Шпаргалка по "Бухгалтерлік есеп"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2011 в 16:23, шпаргалка

Краткое описание

Работа содержит ответы на вопросы по дисциплине "Бухгалтерлік есеп".

Содержимое работы - 1 файл

БУХ.doc

— 479.00 Кб (Скачать файл)

    Жоғары аталғандардан басқа ТМҚ  халықтан да сатып алынуы мүмкін. Бұл кезде материалды жауапты  тұлға сатып алған ТМҚ-ға акті  жасайды, онда: сатушының аты жөні, СТН (салық төлеушінің тіркеу  номері), ТМҚ аты, алынған бағасы, жалпы құны көрсетіледі (актінің нысаны төменде келтірілді). Осы актіде патенттің (куәлігінің) нөмірі және әрекет ететін мерзімі, қызмет түрі немесе басқа да құжаттар (квитанциясы, бір жолғы талоны) көрсетіледі. Егер де аталған құжаттар болмаса кәсіпорын бюджетке төленетін жеке табыс салығын өзі төлейді.

     ТМҚ-ды кірістеуге мына құжаттар  негіз болып саналады:

  • шот – фактура, онда: қатар номері мен күні, атауы және жабдықтау мен ТМҚ-ты сатып алушының СТН, ҚҚС-ын есепке қою туралы куәлік номері, әкелінген ТМҚ атаулары мен саны, құны, акцизделетін ТМҚ сомасы т.б.;
  • тауарлы – транспорттық накладной;
  • тауарды қабылдап алынған материалды жауапты тұлғаның жазған накладнойы мен құжаттары, атап айтқанда:

       Кіріс ордері. Жабдықтауышлардан  немесе өңдеуден түскен  запастарды  есепке алу үшін пайдалылады. Ол бір ғана данада жазылады және тұлғадан материалдар қоймаға келіп түскен кезде толтырылады. Кіріс ордері төменде келтірілді. 

         Материалдарды қабылдау туралы  акті. Жабдықтаушылардың ілеспе  құжаттарындағы мәліметтерді сандық және сапалық айырмашылықтар бар босалқыларды қабылдау кезінде қолданады; сондай – ақ құжаттарсыз түскен материалдарды қабылдаған кездеде. Қабылдау комиссиясы міндетті түрде материалдық жаупты тұлғаның, жіберуші (жабдықтаушы) өкілінің немесе мүдделі емес мекеме өкілінің қатысуымен актіні екі дана етіп жасайды. Құндылықтар қабылданғаннан кейін құжаттармен қоса (тауарлық – көліктік жөнелтпе қағаздар спецификациялар т.б) актілердің бір данасы материалдық қорлардың қозғалысын есепке алу үшін бухгалтериға, екіншісі – жабдықтаушыға талап хатын жазу үшін, жабдықтау бөліміне немесе олардың бухгалтериясына жіберіледі.

    Материалдық құндылықтардың өндірісте  дайындалған және сақталған кезіндегі  жетіспеушілігімен жоғалуы туралы  актісі. Табиғи шығын нормалары  айқындалмаған материалдық қорларын дайындау, сақтау немесе өндіру процессінде орын алған жоғалтуды анықтау үшін қолданады. Қорлардың сақталуына жауапты бөлімдердің балансынан шығаруға және кінәлі адамдардан өндіріп алуға аталған құжат негіз бола алады.

    Бұл құжат материалды қабылдау жөніндегі АКТ-ге тіркеледі. Екі данасы толтырылып, коммисия мүшелерімен кінәлі кісілер қол қояды. Бірінші данасы бугалтерияға жіберіледі, ал екіншісі – бөлімшеде қалады.

     Табиғи шығын нормаларына сәйкес  материалдардың жоғалуы туралы актісі. Субъектінің қомасына жабдықтаушылардан келіп түскенкезде табиғи шығын нормаларынан сай қорлардың кемігені анықталса немесе өнделгеннен кейін оларға табиғи шығын нормалары қойылған болса, осы акті жасады. Қорларды қабылдауды жүргізген кезде жасалынған актіге кіріс ордері қосымша қызмет атқарады комиссия екі дана етіп жасап қол қойып, бірінші данасын бухгалтерияға өткізеді, ал қорлардың жоғалуына материалды жауапты тұлғалар ол сол адамдардың есептен шығаруға негіз бола алады, ол оның екінші данасы қоймада қалады.

    Материалдың (тауарлардың) бүлінуі,  сынуы, қирауы туралы актісі. Кәсіпорында  бүлінудің, сынудың, қираудың  нәтижесінде арзандатуға және  қорларды (тауарларды) есептен шығару  үшін пайдаланылады. Ол екі  дана етіп жасалынады. Бірінші  дана бухгалтерияға жіберіліп, қорлардың жоғалуына себепші болған материалды жауапты тұлғаларға есептен шығаруға негіз болады, екінші данасы бөлімшеде қалады.

