Салықтық есепті ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Мая 2012 в 13:55, курсовая работа

Краткое описание

Диплом алды іс – тәжірибесі – мамандықтың оқыту жоспарының аса маңызды элементтерінің бірі, сондықтан да оқыту пәндері бойынша білімді бақылаудың аса маңызды түрі болып табылады. Ол студенттердің өз мамандығына қатысты білім алуына, білім деңгейін дамытуға өз үлесін қосады, сонымен қатар профессионалдық, ұйымдастырушылық жұмыс біліктілігін арттыруға, өндірістік практика пәні бойынша ақпаратты жалпылау мен рәсімдеу, жинақтау үрдістеріне байланысты сұрақтарды оқып – білуге үлкен септігін тигізеді.

Содержание работы

Кіріспе

I
Жалпы бөлім

1.1
Іс – тәжірибе базасымен танысу. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп және аудитпен танысу

1.2
Қаржылық есептілікті экспресс талдау

II
Қаржылық есеп және аудит

2.1
Капитал есебі мен аудиті

2.2
Негізгі құралдар, материал емес активтердің есебі мен аудиті

2.3
Материалдық қорлар есебі мен аудиті

2.4
Ақша қаражаттарының есебі мен аудиті

2.5
Дебиторлық қарыздың есебі мен аудиті

2.6
Міндеттемелердің есебі мен аудиті:
- Еңбекақы бойынша жұмыскерлермен есепайырысу есебі мен аудиті;
- Мердігерлер мен жеткізушілермен есепайырысу есебі мен аудиті;
- Басқа да кредиторлық қарыздардың есебі мен аудиті





2.7
Қаржылық қорлардың есебі мен аудиті

III
Өнімді өндіру және өткізудің басқарушылық есебі мен аудиті

3.1
Өндірістік шығындар және өнімнің өіндік құнынның есебі мен аудиті

3.2
Дайын өнімді шығару және өткізу есебі мен аудиті

3.3
Кәсіпорындағы шығындарды бақылау және жоспарлау жүйесін ұйымдастыру

IV
Салықтық есепті ұйымдастыру

4.1
КТС салық есебі

4.2
ҚҚС салық есебі

Содержимое работы - 1 файл

перевод практика.doc

— 390.00 Кб (Скачать файл)

Өнім мен қызметтер өзіндік құнын жоспарлау, сметалық және нормалау калькуляциялар алдын ала түзілетін калькуляциялар толып саналады, оларды өнім шығарудан бұрын түзеді. Бухгалтерлік есептің мәліметтері бойынша түзіліп нақы шығындарды бейнелейтін калькуляцияларды есепті деп атайды.

Өзіндік құнды есептеу үшін калькуляцияланатын өнімнің бір  бірлігіне келетін шығындарды топтастыру қажет. Шоттардың бастапқы топтастырылуы калькуляция түзудің бағынышты міндетіне байланысты. Өндіріске жұмсалатын шығындар есебінің тәртібі өндірістік үрдіс технологиясы мен ұйымдастыру ерекшеліктері және бірқатар жағдайларға байланысты болады. Өнімнің көп түрін өндіретін кәсіпорындағы калькуляциялық шоттарда өнімнің белгілі бір түріне ғана жататын шығындарды тікелей бейнелеуге болады; 8410 «Үстеме шығыстар» тобының жинақтаушы – бөлістіруші шоттарында есепке алынады. Осы шотта жиналған шығындарды бұйымдардың әрбір түріне тікелей апаруға болмайтындықтан оларды бөлістіру, яғни өндірілетін өнімнің барлық түрлеріне жанама түрде апару керек. Бұл калькуляцияла үрдісін қиындатып бұйымдар түрлерінің арасындағы үстеме шығыстарды жанама түрде бөлістіру үшін негіз белгілеу қажеттілігін тудырады.

Кірістерді ала отырып кәсіпорын белгілі бір шығындар шегеді.

