Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2011 в 16:23, шпаргалка
Работа содержит ответы на вопросы по дисциплине "Бухгалтерлік есеп".
1.Шаруашылық есептің даму тарихы 6000 жылға жуық. Алайда, есептің пайда болған күнін нақты көрсету мүмкін емес. Есеп біртіндеп, ұзақ уақыт бойы және белгісіз жағдайда дүниеге келді Шаруашылық қызметтер фактілерін жаппай және жүйелі түрде қадағалау және көрсету қарапайым бухгалтерияны дүниеге әкелді.
Қарапайым бухгалтерия кәсіпорынның барлық материалдық және ақшалай, сонымен қатар есеп айырысуларын бақылауға алуға мүмкіндік берді. Есепті заттық есептеумен, ал есеп айырысуларды - ақшалай бірліктермен жүргізді. Ретке келтірілген есеп тіркегіштері -кітаптар, "кіріс-шығыс", "инвентарь" сияқты ұғымдар пайда болды. Есеп алғашында тіркеу сипатында ғана болды.
Есептің дамуындағы жаңа кезең екі жақты немесе қосарлы бухгалтерияның пайда болуымен сипатталады.
"Бухгалтер" термині XV ғ. Австрияда өмірге келді. Ең алғаш бухгалтер атағын алған лауазымды тұлға Инсбрук есеп палатасының іс жүргізушісі Христофор Штехер болып табылады.
Экономикалық теорияда бухгалтерлік есептің даму кезеңін төрт негізгі кезеңге бөліп қарастырады:
1.Жедел немесе оперативті;
2.Статистикалық;
3.Бухгалтерлік.
Сонымен,шаруашылық
есеп - кәсіпорындар мен халық шаруашылығының
шаруашылық қызметтерін басқару және
бақылау мақсатында сандық-сапалық көрсеткіштермен
есептеу және көрсету.
2. Бухгалтерлік есеп әдісі - бухгалтерлік есеп пәнін игеруге көмектесетін тәсілдер мен амалдар жиынтығы.
Бухгалтерлік есеп әдісінің негізгі элементтері мыналар болып табылады:
Құжаттандыру - бухгалтерлік есеп мөліметтеріне заңдық күш беретін орындалған шаруашылық әрекеттері туралы жазбаша куәлік.
Түгендеу - шаруашылық құралдары мен қаржылық міндеттемелердің нақты барын белгілі бір мерзімге бухгалтерлік есеп мәліметтерімен салыстыру жолымен анықтау.
Бағалау - жалпы кәсіпорын бойынша ағымдағы немесе есепті кезеңге жалпылама мәліметтерді алу үшін шаруашылық құралдарын, міндеттемелерді және шаруашылық әрекеттерін ақшалай түрде көрсету әдісі.
Калькуляция - шығынадарды топтастыру, өнімдердің жеке бір түрлерінің және өндіріліп дайындалған материалдық құндылықтардың өзіндік құнын анықтау.
Бухгалтерлік шоттар - шаруашылық құралдарын, олардың құрылу көздерін және шаруашылық әрекеттерін екі жақты жазу әдісімен шартталған сапалы біртекті белгілері бойынша топтастыру және ағымдағы есепке алу.
Екі жақты жазу — шаруашылық әрекеттерді бір мезгілде бірдей сомада екі шотта көрсету, яғни өрбір шаруашылық әрекетін екі рет тең сомамен бір шоттың дебетінде және басқа шоттың кредитінде жазу әдісі.
Бухгалтерлік баланс - белгілі бір мерзімге және ақшалай бағалаумен көрсетілген кәсіпорынның шаруашылық құралдарын экономикалық топтастыру және жалпылау әдісі болып табылады.
Есеп беру - есепті кезеңге кәсіпорынның шаруашылық құралдарын, міндеттемелерінің қозғалысын және қаржылық жағдайын сипаттайтын әрі белгілі бір кесте нысанында көрсетілген бухгалтерлік есеп көрсеткіштерінің жиынтығы.
