Шпаргалка по "Бухгалтерлік есеп"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2011 в 16:23, шпаргалка

Краткое описание

Работа содержит ответы на вопросы по дисциплине "Бухгалтерлік есеп".

Содержимое работы - 1 файл

БУХ.doc

— 479.00 Кб (Скачать файл)

  • Анықталған жетіспеушіліктер, құндылықтардың бүлінуінен залалдар нақты кінәлі адамдардан іздестіріледі. Бухгалтерлік есепте кәсіпорын алдындағы нақты кінәлі тұлға дебиторлық қарыз ретінде ресімделеді.

  Түгендеуді  уақытында және сапалы жүргізу шаруашылық құралдарының нақты болуының есеп мәліметтері мен олардың сақталуын қамтамасыз етеді. 

  5. Бухгалтерлік шоттар - бұл ағымда есепке алу үшін кәсіпорынның шаруашылық құралдарының, олардың құрылу көздерінің және шаруашылық процестерінің құрамында болып жататын өзгерістерді ақшалай және заттай бірліктерде экономикалық жағынан топтастыру әдісі.

  Шот - бұл сонымен қатар есеп беру үшін ақпараттарды жинақтаушы. Бухгалтерлік шотты сызба түрінде екі жақты кесте ретінде көрсетуге болады, сол жағын "Дебет" (Дт), ал оң жағын "Кредит" (Кт) деп атайды.

  Бухгалтерлік  есепшоттарында қалдықтарды белгілеу үшін "Сальдо (қалдық)" (шот қалдығы) ұғымы қолданылады.

  Барлық  шоттардың құрылуы бірдей, бірақ шоттарда дебет пен кредиттің мағыналары мен жазбалардың мазмұны әр түрлі болып келеді.

  Балансқа  қатысы бойынша бухгалтерлік есептің  барлық шоттары активті және пассивті болып бөлінеді. Сөйтіп, шоттардағы жазбалардың екі сызбасын көрсетуге болады.

  Активтік  шоттар - бұл шаруашылық құралдарының құрамы, орналастырылуы және құралдардың пайдаланылуы көрсетілетін шоттар.Пассивтік шоттар - бұл шаруашылық құралдарының құрылу көздері мен қаражаттардың мақсатты бағытталуы көрсетілетін шоттар

  Активтік  шоттардың дебетінде қалдығы мен шаруашылық құралдарының көбеюі, ал кредитінде - есепке алынатын объектілердің азаюы көрсетіледі. Бухгалтерлік есепшоттарында жазылған әрекеттер сомасы айналым деп аталады Шаруашылық әрекеттерін жүргізудің соңғы қалдығы мынадай формуламен анықталады:

  Сқ = Бқ + Д. айн. -К. айн., активтік шоттағы қалдық тек қана дебеттік немесе нөлге тең болуы мүмкін.

  Пассивтік шоттардың кредитінде қалдығы мен  объектілердің көбеюі, ал дебетінде азаюы көрсетіледі. Шаруашылық әрекеттерін жүргізудің соңғы қалдығы келесідей формуламен анықталады:

  Сқ = Бқ + К. айн. - Д. айн.,Пассивтік шоттардағы қалдық тек қана кредиттік немесе нөлге тең болуы мүмкін.

  Екі жақты жазу дегеніміз - әрбір шаруашылық әрекетін есепке алу нәтижесінде  бухгалтерлік есеп шоттарында екі рет: бірдей сомаға бір шоттың дебетінде және сонымен бірге өзара байланысты екінші шоттың кредитінде жазу.

  Екі жақты жазу әдісімен шоттар корреспонденциясы  және бухгалтерлік жазбалар сияқты ұғымдар тығыз байланысты.

