Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Мая 2012 в 13:55, курсовая работа
Диплом алды іс – тәжірибесі – мамандықтың оқыту жоспарының аса маңызды элементтерінің бірі, сондықтан да оқыту пәндері бойынша білімді бақылаудың аса маңызды түрі болып табылады. Ол студенттердің өз мамандығына қатысты білім алуына, білім деңгейін дамытуға өз үлесін қосады, сонымен қатар профессионалдық, ұйымдастырушылық жұмыс біліктілігін арттыруға, өндірістік практика пәні бойынша ақпаратты жалпылау мен рәсімдеу, жинақтау үрдістеріне байланысты сұрақтарды оқып – білуге үлкен септігін тигізеді.
Кіріспе
I
Жалпы бөлім
1.1
Іс – тәжірибе базасымен танысу. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп және аудитпен танысу
1.2
Қаржылық есептілікті экспресс талдау
II
Қаржылық есеп және аудит
2.1
Капитал есебі мен аудиті
2.2
Негізгі құралдар, материал емес активтердің есебі мен аудиті
2.3
Материалдық қорлар есебі мен аудиті
2.4
Ақша қаражаттарының есебі мен аудиті
2.5
Дебиторлық қарыздың есебі мен аудиті
2.6
Міндеттемелердің есебі мен аудиті:
- Еңбекақы бойынша жұмыскерлермен есепайырысу есебі мен аудиті;
- Мердігерлер мен жеткізушілермен есепайырысу есебі мен аудиті;
- Басқа да кредиторлық қарыздардың есебі мен аудиті
2.7
Қаржылық қорлардың есебі мен аудиті
III
Өнімді өндіру және өткізудің басқарушылық есебі мен аудиті
3.1
Өндірістік шығындар және өнімнің өіндік құнынның есебі мен аудиті
3.2
Дайын өнімді шығару және өткізу есебі мен аудиті
3.3
Кәсіпорындағы шығындарды бақылау және жоспарлау жүйесін ұйымдастыру
IV
Салықтық есепті ұйымдастыру
4.1
КТС салық есебі
4.2
ҚҚС салық есебі
Есеп бухгалтерлік баланстың активті шоттарында және кірістер баптарында қарыз түрі бойынша жүргізіледі. Кәсіпорын тұрақты түрде келесі сипаттағы дебиторлық берешектердің төмендеуі бойынша шаралар атқарады:
- Орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер бойынша шот – фактуралар тұрақты шығарылып отырады;
- Мерзіміне сәйкес шоттарды төлеу бойынша дебиторлармен жұмыс жүргізіледі;
- Сенімхаттар атқарылған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін алдын – ала төлем жағдайында жасалады;
- Қарыз өтелген кезең соңында инвентаризациялау жүзеге асырылады.
Дебиторлық қарыздарды бухгалтерлік есептің синтетикалық шоттары тобында екі бөлім қарастырылған: 2170 «Қабылдауға мердігерлер мен жеткізушілерге берілген шоттар» және 2180 «Басқа да дебиторлық берешектер» (15).
2.5 Міндеттемелер есебі
Бұл тақырып шегінде мен салықтар бойынша бюджетпен есепайырысу есебін, алынған аванстар есебін, мердігерлермен мен жеткізушілермен есепайырысу, сонымен қатар басқа да кредиторлық берешектер есебімен таныстым.
Салықтар және басқа да міндетті төлемдер дегеніміз салық төлеушілердің мемлекеттік бюджетке ақша құралдарын аударуы. Салықтардың және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке төленуі мен аударылу реті Қазақстан Республикасының Салық кодексінде анықталады.
Бюджеттік міндеттемелер туралы ақпарат 1430 «Бюджетке міндетті төлемдер мен саықтар» шотында құрылады. Осы барлық шоттар пассивті болып табылады. Міндеттемелердің пайда болуы кредит бойынша, ал оларды өтеу дебет бойынша жүргізіледі[5].
Бюджеттің ең маңызды табыс көзі болып табылатын салық түрі корпоративті табыс салығы. Аталған аслық түрін заңды тұлғалар салық ретінде төленетін табы көздерінен төлейді. Корпоративті табыс салығы бойынша декларация салық қызметінің ұйымдарына тіркелу мекен – жайы бойынша тапсырылады.
