірізге салынған құжаттарды, есеп регистрларын және есеп берудің түрлерін қолдануды, есептеудің озат тәжірибесін жинақтап, таратуды және басқаларын бағалау мен есепте бейнелеудің  бірлігін қамтамасыз етегін есептеуді мемлекеттік басқару; есептеуді жүргізу және есеп беруді құрастырумен айналысатын қызметкерлердің санын қысқартуға, экономикалық ақпараттарды өңдеу мерзімін жеделдетуге, есеп мәліметінің сапасы мен сенімділігін арттыруға мүмкіндік беретін есептеу жұмысын компьютерлендіру; есептеудің прогресшіл түрлері мен әдістерін қолдану есепті жүргізуге жұмсалатын енбекті елеулі түрде қысқартуға, есептеудің жеделдігі мен сенімділігін арттыруға көмектесу, жазулардың қайталанбауына, есепті жүргізушілердің еңбегінің жалпы мәдениетін жақсартуға жағдай жасайды; алғашқы есептеу мен құжаттар айналымы жүйесінің дұрыс құрылуы бастапқы ақпараттарды ұйымдастыруға жұмсалатын еңбекті азайтуға, операциялардың артық жасалмауына, жоспарда қаралмаған құжат айналымын болдырмауға мүмкіндік жасайды.

       Есеп қызметкерлерінің іскерлік  қабілетін арттыру - есептеуді  жақсы ұйымдастырудың алғы шарттарының  бірі.

  Есептеу жұмысының алдында тұрған міндеттерді орындау қызметкерлерден экономикалық заңдарды, қолданыстағы заңдылықтарды, жоспарлау мен болжауды, шаруашылық қызметін талдауды, статистика мен өндіріс технологиясын терең білуді талап етеді. 

  50. Құрылыс материалдардың  топтамалық есебін кәсіпорындар мен мекемелер  20 «материалдар» бөлімшесінде жүргізіледі: 201 «шикізат пен материалдар»; 202 «жартылай фабрикаттар мен комплектарлық құралдар, құрылымдар мен  бөлшектер»; 203 «жанар май»; 204 «тара мен таралық материалдар»; 205 «қосалқы бөлшектер»; 206 « басқа да материалдар»; 207 «қайта өндеуге берілген материалдар»; 208 «құрылыс материалдары»- қолданылмаған. Соңғы шот  құрылыспен айналысатын  өндірістік кәсіпорындарда қолданылады. Мұндай кәсіпорындарда құрылыс басты жұмыс көзі болып табылмайды. 208 шот бойынша талдамалы есеп материалдың әрбір атауы бойынша есептік бағамен жүргізіледі. Құрылыс материалдары, конструкторы мен бөлшектері түскенде 208 шоты дебеттеледі және 671 шот кредиттеледі,оларға еңбекақы төлеу 671 шоттың дебеті және 441 шотының кредиті бойынша бейнелейді. Тапсырушыдан  материалдар түсу кезінді, тапсырушы мен мердігер арасында  материалдардың әкелінуі туралы арнайы келісім-шарт қажет емес.Бұл және басқа да іс-әрекеттері мен жеке міндеттері туралы  жұмыстың басында келісім-шарт орнатылады. Келісім-шартта материалдардың саны, көлемі, түрі, бағасы және жеткізу уақыты көрсетілуі керек.

  Егер  құндылықтардың қамтамасыз етілуі сату-сатып  алу тәртібі бойынша жүргізілсе, тапсырушы мен жабдықтаушы құжаттары  арасында   ерекшеліктері болмайды. Мұндай жағдайда құрылыс мекемесі материалдардың төлемін келісім-шарттағы келісілген шарттар бойынша төлейді немесе тапсырушыға белгілі құжаттарды бере отырып, құрылыс-монтаждық материалдардың шығындары түрінде есепке алынады. Бұл жағдайда бухгалтерлік есепте тапсырушы жабдықтаушының рөлін атқарады. 