Шығындар – өндіріс, өнімді өткізу және басқа қызмет нәтижесінде активтердің азаюы не міндетттемелердің пайда болуы. Шығыстар бір есепті кезеңдегі тиісті кірістердің есебімен байланысты таылады. Шығыстар, кірістер мен шығыстардың есебінде бейнеленетін ағымдағы және баланста көрсетілген мерзімі ұзартылған болып бөлінеді. Өндірістік шығындарды тікелей және үстеме деп бөледі. Тікелей шығындар сатулардың өзіндік құнын қалыптастырады. Қаржылық есепте үстеме шығындардың бөлістірілуі қажет етілмей, олар жұмсалған кезде кезең шығыстары болып танылады. Жалпы шығыстарға жалпы шаруашылық қызметтегі қызметкерлер мен менеджерлердің еңбек ақысы, сатып алушыларға тауарларды жеткізіп беру бойынша шығыстар және т.б. кіреді. Өнімнің өзіндік құны енгізілмейтін шығыстар кезең шығыстары деп аталады. Кәсіпорын шығыстарының есебі үшін «Шығыстар» бөлімінің активі, уақытша шоттары арналған. Шығыстар шоттардың дебетінде жинақталады, ал кредиті бойынша 5610 «Жиынтық пайда (залал)» шотының  дебетіне шығыс етіледі.

 

 

IV Салықтық есепті ұйымдастыру

 

4.1 Корпорациялық табыс салығы есебі

 

              Кәсіпорындар бюджетпен төлемдердің алуан түрлері: корпорациялық табыс салығы, жеке табыс салығы, қосымша құн салығы, әлеуметтік салық  және басқа салықтар бойынша есеп айырысулар жүргізеді. Бюджетпен есепайырысулар есебі 3100 «Салықтар бойынша міндеттемелер» кіші бөлімінің міндеттемелер шотына жүргізіледі. Шоттардың кредиті бойынша есепті кезеңнің басы мен аяғындағы қарыздың қалдықтары және бюджеттің пайдасына есептелген сомалар, ал дебет бойынша бюджет алдындағы қарыздың өтелуі бейнеленеді.

              Корпорациялық табыс салығының есептелуін 3110 «Төлеуге тиісті корпорациялық табыс салығы» шотының кредиті мен 7710 «Корпорациялық табыс салығы бойынша шығыстар» шотының дебеті бойынша есептеледі. Бұрын мерзімдері ұзартылған салық ативтері мен міндеттемелер 632 бір бухгалтерлік шотта есепке алынған, ал қазіргі уақытта мерзімі ұзартылған салық міндеттемелері үшін 4310 «Корпорациялық табыс салығы бойынша кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер» тобының шоты, ал кейінге қалдырылған салық активтері үшін 2810 шоты пайдаланылады. Бюджетке төлеуге тиіс жеке табыс салығының сомасына 3120 шоты кредиттеліп, 3030, 3350 және т.б. шоттары дебеттеледі. Кәсіпорындар бюджетпен төлемдердің алуан түрлері: корпорациялық табыс салығы, жеке табыс салығы, қосымша құн салығы, әлеуметтік салық  және басқа салықтар бойынша есеп айырысулар жүргізеді. Бюджетпен есепайырысулар есебі 3100 «Салықтар бойынша міндеттемелер» кіші бөлімінің міндеттемелер шотына жүргізіледі. Шоттардың кредиті бойынша есепті кезеңнің басы мен аяғындағы қарыздың қалдықтары және бюджеттің пайдасына есептелген сомалар, ал дебет бойынша бюджет алдындағы қарыздың өтелуі бейнеленеді.

              Корпорациялық табыс салығының есептелуін 3110 «Төлеуге тиісті корпорациялық табыс салығы» шотының кредиті мен 7710 «Корпорациялық табыс салығы бойынша шығыстар» шотының дебеті бойынша есептеледі. Бұрын мерзімдері ұзартылған салық ативтері мен міндеттемелер 632 бір бухгалтерлік шотта есепке алынған, ал қазіргі уақытта мерзімі ұзартылған салық міндеттемелері үшін 4310 «Корпорациялық табыс салығы бойынша кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер» тобының шоты, ал кейінге қалдырылған салық активтері үшін 2810 шоты пайдаланылады. Бюджетке төлеуге тиіс жеке табыс салығының сомасына 3120 шоты кредиттеліп, 3030, 3350 және т.б. шоттары дебеттеледі.