3. Құжаттарды белгілері бойынша былай жіктеледі:
Құжаттар мақсаты бойынша үкімдік, атқарушы (растаушы), бухгалтерлік толтырылған және аралас болып бөлінеді.
Өкімдік - шаруашылық әрекеттерді орындауға арналған бұйрық, өкімдерден тұратын құжаттар болып табылады.
Атқарушы (растаушы) құжаттар тек әрекеттердің орындалу фактісін растайды, бухгалтерік жазбаларды қуаттайды, материалдың және ақша қаражатын алу, беру және шығындау туралы әрекеттерді куәландырады.
Бухгалтерлік жолмен толтырылган құжаттарды шаруашылық әрекеттерін жазуға басқа құжаттар болмаған жағдайда немесе бухгалтерлік есепте үкімдік және растаушы құжаттарды дайындау мақсатында қызметкерлер жасайды.
Аралас құжаттар бір мезгілде өкімдік және растаушы, өкімдік және бухгалтерлік жолмен толтырылған құжаттар қызметтерін атқарады.
Құрылу тәртібі бойынша құжаттар алғашқы және біріктірілген болып бөлінеді.
Алғашқы құжаттар әрбір жеке әрекетке олар орындалған сәтте құралады.
Біріктірілген құжаттар құрылған алғашқы құжаттардың негізінде ресімделеді. Оларды пайдалану біртекті әрекеттерге бақылау жасауды жеңілдетеді.
Шаруашылық әрекеттердің мазмұны бойынша құжаттар материалдың, ақшалай және есеп айырысу құжаттары болып табылады.
Материалдық құжаттар еңбек құралдары мен заттарының бар болуы мен қозғалысын көрсетеді.
Ақшалай құжаттар ақшалай қаражаттың қозғалысын көрсетеді.
Есеп айырысу құжаттары кәсіпорынның заңды және жеке тұлғалармен есеп айырысуын көрсетеді.
Әрекеттерді бейнелеу әдісі бойынша құжаттар бір реттік және жинақтау құжаттары болып бөлінеді.
Бір реттік құжаттар бір рет жеке әрекетті немесе бір уақытта орындалатын бірнеше әрекеттерді бейнелеу үшін қолданылады.
Жинақтау құжаттары бір текті қайталанатын әрекеттерді бейнелеу үшін белгілі бір кезеңге (апта, декада, ай) құрылады.
Толтырылған орны бойынша құжаттар ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
Ішкі құжаттар кәсіпорында ішкі әрекеттерді көрсету үшін жасалады. Сыртқы құжаттар нақты кәсіпорыннан тыс, ресімделген күйінде келіп түсетін құжаттар болып келеді.
Толтыру әдісі бойынша құжаттарды қолмен жасалған және есептік техниканың көмегімен жасалған құжаттарға жіктеуге болады.
Қолмен толтыру жолымен құрылған құжаттар қолмен не жазба машинасымен толтырылады.
Есептік техниканың көмегімен толтырылатын құжаттар автоматты түрде өндіріс әрекеттерінің орындалу сәтіндегі ақпаратты тіркеуге алады.
Құжаттардың құрылуынан немесе басқа кәсіпорындардан алынуынан бастап олардың бухгалтерлік жазбалар үшін қолданылуына және мұрағатқа берілуіне дейінгі қозғалысы құжат айналымы деп аталады. Құжат айналымының негізгі кезеңдері болып мыналар табылады:
Құжат
айналымын әрбір кәсіпорында бас бухгалтер
бекітеді және кәсіпорынның барлық қызметкерлері
үшін міндетті болып табылады.
4. Түгендеу - бұл негізгі құралдар, тауарлы-материалдық құндылықтар, аяқталмаған өндіріс, ақша қаражаты, есеп айырысуларды есеп мәліметтерімен салыстыратын бухгалтерлік есеп әдісі элементтерінің бірі болып табылады.