  51 Құрылыста жұмыс процессінде шаруашылық тәсіл де қолданылады. Құрылыс жұмыстарын шаруашылық әдісімен жүргізгенде құрылыс-монтаждық жұмысты жүргізуге кеткен шығындар 126 «Аяқталмаған құрылыс» шотында көрініс табады.  Құрылыс жұмыстарына кеткен шығындарды шаруашылық жүргізуші субъектіге қосылған құн салығы салынбайды. Сонымен қатар алдымен есепке алынған материалдар мен қызмет құрылыс мақсатына жұмсалған қызмет үшін қосылған құн салығы шегеріліп құрылыс бағасының өсіміне жатқызылады.  Шығындар есебі сол бөлімдегі шығындар  көлемінде ұйымдасуы мүмкін, егер де мердігер пайдаланса. Шаруашылық субъектісінің құрылыс жүргізу шығындарына қосылған құн салығы салынбайды. Кәсіпорын құрылыс-монтаждық жөндеу жұмыстарын шаруашылық тәсілмен өздері және жалдамалы  тәсілмен арнайы дайындаған құрылыс ұйымдарымен шарт құру арқылы жүзеге асырылады.

  Үйлер мен ғимараттарды шаруашылық тәсілмен салу кезінде: құрылыс материалдары құрал-жабдықтар, құрылыс машиналар  мен механизмдердің жұмысы  жұмысшылардың еңбек ақысы үстеме шығысының  тиесілі үлесі сәулетшілер, заңгерлер көрсеткен қызметінің төлемі, құрылысты салу кезеңіндегі сақтандыруға жұмсалатын шығындар, құрылыс салу кезеңінде берілген несиелер бойынша процестер, құрылыс салу үшін рұқсат алуға жұмсалатын шығындар, жобалық – жүйелік құжаттардың құны тағы басқа құрылыс бойынша шығындардың барлығы да бастапқы құнға қосылады. Тапсырыс берушіден материалдар келіп түскен кезде тапсырыс берушілер мен мердігерлер арасында жеке келім-шарты жасалмайды, барлық  қарым-қатынас екі жақтың міндеттерін нақты көрсететін мердігер келісім-шартында жіберілген материалдардың түрі, саны, құны және оның берілген уақыты көрсетілуі керек.  

  52 Тауарларды өткізумен үш сауда звеносы айналысады,олар, көтерме, бөлшек және қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары.

  Көтерме сауда-бұл тауарды өте ірі партиялармен сату, көп мөлшерде тауарларды тұтынатын көтерме бағамен сатып алушыларға немесе кейіннен бөлшектеп сататындарға сату. Бұл сауда

  Бөлшек  сауда-бұл тауарларды бір данадан сату немесе соңғы тұтынушыларға аз мөлшерде өздері  ғана пайдалану мақсатында  сату.Тауарларды бөлшектеп сату бойынша шаруашылық операцияларды бөлшек сауда кәсіпорындар жүйесі, аукциондар, жөнелтетін сауда кәсіпорындары және т.б. жүргізеді.

  Барлық  сауда кәсіпорындарында есептің  басты объектісі болып тауар  саналады. Тауарлар қозғалысы бойынша  операциялар үшін Бас шоттар жоспарында 222 «Сатып алынған тауарлар» шоты қарастырылған. Бұл шоттың дебеті бойынша-сатып  алынған тауарлардың құны көрініс тапса, кредиті бойынша сатып алушыларға тиелген немесе жіберілген тауарлар көрсетіледі. Тауарлардың топтамалық есебі кәсіпорынның таңдауына қарай әртүрлі бағдарламалық азық-түліктердің электрондық кестесінде  немесе бухгалтерлік есептің регистрлерінде жүзеге асырылады.Тауарлар қозғалысы бойынша операциялар көбінесе №6,№7,№9 және №11 журнал-ордерлерде жүргізіледі. 

  53. Тасымалдау, сақтау және жіберу кезінде өнімдердің, тауарлардың сақталуын ұйымдастыру сауда кәсіпорындарында үлкен мән беріледі.

  Тара- өткізу үрдісінде тауарлардың сапалы және санды сақталуын қамтамасыз ететін, тауарларды тасымалдау және сақтауға арналған өнім (бочка, жәшіктер, мешоктар, коробкалар, контейнерлер, бутылкалар және т.б.).

