Салықтық есепті ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Мая 2012 в 13:55, курсовая работа

Краткое описание

Диплом алды іс – тәжірибесі – мамандықтың оқыту жоспарының аса маңызды элементтерінің бірі, сондықтан да оқыту пәндері бойынша білімді бақылаудың аса маңызды түрі болып табылады. Ол студенттердің өз мамандығына қатысты білім алуына, білім деңгейін дамытуға өз үлесін қосады, сонымен қатар профессионалдық, ұйымдастырушылық жұмыс біліктілігін арттыруға, өндірістік практика пәні бойынша ақпаратты жалпылау мен рәсімдеу, жинақтау үрдістеріне байланысты сұрақтарды оқып – білуге үлкен септігін тигізеді.

Содержание работы

Кіріспе

I
Жалпы бөлім

1.1
Іс – тәжірибе базасымен танысу. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп және аудитпен танысу

1.2
Қаржылық есептілікті экспресс талдау

II
Қаржылық есеп және аудит

2.1
Капитал есебі мен аудиті

2.2
Негізгі құралдар, материал емес активтердің есебі мен аудиті

2.3
Материалдық қорлар есебі мен аудиті

2.4
Ақша қаражаттарының есебі мен аудиті

2.5
Дебиторлық қарыздың есебі мен аудиті

2.6
Міндеттемелердің есебі мен аудиті:
- Еңбекақы бойынша жұмыскерлермен есепайырысу есебі мен аудиті;
- Мердігерлер мен жеткізушілермен есепайырысу есебі мен аудиті;
- Басқа да кредиторлық қарыздардың есебі мен аудиті





2.7
Қаржылық қорлардың есебі мен аудиті

III
Өнімді өндіру және өткізудің басқарушылық есебі мен аудиті

3.1
Өндірістік шығындар және өнімнің өіндік құнынның есебі мен аудиті

3.2
Дайын өнімді шығару және өткізу есебі мен аудиті

3.3
Кәсіпорындағы шығындарды бақылау және жоспарлау жүйесін ұйымдастыру

IV
Салықтық есепті ұйымдастыру

4.1
КТС салық есебі

4.2
ҚҚС салық есебі

Содержимое работы - 1 файл

перевод практика.doc

— 390.00 Кб (Скачать файл)


Мазмұны:

 

 

Кіріспе

 

I

Жалпы бөлім

 

1.1

Іс – тәжірибе базасымен танысу. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп және аудитпен танысу

 

1.2

Қаржылық есептілікті экспресс талдау

 

II

Қаржылық есеп және аудит

 

2.1

Капитал есебі мен аудиті

 

2.2

Негізгі құралдар, материал емес активтердің есебі мен аудиті

 

2.3

Материалдық қорлар есебі мен аудиті

 

2.4

Ақша қаражаттарының есебі мен аудиті

 

2.5

Дебиторлық қарыздың есебі мен аудиті

 

2.6

Міндеттемелердің есебі мен аудиті:

-    Еңбекақы бойынша жұмыскерлермен есепайырысу есебі мен аудиті;

-    Мердігерлер мен жеткізушілермен есепайырысу есебі мен аудиті;

-    Басқа да кредиторлық қарыздардың есебі мен аудиті

 

 

 

 

 

2.7

Қаржылық қорлардың есебі мен аудиті

 

III

Өнімді өндіру және өткізудің басқарушылық есебі мен аудиті

 

3.1

Өндірістік шығындар және өнімнің өіндік құнынның есебі мен аудиті

 

3.2

Дайын өнімді шығару және өткізу есебі мен аудиті

 

3.3

Кәсіпорындағы шығындарды бақылау және жоспарлау жүйесін ұйымдастыру

 

IV

Салықтық есепті ұйымдастыру

 

4.1

КТС салық есебі

 

4.2

ҚҚС салық есебі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                            Кіріспе

                            Диплом алды іс – тәжірибесі – мамандықтың оқыту жоспарының аса маңызды элементтерінің бірі, сондықтан да оқыту пәндері бойынша білімді бақылаудың аса маңызды түрі болып табылады. Ол студенттердің өз мамандығына қатысты білім алуына, білім деңгейін дамытуға өз үлесін қосады, сонымен қатар профессионалдық, ұйымдастырушылық жұмыс біліктілігін арттыруға, өндірістік практика пәні бойынша ақпаратты жалпылау мен рәсімдеу, жинақтау үрдістеріне байланысты сұрақтарды оқып – білуге үлкен септігін тигізеді.

                            Диплом алды іс – тәжірибесі  студентің жоғарғы оқу орнында алған білімін пысықтайды, кәсіпорындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру облысында практикалық білім алуға, өндірістегі ұйымдастырушылық, басқарушылық және экономикалық сұрақтар бойынша профессионалды компетенциялық білім алуға көмектеседі.

                            Диплом алды іс – тәжірибесі  бағдарламасында кәсіпорындарда өту үшін арнайы тапсырмалар мен түсіндірмелер (ұйымдастыру, мазмұны), сонымен қатар практика қорытындысы мен бағалау критерийлері беріледі.