  Шоттар  корреспонденциясы - бұл екі жақты жазу әдісі кезінде туындайтын шоттар арасындағы өзара тығыз байланыстылық. Корреспонденция әрбір жазбада корреспонденцияланатын шоттарды жазу жолымен түсіндіріледі. Әрекетті шоттың дебетіне жазу кезінде онымен кредиті бойынша корреспонденцияланатын шоттың атауы белгіленеді. Керісінше, әрекетті шоттың кредитіне жазу кезінде онымен дебеті бойынша корреспонденцияланатын шоттың атауы көрсетіледі.

  Бухгалтерлік  жазба - бұл тіркеуге жататын шаруашылық әрекетінің сомасына дебеті мен кредиті бойынша бір мезгілде жазба жасалатын кездегі шоттар корреспонденцияларын ресімдеу.

  Бухгалтерлік  есеп тәжірибесінде шоттар корреспонденциясының мынадай екі түрі болады:

  • Қарапайым;
  • Күрделі.

  Қарапайым шоттар корреспонденциясы кезінде шаруашылық әрекет бірдей сомаға бір шоттың дебетіне және екінші шоттың кредитіне ғана жазылады.

  Күрделі шоттар корреспонденциясы кезінде шаруашылық әрекеттер бірдей сомаға бірнеше шоттың дебеті мен бір шоттың кредитіне немесе бір шоттың дебеті мен бірнеше шоттың кредитіне жазылады. Күрделі бухгалтерлік жазбаларды пайдалану есеп жазбаларының санын азайтады, ал ол өз кезегінде есеп және талдау қызметтерін жүзеге асыруға қажетті уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді 

  6. .Ақша қаражаттарын сақтау, қабылдау мен беру үшін әрбір шаруашылық жүргізуші субъектінің кассасы болады.

  Кассир- материялдық жауапты адам. Ол касса  операцияларын жүрггізу тәртібімен таныс болуға тиіс. Осыдан кейін  оның материялдық толық жәке дара жауапкершілігі туралы онымен шарт жасалынады. Егер еңбек ақы басқа да төлемдерді беру үшін субъекті басшының жазбаша бұйрығы бойынша басқа адамдартаратылатын болса, онда бұлардың матерялдық толық жеке дара жаапкершілігі туралы олармен де шарт жасалынады.

  Кассадағы операциялар есебі 1000-«Кассадағы қолма- қол ақша» бөлімшесінің активті жинақтаушы шоттарында:

  1010-«Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма- қол ақша» және 1011-  «Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма- қол ақша» шоттарында жүргізіледі.

  «Кассадағы  ұлттық валюта түріндегі қолма- қол  ақшаның»есебі Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісі бекіткен кассалық операцияларды жүргізу тәртібіне сәйкес жүргізіледі

  Кассаға ақша қабылдау кассаның кіріс ордерлері  бойынша жүзеге асырылады, оған бас  бухгалтер мен кассир қол қояды. Кассаға ақша салған жеке немесе заңды  тұлғаларға бас бухгалтер мен  кассир қол қойған ақшаны қабылдағаны туралы түбіртек беріледі. Төлемдерге ақшаны қабылдаған кезде кассир «Төлем таңбаларын анықтау тәртібін» басшылыққа алу міндетті. Кассаға қабылданған тенге сомасы жазу мен жазылып, тиын сандармен жазылады.

  Кассадан  ақша беру кассаның шығыс ордерлерімен немесе басшы мен бас бухгалтер қол қойған тиісінше рәсімделген төлем тізімдемелерімен ақша беруге жазылған өтінішпен, шоттармен және басқа да құжаттармен рәсімделеді. Егер касса шығыс ордерлеріне қоса тіркелген құжаттарда субъект басшысының рұқсат берілген қолы болса, ордерге оның қол қоюы міндетті емес. Жекелеген адамдарға кассаның шығыс ордері бойынша ақша берген кезде кассир алушының төл құжатын немесе жеке басының куәлігін көрсетуді талап етеді. Оның атауы мен номерін, оны кімнің және қашан бергенін ордерде көрсетеді. Алушы касса ордеріне қол қояды және алған сомасын: тенгені-жазумен, тиынды- сандармен көрсетеді.  