    Тауарлы – материалдық қорды  босатқанда рәсімделетін құжаттар. Кәсіпорынның қоймасынан материалдар  өнімді әзірлеуге және басқада шаруашылық қажеттілігі үшін цехтарға, сондай-ақ сыртқа өңдеуге немесе артығын сатуға босатқан кезде пайдалынады.

  ТМҚ цехтан цехқа берілсе, онда оын өндірістің ішіндегі қозғалысы деп санайды, ал егер де орталық қоймадан цех  қоймасына берілсе, онда ол өндіріс шығыны ретінде танылады.

  Материалдардың  шығысы мынадай құжаттар бойынша  рәсімделеді:

  Лимиттік  – жинақтама картасы; материалдарды  айырбастауға (қосымша босатуға) арналған талап - актісі; материалдарды босатуға (ішкі орын ауыстыруға) арналған талап накладнойы.

  Лимиттік  – жинақтама картасы - өнімді дайындауда үздіксіз пайдаланылатын құндылықтарды  босату, сондай-ақ өндіріс қажеттілігіне  керек құндылықтарды босатудың  белгіленген лимиттерін (шектерін) сақтауға, ағымдағы және қоймадағы  материалдық қорларды бақылауға және оларды есептен шығаруға негіз бола алатын құжат. Лимиттік – жинақтама карталары жабдықтау бөлімі немесе жоспарлау бөлімі материалдардың (номенклатуралық номерлердің) бір түріне (атауына) екі дана етіп дайындалады. Бір данасы ай басталғанша цехка (участкіге) – қорды пайдаланушыға, екіншісі – қоймаға немесе цехтің ( участкенің ) қоймасына беріледі. Өндіріске қорлар қоймалардың, цех өкілдерінің лимиттік жинақтама картасы ұсынған кезде ғана басталады. Қоймашы екі данағада босатылған қорлардың күнімен мөлшерін жазған соң, лимитте қалған қалдығы шығарылады. ЛЖК –сы келтіріледі.(5,45-60 б)

  Қоймашының  лимиттік – жинақтама картасын (учаскі) өкілі, ал цехтың (учаскенің) лимиттік – жинақтама картасына қол  қояды. Бастапқы құжаттардың санын мүмкіндігінше азайту мақсатында материалдарды босатудың материалдық картотекасында көрсеткен дұрыс. Бұл жағдайда қорларды босатудың шығын құжаттары жасалмайды, лимиттік – жинақтама картасы жүргізіледі. Лимиттік босатуды карточканың өзінде көрсетуге болады. Цех өкілі қорларды алу кезінде тікелей материалдар есебінің картотекасына қол қояды, ал қоймашы лимиттік жинақтама катологына  қол қояды.

  Лимиттік  – жинақтама (алынбалы) картасы бойынша  өдірісте пайдаланбаған (қайтарылған) қорлардың есебіде жүреді. Бұл  кезде ешқандай қосымша құжаттар жасалмайды. Лимиттен тыс босатулар немесе қорлардың бір түрін екішісімен алмастыру тек субъект басшысының немесе осыған өкілетті адамдардың рұқсат етумен ғана жүзеге асырылады.

  Өндіріске лимиттен артық жіберген және қорларды ауыстыру арнайы талап – актісімен рәсімделеді. Лимитті өзгертуді тек содай құқық берілген тұлғалар ғана жүзеге асыра алады. Материалдық қорларды босату тек лимиттік – жинақтама картасында көрсетілген қоймалардан босатылады. Қоймашы лимиттік жинақтау картасына жіберілген қорлардың күні мен мөлшерін белгілеп, әрбір номенклатуралық номер бойынша лимиттің қалдығын анықтап отырады. Лимит пайдаланылып болған соң, лимиттік – жинақтама карточкасын қоймашы бухгалтерияға өткізеді. Ішінара толтырылған реквизиттері мен лимиттік – жинақтама картасына мәліметтері компютерлік техниканың көмегімен де өңделеді.

  Материалды  айырбастауға (қосымша босатуға) арналған талап – актісі. Бұл құжат қорлардың  белгіленген лимиттен артық босатылуын немесе олардың ауыстырылуын есепке алу үшін қолданылады, сондай – ақ қоймадан қорларды шығаруға негіз болып табылады. Ол екі дана етіп дайындалады: бірі алушыға (цехка, учаскіге), екіншісі – қомаға. Қоймашы актінің екі данасына да босатылған қорлардың күні мен мөлшерін белгілеп, содан соң қалдығын шығарады. Алушының (цехтың, учаскенің) актісіне қойма меңгерушісі, ал қойма актісіне – алушының ( цехтың, учаскенің) өкілі қол қояды. Талап – актілерді бухгалтерияға немесе компьютерлік техникаға өңдеуге берместен бұрын талап етілген босалқылар түгелдей алынуы керек. Материалдық босалқыларды лимиттен тыс босату және басқалармен айырбастау тек қана субъект басшысының немесе оған өкілетті тұлғалардың рұқсатымен субъектінің тиісті бөлімдерімен келісілгеннен соң ғана жүзеге асырылады.

