Салықтық есепті ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Мая 2012 в 13:55, курсовая работа

Краткое описание

Диплом алды іс – тәжірибесі – мамандықтың оқыту жоспарының аса маңызды элементтерінің бірі, сондықтан да оқыту пәндері бойынша білімді бақылаудың аса маңызды түрі болып табылады. Ол студенттердің өз мамандығына қатысты білім алуына, білім деңгейін дамытуға өз үлесін қосады, сонымен қатар профессионалдық, ұйымдастырушылық жұмыс біліктілігін арттыруға, өндірістік практика пәні бойынша ақпаратты жалпылау мен рәсімдеу, жинақтау үрдістеріне байланысты сұрақтарды оқып – білуге үлкен септігін тигізеді.

Содержание работы

Кіріспе

I
Жалпы бөлім

1.1
Іс – тәжірибе базасымен танысу. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп және аудитпен танысу

1.2
Қаржылық есептілікті экспресс талдау

II
Қаржылық есеп және аудит

2.1
Капитал есебі мен аудиті

2.2
Негізгі құралдар, материал емес активтердің есебі мен аудиті

2.3
Материалдық қорлар есебі мен аудиті

2.4
Ақша қаражаттарының есебі мен аудиті

2.5
Дебиторлық қарыздың есебі мен аудиті

2.6
Міндеттемелердің есебі мен аудиті:
- Еңбекақы бойынша жұмыскерлермен есепайырысу есебі мен аудиті;
- Мердігерлер мен жеткізушілермен есепайырысу есебі мен аудиті;
- Басқа да кредиторлық қарыздардың есебі мен аудиті





2.7
Қаржылық қорлардың есебі мен аудиті

III
Өнімді өндіру және өткізудің басқарушылық есебі мен аудиті

3.1
Өндірістік шығындар және өнімнің өіндік құнынның есебі мен аудиті

3.2
Дайын өнімді шығару және өткізу есебі мен аудиті

3.3
Кәсіпорындағы шығындарды бақылау және жоспарлау жүйесін ұйымдастыру

IV
Салықтық есепті ұйымдастыру

4.1
КТС салық есебі

4.2
ҚҚС салық есебі

Содержимое работы - 1 файл

перевод практика.doc

— 390.00 Кб (Скачать файл)

                            Негізгі материалдар – бұл ұсатушы өнеркәсіптің өнімдері.

                            Көмекші материалдар – бұл шығарылатын өнім құрамына енетін материалдар, бірақ негізгі материалдардан ерекшелігі – өнімнің заттық негізін қаламайды (7).

                            Сатып алынған жартылай фабрикаттар мен жинақтаушы бұйымдар – бұл белгілі бір өңдеу сатыларынан өткен, бірақ әлі дайын өнім болып табылмайтын шикізат пен материалдар.

                            Отын – бұл мұнай өнімдері, қуатты отын және газ. Олар:

-технологиялық;

-қозғалтқыш;

-шаруашылық болып бөлінеді.

                            Ыдыс және ыдыс материалдары – бұл әртүрлі материалдарды буып-түюге, тасымалдауға, сақтауға пайдаланатын заттар.

                            Өзге материалдар – бұл өндіріс қалдықтары, түзілмейтін ақаудан қайтарылатын қалдықтар, негізгі құралдар шығарылуынан алынған материалдық құндылықтар (8).

                            Қорлардың барлық түрлерінің есебі 1300 – «Қорлар» бөлімшесіні негізгі, активтік, инвентарлық шоттарында жүргізіледі.

1310 – «Шикізаттар мен материалдар»

1320 – «Дайын өнім»

1330 – «Тауарлар»

1340 – «Аяқталмаған құрылыс»

002 - «Жауапты сақтауға қабылданған қорлар» 

003 – «Қайта өңдеуге қабылданған материалдар»

005 – «Монтаждауға қабылданған жабдықтар

                            Қорлардың түсуі мен шығыны тұрақты негізде есептеліп отырады, яғни қорлардың қозғалысын бақылап отыру үшін әр күн сайын орындалады. Қорлардың әрбір атауына жеке шот жүргізіледі. Сатып алу осы шоттардың дебетінде көрсетіледі. Қорлардың кез келген түрі өндіріске берілетін болса, соған сәйкес қор шоты аударылған қорлар сомасына кредиттеледі. Дәл осы сома өткізілген өнімнің өзіндік құны шотында дебеттеледі[11].