Шаруашылық құралдарын қамту толықтығына байланысты түгендеу толық және ішінара болып бөлінеді.
Толық түгендеуді, ереже бойынша, жылына бір рет жылдық есеп берудің алдында жүргізеді, оның мақсаты -кәсіпорын балансында барлық активтер мен пассивтердің шынайы бейнеленіп көрсетілуін қамтамасыз етеді. Сонымен бірге толық түгендеу бақылау жүргізуші органдардың талап етуі бойынша да жүргізілуі мүмкін.
Ішінара тцгендеу түгенделетін объектілердің тек белгілі бір бөлігін ғана қамтиды, яғни шаруашылық құралдарының қандай да бір түрін ғана, мысалы, негізгі құралдар, кассадағы бар ақшалай қаражат.
Түгендеу сипатына байланысты былай бөлінеді:
Түгендеу жүргізу мерзімділігі, жиілігі, түгендеу комиссиясының құрамы әрбір шаруашылық жүргізуші субъекті дайындайтын есеп саясатында бекітіледі.
Түгендеу жүргізудің алдында түгендеудің жұмыс комиссиясы өз мүшелеріне жұмыстың басталу мен аяқталу мерзімдері бекітілген бұйрық ұсынады.Бухгалтерияда түгендеу тізімінің мәліметтері есепте көрсетілген қалдықтармен салыстырылады және есеп мәліметтерінен ауытқу анықталған позициялар бойынша салыстыру ведомостары құрылады (салыстыру ведомосының нысаны төменде берілген).
Салыстыру ведомостарын құру жұмыстарын бастамас және түгендеу нәтижелерін анықтамас бұрын бухгалтерия түгендеу тізімінде келтірілген барлық есептемелердің жиындарын дұрыстап санап тексереді. Бағаларында, таксировкада және есептеулерде жіберілген қателер түзетіліп, бұл комиссия мүшелері мен материалдық жауапты тұлғаның қолымен расталады.
Түгендеу
тізімінің соңғы бетінде
Салыстыру ведомостары түгендеу кезінде есеп мәліметтеріне ауытқулар анықталған құндылықтар бойынша да құрылады.
Салыстыру ведомостары мен материалдық жауапты тұлғалардан алынған түсініктемелердің негізінде түгендеу комиссиясы анықталған жетіспеушіліктердің, жоғалтулар мен бүлінулердің, артықшылықтардың себептерін анықтайды және осыған байланысты алынған айырмашылықтардың тәртібін реттейді.
Барлық жетіспеушіліктер мен артықшылықтар бойынша, сонымен қатар дебиторлық қарыз бойынша талап ету мерзімінің өтуімен байланысты түгендеу комиссиясымен сәйкес жұмысшылардан жазбаша түсініктеме алынуы керек.Ұсынылған түсініктемелер мен материалдардың негізінде тұрақты әрекет етуші түгендеу комиссиясы анықталған жетіспеушіліктер, жоғалтулар мен құндылықтар бүлінуінің, сонымен қатар артықшылықтардың сипаттамасын бекітеді.
Тұрақты әрекет етуші түгендеу комиссиясы салыстыру ведомостарының дұрыстығын тексереді және өз қорытындыларын түгендеу нәтижесі бойынша хаттамада көрсетеді. Онда жетіспеушілікке, жоғалтуға және артықшылыққа кінәлілер мен оның себептері туралы толық мәліметтер келтіріледі, сонымен қатар кінәлі адамдарға қатысты қандай шаралар қолданылғандығы, әрі бухгалтерлік есеп мәліметтеріне қарсы құндылықтардың нақты болуын реттеу бойынша ұсыныстар келтіріледі.
Бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес түгендеу нәтижелерін мынадай тәртіппен реттейді: