Салықтық есепті ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Мая 2012 в 13:55, курсовая работа

Краткое описание

Диплом алды іс – тәжірибесі – мамандықтың оқыту жоспарының аса маңызды элементтерінің бірі, сондықтан да оқыту пәндері бойынша білімді бақылаудың аса маңызды түрі болып табылады. Ол студенттердің өз мамандығына қатысты білім алуына, білім деңгейін дамытуға өз үлесін қосады, сонымен қатар профессионалдық, ұйымдастырушылық жұмыс біліктілігін арттыруға, өндірістік практика пәні бойынша ақпаратты жалпылау мен рәсімдеу, жинақтау үрдістеріне байланысты сұрақтарды оқып – білуге үлкен септігін тигізеді.

Содержание работы

Кіріспе

I
Жалпы бөлім

1.1
Іс – тәжірибе базасымен танысу. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп және аудитпен танысу

1.2
Қаржылық есептілікті экспресс талдау

II
Қаржылық есеп және аудит

2.1
Капитал есебі мен аудиті

2.2
Негізгі құралдар, материал емес активтердің есебі мен аудиті

2.3
Материалдық қорлар есебі мен аудиті

2.4
Ақша қаражаттарының есебі мен аудиті

2.5
Дебиторлық қарыздың есебі мен аудиті

2.6
Міндеттемелердің есебі мен аудиті:
- Еңбекақы бойынша жұмыскерлермен есепайырысу есебі мен аудиті;
- Мердігерлер мен жеткізушілермен есепайырысу есебі мен аудиті;
- Басқа да кредиторлық қарыздардың есебі мен аудиті





2.7
Қаржылық қорлардың есебі мен аудиті

III
Өнімді өндіру және өткізудің басқарушылық есебі мен аудиті

3.1
Өндірістік шығындар және өнімнің өіндік құнынның есебі мен аудиті

3.2
Дайын өнімді шығару және өткізу есебі мен аудиті

3.3
Кәсіпорындағы шығындарды бақылау және жоспарлау жүйесін ұйымдастыру

IV
Салықтық есепті ұйымдастыру

4.1
КТС салық есебі

4.2
ҚҚС салық есебі

Содержимое работы - 1 файл

перевод практика.doc

— 390.00 Кб (Скачать файл)

Кірістер мен шығыстар туралы есеп есепті кезеңдегі ұйымның қаржылық нәтижелерін сипаттайды.

ҚҚМЗ «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС – да 2011 жылы 2010 жылда өткізілген өнімнің өзіндік құны сол жылдың 31 желтоқсанында 18 млн тенге сомасында қате көрсетілгені анықталды. 2011 жылы өнім 200 мың тенге сомада өткізіліп, өткізілген өнімнің өзіндік құны 120 мың тенгені құрады және корпорациялық табыс салығы 24 мың тенге сомада есептелген. 2010 жылы кәсіпорынның кірістер мен шығыстар туралы есепте келесі мәліметтер көрсетті:

                            Мың тенге

Өнімді өткізуден түскен кіріс                  95

Өткізілген өнімнің өзіндік құны              72

Салық салынуға дейінгі кіріс                  23

Корпорациялық табыс салығы               6,9

Таза пайда                                                16,1

Есепті кезеңнің баындағы бөлінбеген пайда 30 мың тенгені және есепті кезеңнің соңындағысы – 46,1 мың тенгені құрады. 2010 және 2011 жылдағы КТС мөлшерлемесі 30 % - ға  тең болған.

Ағымдағы есепті кезеңіндегі елеулі қатенің түзетілуі:

                                                                                                                              2010ж     2011ж

 

Өнімді өткізуден түскен кіріс                              200          95

Өткізілген өнімнің өзіндік құны                              102          90

Салық салынуға дейінгі кіріс                                   98            5

КТС бойынша шығыстар                                         29,4         1,5

Таза пайда                                                                 68,6          3,5

Бөлінбеген пайданың бастапқы қалдығын түзету жолымен елеулі қатенің түзетілуі:

(қайта есептелген)               2010    2011

Есепті кезеңнің басындағы бөлінбеген пайда                 46,1     30

Елеулі қатенің (5,4 мың тенге сомасындағы КТС)               12,6      -

Қайта есептелген бөлінбеген пайда               68,6      3,5

Есепті кезеңнің соңындағы бөлінбеген пайда               102,1     33,5

Есеп ұйым есеп  саясатына өзгерістер енгізілсе, онда мұндай өзгерістер нәтижесінде пайда болған түзету сомасы IAS №8 «Есеп саясаты, есеп саясатындағы өзгерістер мен қателер» стандартының талаптарымен сәйкес бейнеленеді. Түзеті, қатені анықтаудан соң шығарылған, бірінші қаржылық есептілікте өткенді шолу түрінде жасалады. Кәсіпорында елеулі қатенің сипатын, әрбір бұрын көрсетілген кезеңдегі, мүмкіндігі барынша болатын түзетудің сомасы.