                            «Есеп және аудит» мамандығының студенттері диплом алды іс – тәжірибесін  мемлекеттік ұйымдарда, барлық түрдегі мүліктік ұйымдарда, экономиканы мемлекеттік реттеуді басқару ұйымдарында, нарықтық инфрақұрылым салаларында, ғылыми – зерттеулік ұйымдарында диплом алды іс – тәжірибесі  базасы ретінде өтуіне рұқсат етіледі.

                            Диплом алды іс – тәжірибесі оқу жоспарына сәйкес алтыншы тоқсаннан кейін өткізіледі, ұзақтығы сегіз апта.

                            Диплом алды іс – тәжірибесі мақсаты – болашақ мамандардың  қызметінде практика барысында алынған білімдерін теориялық түрде қалыптастыру болып табылады.

                            Диплом алды іс – тәжірибесі негізгі міндеттері:

- практика базасымен танысу, оның ұйымдастырушылық және өндірістік құрылымымен, менеджментімен танысу;

- қаржылық, экономикалық бөлімдер, бухгалтерлік бөлімшенің жұмысымен танысу және олардың өзара байланысын қарастыру;

- кәсіпорындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру шараларымен танысу;

- кәсіпорындағы қолданылатын бухгалтерлік есептің әдістерімен танысу;

- кәсіпорындағы шаруашылық операциялардың өңделуі мен рәсімделуінің тәртібімен танысу;

- бухгалтерлік есептің жеке бөлімдерімен танысу;

- болашақ дипломдық жұмыс тақырыбын таңдау үшін басты критерий болып табылатын ғылыми – практикалық қызығушылықты студенттің қабылдауы;

- ұйымда жұмыс атқару, шешім қабылдау үшін келіссөздер жүргізу бойынша практикалық жұмыстар атқару.

 

              I Жалпы бөлім

1.1      Іс – тәжірибе базасымен танысу. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп және аудитпен танысу.

              ҚҚМЗ «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Қазақстан Республикасының заңнамасына  сәйкес  өзіндік балансы, банктік шоттары бар жеке тұлға болып саналады, өз атынан мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды жүзеге асыруға және сатып алуға, сонымен қатар міндеттемелерді орындауға, сотта жауапкер мен жәбірленуші болуға толық құқылы.

                            Диплом алды іс – тәжірибесінің бірінші күнінде мен ҚҚМЗ «Қазақмыс корпорациясы» ЖШСқызметінің негізгі бағыттарымен және оның қызметінің құрылымдық бөлімдерімен жарғы негізінде таныстым. Кәсіпорын ҚР Конституциясына, ҚР Заңнамасы; ҚР Үкіметі мен Президентінің бұйрықтары мен уәкілетті органның және оның құрылымдық бөлімшелерінің нормативтік актілеріне сәйкес жарғы негізінде қызмет етеді.

                            ҚҚМЗ «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Қазақстан Республикасының заңнамасына  сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылады. Кәсіпорынның негізгі қызмет түрі болып мырыш және жез концентраттарын өндіру саналады, олар кейіннен басқа кәсіпорындарға өңделу үшін жіберіледі.

                            ҚҚМЗ «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС құрам бөлшектері:

Абыз және Нурқазған карьерлері, Қарағайлы байыту фабрикасы, Нурқазған байыту фабрикасы, электростанция және көмір шахталары болып табылады.

                            ҚҚМЗ «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС негізі 01.04.2000 жылы бұрынғы жылыту құрылғылары зауытының базасында қаланған, Қарағанды қаласынынң Октябрь ауданында орналасқан. Зауыттың негізгі цехтерінде құю жұмыстары, механикалық өндіру жұмыстары, т.б. атқарылады. Зауыттың негізгі өнімі – шойын шарлар болып табылады. Зауытта 150-ден астам мамандықтарда қызметкерлер жұмыс атқарады.

ҚҚМЗ «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС өз қызметін мемлекеттің араласуынсыз және өз құзіреті шегінде араласуы мүмкін болып өзіндік атқарады. Ол Қазақстан Республикасының заңнамасы, кәсіпорынның жарғысы және өз компеиенциясына сәйкес жүзеге асырылады.

                            Көмекші өндіріс цехтеріне:

1)                №1 құю цехі өз қоластындағы жөндеу және механикалық бөлімдерімен;

2)                Сапа және бақылау қызметі;

3)                Әкімшілік – шаруашылық қызметі;

4)                Күзет;

5)                Көлік бөлімі;

6)                Өрт қауіпсіздігі депосы жатады.

                            Цехте жетекшілікті цех басшысы жүзеге асырады. Ол өз қызметінде зауыт директорына бағынады. Цех басшысы жоспар көрсеткіштерінің толық орындалуына, өндірілетін өнім сапасына, еңбектің ұйымдастырылуының дұрыстығына, жұмыскерлердің жұмыс атқаруы үшін қауіпсіз және қолайлы жағдайларының жасалуына, ішкі ережелердің орындалуына  жауапты.

