Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Мая 2012 в 13:55, курсовая работа
Диплом алды іс – тәжірибесі – мамандықтың оқыту жоспарының аса маңызды элементтерінің бірі, сондықтан да оқыту пәндері бойынша білімді бақылаудың аса маңызды түрі болып табылады. Ол студенттердің өз мамандығына қатысты білім алуына, білім деңгейін дамытуға өз үлесін қосады, сонымен қатар профессионалдық, ұйымдастырушылық жұмыс біліктілігін арттыруға, өндірістік практика пәні бойынша ақпаратты жалпылау мен рәсімдеу, жинақтау үрдістеріне байланысты сұрақтарды оқып – білуге үлкен септігін тигізеді.
Кіріспе
I
Жалпы бөлім
1.1
Іс – тәжірибе базасымен танысу. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп және аудитпен танысу
1.2
Қаржылық есептілікті экспресс талдау
II
Қаржылық есеп және аудит
2.1
Капитал есебі мен аудиті
2.2
Негізгі құралдар, материал емес активтердің есебі мен аудиті
2.3
Материалдық қорлар есебі мен аудиті
2.4
Ақша қаражаттарының есебі мен аудиті
2.5
Дебиторлық қарыздың есебі мен аудиті
2.6
Міндеттемелердің есебі мен аудиті:
- Еңбекақы бойынша жұмыскерлермен есепайырысу есебі мен аудиті;
- Мердігерлер мен жеткізушілермен есепайырысу есебі мен аудиті;
- Басқа да кредиторлық қарыздардың есебі мен аудиті
2.7
Қаржылық қорлардың есебі мен аудиті
III
Өнімді өндіру және өткізудің басқарушылық есебі мен аудиті
3.1
Өндірістік шығындар және өнімнің өіндік құнынның есебі мен аудиті
3.2
Дайын өнімді шығару және өткізу есебі мен аудиті
3.3
Кәсіпорындағы шығындарды бақылау және жоспарлау жүйесін ұйымдастыру
IV
Салықтық есепті ұйымдастыру
4.1
КТС салық есебі
4.2
ҚҚС салық есебі
Басқарушылық есебінде – есеп жүретін ұйымның құрамына енетін адамдарды ақпаратпен қамтамасыз ету мақсаты бар.
Қаржылық есеп – сыртқы пайдаланатындарға ақпаратты даярлайды, яғни кәсіпорын құрамына кірмейтін адамдар үшін (1).
Жоғарыда айтылып кеткен мәліметтерді түйіндей келе ҚҚМЗ «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС – дегі бухгалтерлік есепті ұйымдастыру мен жүргізу шаралары қаржылық есептілік және бухгалтерлік есеп қағидаларына, сонымен қатар бухгалтерлік қызметтің методологиялық негізі ретінде бухгалтерлік есеп стандарттарына негізделетінді деген қорытындыға келуге болады. Бухгалтерлік қызметтің дәл, жинақы және реттеліп жоғары деңгейде орындалатындығы қаржылық – шаруашылық қызметтің ағымдағы сараптамасын жасауға, сонымен қатар өндірістік қызметтегі жоспарлау үрдісіне қатысты стратегиялық және дұрыс шешімдердің қабылдануы үшін дұрыс және мерзіміне сай ақпаратпен ішкі және сыртқы қолданушыларды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
III Өнімді өндіру және өткізудің басқарушылық есебі мен аудиті
3.1 Өндірістік шығындар және өнімнің өіндік құнынның есебі мен аудиті
Өнімнің өзіндік құны шаруашылықтың барлық салаларындағы өндірістік кәсіпорындар жұмысының аса маңызды көрсеткіші. Өнім және қызметтің өзіндік құны ақшалай нысанда заттанған да, жанды да еңбектің шығындары өнімнің өзіндік құнына енгізілген шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар, тұтынылған электр қуаты мен қызметтердің төлемі және басқа шығындардан тұрады. Жанды еңбектің шығындары өзіндік құнға жұмысшылардың еңбек ақысы түрінде кіреді. Сонымен, ақшалай түрдегі затталған және жанды еңбек шығындарының мөлшері кәсіпорындағы өнім, жұмыстар, қызметтердің өзіндік құнының көлемін сипаттайды.
Өзіндік құн қорыындылаушы көрсеткіш болып табылады. Өзіндік құн, шығындардың көлемі кәсіпорын жұмысын басқару және ұйымдастырудың сапасына, шикізат, материалдар, жабдықтар, қуаттың алуан түрлері мен жұмысшы күшін тиімді пайдалануға байланысты болғандықтан, сапалы көрсеткіш болып табылады. Өзіндік құн, құрамдас элементтерін бөлмей белгілі бір кезеңнің өнім өндіру мен қызметтер көрсетуге жұмсалған шығындар жалпы сомасы, сондай – ақ өнім мен қызметтің әрбір түріне жұмсалған шығындардың сомасымен сипатталауы мүмкін.