  Тауардың  бір бөлігі ретінде саналуына  байланысты тараларды ішкі және сыртқы деп екіге бөледі.

  Қолдану мақсатына байланысты таралар бір  рет қолданылатын және көп қолданылатын болып екіге бөлінеді.

  Бір рет қолданылатын тараға қолданылғаннан кейін есептен шығарылған тара жатады, олар ұсталғаннан соң қайта пайдалануға жарамайды (балық сақтайтын жәшіктер мен бочкалар және т.б.).

  Көп қолданылатын тара міндетті түрде қайтаруды  талап етеді, ал жабдықтаушы құжатында  жеке көрсетілгендері төлеуге жатады.

  Сауда кәсіпорындарында тараның келіп  түсуінің негізгі көзі тауармен жабдықтаушылар болып табылады.

  Тараны  қабылдау кезінде нақты санының  ілесе жүретін құжаттардағы санымен  сәйкестігін; тара сапасының техникалық жағдайларға сәйкестігін  тексеру  қажет.

  Тауарларды  жеткізу келісім шартында тараларды  қайтару қарастырылған болса, онда осы тараға екі данада сертификат жазылады, оның біреу жабдықтаушыда, екіншісі жүкалушыға шотпен қосып жіберіледі.Сертификатта тараның атауы, саны , бағасы, қайтару уақыты көрсетіледі.

  Тараның топтамалық есебі 204 «Тара және таралық  материалдар» шотында жүргізіледі. Сауда кәсіпорындарындағы таралардың топтамалық есебі материалды жауапты тұлғалар арқылы сандық және сомалық мағынада тұрған орны бойынша жүргізіледі. 

  54 Бөлшек саудадағы тауарлар  есебі 1030 «Алынған тауарлар» шотында жүргізіледі ,оған мынадай субшоттары ашылады:

  • 1030\1 субшоты – «Бөлшек сауда кәсіпорындарының қоймаларындағы  тауарлар» ,онда бөлшек сауда кәсіпорындарының қоймаларындағы сақталып тұрған  тауарлар есепке алынады. Есеп дайын өнім және материалдар есебі сияқты санына және құнұна қарай, сатып алу бағалары бойынша жүргізіледі.
  • 1030\2 субшоты – « Бөлшек сауда сату үшін алынған ,сатып алынған тауарлар» ,онда материалдық жауапты адамдардың (аға сатушылардың,бөлім меңгерушілердің т.б.) жауапкершіліктеріне тұрған тауарларды есепке алады. Есепке алу сату бағалары бойынша (сатып алу бағасы, ҚҚС және сауданың үстеме бағасы қосылады) жүргізіледі. Есепке алу сол тауардың құны бойынша жүргізіледі.
  • 1030/3 субшоты - «Тауардың үстеме бағасы». Бұл субшотта сату үшін берілген тауарлардың барлық түрі (тауар топтары бойынша сараланып) белгіленген мөлшердегі үстеме бағасы бойынша есепке алынады. Соның нәтижесінде сатуға берілген тауарлардың бағасы үстеме бағасынан асып түседі. Тауарлар сатылғаннан кейін тауардың үстеме баға қызылмен жазылып, олардың құқын кемітеді; үстеме баға кәсіпорынның тауарларды сатқаннан тапқан табысы болып табылады. Сатылған тауардың үстеме бағасын белгіленген үлгі бойынша есептен шығарады.
  • 1030/4 субшоты «Тауар бағасына қосылған құн салығы». Бұл субшотта сатуға берілген тауар бағасына енгізілген ҚҚС сомасын көрсетеді. Тауар бағасына үстеме бағасы мен ҚҚС қосылады да, сөйтіп ол тауардың сатылу құнын құрайды (қалыптастырады). Осы бағалар бойынша тауарлар түтынушыларға және басқа сатып алушыларға сатылады. Сатып слынған тауардың сомасына тек бақылау-кассалық машинасынан алынған чек беріледі, онда сатылған тауардың сату бағасы бойынша құны көрсетіледі, бірақ бір күнде қанша тауар сатып алынған бағасы бойынша сатылғаны туралы мәлімет көрінбей қалады.Міне, бөлшек саудада құжаттау жұмысының қиындығы осында.
 

