Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Мая 2012 в 13:55, курсовая работа
Диплом алды іс – тәжірибесі – мамандықтың оқыту жоспарының аса маңызды элементтерінің бірі, сондықтан да оқыту пәндері бойынша білімді бақылаудың аса маңызды түрі болып табылады. Ол студенттердің өз мамандығына қатысты білім алуына, білім деңгейін дамытуға өз үлесін қосады, сонымен қатар профессионалдық, ұйымдастырушылық жұмыс біліктілігін арттыруға, өндірістік практика пәні бойынша ақпаратты жалпылау мен рәсімдеу, жинақтау үрдістеріне байланысты сұрақтарды оқып – білуге үлкен септігін тигізеді.
Кіріспе
I
Жалпы бөлім
1.1
Іс – тәжірибе базасымен танысу. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп және аудитпен танысу
1.2
Қаржылық есептілікті экспресс талдау
II
Қаржылық есеп және аудит
2.1
Капитал есебі мен аудиті
2.2
Негізгі құралдар, материал емес активтердің есебі мен аудиті
2.3
Материалдық қорлар есебі мен аудиті
2.4
Ақша қаражаттарының есебі мен аудиті
2.5
Дебиторлық қарыздың есебі мен аудиті
2.6
Міндеттемелердің есебі мен аудиті:
- Еңбекақы бойынша жұмыскерлермен есепайырысу есебі мен аудиті;
- Мердігерлер мен жеткізушілермен есепайырысу есебі мен аудиті;
- Басқа да кредиторлық қарыздардың есебі мен аудиті
2.7
Қаржылық қорлардың есебі мен аудиті
III
Өнімді өндіру және өткізудің басқарушылық есебі мен аудиті
3.1
Өндірістік шығындар және өнімнің өіндік құнынның есебі мен аудиті
3.2
Дайын өнімді шығару және өткізу есебі мен аудиті
3.3
Кәсіпорындағы шығындарды бақылау және жоспарлау жүйесін ұйымдастыру
IV
Салықтық есепті ұйымдастыру
4.1
КТС салық есебі
4.2
ҚҚС салық есебі
Гидравликалық жүйелер мен өзіндік жүретін тау – кен құрылғыларына арналған косымша бөлшектер және жерасты кеніштерінің жоғары көтеруге арналған уникалды қымбат құрылғылар шығару реттелді.
Қазіргі уақытта кеніштердің тапсырысы бойынша шпурларды зарядтау машиналары жасалады.
Пневматикалық бурильді құрылғылар және үлкен көлемді жерасты автосамосвалдарға арнайы дисктерді өндіру; жезбалқыту зауыты мен байыту фабрикаларына төзімді арнайы құрылғылар, стандартқа сай емес құрылғылар, «Жаман – Айбат», Артем, Балхаш қ. мырыш зауыты және Балхаш жезбалқыту зауытындағы құрғақ фильтрлер зауытының корпусына, № 67 Южный кенішіне арнайы металл конструкциялары дайындалады.
ҚҚМЗ «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС мемелекеттік жеңілдіктер мен преференцияларға ие емес, бюджеттік бағдарламаларға қатыспайды.
ҚҚМЗ «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС қызметінің жетекшісі директор болып табылады. Ол кәсіпорындағы жүргізілетін жұмыстарға тікелей жауапты болып табылады. Ал есептің уақытылы және дұрыс жүргізілуін бас бухгалтер қадағалап отырады. Ол қаржылық құжаттардағы екінші қол қоюға құқылы. Кәсіпорынның басты элементі ретінде бухгалтерлік бөлім қарастырылады. Себебі, онда кәсіпорындағы есеп объектілері мен шаруашылық құралдар есебі жүргізіліп отырады.
Бухгалтерлік бөлім құрылымына келесілер кіреді:
1) Бас бухгалтер – кәсіпорындағы бухгалтерлік және қаржылық есепті жүргізеді, салық және статистика ұйымдарына есеп тапсырумен айналысады;
2) құралдар бойынша бухгалтер – келіп түскен құжаттар барысында кәсіпорынға келіп түскен материал емес активтер, негізгі құралдар, материалды құндылықтар бойынша есеп жүргізеді;
3) кассир – ақша және қолма – қол ақша құралдарымен жұмыс жүргізеді.