Бағаларды белгілеу, кірістерді жоспарлау, өнім мен қызметтерді өткізуден болған нәтижелерді айқындау, өзіндік құнды төмендету бойынша тапсырмаларды орындау, үнемдеу тәртібінің сақталуын бақылау үшін өндірілетін өнім мен қызметтер өзіндік құнының бір бірлігі көрсетілуінің маңызы зор. Калькуляция өнім мен қызметтердің өзіндік құнын анықтаудың ғылыми түрде негізделетін әдісі болып табылады. Жоспарлау калькуляциялары орындалу үшін міндетті тапсырма болып табылады. Жоспарлау калькуляциялары жаңа техника, ілгершіл технология және үнемдеу тәртәбән іске асыру негізінде өнімнің бір бірлігіне жұмсалатын шығындардың үнемі төмендетілуін қарастыратын жанды және заттанған еңбектің ілгершіл нормативтері негізінде түзіледі.
Сметалық калькуляциялар, өндіруші мен тапсырыс беруші олар бойынша есепайырысу жүргізілетін бағаларды белгілеу үшін бір жолғы сипаттағы тапсырыстың өзіндік құнын анықтайды. Жаңа кәсіпорындарды жобалау кезінді күрделі салымдардың экономикалық тиімділігін есептеп, жаңа кәсіпорын өнімнің өзіндік құнын негіздеу үшін қажетті сметалық калькуляциялар түзеді. Өндіріс барысында технологиялық үрдістер үнемі жетілдіріліп, онан әрі жетілдірілген жабдықтар пайдалануға беріліп, еңбек өнімділігі артып, өнімнің бір бірлігіне жұмсалатын шығындар қарастырылады. Мұнымен байланысты қазіргі уақыттағы шығыстардың нормалары өзгеріп отырады. Шығындардың қазіргі ілгершіл нормалары негізінде түзілген өзіндік құн калькуляциялары нормативті деп аталады. Олар еңбек өнімділігін арттыру, ұйымдастыруды жетілдіру, технологияны дамыту бойынша ұйымдастыру – техникалық шаралардың жоспарын ұйымдастырудың орындаудың дәрежесін көрсетеді.
Өнім мен қызметтер өзіндік құнын жоспарлау, сметалық және нормалау калькуляциялар алдын ала түзілетін калькуляциялар толып саналады, оларды өнім шығарудан бұрын түзеді. Бухгалтерлік есептің мәліметтері бойынша түзіліп нақы шығындарды бейнелейтін калькуляцияларды есепті деп атайды.
Өзіндік құнды есептеу үшін калькуляцияланатын өнімнің бір бірлігіне келетін шығындарды топтастыру қажет. Шоттардың бастапқы топтастырылуы калькуляция түзудің бағынышты міндетіне байланысты. Өндіріске жұмсалатын шығындар есебінің тәртібі өндірістік үрдіс технологиясы мен ұйымдастыру ерекшеліктері және бірқатар жағдайларға байланысты болады. Өнімнің көп түрін өндіретін кәсіпорындағы калькуляциялық шоттарда өнімнің белгілі бір түріне ғана жататын шығындарды тікелей бейнелеуге болады; 8410 «Үстеме шығыстар» тобының жинақтаушы – бөлістіруші шоттарында есепке алынады. Осы шотта жиналған шығындарды бұйымдардың әрбір түріне тікелей апаруға болмайтындықтан оларды бөлістіру, яғни өндірілетін өнімнің барлық түрлеріне жанама түрде апару керек. Бұл калькуляцияла үрдісін қиындатып бұйымдар түрлерінің арасындағы үстеме шығыстарды жанама түрде бөлістіру үшін негіз белгілеу қажеттілігін тудырады.
Кірістерді ала отырып кәсіпорын белгілі бір шығындар шегеді.
Шығындар – өндіріс, өнімді өткізу және басқа қызмет нәтижесінде активтердің азаюы не міндетттемелердің пайда болуы. Шығыстар бір есепті кезеңдегі тиісті кірістердің есебімен байланысты таылады. Шығыстар, кірістер мен шығыстардың есебінде бейнеленетін ағымдағы және баланста көрсетілген мерзімі ұзартылған болып бөлінеді. Өндірістік шығындарды тікелей және үстеме деп бөледі. Тікелей шығындар сатулардың өзіндік құнын қалыптастырады. Қаржылық есепте үстеме шығындардың бөлістірілуі қажет етілмей, олар жұмсалған кезде кезең шығыстары болып танылады. Жалпы шығыстарға жалпы шаруашылық қызметтегі қызметкерлер мен менеджерлердің еңбек ақысы, сатып алушыларға тауарларды жеткізіп беру бойынша шығыстар және т.б. кіреді. Өнімнің өзіндік құны енгізілмейтін шығыстар кезең шығыстары деп аталады. Кәсіпорын шығыстарының есебі үшін «Шығыстар» бөлімінің активі, уақытша шоттары арналған. Шығыстар шоттардың дебетінде жинақталады, ал кредиті бойынша 5610 «Жиынтық пайда (залал)» шотының дебетіне шығыс етіледі.