 

              4.2 Қосымша құнға салық есебі

 

              «Қосымша құнға салық» 3130 шоты бюджетпен салықтың сол түрі бойынша есеп айырысулардың операцияларын бейнелеуге арналған. ҚҚСжанама салықтарға жатып, тауарлар өндіру үрдісінің барлық кезеңдерінде құралатын құн өсуінің бөлігін бюджетке алу нысаны болып табылады. Салық салыну объектілері Қазақстан Республикасы аумағында меншікті өндірістің де, шеттен сатып алынған да тауарларды өткізу бойынша айналымдар болып табылады. ҚҚС 12 % мөлшерлемесімен есептеледі. Бюджетке төленуге тиіс ҚҚСсомасы сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің оларға өткізілген тауарлар (жұмыстар, қызметтер) үшін алынған салықтың сомасы мен жеткізушілер мен мердігерлерге, құны өндірістің шығындарына апарылған материалдық құндылықтар, жұмыстар мен қызметтерге төленген салықтың арасындағы айырма ретінде анықталады. 3130 шотының кредиті мен 1210, 1220, 1230, 2110, 2120, 2130 және т.б. шоттардың дебетімен байланыста сатып алушылар , тапсырушылар  мен басқа дебиторларға өткізілген өнім және басқа активтер үшін қойылған шоттары бойынша ҚҚС сомасы белгіленеді. 1420 «ҚҚС» шотымен байланыста есепке енгізілетін ҚҚС сомалары, ал ақша қаражаттарының есебі бойынша (1010,1030) шоттармен байланыста – бюджетке төленген ҚҚСсомалары бейнеленеді. Шикізат пен материалдар құнына жеткізушінің төленуге тиіс шоты қабылданды Д 1310 К 3310,4110; ҚҚСсомасына Д 1420 К 3310,4110. ҚҚс бюджетке қарыздарды азайту есебінен есепке енгізілуі Д 3130, К 1420; алынған ҚҚСпен төленген ҚҚС – тың сомалары арасындағы айырма және акциздер ағымдағы банктік шоттан бюджетке аударылуы Д 3130, К 1030 шоттарында корреспнденцияланады. «Қосымша құнға салық» 3130 шоты бюджетпен салықтың сол түрі бойынша есеп айырысулардың операцияларын бейнелеуге арналған. ҚҚСжанама салықтарға жатып, тауарлар өндіру үрдісінің барлық кезеңдерінде құралатын құн өсуінің бөлігін бюджетке алу нысаны болып табылады. Салық салыну объектілері Қазақстан Республикасы аумағында меншікті өндірістің де, шеттен сатып алынған да тауарларды өткізу бойынша айналымдар болып табылады. ҚҚС 12 % мөлшерлемесімен есептеледі. Бюджетке төленуге тиіс ҚҚСсомасы сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің оларға өткізілген тауарлар (жұмыстар, қызметтер) үшін алынған салықтың сомасы мен жеткізушілер мен мердігерлерге, құны өндірістің шығындарына апарылған материалдық құндылықтар, жұмыстар мен қызметтерге төленген салықтың арасындағы айырма ретінде анықталады. 3130 шотының кредиті мен 1210, 1220, 1230, 2110, 2120, 2130 және т.б. шоттардың дебетімен байланыста сатып алушылар , тапсырушылар  мен басқа дебиторларға өткізілген өнім және басқа активтер үшін қойылған шоттары бойынша ҚҚС сомасы белгіленеді. 1420 «ҚҚС» шотымен байланыста есепке енгізілетін ҚҚС сомалары, ал ақша қаражаттарының есебі бойынша (1010,1030) шоттармен байланыста – бюджетке төленген ҚҚСсомалары бейнеленеді. Шикізат пен материалдар құнына жеткізушінің төленуге тиіс шоты қабылданды Д 1310 К 3310,4110; ҚҚСсомасына Д 1420 К 3310,4110. ҚҚс бюджетке қарыздарды азайту есебінен есепке енгізілуі Д 3130, К 1420; алынған ҚҚСпен төленген ҚҚС – тың сомалары арасындағы айырма және акциздер ағымдағы банктік шоттан бюджетке аударылуы Д 3130, К 1030 шоттарында корреспнденцияланады.

