Шпаргалка по "Бухгалтерлік есеп"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2011 в 16:23, шпаргалка

Краткое описание

Работа содержит ответы на вопросы по дисциплине "Бухгалтерлік есеп".

Содержимое работы - 1 файл

БУХ.doc

— 479.00 Кб (Скачать файл)
  • бухгалтерлік есептің уақытылы және есеп берудің толық тиісті талаптарына сәйкес жургізілуі;
  • бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізуде қолданылатын синтетикалық және аналитикалық шоттарының жұмыс жоспары;
  • алғашқы есеп құжаттарының типтік нысандары;
  • ұйымның ішкі бухгалтерлік қорытынды есеп құрудағы құжат нысандары;
  • актив пен міндеттемелер тугендеуін өткізу тәртібі;
  • актив пен міндеттемелерді бағалау әдістері;
  • құжат айналымы ережелері мен есеп ақпараттарын өңдеу технологиясы;
  • шаруашылық операцияларды бақылау тәртібі;
  • бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға қажетті басқа шешімдер.

      Кәсіпорынның  қабылдаған есеп саясаты сол ұйымдағы бухгалтерлік есептің маңызыды мәселелерінің бірі.6

  Ұйымның есеп саясатын таңдауы мен негіздеуіне  келесі негізгі факторлар әсер етеді:

  - меншік нысаны мен құқықтық-ұйымдастырушылық нысаны (жауапкершілігі шектеулі серіктестік,ашық акционерлік қоғам, жабық акционерлік қоғам, өндірістік кооператив және тағы басқа);

  -салалық  қызметінің түрі (өнеркәсіп, құрылыс,  сауда, көлік, ауыл шаруашылығы  және тағы басқа);

  - қызметінің көлемі,  жұмысшылары   мен  қызметкерлсрінің орташа  тізімдік саны және тағы басқа;

  салық салу жүйесімен арақатынасы (әр түрлі салық түрлері бойынша жеңілдіктер немесе салық төлеуден босату, салық мөлшері және тағы басқа);

  - қаржы-шаруашылық қызметін дамыту  стратегиясы (ұйымның экономикалық  дамуының ұзақ мерзімдік перспекгтивасының мақсаттары мен міндеттері, инвестициялардың жұмсалу бағыты, перспективалы 
мәселелсрді шешудің тактикалық тәсілдері);

  - үйымның ақпаратгық қамсыздандыру  жүйесі (оның тиімді әрекетіне  қажетті барлық бағыттары бойынша);

  - материалдық базасының болуы  (компьютерлік техника мен басқа  да оргтехника жабдықтарымен қамсыздандырылуы,   бағдарламалық-әдістемелік  қамсыздандыру және тағы басқалар);

  - кәсіпорындағы бухгалтер  мамандарының  (қаржы бөлімі  қызметкерлерінің) білікгілігі және басшылардың экономикалық батылдылығы, ынталылығы мен тапқырлық дсңгейі;

  Кез келген ұйымның өзінің қызметін іске асыру үшін таңдап бекіткен есеп саясаты  толықтылық, уақытылық, саттық, қарама-қайшылықсыздығы  мен  орындылық талаптарына сай  болу қажет.

            Көрсетілген талаптардың  әрқайсының мазмұнын қарастырайық.

      Толықтылық. Кәсіпорынның таңдап алған есеп саясаты оның объектілерді есептеу жолын толық қамтамасыз ету керек.

      Уақытылық. Кәсіпорынның шаруашылық әрекетінің фактрлері бухгалтерлік есеп пен бухгалтерлік есеп беруде  уақытында көрініс табу қажет. Ешқандай операциялар бухгалтерлік есеп шоттарында тіркеу барысында кешіктірілмейді немесе орындалмай тұрып есепке алынбайды.

      Сақтық.  Қолданылатын есеп әдістері бухгалтерлік есепке алынуға тиісті кірістер мен табыстарға қарағанда, жасырын резервтердің жасалуына жол бермей, шығындар мен міндеттемелерді айқын бейнелеуге дайын болуды қамтамасыз ету керек, яғни есепке алынған немесе алуға нақтылы мүмкіндік бар болатын кірістер алынады.

      Қарама-қайшылықсыздығы. Есептің таңдалынған әдістері- әр айдың соңғы календарлық күніне айналымның аналитикалық есебі мен шоттар бойынша қалдықтырдың синтетикалық есеп мәліметтерінің теңдігін қамтамасыз етіп отыру қажет.

      Орындылық. Кәсіпорынның есеп саясаты бухгалтерлік есепті орынды және үнемді жүргізуді қамтамасыз ету керек.

            Кәсіпорынның есеп саясаты сол кәсіпорында қолданылатын   бухгалтерлік есеп жүйесінің тұтастығын және оны құраушы әдістемелік, техникалық, ұйымдастырушылық жақтардың барлығын қамтиды.