Операциялар мазмұны | Дебет | Кредит |
Қоймалардан дайын өнім,тауарлар босатылды | 7010 | 1320, 1330 |
Орындалған жұмыстар мен қызметтер актілер бойынша өткізілді | 7010 | 8110, 8310 |
Өнім өткізу саласындағы қызметкерлерге еңбекақы есептелді | 7110 | 3350 |
Өнім өткізу саласындағы қызметкерлерге еңбекақысынан әлеуметтік салық есептелді | 7110 | 3150 |
Өткізу саласында материалдар жұмсалды | 7110 | 1310, 1350 |
Әкімшілік персоналына еңбекақы есептелді | 7210 | 3350 |
Корпорациялық табыс салығы бойынша мерзім ұзартылған міндеттемелерінің сомасы бейнеленді | 2810 | 7710 |
3.2 Дайын өнімді шығару және өткізу есебі мен аудиті
Өнімнің өндіру саласынан айналым саласына көшірілуін өнім шығару деп атайды. Өнімді өткізу барысында кәсіпорындар ақша қаражатттарын алады. Олардың есебінен өндірістік шығындар өндіріледі, бюджетпен салықтар бойныша, жұмысшылармен еңбекақы төлеу боынша, жеткізушілер және мердігерлермен, сондай – ақ басқа да кредиторлармен есеп айырысулыр жүргізіледі. Субъектінің қаржылық жағдайының нығаюы өнімді өз уақытында өндіріп, өткізуіне байланысты болады. Дайын өнімнің бар болуы мен қозғалысы туралы ақпараттарды қорыту үшін 1320 «Дайын өнім» тобы шоттары арналған. Дебеті бойынша өндірістен шығарылып, қоймаға тапсырылған өнімнің нақты өндірістік құны бейнеленеді. Дайын өнімді есепті бағала бойынша есептеу кезінде нақты өзіндік құннан ауытқулар осы шотта анықталады. Кредит бойнша есепті құжаттары төлем үшін қойылып, сатып алушыларға жөнелткен немесе тапсырылған дайын өнім өткізу тәртібіне шығыс беріледі. Егер өнім экспорттау кезінде консигнация шартымен берілсе, онда билік құқығы өткен кезге дейін өнім «Дайын өнім» шотынан шығыс етілмей, субъектінің дайын өнімі құрамында жеке – жеке есептеледі. Егер дайын өнім субъектінің өзімен пайдалануға бағытталса, онда ол дайын өнім шотына кірістелмей, 1310 «Шикізат пен материалдар» немесе 7110 «Өнімдерді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстар» топтарының тиісті шоттарында есепке алынады. Тұтынушымен өнім қайтарылған кезде 7010 «Өткізілген өнім және көрсетілген қызметттердің өзіндік құны» шотының кредиті мен 1320 «Дайын өнім» тобының шотына дебетіне нақты өзіндік құн бойынша кері қайтару жазулары жасалады.
Операциялар мазмұны | Дебет | Кредит |
Өндірістен дайын өнім шығарылды | 1320 | 8110,8210,8310 |
Өткізілген өнімнің нақты өзіндік құны шығыс етілді | 7010 | 1320 |
Сатып алушылардың шотына қойылды: - Өткізу құнына - ҚҚС сомасына |
1210,2110 1210,2110 |
6010 3130 |
Ағымдағы банк шотынан бюджетке ҚҚСаударылды | 1030 | 3130 |
Бюджетке қарызды кеміту үшін ҚҚС есепке аударылды | 3130 | 1420 |
Айырбастау мәмілесі бойынша шоттар жабылды | 3310,4110 | 1210,2110 |
Сатып алушылардан ақшалардың келіп түсуін ақша қаражаттарының есебі бойынша шоттардың дебеті мен 1210,2110 топтары шоттарының кредиті бойынша көрсетеді. ҚҚСсомасына ағымдағы банктік шотынан аударылуын 3130 «ҚҚС» шотының дебеті мен 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы теңгемен ақша қаражаты» шотының кредиті бойынша көрсетіледі.
3.3 Кәсіпорындағы шығындарды бақылау және жоспарлау жүйесін ұйымдастыру