Корпорацияның корпоративті табыс салығы бойынша қарызы туралы ақпарат 1410 «Корпоративті табыс салығы» шотында көрсетіледі. 1410 шотында кредит бойынша келіп түскен, ал дебет бойынша аударылған есептік кезең бойынша корпоративтік табыс салығының сомасы көрсетіледі.
Қосымша құнға салықтың салық салу объектісі салықтық айналым мен салықтық импорт болып табылады. Бюджетке төленетін ҚҚС құны өткізілген тауарлар, көрсетілген жұмыс, қызметтердің және сатып алынған тауар, жұмыс, қызмет үшін сомалары арасындағы айырма ретінде анықталады [6].
1420 дебет шотына жатқызылатын ҚҚС сомасы Қазақстан Республикасының ҚҚС төлеушілері болып табылатын салық сомасы жазылады. Олар нақты келіп түскен тауарлар, соның ішінде есептік кезеңдегі негізгі қызметті атқару үшін қолданылатын негізгі құралдар (ғимараттар, көліктерден басқа) бойынша шот – фактуралар негізінде есептеледі.
Әлеуметтік салықты есептеу үшін 3150 «Әлеуметтік салық» шоты арналған. Әлеуметтік салықпен салық салу объектісі ретінде еңбек ақы төлеу қоры алынады. Қазақстан Республикасының Салық кодексімен салық салынбайтын түрлері де бекітілген. Әлеуметтік салық сомасын есептеу 2004 ж 1 қаңтарда бекітілген әр жұмыскер бойынша қойылым кестесінде жүргізіледі.
Мүліктік салық есебін жүргізу үшін арнайы 3180 «Мүліке салық салу» шоты, 3160 «Жер салығы» шоттары бекітілген. Жеке тұлғалармен табыс салығын есептеу үшін 3190 «Бюджетке төленетін міндетті төлемдер мен жинақтар және басқа да салықтар» шоты арналған. Осы аталған салықтардың есептеу реті әлеуметтік және ҚҚС салықтарымен тұспа – тұс келеді. Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес аударылатын салықтар сомасын анықтаудың әдістері әр түрлі болып табылады.
3200 бөлімшесіндегі шоттардан басқа 3220 «Зейнетақы жинақтау қоры бойынша есепайырысу» шоты қолданылады. Олардың түрлері бойынша міндетті төлемдер мен салықтар бойынша есепайырысу есептері журнал – ордерлер негізінде жүргізіледі [6].
ҚҚМЗ «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС еңбекақы төлеу ұжымдық және жеке еңбек келісім – шарты негізінде жүзеге асырылады. Сонымен қатар, «Жұмыскерлер мен қызметкерлерне еңбекақы төлеу туралы құжатпен» бекітілген, онда мерекелік күндер, демалыс күндері және түнгі уақытта жұмыс атқарғаны үшін жалақыны аудару, еңбекақы төлеу қорының бөлінуіне қатысты барлық негізгі сұрақтар талданады. Жалақы көлемі мемлекет орнатқан ең кіші көлемнен төмен болмауы керек. Демалысты төлеу резервтері құрылмайды. Жалақы негізгі және қосымша болып бөлінеді. Негізгі еңбекақы атқарған жұмыстар мен нақты істелген жұмыс уақыты арқылы есептеледі. Зауытта келісімдік және мерзімдік еңбек ақы төлеу жүзеге асырылады. Өз кезегінде келісімді еңбекақы екіге бөлінеді: тікелей келісімді (жүк көтерушілерге еңбек ақы төлеуде қолданылады, келісілген бағалауға орындалған жұмыстар санына көбейту арқылы есептеледі) және келісімді бригадалық (жалпы орындалған жұмыс көлемімен анықталып бригада мүшелері арасында бөлінеді ) [7].