  Материалдарды босатуға (ішкі орын ауыстыруға) арналған талап накладнойы. Босалқыларды субъектінің өз ішіндегі қозғалысына және олардың кәсіпорынның аумағынан тыс жердегі шаруашылықтарына, сондай-ақ басқа мекемелерге босатуды есепке алғанда пайдаланылады. Ол екі данада дайындалады. Материалдарды өз кәсіпорынының шаруашылықтарына босатқанда бір данасын алушыға (цехка, учаскіге)береді, екіншісін – қоймаға, кейінірек бухгалтерияға өткізеді. Бір данасы қоймаға, ал екіншісі цехқа құндылықтарды кіріске алуға негіз бола алады.

  Кәсіпорынның аумағынан тыс жерде орналасқан өз шаруашылықтарына немесе басқа мекемелерге материалдық құндылықтарды босатқан кезде талап-накладной келісімдердің, нарядтардың және басқа тиісті құжаттардың негізінде дайындалады. Бірінші данасы қоймаға материалдарды босатуға негіз болады, ал екінші материалды қабылдап алушыға беріледі. Материалдарды босатқан кезде өзі алып кететін жағдай туса, алушы қол қойған талап – накладнойды, сондай-ақ егер қорлар кейін төленетін болып босатылып жатса, қоймашы есеп айырысу төлемдік құжаттарын толтыруға бухгалтерияға жібереді.

  Үйлер мен ғимараттарды өңдеу және бөлшектеу  кезінде алынған материалдық  құндылықтарды кіріске алу туралы актісі. үйлер мен ғимараттарды өңдеу  және бөлшектеу кезінде алынған  жұмыстарды жүргізуде пайдалануға  жарамды материалды кіріске алуда қолданылатын құжат.

  Құрамында тапсырыс берушімен мердігер өкілдері бар комиссия бар акттіні үш дана етіп жасайды. Бірінші және екінші данасы тапсырыс берушіде, үшіншісі – мердігерде болады. Тапсырыс беруші бірінші данасын  мердігердің төлейтін шот фактурасына тіркейді.   
 

  21 Материалдардың бухгалтериядағы аналитикалық (талдамалық) есебі сандық жэне ақшалай өлшемде жүргізіледі. Мүндай есепті ұйымдастырудың көп қиындығына байланысты бухгалтерияда талдамалы (аналитикалық) есепті ұйымдастыру жүмысы үздіксіз жетілдіріліп келеді. Есеп жүмысына есеп тіркелімдерінің өте үтымды жаңа түрлері еңгізіліп, есеп жүмысының тэртібі жақсартылып, есеп машиналары пайдаланылып, есеп беру дүмысы қысқартылып, жеңілдетудің басқа да түрлері қолданылуда. Соңғы кезгі уақыттарға дейін үйымдардың бухгалтерияларында материялдардың талдамалық (аналитикалық) сорттық, сандық, бағалық есебін карточкаларда жүргізіп келді.

    Тауарлы - материалдық құндылықтарды  түгелдеу-меншіктің сақталуын, құндылықтардың сапалы күйін, оларадың қоймалық және бухгалтерлік есепке алынуын қамтамасыз ететін бақылудың бір тәсілі. Оны меншік нысанына, қызмет түріне және жұмыстың режимділігіне қарамастан барлық ұйымдармен кәсіпорындарда жүргізіледі. Түгендеу комиссиясы тауарлы- материалдық құндылықтардың түгендеу тізімін жасайды. Түгендеу тізімі тауарлы-материалдық құндылықтардың (шикізаттың, материалдың, дайын өнімнің және басқалардың) нақты қолда барын көрсету үшін қолданылады. Түгелдеу тізімін комиссия материалдық құндылықтарды әрбір тұрған орны мен материалдық жағынан жауапты тұлғалары бойынша жүргізіледі. Түгендеу басталғаннан бұрын әрбір материалдық жағынан жауапты адамға қолхат алынады, ол үлгінің бас жақ бөлігінде көрсетілген. Тауарлы материалдық құндылықтар түгендеу тізіміне әрбір жеке атау бойынша номенклатуралық номері, түрі, тобы, арктикулы, сорты және саны көрсетіледі. Түгендеу кезінде анықталған жарамсыз немесе бүлінген материалдар мен дайын өнімдерге тиісті актілер жасалады. Нысанның соңғы бетінде комиссия төрағасының қолын қояр алдында тауарлы-материалдық құндылықтарды түгендеу кезінде қозғалысқа түскен жағдайда құжаттардың соңғы нөмірлерін жазу үшін екі бос жол қалдырылады. Егер кем шыққан материалдар түгендеу барысында табылса, онда оны тізімге енгізеді.Белгіленген тәртіптен рәсімделгеннен кейін түгендеу тізімі салыстыру тізімімен салыстыру үшін бухгалтерияға беріледі. 