Сонымен қатар, бухгалтерлік бөлімнің атқаратын қызметтеріне кәсіпорынның қаржылық жағдайын сараптамадан өткізу жатады. Осы сараптама барысында қандай бағыт бойынша жұмыс істеу тиімді және жасалған қорытындыны жақсарту үшін қандай жұмыстар атқарылуы тиіс екендігі қарастырылады. Бухгалтерлік бөлім кәсіпорынның қаржылық міндеттемелері мен салықтарды дәл және мерзіміне сәйкес төленіп отыруын қадағалауы тиіс; кәсіпорынның қызметі бойынша дәлме – дәл құжаттық есеп жүргізілуі тиіс, кейіннен ол тексеру ұйымдарына есеп беру үшін тапсырылады.
Кәсіпорынның есеп саясаты Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепті жүргізу талаптарына сәйкес құрылады. Кәсіпорын бухгалтерлік есепті екіншілік жазу тәсілімен типтік шоттар жоспарына сәйкес жүргізеді. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есептің міндеттері келесі есеп саясаты арқылы анықталады:
- Кәсіпорынның қызметі туралы оперативті жетекшілер мен басқарушылар және инвесторлар, делдалдар мен басқа да қызығушылығын танытқан тұлғаларға қажетті шаруашылық процесстер мен қорытындылар туралы толық және дұрыс ақпаратпен қамтамасыз ету;
- Мүлік қозғалысы мен қаржылық, еңбек және материалды ресурстардың рационалды қолданылуына бекітілген нормалар, нормативтер мен сметаларға сәйкес бақылауды жүзеге асыру;
- Ішкі резервтерді қадағалау мен бақылау, қаржылық – шаруашылық қызметтегі кері әрекеттерді мерзіміне сәйкес болжау, бақылау.
Кәсіпорында синтетикалық, аналитикалық регистрлар мен қаржылық есептілікті жүргізу үшін есептік ақпаратты автоматты тәсіл арқылы жазу («1С:Кәсіпорын» бағдарламалық қамтамасыз ету базасы негізінде дербес компъютерлерді қолдану тәсілі) және автоматтандырылмаған (қолжазба) тәсіл – шаруашылық операциялардың орындалу сәтінде біріншілік құжаттарды рәсімдеу үшін қолданылады. Жұмыскерлер өз қызметіне байланысты құжаттарды орнатылған график бойынша толтырып тапсырады. Осы құжаттардың мерзіміне сәйкес тапсырылуын бас бухгалтер қадағалап отырады.
ҚҚМЗ жерасты суларын қолданғаны үшін ай сайын 10% қойылымы бойынша роялти аударады, ол алынған судың өзіндік құны мен көлеміне байланысты өтеледі. ҚҚМЗ роялтиді өзі төлемейді, тек орталықтанған бухгалтерлік бөлімге декларация тапсырады. Стационарлы және ауыспалы ластау көздеріне (көлік) байланысты зауыи әр квартал сайын Қарағанды қ. Салық коммитетіне есеп тапсырып оны төлейді. Зауыттың қоршаған ортаны ластау бойынша өтеомеген қарызы жоқ; корпорация салықтар мен төлемдер бойынша орталықтанған қаржыландыруды өткізеді. 2005-2010 ж.ж. қоршаған ортаны қорғау мен роялти төлеу бойынша аударымдар салық коммитетіне тапсырылды; ҚҚМЗ тарихи шығындар мен бонустарға ие емес.
ҚҚМЗ «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС – ның құрылымдық бөлімі болып табылады және келесі өнімдерді шығарады:
- Корпорация кеніштеріне арналған скиптер мен клеттер;
- Кеніштік ұйымдарға арналған жылжымалы құрылғылар;
- Су айдауға арналған насостар;
- Цилиндрлер мен бөлектеуіштер;
- Конвейрлер;
- Құрылыс конструкциялары;
- Өзіндік басқарылатын техниканы жөндеуден өткізу;
- ҚҚМЗ «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС таукен – байыту құрылғыларының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін стандартқа сай емес құрылғылар мен басқа да қосымша бөлшектер дайындау.