                            Бөлімше жетекшілігін бөлімше басшысы, аға шебер, шебер атқарады. Егер жұмыс екі немесе үш ауысымда атқарылатын болса, онда жетекшілікті ауысым шебері атқарады.

                            Шебер – бөлімшедегі еңбектің және өндірістің тікелей ұйымдастырушысы болып табылады. Әр жұмыскер күн сайын шебердің қатысуы арқылы  тікелей жұмысын атқарады, сонымен қатар олар техникалық, ұйымдастырушылық және басқа да сұрақтар бойынша шебермен сұхбаттасып жұмыстарын атқарады. Шебердің міндетті атқару жұмысы болып ең алдымен номенклатурада және өндіріс көлемі бойынша жоспарлық тапсырмалардың бөлімшенің атқарылуы үшін жағдай жасау табылады. Сонымен қатар, еңбек өнімділігінің өсуі, өндірілетін өнімнің жоғары сапасын, материалдардың рационалды және үнемді пайдалануын, өнім бірлігіне шаққандағы өндірістік шығындардың төмендеуін қадағалау болып табылады.

                            Шебер бригадалар мен жеке жұмыскерлерге өндірістік тапсырмалар береді, жұмысшылардың атқаратын жұмыстары жөнінде таныстыру жұмыстарын өткізеді, техникалық қауіпсіздік және өртке қарсы қауіпсіздік шараларының орындалуын, еңбек ету тәртібін, жұмыс орындарындағы тазалық пен тәртіпті; жұмыскерлердің білім деңгейлері мен біліктілікті жоғарылату үшін өз үлесін қосуға міндетті.

                            Өндірістік бөлімнің ұйымы бригадалардан тұрады және оларды бригадирлер басқарады. Бригада мүшелері еңбек заңнамасын, зауыттағы еңбекті ұйымдастыру нұсқаулары мен талаптарын және технология өнімділігін, машина және құрылғылар эксплуатациясы және қауіпсіздік техникасын сақтау міндетті. Бригадир ретінде білікті, бригада жұмыскерлерінің арасында құрметке бөленген және ұйымдастырушылық қабілеті бар адам тағайындалады.

                            Бригадир  бригада жұмыскерлеріне тікелей қатысты, міндетті өндіру жұмыстарына сәйкес нұсқаулар айтуға құқылы. Бригадалар кешенді және мамандандырылған болуы мүмкін.

                            Мамандандырылған бригада – бірегей технологиялық үрдістерде қатысатын бірдей мамандықтағы жұмыскерлер.

Кешенді бригада – әр түрлі мамандықтағы жұмыскерлер, олар өнім өндірудің толық циклына қатысты өзара байланысты, сонымен қатар әр түрлі технологиялық жұмыстарды атқарады. Кешенді бригада жұмыскерлері өзінің негізгі мамандығымен қатар қосымша бір немесе бірнеше мамандықтармен таныс болуы тиіс (1).

                            Кәсіпорынның жеке және заңды мекен – жайы 100004 Қараганда қ., Орлов к. 103 – әкімшілік және негізгі цехтер.

              Октябрь ауданы, 20-шы кеніш ауданы – құю цехі.

              Объектінің реквизиттері (СТН, банктік реквизиттер, телефондар, E-mail).

СТН  302000210834

КҚМЗ  Қарағанды қ. екі банкте шоттары бар:

КОФ  АО «Қазақстан Халық Банкі»           БИК  191801625

                                                               ИИК  10467265  -  тенге

                                                               ИИК  21070133  -  $  USD

                                                               ИИК 258160133 -  RUB  

КОФ АО «Тұран Алем Банкі»                    БИК  191801708

                                                               ИИК  023467325  -  тенге

                                                               ИИК  023070025  -  USD/EUR

                                                              ИИК  023160025 -  RUB  

КОФ  АО «Қазақстан Халық Банкі» - корпоративті пластиктік карта

                                                                        4402 5755 0002 7468

 

Телефондар:8-321-2  44-05-63   Директор  Левков  Виктор  Илларионович

44-05-63   Қабылдау бөлімі  

44-06-33  Бас инженер  Тян Алексей Борисович

                            44-07-08  қаржы және экономика бойынша

                    директор орынбасары Омарханов 

                      Габит  Тельманович

44-07-83   ( 345 )  бас бухгалтер  Жаркова  Галина  Львовна

44-07-83  ( 235 )  Юристконсульт  Сергазин  Арслан

                                        44-06-93    факс

                                     kazmis@mail.ru           kazis@mail.online.k/

 

                            Зауыт 2000 жылдың қазан айынан бастап корпорация құрамына  кірді, барлық құрылғылар жаңартылып бұрынғы уақыттан бері тұрып қалған цехтер жұмысқа қосылды. Корпорацияның  құрылымдық бөлімшелерінің тапсырыстары бойынша үш мыңнан астам өнім түрлері шығарылады.

Информация о работе Салықтық есепті ұйымдастыру