            Есеп саясатының әдістемелік жағына мына элементтер кіреді: мүлік пен  міндеттемелерді  бағалау әдістері, мүліктің әрбір түрлері бойынша амортизация ( тозу) есептеу әдістері, табысты (түсімді) есептеу әдістері және тағы сол сияқты. Осылайша белгіленген заңға сәйкес кез келген заңды тұлға болып табылатын ұйым өзінің есеп саясатын құрастырған уақытта төменде аталған бухгалтерлік есептің негізгі әдістемелік аспектілерің айқындауы қажет.

  • Негізгі құралдарына амортизациялық аударым сомасын есептеу әдістері.
  • Материалдық емес активтеріне амортизациялық аударым сомасын есептеу және оларды есептен шығару жолдары.
  • Шығындарды топтау мен өндіріс шығындарына жатқызу әдістері.
  • Өндіріс шығындарын және өнімнің өзіндік құның есептеу, яғни калькуляциялау жүйесі.
  • Жанама шығындарды анықтау және оларды объектілер арасында тарату әдісі.
  • Дайын өнімдерді кіріске алудың есебі.
  • Аяқталмаған өндірісті анықтау және бағалау жолдары.
  • Материалдық қорларды бағалау әдітері.
  • Негізгі құралдарды жөндеу бойынша шығындар есебің ұйымдастыру.
  • Курстық айырманы есептеу.
  • Тағы да басқалар.

      Өндірістік  шығындарды есептеу  мен өнімнің өзіндік  құның есептеу, яғни калькуляциялау жүйесі

            Өндірістің технологиялық  және ұйымдастырушылық ерешеліктеріне, өндірістік циклдің ұзақтығына, өнім түріне, оның  күрделігіне, өндірістің түрі мен сипатына байланысты кәсіпорындар шығындарды есептеу мен өнім құнын  калькуляциялаудың келесі негізгі әдістерің қолдана алады:

            -нормативтік әдіс

           -өндірістік өндеу сатысы

            -тапсырыстық әдіс

      Жанама  шығындарды калькуляциялау объектілері арасында тарату әдісі

      Жанама (қосымша) шығындарды тарату базасы ретінде  кәсіпорын мына төменде аталған әдістерді пайдалана алады:

  • өндірістік жұмысшылардың еңбекақысын төлеуге байланысты тікелей (прямые) шығындар;
  • тікелей шығындардың жалпы сомасы;
  • материалдық шығындардың сомасы;
  • сметалық мөлшерлеме;
  • өткізілген (шығарылған) өнім көлемі.

      Аяқталмаған өндірістің бағалануы

      Жаппай  және сериалы өндірісте аяқталмаған  өндіріс былайша бағаланады:

  • нақты немесе нормативті өндірістік құн бойынша;
  • тікелей шығындар бойынша;
  • жұмсалған шикізаттар мен материалдардың құны бойынша.

      Өнімнің бір ғана түрің өндіретін кәсіпорындардың бухгалтерлік баланысында аяқаталмаған өндіріс нақты жұмсалған шығындар бойынша есептелінеді.

      «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есепберу туралы»  Қазақстан Республикасының заңы бойынша кәсіпорындағы бухгалтерлік есепте қолданылатын тіркелімдердің мазмұны және бухгалтерлік ішкі есеп мәліметтері коммерциялық құпия болып есептелінеді.

            Кәсіпорының есеп саясаты  осы ұйымның құрылған уақытында  дайындалады. Оны дайындаумен кәсіпорының  бас бухгалтері немесе арнайы есеп бөлімі айналысады. Дайындалған есеп саясатын кәсіпорынның басшысы өзінің бұйрығымен немесе өкімімен бекітеді.

             Бұйрықтың құрамында  есеп саясатының есеп беру  жылына          қабылданған  барлық пунктерінің мазмұны толық  ашылып жазылады. Сонымен қатар   әр пункте тоқтала келіп қандай  нормативтік құжат бойынша немесе қандай заң негізінде есеп саясатының дайындалғандығы көрсетіледі. Қазақстан Республикасының заңдарымен қатар есеп саясатын дайындауда ұйымның ішкі құжаттары негізге алынған болса міндетті түрде ол туралы түсініктеме берілуі қажет.

  Кәсіпорынның есеп саясатына енгізілген өзгертулер осы ұйымның басқару құжаттарымен, яғни бұйрық, оөім немесе қаулыларымен рәсімделінуі қажет. Ұйымның қабылдап бекіткен есеп саясаты сол кәсіпорынның кызмет атқаруы барысында қолданылады. Оған өзгеріс енгізу мынадай жағдайларда жүргізілуі мүмкін:

       -  Қазақстан Республикасының  бухгалтерлік есеп және қаржылық  есеп   беру туралы заңының  өзгеруіне сәйкес;

        - бухгалтерлік есеп бойынша нормативтік  актілерді  өзгеруі салдарынан;

        - жаңа бухгалтерлік есеп стандартына көшуге байланысты және тағы да басқа.