  8. Субъектінің оперативтік кассасындағы қолма-қол ақшаның есебі 

  Қоғамдық  тамақтандыру мен бөлшек сауда кәсіпорындарының ерекшелігіне байланысты олардан түсетін түсімнің басым көпшілігі қолма-қол ақша қаражаттары бойынша түсетіндіктен оларға оперативтік кассасының есебін жүргізуге тура келеді. Оперативтік  касса әдетте, сауда залында орналасады. №1034 6 тамызда шыққан Қазакстан Республикасының Үкіметінін қаулысына сәйкес, қолма-қол ақшамен есеп айырысатын барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің (әсіресе, сауда және қызмет көрсететін кәсіпорындар) Ережесі бекітілген. Аталған ережеде тыңшылық жадысы бар бақылаушы кассалық машинасын (ТЖБҚМ) еңгізу ұсынылған болатын.  ТЖБКМ көмегімен есептеуді жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілер тауарын сатып алушыларға бақылаушы - кассалық машинаның чегін беруге міндетті, өйткені ол сатуші мен сатып алушының арасындағы алып-сату келісім-шарты бойынша міндеттемелерінің орындалуын қуаттайды.

  Касалық аппараттарды міндетті түрде салық  органдарында тіркеуден өткізеді. Оны  тіркеуден өткізу үшін келесі құжаттарды ұсыну керек: арыз, заңды тұлғаның мемлекетік тіркеуден өткені туралы куәлігінің көшірмесі, БКМ (бакылаушы-кассалық машина) паспорты; қолма-қол акшаны тіркейтін журналы т.б. Салық органдары арыз бланкісінің дұрыс толтырылғанын және БКМ-ның белгіленген талапқа сәйкес келетіндігін тексеріп есепке қояды, сосын ТЖБКМ-на карточкасын береді. БКМ-нын пайдалану мерзімі біткен соң салык органына қайтарылады. БКМ қойдырған кезде салық органының өкілетті инспекторы тыңшылыкты жадында сактайтын қондырғыға пароль еңгізеді. Пароль шаруашылық жүргізуші субъектінің тіркеуден өткен салык органдарында сақталады. 
 
 

  101Банкі шоттары теңгемен де, шетелдік валютасымен де ашылуы мүмкін. Банк келісім бойынша ағымдағы немесе корреспонденттік шоттарын ашқан кезде, шот иесінің пайдасына келіп түсетін ақшаны қабылдауды, оның өзіне немесе үшінші тараптарға тиесілі ақша сомалары аудару жөніндегі ұйғарымын орындауды және басқа да қызмет түрлерін көрсетуді өз мндетіне алады. Банк шоттары бойынша жасалған келісім- шарты келесі мәліметтерден тұрады: реквизиттері; келісім мәні немесе келісім- шарттың жасалған нәрсесі; салық қызметі органдары берген салық төлеуші- шот иесінің тіркеме нөмері; банктің көрсететін қызметінің шарты және оларды төлеу тәртібі. Келісімде жақтар тарапынан келісілген басқа да жағдайлар қарастырылуы мүмкін.

  Банк  пен Қазақстан Республикасының  резиденті- заңды тұлға мен оның жекелеген  бөлімшесі арасында келісім жасау үшін: қойылған қол үлгілері және мөр таңбасы бар құжаты; клиенттің салық есебіне қойылғанын растайтын, салық қызметі органдары берген, белгіленген үлгідегі құжаты; аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қолдау бөлімі берген шаруашылық жүргізуші субъектінің Зейнеткерлік қорына жарналар төлеуші ретінде тіркелгендігі жөніндегі фактісін растайтын белгіленген құжаты; мемлекеттік тіркеуден өткенлігін растайтын, өкілетті органдар берген белгіленген үлгідегі құжаттың көшірмесі немесе оған теңестірілген құжаттың көшірмесі; Қазақстан Республикасы заң тәртібімен бекітіліп күәландырылған құрылтайшылық құжаттың көшірмесі тапсырылады.