                            Салыстыру мақсатында қолданылмаған қорларды есептеу (инвентаризациялау) жүзеге асырылуы мүмкін. Егер инвентаризациялау мен үздіксіз есеп мәліметтерінің арасында ауытқулар пайда болса, онда кезең соңында үздіксіз есеп жүйесінде инвентаризациялау сомасы көлеміне дейін түзетулер енгізіледі. Осылайша, үздіксіз есеп жүйесі арқылы қолданылатын және кезең соңында қалған қалдықтардың санын қадағалап отыруға болады. Үздіксіз есеп жүйесі бухгалтерлік есептің ішкі бақылауының жоғарғы деңгейін қамтамасы етеді, сонымен қатар ол есепте көрсетілген сомалар мен тауарлардың фактілік саны арасындағы айырмашылықты тұтынушыға анықтап көрсетіп отырады. Барлық есептік кезең бойынша қорлардың өткізу өзіндік құны және қорлардың нақты түрлерінің қоймада болуы мәлімденеді.

                            Қорлардың кезеңдік есебі (10). Қорлар есебі біркелкі жүргізілмейді, олар физикалық қайта санау (дана, лтр, тонна, т.б.) әдісі бойынша кезең соңында есептеледі. Қорларды сатып алу «Сатып алулар» синтетикалық шотының дебеті бойынша көрсетіледі, ол біруақыттық шоттарға (ауыстырылған) кредиттеледі. Келесі формула арқылы есептеледі:

Қорлардың есептік кезең басына қалдығы + сатып алынған қорлар = өткізуге дайын қорлардың өзіндік құны – қорлардың есептік кезең соңына қалдығы  = өткізілген қорлардың өзіндік құны

                            Есептегі кезеңдік жүйенің ыңғайлылығының мәні оның канцелярлық жұмыс көлемін азайтуында. Кезеңдік жүйені шағын кәсіпкерлікте қолданған жөн, бірақ ұлттық бухгалтерлік есеп шегіндегі кезеңдік жүйе  үшін арнайы қосымша синтетикалқ шоттарды енгізуге тура келеді. Есептік кезең соңында үздіксіз есеп жүйесін қолдану барысында табыстың өзіндік құнына қатар қою жолымен өнімді өткізуден түскен табыс балансы жасалады. 

                            Өнімді  өткізуден түскен табыс көрсеткіштері Шығыстар мен Кірістер Есебіне аударылады[16], аралық қорытынды  негізінде өткізуден түскен жалпы табыс есептеліп шығарылады. Шығындарды көшірудің тұрақты немесе кезеңдік жүйесін, сонымен қатар қорларды бағалау әдістерінің бірін таңдау және оны есептік саясатта жариялау көптеген факторларға байланысты болады: ұйымдастыру формалары, ұсыныс пен сұраныс динамикасы, баға конъюнктурасы, қаржылық және дивидендтік саясаты.

 

              2.3 Ақша құралдарының есебі

 

                            ҚҚМЗ «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС есеп саясатына сәйкес ақшаа құралдарының есебін жүргізудің басты міндеттері ретінде ақша құралдарын дұрыс қолдану және оларды бақылауды қамтамасыз ету; ақша құралдары бойынша барлық операциялардың толық әрі мерзіміне сәйкес құжаттық рәсімделуі; қаржылық және есептік тәртіпті сақтау; аналитикалық есепті дұрыс және мерзімді жүзеге асыру; ақша құралдарының инвентаризациялануын толық және мерзіміне сәйкес өткізу; қолма – қолсыз есептесу жолымен банк арқылы төлемдерді жүргізу болып табылады.

                            ҚҚМЗақша құралдарын сақтау, қабылдау және беру жұмыстары атқарылуы үшін касса қызметі енгізілген[8]. Касса орналасқан бөлме кассаларды орнатудың техникалық және өртке қарсы дабыл орнату талаптарына сәйкес орналастырылады. ҚҚМЗ есеп саясатына сәйкес кіріс және шығыс кассалық ордерлеріне қол қою құқығына бас бухгалтер ие, ал шығыс кассалық ордерлері бойынша кәсіпорын жетекшісі құқылы деп бекітілген. Кассир кәсіпорынмен жеке материалдық жауаптылық келісіміне отырады.