Түзету сомасын бейнелеу үшін 5520 «Өткен жылдардың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залалы)» шоты арналған. №4 «Ақшалар қозғалысы туралы есеп» стандарты субъектінің ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті түзу тәртібін ретке салады. Есеп, пайдаланушыларға есепті кезеңдегі операциялық, инвестиялық және қаржылық қызметтері бойынша ақша қаражаттарының келуі мен кетуі туралы, оларды ақпаратпен қамтамасыз ете отырып, заңды тұлғаның қаржылық жағдайындағы өзгерістерді бағалауға мүмкіндік береді. ( ОДДС ВСТАВИТЬ ССЫЛКУ)

2005 жылдың 22 желтоқсанындағы Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің №427 бұйрығымен сәйкес Меншікті капиталдағы өзгерістер туралы Есеп бекітілді. ( 201 б қаржылық есеп )

Субъектінің жылдық есептілігі үшін есепті кезең 1 қаңтардан басталып 31 желтоқсанға дейінгі күнтізбелік жыл болып табылады. Жаңадан құрылған субъект үшін бірінші жыл оның мемлекеттік тіркеу кезеңінен басталып, сол жылдың 31 желтоқсанына дейін болады. Субъектінің тіркелуі немесе онымен заңды тұлғаның статусын алынғанына дейін орын алған операциялар бірінші есепті жылдың қаржылық есебіне енгізіледі.

Меншік иелері басқа да мерзімдік белгілеуге, бірақ жылына бір реттен жиі емес, қаржылық есептілікті тапсырудың мерзімін анықтауға, бірақ есепті жылдан соң келетін жылдың 30 суірінен кеш емес белгілеуге құқылы. Қаржылық есептіліктің нысандарын толтыру кезінде келесілер: субъектінің атауы, мекен – жайы, саласы, мемлекеттік мүлікті басқару органы, меншіктің ұйымдастыру құқықтық нысаны.

              Жоғарыда айтылып кеткен мәліметтерді түйіндей  келе ҚҚМЗ «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС – дегі бухгалтерлік есепті ұйымдастыру мен  жүргізу шаралары қаржылық есептілік және бухгалтерлік есеп қағидаларына, сонымен қатар бухгалтерлік қызметтің методологиялық негізі ретінде бухгалтерлік есеп стандарттарына негізделетінді деген қорытындыға келуге болады.

Бухгалтерлік қызметтің дәл, жинақы және реттеліп  жоғары деңгейде орындалатындығы қаржылық – шаруашылық қызметтің ағымдағы сараптамасын жасауға, сонымен қатар өндірістік қызметтегі жоспарлау үрдісіне қатысты стратегиялық және дұрыс шешімдердің қабылдануы үшін дұрыс және мерзіміне сай ақпаратпен  ішкі және сыртқы қолданушыларды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                            II Қаржылық есеп

 

              2.1  Капитал есебі мен аудиті

                           

              Капитал – бұл кәсіпорынның барлық міндеттемелерін шегеріп тастаудан соң активтердегі үлесі. Бұл түсінік баланстық теңдемеден келіп шығады:

       Активтер = капитал + міндеттемелер

Бухгалтерлік баланстағы меншікі капиталды белгілейтін сома активтер мен міндеттемелердің бағалауына байланысты.

Жарғылық капитал кәсіпорын мүлкіне оны құрған кезеңдегі қатысушылардың салымының жиынтығы болып табылады. Жарғылық капиталды белгілеу мен қалыптастыру тәртібі және пайдалану шаруашылық жүргізуші субъектінің іс – қызметінің өрісі мен жағдайына, ұйымдастыру – құқықтық түріне байланысты. Жарғылық капиталды тексеру жарғылық капитал көлемінің құқықтық – нормативтік акті талартарына сай болуын, жарғылық капитал көлемінің өзгеру ықтималдығы, бухгалтерлік есепте  жарғы капиталының шамасына ықпал ететін операцияларды көрсетудің және қолданылған корреспонденциялардың дұрыстығы болып жүзеге асады.