Нарықтың ішкі және сыртқы түрлерінде бәсекеге қабілеттілік байқалады. Өндірілетін өнімнің сапасы тапсырыс берушілердің қойған талаптарына сәйкес келеді.
Автоматтық есеп түрлері(жүйешелер):
- Бухгалтерлік есеп;
- Өнімді өткізу басқармасы;
- Материалды – техникалық қамтамасыз ету басқармасы;
- Еңбек және жалақы төлеу есебі;
- Электрондық банк (Халық Банк, БТА)
Өндірісті оңтайландыру мақсатында ҚҚМЗ – на 110807$ қаражат келесі құрылғыларды сатып алуға бөлінді [9]:
№ | Атауы | Жоспар бойынша | Нақты сатып алынды | ||||
Саны, дана | Құны, дана | Сомасы,$ | Саны, дана | Құны, дана | Сомасы,$ | ||
1 | Полуавтомат сварочный ПДГ-50с ВДУ506 | 6 | 2 021,00 | 12 126,00 | 6 | 2 021,00 | 12 126,00 |
2 | Сварочный выпрямитель ВДУ-505Р | 1 | 1 692,00 | 1 692,00 | 1 | 1 692,00 | 1 692,00 |
3 | Горелка ГДПГ-301 | 6 | 179,00 | 1 074,00 | 6 | 179,00 | 1 074,00 |
4 | Горелка А1231-5-Г-2 | 6 | 158,00 | 948,00 | 6 | 158,00 | 948,00 |
5 | Резаки пропановые Р2-01П
| 3 | 189,00 | 567,00 | 3 | 189,00 | 567,00 |
6 | Машина листогибочная четырехвалковая мод.ИБ2424А6 | 1 | 60 000,00 | 60 000,00 | 1 | 60 000,00 | 60 000,00 |
7
| Трансформатор сварочный ТДМ-403У4 | 2 | 460,00 | 920,00 | 2 | 460,00 | 920,00 |
8 | Кантователи приводные | 6 | 3 080,00 | 18 480,00 | 6 | 3 080,00 | 18 480,00 |
9 | Ультразвуковой толщиномер мод.УТ-93П/1 | 2 | 1 500,00 | 3 000,00 | 2 | 1 500,00 | 3 000,00 |
10 | Ультразвуковой дефектоскоп УД2-70 | 1 | 12 000,00 | 12 000,00 | 1 | 12 000,00 | 12 000,00 |
| БАРЛЫҒЫ |
|
| 110 807 |
|
| 110 807 |
ҚҚМЗ жұмыс істеу тәртібі мен құрам бөлшектері:
№1 цех – қосымша бөлшектер, тау – кен өндірісіне арналған құрылғыларды дайындау мен оларды жөндеуден өткізу.
Металл бөлшектерді механикалық өңдеу әр түрлі металкесуші станоктарда орындалады. Цехтегі станоктардың жалпы саны 89 дана, оның ішінде тазартудан өткізу тобына жататындары 20 дана, токарлық топ 29 дана, дәнекерлеу станоктары 13 дана, т.б.
№2 цех – металл конструкцияларын, жеке дара құрылғыларды шығарады. Станоктардың жалпы саны 30 дана.
№3 цех – шойын қосалқы бөлшектерді шығаруға арналған. Станоктардың жалпы саны 49 дана, балқыту агрегаттары, формаларды дайындайтын құрылғылар, құю және тазартудан өткізу құрылғылары.
Гидравлика цехы – гидроқұрылғылар мен қосалқы бөлшектерді шығарады. У – 653 (1 дана) балқыту құрылғысы мен СВ08Г2С дәнекерлеу сым түрінің флюстік қабатының астында балқыту жұмыстары гидравлика цехінде жүзеге асырылады.
Осы аталып кеткен негізгі цехтерден басқа №7, құрылыстық – жөндеу бөлімі, жөндеуден өткізу бөлімі, құрал – жабдықтар бөлімі, жаңа техника мен метиздер бөлімі, ұсталық – пресстік бөлім, көмір қоймасы жұмыс істейді.
Еңбекақы төлеу жүйесі – сыйақылық мерзімдік. Сыйақы бір айдағы зауыт бойынша тауарлық өнімдерді өндіру көлеміне байланысты беріледі.
ҚҚМЗ – да персоналды оқыту және біліктілігін жоғарылату және дайындау жүйесі келесідей:
- Кадрларды дайындайтын өз орталығы;
- Корпорация есебінен төлеу арқылы ЖОО – да, арнайы орта оқыту ұйымдарында;
- Шет ел мамандарын шақыру.
Жыл сайын зауыт жұмыскерлері демалыс орындарына льготалық жолдамалар алады.
Әлеуметтік сала бойынша нақты шығындар:
Шығын түрлері | Барлығы: |
|
Спорткешен | ||
| ||
Материалдар | 27052,00 | 27052,00 |
Электрэнергиясы | 76198,00 | 76198,00 |
Еңбекақы | 355408,00 | 355408,00 |
Еңбекақыдан аударымдар | 56891,00 | 56891,00 |
Амортизация | 4472,00 | 4472,00 |
Цехтер қызметі | 267107,00 | 267107,00 |
Өзге де ұйымдардың қызмет көрсетуі | 213250,00 | 213250,00 |
Барлығы: | 1000378,00 | 1000378,00 |
Еңбекақы төлеу жүйесі – сыйақылық мерзімдік[7]. Сыйақы бір айдағы зауыт бойынша тауарлық өнімдерді өндіру көлеміне байланысты беріледі.
Зауыт құрамында үлкен асхана, денсаулық пункті, спорт кешені бар. Асхана құрамында 10 адам жұмыс істейді, жылдық кірісі шамамен 2 млн тенге, денсаулық пунктінде 6 адам қызмет етеді. Физиокабинет, пройедуралық бөлімше, терапевт қызметтері көрсетіледі. Спорт кешенінің ауданы 650 кв м, онда жаттығу залы, бильярд, монша, душ және демалу бөлмелері жұмыскерлерге қызмет көрсетеді.
Жоғарыда айтылып кеткен мәліметтерді түйіндей келе ҚҚМЗ «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС – дегі бухгалтерлік есепті ұйымдастыру мен жүргізу шаралары қаржылық есептілік және бухгалтерлік есеп қағидаларына, сонымен қатар бухгалтерлік қызметтің методологиялық негізі ретінде бухгалтерлік есеп стандарттарына негізделетінді деген қорытындыға келуге болады.
Бухгалтерлік қызметтің дәл, жинақы және реттеліп жоғары деңгейде орындалатындығы қаржылық – шаруашылық қызметтің ағымдағы сараптамасын жасауға, сонымен қатар өндірістік қызметтегі жоспарлау үрдісіне қатысты стратегиялық және дұрыс шешімдердің қабылдануы үшін дұрыс және мерзіміне сай ақпаратпен ішкі және сыртқы қолданушыларды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
1.2 Қаржылық есептілікті экспресс талдау
Есептілік – бұл кәсіпорынның қаржы – шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын көрсеткіштердің жиынтығы. Оның көрсеткіштері мерзімдімәліметтер мен солар үшін белгіленген кестелердегі есепті мәліметтерді қорыту жолдарымен қалыптастырылады.
Жеке балансы бар және заңды тұлға болатын барлық кәсіпорындар, сондай – ақ шаруашылық қызметтен кіріс алатын басқа шаруашылық субъектілер қаржылық есептілік түзуі тиіс.
Қаржылық есептілік бухгалтерлік баланс, кірістер мен шығыстар туралы есеп, ақшалар қозғалысы туралы есеп, меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп, есеп саясаты туралы ақпарат пен түсіндіру қағазынан тұрады. Есептіліктің негізгі нысаны бухгалтерлік баланс болып табылады. Баланстың мазмұны БҚЕС №30 «Қаржылық есептілікті тапсыру» стандартымен ретке келтіріледі.