                            Қолма – қол ақша қозғалысы алдымен бухгалтерлік қызмет рәсімдеген біріншілік құжаттарға сәйкес кассалық кітап негізінде көрсетіледі. Кассалық кітап парақтарының машинограммалары екі етіп жасалады, оның біреуі кассада сақталса, екіншісі кассирдің есеп беру құжаты ретінде қызмет етеді. Жыл бойындағы парақтардың жинақталған жалпы саны кәсіпорын жетекшісі және бас бухгалтердің қолымен бекітіледі. Кассалық есептерді бухгалтер №1 журнал – ордерге орналастырады.

                            ҚҚМЗ «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС – мен  Қазақстан Республикасының «Кәсіпорындар мен кәсіпорындық қызмет туралы» заңына сәйкес «Халық банкі» АҚ – да ағымдық корреспонденттік шоты ақша құралдарын сақтау және сол арқылы есептік, кредиттік, кассалық операциялады жүзеге асыруы үшін ашылған. Аталған шотта кәсіпорынның кассасына қолма – қол ақша қаражаттарының берілуі, сонымен қатар өзге де кәсіпорындармен көрсетілген қызмет үшін төлемдер, өнімді өткізуден түскен ақша құралдары айналымға түседі. Осы операцияларды орындау барысында басты мердігер «Халық банкі» АҚ болып есептеледі. ҚҚМЗ осы шоттағы ақша құралдарына қатысты барлық құқықтар шегінде иелік етеді. Бұл шот активті болып саналады, сонымен қатар нақты бір мерзімді банкте сақталған ақша құралдарының қандай көлемі бос екендігін сальдо арқылы білуге болады.

                            Зауыттың бухгалтерлік есебінде шоттар жоспарына сәйкес есепайырысу шотына келіп түскен ақша құралдары дебет бойынша 4410 «Алынған ұзақ мерзімді аванстар» шотында жүргізіледі, ал көшіру кредит бойынша жүзеге асырылады. 4410 «Алынған ұзақ мерзімді аванстар» шоты бойынша кредиттік айналым №2 журнал – ордерде, ал дебеттік айналымдар әр түрлі журнал – ордерлерде көрсетіледі.

                            Есепайырысу шоты бойынша операциялардың есебіне қажетті негізгі құжаттардың бірі банктік шығарылым болып табылады. Кәсіпорын мұндай құжатты үздіксіз алып отырады және оған қосымша ретінде өзге кәсіпорындар мен ұйымдардан алынған құжаттар жіберіледі, осының негізінде есепайырысу шотына көшіру немесе енгізу жүзеге асырылады. Ол бухгалтерлік жазбалар үшін бірден – бір негіз болып табылады, сонымен қатар келесі күн  басына қалдық ретінде тұруы тиіс. Осы құжатта көрсетілген ақша құралдары кредит бойынша жазылатын болса, оны бухгалтер 103 «Ұлттық валютадағы ағымдық  банк шотындағы  ақша құралдары» шотында дебет бойынша көрсетілуі тиіс.

                            Кәсіпорын қолма – қол ақша қаражаттарын банктен ақшалық чек арқылы алады[29]. Банкте қабылданған әр сомаға кәсіпорынның бухгалтерлік бөлімінде ақша қабылдаушының атына чектің номері көрсетілген кіріс ордері жазылады. Кіріс ордерінен алынған квитанция банк шығарылымы құжатына, ал кіріс ордері  - кассалық есеп беруге енгізіледі[16]. Банктің өзі кәсіпорынның шотынан рның келісімінсіз ақшаны алуға құқығы жоқ.

 

 

              2.4 Дебиторлық берешек есебі

 

                            ҚҚМЗ – да мен кәсіпорынның дебиторлық берешегінің есебімен таныстым. Сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден қорларды жеткізуі мен түсіруі үшін есебі 1270 «Қабылдауға шоттар» шотында әр материал мен өнім түрі бойынша жүргізіледі. Қабылдауға шоттар бойынша сатып алушылармен есепайырысудың негізінде аудару қағидасы жатыр. Онда қорлардың өткізуінен түскен табыстардың мүліктің сатып алушыға өту мерзімінде (төлемнің аударылу уақытына тәуелсіз) қаржылық есептілік және бухгалтерлік есепте көрсетуді қамтамасыз етеді. 1270 «Қабылдауға шоттар» шотының дебеті бойынша жазулар сатып алушылар мен тапсырыс берушілерге шоттарды төлеу, есепайырысу құжаттары және салықтық шот – фактуралар негізінде ұсынылады[13]. Дебиторлық берешекті өтеу 1270 шотында кредит бойынша келесі шоттармен корреспонденцияланады: 4410 «Қолма – қолсыз есепайырысу», 4510 «Кассаға төленген ақша құралдары», 6610 – 6630 «Қорларды жеткізуге алынған аванс», 3010 «Күмәнді міндеттемелер бойынша резервтер» . Күмәнді қарыздар дебиторлық берешектің тәркіленуіне үмітсіз көшіруге байланысты әр түрлі шығындарды жабу үшін құрылады. Күмәнді қарыз – бұл орнатылған мерзімде , ал егер ол орнатылмаған жағдайда осы үшін қажетті мерзімде өтелмеген қарыз, сонымен қатар сәйкес кепілдіктермен қамтамасыз етілмеген қарыздар.

                            Қызмет бабындағы іс – сапарға жіберілетін қызметкерлерге келесілер төленеді [27]:

-                     Іс – сапарда болған мерзім үшін қажетті туәліктік ақы;

-                     Жұмыс атқарылатын мекен – жайға жету және одан қайту  бойынша жол шығыны;

-                     Тұрғын жайын жалдау бойынша шығындар.

Іс – сапардағы жұмыскерлердің жұмыс орны, іс – сапар, соның ішінде жолда болу уақытындағы орташа жалақысы сақталады.

ҚҚМЗ – да  іс – сапарлық шығындарды өтеу нормалары келесідей:

-                     Тәуліктік – Қазақстан Республикасы бойынша 460 – 1050 тенге жұмыскердің категориясы бойынша[28];

-                     Шетелдік іс – сапар – 18-30$.

                            Нақты шығындар бойынша іс – сапарлық мекен – жайға орналасу үш жұлдызды  қонақ үйдегі бір орындық бөлмеден артық емес болуы тиіс.

2180 «Басқа да дебиторлық берешектер» шотында материалды – жауапты тұлғаларды жетіспеушілік, штрафтар және т.б. бойынша дебиторлық қарыздар есебі жүргізіледі.

                            2920 «Болашақ мерзімдегі басқа да шығындар» шотында келесі есептік мерзімдердегі аударулар немесе өндіріс шығындарына жатқызуға болатын есептік кезеңде жүзеге асырылатын шығындар есебі жүргізіледі. Оларға келесілер жатады:

-                     Жаңа өндірістерді қабылдау бойынша шығындар;

-                     Мерзімдік басылымдарға жазылуға шығындар;

-                     Негізгі құралдарды жөндеуден өткізу бойынша шығындар;

-                     Байланыс шығындары;

-                     Жұмыс құрал – жабдықтары мен арнайы киімге, т.б. шығындар.

                            ҚҚМЗ – да жаңа өндірістерді қабылдаумен байланысты шығындардың тізімі мен көлемі бас бухгалтердің бекітуімен смета арқылы анықталады. Смета бойынша шғындардың сомасы өнімнің құнына азаяды.

                            Болашақ кезеңдердегі шығындар жыл сайынғы инвентаризацияланудан өтеді, бұл келесі жылға ауысатын осы шоттағы қалдықтардың дұрыстығын, сонымен қатар жыл бойындағы өндірістік шығындардың дұрыс көшірілуін қамтамасыз етеді.

                            2010 ж 1 қаңтарға кәсіпорын бойынша дебиторлық қарыз 7323000 тенгені құрады:

                                                                                              Мың тенге

Кәсіпорын атауы

Көрсетілетін қызмет түрі

Қарыздың пайда болу мерзімі

Сомасы

«Отырар» ЖШС

Қызмет көрсету

10. 2006

6952

«Көктем көмір» ЖШС

Қызмет көрсету

02. 2006

253

Жазылу

Кезеңдік басылым

10. 2007

100

Қазақтелеком

Байланыс қызметі

12. 2007

18

Барлығы

 

 

7323

 

 

 

 

Информация о работе Салықтық есепті ұйымдастыру