  Банкте  жинақ шоттарын ашқан кезде, банктер  салымдары салушылардан қабылдауға келісім- шартта көрсетілген тәртіпте, оларға марапаттау төлеуге және әрекет етіп тұрған заң актілері мен келісім шартта қарастырылған және келісілген жағдайында салымдарды қайтаруға өз міндетіне алады.

  Есеп  айырысу және басқа да шоттарды рәсімдеу үшін банкте келесі құжаттар пайдаланылады.

  Қолма- қол ақша жарнасына берілетін  хабарлама. Есеп айырысу шоты бойынша  операциялардың есебі 441-«Есеп айырысу  шотындағы қолма- қол ақша» шотында  жүргізіледі. Субъектілер шоттары  бойынша банк екі дана етіп бет есебін ашады. Бірінші дана бет есептің көшірмесі болып табылады және ол бастапқы құжаттар мен бірге шаруашылық жүргізуші субъектіге беріледі, екіншісі- бет есебі болып қалады.

  Клиент  өкілінің көшірмені алғаны жөнінде  бет есепте немесе жеке карточкада қойған қолы болуы керек.

  Банкі шоттары оның иесінің өтініші  бойынша жабылады.  

  11.Қолма-қол ақшасыз есеп-айырысу есебіне жалпы сипаттама. 

  Нарықтық  экономиканың кең етек алуына байланысты, экономикалық іс шараларға көшу ретінде, кәсіпорынның көптеген түрлері қалыптасуда, яғни ашық акционерлік қоғамдар, жабық акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, шаруашылық бірлестіктер және тағы басқалары.

  Ал, бұл кәсіпорынның түрлері өзара  қарым-қатынас жасап, қызметтер көрсетумен, жұмыстарды орындау міндеттерін өз жауапкершілігіне алып, тұтынушылардың игілігін қамтамасыз ету үшін өнімді шығару, сонымен бірге заңды дербестік құқығын сақтай отырып табыс табуға тырысады.

  Әрине, бұл саладағы есеп саясатының жүзеге асуы әр-түрлі деңгейде болады. Кез-келген кәсіпорынның бухгалтерлік құжаттарыың дұрыс толтырылғандығына бақылау жасаған дұрыс және міндетті болып отыр.

  Қаржылық  есеп беруде әрбір мекеменің балансында оның көрсетілуі тиімдірек нәтижеге жетелейді. Әлемдегі жетістік деңгейіне  көтерілген көптеген кәсіпорын түрлері қалыптасып, біршама жіктеулер арқылы топтасып, өзінің қызметін табыс табу мақсатына негіздеп отырған мәлім.

  Қолма-қол  ақшасыз есеп-айырысу-төлем төлеушінің есеп-айырысу шотынан белгілі  бір соманы алушының есеп-айырысу  шотына аудару немесе талаптарды ақшасыз өзара есепке жатқызу.

  Қолма-қол  ақшасыз есеп-айырысу қаржы айналымын  тездетеді, айналыс шығынын қысқартады.

  Қолма-қол  ақшасыз есеп-айырысу түрі несие  мекемелері арқылы немесе солардың бақылауымен  жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасының аймағында ақшаны төлеу мен аударуды жүзеге асыруда келесі әдістер қолданылады: қолма-қол ақшаны аудару, төлем тапсырмаларын ұсыну, чектерді беру, вексельдерді немесе олардың индоссаменттері арқылы беру, төлем карточкаларын пайдалану, тікелей дебеттік банкі шоттарына аудару, тапсырма-талап төлемдерін ұсыну, инкассалық жарлығын ұсыну, Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгіленген басқа да әдістерін пайдалану.

  Бұл есеп-айырысу түрінде қолданылатын негізгі төлем құжаттарының түрлері:

  -төлем  талаптары;

  -төлем  тапсырыстары;

  -чектер;

  -вексельдер;

Информация о работе Шпаргалка по "Бухгалтерлік есеп"