        Кәсіпорынның  бухгалтерлік есепті  жүргізуі жолдары ұйымның есеп  саясатының дайындалған кезінде  таңдалып алынады. Бұл есеп  саясаты кәсіпорынның барлық  құрлымдық бөлімшелерінде олардың  орналасқан орындарына қарамастан қолданылады. Ұйымның филиалдарының, еншілес және тәуелді серіктестерінің және тағы басқа бөлімшелерінің өзіндік бухгалтерлік есеп жолдарын жүргіуіне, яғни басқа есеп саясатын таңдауына құқығы жоқ.

              Бас  кәсіпорын қаржылық қызметінің  бөлімшелерін есеп саясатындағы болған өзгерістер туралы алдын ала қамтамасыз етуге қажет.

      Ұйымдардың түсініктеме жазуларында  жыл бойы орындалған жұмыстар  бойынша жасалынған қаржылық  талдаудың мәтінімен қатар бухгалтерлік  қорытынды есеп туралы шығарылған  шешім және таза табысты бөлу  тәртібі жазылады. Сонымен қатар  осы түсініктеме жазуда кәсіпорынның келесі жылға қабылданылған есеп саясаты жазылады.

      Қазақстанның бухгалтерлік есеп стандарттарыңда және ол бойынша жасалған әдістемелік ұсыныстарыңда басқарушылық пен қаржылық есебін жүргізудің қоғамдық тұрғысынан танылған тәсілдері мен әдістері, ережелері мен қағидалары белгіленген, онда әрбір кәсіпорындардың техникалық базасына, олардың шешетін міндеттемелерінің күрделілігіне, басқарушы қызметкерлердің біліктілігіне қарап нақтыланған.7

  Кәсіпорынның  бастапқы бақылауын жүзеге асыру  үшін таңдап алынған тәсілдер жиынтығы, құндық өлшемдері, ағымдағы топтастыруы және бухгалтерлік есептегі шаруашылық қызметіне жасалған қорытынды шолу фактілері кәсіпорынның есептік саясатында көрініс табуы тиіс. Басқаша айтқанда, есептік саясат — бұл бухгалтерлік есептің әдісін жүзеге асыратын тетігі.

  Бухгалтерлік  есеп жүйесін жүргізудің жалпы қағидасы мен ережесі нормативтік-құқықтық құжаттарда белгіленген.

  Оларды  жүзеге асыру барысында нақты  кәсіпорынның есептік саясаты келесідей жорамалдардан алынғаны жөн:

  - кәсіпорын өз мүлкімен өзімен-өзі болушылығы (кәсіпорын өз балансында тек заң бойынша танылған мүліктерді ғана көрсетеді, ал қалған барлық  құндылықтар мен міндеттемелер баланстан тыс шоттарда есепке алынады);

  - толассыз қызметі (есеп саясатының  мәселесі бойынша қандай да бір қабылданатын шешім, кәсіпорын өз қызметін болашақ кезеңде тоқтатпайтындығы немесе қызмет масштабын қысқартпайтындығы басшылыққа алынуы керек);

  - есеп саясатын пайдаланудың жүйелілігі (шаруашылық операциясын көрсету  әдісінің тұрақтылығы, есеп беру жылының барысында міндеттеме мен мүлікті бағалау, сондай-ақ бір есептік жылдан басқасына өткен кезде де);

  - шаруашылық қызметіндегі фактілердің  мерзімділік анықтылығы (әр фактілердің түскен немесе төленген кезіне қарамастан, олар өзінің орындалған немесе орын алған кезеңіне жатқызылуы керек).

       Пайдаланатын есеп саясатының басты міндеті мен негізгі арналымы — кәсіпорынның қызметін барынша пара-пар көрсету, іс мүддесі үшін осы қызметтің тиімділігін реттеу мақсатында толық, объективті және шынайы ақпаратпен қалыптастыру.

  Ол  есеп процесінің барлық тараптарын қамтуы керек: әдістемелік, техникалық, ұйымдық жақтарын.

  - Әдістемелік аспектісі деп кәсіпорында өнімнің өзіндік құнын есептеу, амортизацияны шығару, міндеттеме мен мүлікті бағалау үшін пайдаланатын әдістерін айтады; техникалық деп осы әдістердің синтетикалық шоттарында көрсету сызбасы, есеп регистрлерінде осы әдістің қалай жүзеге асқандығын айтады; ұйымдық деп осы әдістердің бухгалтерлік қызмет тұрғысынан жүзеге асқандығын, оның кәсіпорынды басқару құрылымындағы алатын орнын айтады.

  Есеп  саясатының әдістемелік бөлігі нақты  шаруашылық ахуалынан, олардың қолдану тәртібінде белгіленген және бухгалтерлік есеп Стандартының біршама рұқсатымен бухгалтерлік есепті жүргізудің белгілі бір әдістерінен тандап алу жолымен қалыптасады. Егер де стандартты бухгалтерлік есепті жүргізудің кейбір объектілері көрсетілмесе, онда бухгалтерлік есеп бойынша нормативтік актілер мен заң талаптарына сөйкес, кәсіпорынның өзі есеп жүргізудің процедурасын дербес әзірлей алады.

Информация о работе Шпаргалка по "Бухгалтерлік есеп"