 

 

 

                            Қорытынды

 

                            Жоғарыда мазмұндалған ақпараттарды жалпылай келе ҚҚМЗ «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және жүргізу бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік қағидаларына негізделіп, әдіснамалық негізі бухгалтерлік есеп стандарттары екендігіне қорытынды жасауға болады. Бухгалтерлік қызметтердің жұмысы жоғары деңгейде, дұрыс және нақты жүргізілуі қаржылық – шаруашылық талдаудың ағымдық тексерілуін, өндірістік қызметтегі жоспарлаудағы стратегиялық және оперативті дұрыс шешімдірді қабылдауға негіз болып саналатын ақпараттың дұрыс және мерзіміне сәйкес жасалып отыруы кәсіпорынның дамуына көп септігін тигізеді.

                            Іс – тәжірибелік есепте қарастырылған бухгалтерлік есепті жүргізу және оны ұйымдастыру, қорлар, ақша қаражаттары, міндеттемелер, негізгі құралдар, материал емес активтердің  бағалануы, олардың қозғалысы және есебін жүргізу  тақырыптары толығымен ашылды. Сондықтан да өнеркәсіп  кәсіпорындарында бухгалтерлік есептің халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес есебін жүргізіп, қазіргі заманға сай орындау негізгі қызметтердің бірі болып табылады. Қазақстанның одан әрі даму перспективалары және экономикалық дамуының тұрақтылығы мемлекеттің даму жолына түсуімен анықталады.

                            Бұл іс – тәжірибелік есепте  қарастырылатын тақырыптардың өзектілігі барлық өндірістік кәсіпорындардағы қаржылық есептіліктің дұрыс рәсімделуі, оның ішінде қорлардың, негізгі құралдардың ақша қаражаттарының, т.б. бағалау және бірнеше әдіс бойынша  дұрыс есебін жүргізу болып табылады.

                            Қорытынды ретінде келесі тұжырымдарға келуге болады:

1)                Кәсіпорынның ұйымдастырушылық түрі – Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестік;

2)                ҚҚМЗ «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС бухгалтерлік есебі  Қазақстан Республикасының заңшығарушылық – нормативті актілеріне сәйкес жүргізіледі және қабылданған кәсіпорынның есептік саясатына сәйкес жүргізіледі.

3)                Кәсіпорында шоттар корреспонденциясын жүзеге асыратын, сонымен қатар аналитикалық есеп, біріншілік құжаттарды өңдеумен айналысатын бас бухгалтер, бухгалтер, кассирден тұратын бухгалтерлік қызмет әрекет етеді.

4)                Өндірістік іс – тәжірибе өту мерзімінде қорлар есебі мен қаржылық есептілік құру бойынша ешқандай қателіктер орын алған жоқ.

5)                Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің талдаудың ұйымдастырушылық  формалары  басқарудың техникалық деңгейі және аппарат құрамымен анықталады.

                            ҚҚМЗ «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС аналитикалық жұмысты бас бухгалтер атқарады. Аналитикалық жұмыстың координациялануы үшін технико – экономикалық кеңестер құрылуы мүмкін, олардың құрамына кәсіпорынның барлық қызметтері мен бөлімдер жетекшілері кіреді.

Кәсіпорынның бөлімдері мен қызметтерінің жетекшілері және бас бухгалтердің атқаратын аналитикалық қызметтеріне келесілер жатады:

-                     Бір жылға шығындарды жоспарлау, нақты шығындарды талдау және оларды жоспармен салыстыру;

-                     Кәсіпорынның өнімінің жоспарлық өзіндік құнын есептеу;

-                     Өндірілетін өнімге материал шығындарының нормасын өңдеу және бекітілген нормаларға сәйкес материалдардың көшірілуіне бақылау жасау;

-                     Еңбекақыны есептеу;

-                     Статистикалық және оперативті есептілікті құрастыру.