              Д – т 5110 «Төленбеген капитал» шотына және К – т 5010 «Салымдар мен пайлар» шотына қатысушылардың салымдары сомасына, жарғы капиталы мөлшері ұлғайғанда К – т 5010 «Салымдар мен пайлар»шотына,  2410 «Негізгі құралдар», 1310 «Материалдар», 1320 «Тауарлар», 1070 « Банктегі акктредитивтегі, чектердегі, карт – шоттардағы және басқа да шоттардағы ақша», 1040 «Ұлттық валюта ағымындағы корреспонденттік шоттағы ақша» және 1010 «Кассадағы қолда бар ақша» бөлімдер шотына жазылады.

Резервтік капитал – кәсіпорынның тоқтаусыз жұмысына және үшінші тұлғалардың мүдделерін сақтауға кепіл. Қоғамның резервтік капиталы мемлекеттік тіркеуден өткен уақытынан бастап екі жыл  ішінде құрылуы тиіс. Ол акционерлік қоғамның жалпы жиналысы белгілейтін мөлшерде, таза табыстан жыл айын аудару жолымен қалыптасады. Резервтік капиталды қалыптастыру мен пайдалану былайша көрсетіледі:

1)     Резервтік капиталға аударымдар – К – т 5310 «Құрылтай құжаттрада белгіленген резервтік капитал»,  5330 «Басқа да резервтік капитал» шоттары және Д – т 5410 «Есепті жылдың бөлінбеген табысы» шоттарында көрсетіледі;

2)     Резервтік капиталды пайдалану Д – т 5310, 5330 шоттары бойынша жазба негізінде корреспонденцияда шоттармен бақыланады:

-    Қатысушылардың дивиденттері бойынша есеп айырысу 3390 «Басқа да кредиторлық берешектер және есепайырысу» 3350 «Еңбекақы төлеу бойынша қысқамерзімді берешек» шоты  бойынша есепті жылдың табысы болмаған жағдайда немесе жеткіліксіздігі кезінде серіктестікке қатысушыларға дивиденттер мен кіріс төлеуге;

-    «Бөлінбеген табыс» 5410 шоты кәсіпорынның есепті кезең немесе өткен жыл ішіндегі шығындарын жабуға.

              Қосымша төленген капитал – меншікті акцияларды өткізу құнының атаулы құннан артқан сомасы болып саналады. Акциялар бойынша сыйақы, меншікті акцияларды өткізу құнының атаулы құннан  артқан сомасы К – т 5320 «Қосымша төленген капитал» шотының корреспонденциясында Д – т 1050, 1040, 1010 шоттарман бірге немесе 1280 «Басқа да дебиторлық берешек» шотында көрсетіледі.

Кәсіпкерлік түрлерінің бірі сеіктестік болып табылады. Серіктестіктер арасындағы мүмкін болатын түсінбеушілік жағдайларын азайтуға себепші болғандықтан, заңгермен түзілген келісім – шарт болуы тиіс:

-    Әрбір серіктестікпен салынатын капитал;

-    Пайдаларды бөлістіретін қатынастар;

-    Пайдаларды бөлістіргенге дейінгі салынған капиталға белгіленген пайыз;

-    Серіктестіктердің алып тастауларынан алынатын пайыз;

-    Серіктестіктерге төленетін жалақылар.

Әрбір қатысушы капиталының шоттары келесі сомаларға кредиттеледі:

1)     Бастапқы салымдардың

2)     Соңынан келетін салымдардың

3)     Пайдада қатысудың үлесі

Қатысушылар капиталының шоттары келесідей дебеттеледі:

1)     Залаладағы үлестің

2)     Капиталдың қысқаруының

3)     Фискалды жылдың соңындағы пайданың бөлігін алып тастаудың.

 

2011 жылғы капитал салымдары:

 

            А

                      Б

Ақша

6600

Ақша

5600

Тауарлар

3400

Дебиторлар

6800

Жер

8000

Тауарлар

12000

Ғимараттар

20000

Жабдықтар

3000

Кредиторлардың шоттары

2200

Кредиторлық қарыз

3200

 

                            Бухгалтерлік жазба:

 

А

                    Б

Д ақша

6600

Д ақша

5600

Д тауарлар

3400

Д дебиторлар

6800

Д жер

8000

Д тауарлар

12000

Д ғимараттар

20000

Д жабдықтар

3000

К міндеттер

2200

К міндеттер

3200

К капитал

35800

К капитал

24200

Информация о работе Салықтық есепті ұйымдастыру