  22Тауарлы - материалдық құндылықтарды түгелдеу-меншіктің сақталуын, құндылықтардың сапалы күйін, оларадың қоймалық және бухгалтерлік есепке алынуын қамтамасыз ететін бақылудың бір тәсілі. Оны меншік нысанына, қызмет түріне және жұмыстың режимділігіне қарамастан барлық ұйымдармен кәсіпорындарда жүргізіледі. Түгендеу комиссиясы тауарлы- материалдық құндылықтардың түгендеу тізімін жасайды. Түгендеу тізімі тауарлы-материалдық құндылықтардың (шикізаттың, материалдың, дайын өнімнің және басқалардың) нақты қолда барын көрсету үшін қолданылады. Түгелдеу тізімін комиссия материалдық құндылықтарды әрбір тұрған орны мен материалдық жағынан жауапты тұлғалары бойынша жүргізіледі. Түгендеу басталғаннан бұрын әрбір материалдық жағынан жауапты адамға қолхат алынады, ол үлгінің бас жақ бөлігінде көрсетілген. Тауарлы материалдық құндылықтар түгендеу тізіміне әрбір жеке атау бойынша номенклатуралық номері, түрі, тобы, арктикулы, сорты және саны көрсетіледі. Түгендеу кезінде анықталған жарамсыз немесе бүлінген материалдар мен дайын өнімдерге тиісті актілер жасалады. Нысанның соңғы бетінде комиссия төрағасының қолын қояр алдында тауарлы-материалдық құндылықтарды түгендеу кезінде қозғалысқа түскен жағдайда құжаттардың соңғы нөмірлерін жазу үшін екі бос жол қалдырылады. Егер кем шыққан материалдар түгендеу барысында табылса, онда оны тізімге енгізеді.Белгіленген тәртіптен рәсімделгеннен кейін түгендеу тізімі салыстыру тізімімен салыстыру үшін бухгалтерияға беріледі. Тауарлы-материалдық құндылықтарды түгендеу, әдетте, белгілі бір қоймада, үй-жайында тұрса ғана жүргізіледі. Түгелдеу кезінде тауарлы-материалдық құндылықтың бір түрінен екінші түріне ретсіз ауысуға жол берілмейді. Тауарлы-материалдық құндылықтар бір материалдық жауапты адамда әртүрлі оқшауланған үй-жайда сақталған кезде түгендеуді сақтау орны бойынша жүйелі түрде жүргізіледі. Құндылықтар тексеріліп болған соң, үй-жайға кіруге пломба қойылып, комиссия жүмыс істеу үшін келесі үй-жайға ауысады.Түгендеу жұмысы комиссясының төрағасы немесе оның тапсырмасы бойынша комиссия мүшелері қойма меңгерушісінің және басқа да материалдық жауапты адамдардың көзінше тауарл-материалдық құндылықтардың нақты бар-жоғын оларды міндетті түрде қайта есептеу, қайта өлшеу арқылы тексереді. Тізімдерге материалдық жауапты адамдардың сөзіне немесе олардың нақты бар-жоғын тексерместен есепке алу деректері бойынша деректер енгізуге жол берілмейді.Түгелдеу кезінде түскен тауарлы-материалдық құндылықтарды материалдық жауапты адамдар түгендеу комиссиясы мүшелерінің көзінше қабылдап алады және түгендеу аяқталғаннан кейін түскенін тізімге енгізіп, кіріске алады. Бұл материалдық құндылықтар «Түгендеу кезінде келіп түскен тауарлы-материалдық құндылықтар» деген атауы бар жеке тізімге жазылады. Тізімде: олар қашан, кімнен түскені, кіріс құжаттарының күні мен нөмірі, атауы, саны, бағасы мен сомасы көрсетіледі. Сонымен бір мезгілде кіріске алу құжатында түгендеу комиссиясының төрағасы қол қойып, «Түгендеуден кейін» деген белгі қояды, онда осы құндылықтар жазылған түгендеу тізімінің жасалған күні көрсетіледі. 

Информация о работе Шпаргалка по "Бухгалтерлік есеп"