                            Жалпы алғанда кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау қорытындылары бізге аталған өндірістік кәсіпорындағы қаржылық тұрақтылық пен қызметтің өте жақсы көрсеткіштерді сипаттап отыр, ал ликвидтілік көрсеткіштерінің және төлем қабілеттілігінің өсу тенденциясы байқалатындығын анық көруге болады. Кәсіпорынның ликвидтілігі келесі сипатта: өтеу коэффициентінің көлемі жыл соңында он екі пункт бойынша өседі, ол айналым құралдарының қысқа мерзімді міндеттемелерге қарағанда ұлғаюын көрсетеді. Кәсіпорының іскерлік белсенділігі алдыңғы жылдарға қарағанда жоғарылады; ағымдағы активтердің мерзімі бес күнге, жиынтық активтер үш күнге ұлғайғандығы барлық көрсеткіштердің жақсы болуы кәсіпорынның іскерлік белесенділігі жоғары дәрежеде екендігіне көзімізді жеткізеді.

 

 

             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

1.      28.02.2007 N 234-ІІІ «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы  .

2.  Қазақстан Республикасының Кодексі «Салықтар және бюджетке басқа да міндетті төлемдер»  01.01.2007 ж.- Алматы: Есепшінің орталық үйі, 2007.

3. Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігімен бекітілген бухгалтерлік есеп шоттарының Типтік жоспары 23.05.2007 ж. №185. 

4. Абдыманапов А. Концептуальные основы и принципы бухгалтерского учета: Учебное пособие.  – Алматы, 2003. - 234 с.

5. Грюнинг Х. Ван, Коэн М. Международные стандарты финансовой отчетности: Практическое руководство / На рус. и англ. яз. 2-е изд., испр. и доп. – М.: Издательство «Весь мир», 2004. – 336 с.

6. Друри К. Введение в управленческий и производственный учет: Учебное пособие для вузов /Пер. с англ.; Под ред. Н.Д. Эриашвили. 3-е изд., перераб. и доп.- М.:Аудит, ЮНИТИ, 2005.  – 783 с.

7. Каморджанова Н.А., Карташева И.В. Бухгалтерский учет. – М., 2005.

8. Козлова Е.П., Парашютина Н.В., Бабченко Т.Н., Галанина Е.Н. Бухгалтерский учет.- М.: Финансы и статистика, 1995.- 471 с.

9. Международные стандарты финансовой отчетности. – М.: АСКЕРИ, 2005.

10. Нидлз Б.  и др. Принципы бухгалтерского учета / Б. Нидлз, Х. Андерсон, Д.

Колдуэл / Пер. с анг.; Под ред. Я.В. Соколова.  2-е изд., стереотип. – М.: Финансы  и статистика, 1999. –  496 с.

11. Попова Л.А. Бухгалтерский учет: Финансовый аспект: Учебное пособие. Караганда, 2003. -257 с. 

12. Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Бухгалтерский учет на предприятии: Учебник - Алматы: Центраудит - Казахстан, 1998. – 498 с.

13. Сейдахметова Ф.С. Современный бухгалтерский учет: Учебное пособие. В 2-х частях. Ч.1/ Под общей ред. чл.-корр. НАН РК, д.э.н., проф. Н.К. Мамырова. – Алматы: Экономика, 2005. – 336 с.

14. Словарь банковских и финансово-экономических терминов / Под ред. д.э.н., проф. Н.К. Мамырова. – Алматы: Экономика, 2005. – 570 с.

15. Соловьева О.В. Международная практика учета и отчетности: Учебник. – М.: ИНФРА – М, 2004. -332 с.

16. Ткач В.И., Ткач М.В. Международная система учета и отчетности. - М.: Финансы и статистика, 1994. – 144 с.

17. Торшаева Ш.М. Теория бухгалтерского учета.  – Караганда, 2000. 155с.

18. Торшаева Ш.М. Принципы бухгалтерского учета: Учебное пособие. – Караганда, 2006.-244 с.

19. Хонгрен Ч.Т., Фостер Дж. Бухгалтерский учет: управленческий аспект / Пер. с анг.; Под ред. Проф. Я.В. Соколова. – М.: Финансы и статистика, 1997. – 576 с.

20. Шмидт О.И., Митрохина Л.А. Бухучет в малом бизнесе // Библиотека бухгалтера и предпринимателя. – 2003. №6. - С. 4-11.

21. Штиллер М.В., Сеилова М.М. Принципы бухгалтерского учета: Практикум: Учебное пособие.-  Алматы: Экономика, 2004. – 276 с.

 

 

 

 

 



Информация о работе Салықтық есепті ұйымдастыру