  55 Комиссиондық магазиндер, әдетте, жеке тұлғалардан комиссиондық жағдайда алынған тауарды сатумен айналысады. Бұл кезде комитент комиссионлердің арасында комиссиондық келісм-шотр жасалынады.

  Мүлікті комиссияға қабылдаған кезде тауартану маманы екі данада жазылған түбір шегін береді, оған тауартану маманы мен комитеттік қол қояды. Мүліктің бір ғана түрін қабылдаған кезде ол тек түбіршектен және комитеттік карточкамен рәсімделеді. Оның кері жағына сатуға қабылданған мүліктің атауы мен саны көрсетіледі.Комиссиондық келісімнің және түбіршектің кері жағында мынандай реквизиттер болуы тиіс: бұйымның сатылатын күні, төленетін сомасы және комитентке төленетін күні директордың, бас бухалтердің және кассирдің коды, бірақ бұлар мүлік сатылғанан кейін толтырылады. Түбіршек мен комиссондық келісімді тауартану маманы тіркейді жазып, қабылданған мүлік реестеріне (тізіміне). Тауартану маманы жазып берген түбіршек пен  комиссондық келісім қабылдаған мүлік реестеріне (тізіміне).тіркеліп қояды. Тізім екі данада жазылады: түбіршек бойынша да және комиссондық келісім бойынша да. Тізімде қабылданған мүліктің бағасы бойынша құны шығарлады. Түбіршек пен комиссондық келісімнің бірінші данасы комитентке беріледі, ал екіншісі реестрмен бірге сақталады.Тауартану маманы комиссияға қабылданған мүлікті материялды жауапты тұлғаға реестрмен қоса береді. Материялды жауапты тұлғпғп мүлікті қабылдап алып реестрдің екі данасына да қол қояды. Тауардың жазба қағазына (ярлыққа) комитент пен магазиннің тауартану маманы қол қояды, ал комициялық жолмен бағаланатын тауарларға комиция мүшесінің барлығы қол қояды. Тауардың жазба қағазына (ярлыққа) комицияның қабылданған мүлкіне (сағат, моншақ, түйреуіш т.б) бағасы көрсетілген қағаздар жапсырады. Комитенттен сатушы қабылданған тауарларды комиссионерлер қабылдап алған кезеңнен бастап, сатқанға дейін 004 “комиссияда қабылданған тауарлар” деп аталатын баланстанды шоттар есепке алынады. Комиссия қабылданған тауарлардың аналитикалық есебі тауарлардың түрі бойынша келісім-шартты көрсетілген бағасы мен жүреді.

  56 Тасымалдауға кететін шығьн есебі әрбір сапар бойынша барлық деректер тауар-көлігінің үйлесімді жүкқүжаты негізінде көрсетілетін жол құжатының негізінде жүзеге асырылады. Бір рейспен бір тонна жүкті тасымалдау саны шақырым қашықтыққа көбейтіледі. Осындай жолмен есептелген әрбір жол қүжаты бойынша тонна-шақырым сомасы есептік кезең (бір ай) үшін барлық жол кұжаттарына жазылады және тонна-шақырымда жүк автокөлігінің жалпы жұмыс көлемі пайда болады.Тасымалданған бір тонна жүктің тарифі бойынша жұмыс істейтін автокөлік жүгінің өзіндік қүнын есептеу объектісіне бір тонна-шацырым тасымалдау жатады, ал, сағаттық тариф бойынша жұмыс істейтіндікі - бір авто-сағат. Оның өзіндік құны тасымалданған жүктегі тонна-шақырымның жалпы санына жүк автокөлігін пайдалану бойынша барлық шығын сомасын бөлу жолымен аныкталады. Автомобильмен тасымалдау шығыны мына бап бойынша 90 шотындағы «Негізгі өндіріс» бөлімшесі мен «Автомобиль көлігін пайдалану шығыны» қосалқы шотында ескеріледі: 

Информация о работе Шпаргалка по "Бухгалтерлік есеп"