Мерзімдік еңбекақы төлеу жұмыс атқарылған сағаттар үшін сағаттық тарифтік ставка бойынша немесе жұмыс атқарған күндері бойынша жүзеге асырылады. Ағымдағы айда әр қызмет басшысы немесе шеберімен жұмыс уақытын есептеу табелін жүргізеді және ай соңында бухгалтерлік бөлімге еңбек ақыны есептеу үшін кадрлар бөлімі мен кәсіпорын жетекшісінің қолынан кейін тапсырылады. Жұмскердің ауырған күндеріне «Жұмыс берушінің қаражатымен әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша пособияларды төлеу және тағайындау реті туралы» нұсқауларға сәйкес уақытша жұмысқа жарамсыздығы жөнінде анықтама парағы арқылы ақша құралдары төленеді. 1,5% шегіндегі сомалар еңбекақы төлеу қорының есептік мерзіміне төленген жалпы жылдық табыс құны құрамынан аударылады, ал 1,5% сомасынан асатын таза табыс шотынан төленеді. Уақытша жұмысқа қабілетсіздік үшін төлемдер көлемі айлық есептік көрсеткіштің он еселенген көлемінен жоғары болмауы керек. Демалыс уақытының күндері үшін төлемдердің аударылуы орташа еңбек ақы есебінен жүргізіледі, тек күнтізбелік күндер бойынша бұйрық арқылы беріледі. Жұмыскердің жұмыс орнын босатуы орын алатын жағдайда қолданылмаған демалыс күндерінің орнына компенсация бұйрық негізінде бөлінеді. Түнгі уақытта жұмыс атқарғаны үшін (кешкі сағат 22.00 – ден таңғы сағат 06.00аралығы) сағаттық тарифтік қойылым негізінде әр сағат үшін 50% көлемінде қосымша төлем аударылады. Мерекелік және демалыс күндерінде жұмыс атқарғаны үшін еңбек ақы көлемі екі есеге өседі.
Кәсіпорынның санитарлық паспорты мен әр жұмыс орны бойынша еңбек жағдайлары картасына сәйкес ауыр және қауіпті еңбек жағдайларына байланысты сағаттық төлем қойылымдары көлемінде қосымша еңбек ақы төлеу жүйесі орнатылған. Еңбекақының барлық түрлері төленіп болған соң түрлі қорлармен зейнетақы келісім – шарттарына сәйкес міндетті зейнетақылық жалақыдан ұстау және табыс салығы, профсоюздық төлемдер, есепбересілі сомалар бойынша қарыздар, басқа да сомалар ұсталынады [22].
ҚҚМЗ жұмыскерлерге еңбек ақы төлеужеке еңбек шартына сәйкес беріледі (айына бір рет).
Төлем ведомосі еңбек ақы төлеудің негізі болып табылады. Онда еңбекақыны тұлғаның қолына беру көрсеткіштері: аты – жөні, берілетін сомаалғанын растайтын қолхат немесе жұмыскердің қолы белгіленеді. Егер еңбекақы бекітілген мерзімде берілмейтін болса, төлем ведомостінде жұмыскердің аты – жөніне қарсы жолда «Депоненттелген» деп жазылады, төленген сомаға «Депоненттік» белгісі беріледі [21].
Еңбекақы төлеуді ұйымдастыру кәсіпорындағы жалпы есеп жүйесінің орталықтанған (негізгі) орнына ие. Жалпылай алатын болсақ еңбек және жалақы төлеу есебі бухгалтерлік бөлімнің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Кәсіпорын еңбекақы төлеу формалары мен жүйелерін кәсіпорынның алдында тұрған спецификасы мен міндеттері барысында өзі таңдауға құқылы. Еңбекақы көлемін жұмыскердің жасы, ұлты, жынысы, нәсілі, діни ұстанымы, қоғамдық ұйымдарға көзқарасына қатысты төмендетуге тыйым салынады.
Егер де кәсіпорын қажетті деп шешетін болса, еңбекақыны тарифтік қойылым, окладтар, тарифсіз жүйелері қолданылуы мүмкін. Жұмыскерлердің материалдық қызығушылығын және келісім – шарттық міндеттемелері мен жоспарларды орындауы, сонымен қатар атқарылатын жұмыстың сапалы болуы мен өндірістің жоғарылауы үшін премия беру, квартал, жыл соңына көрсеткен қорытындыларына байланысты жүйелері енгізілген.
Қазіргі заманғы экономикалық жағдайларға байланысты кәсіпорын жұмыс сапасын жоғарылату барысында жұмыскерлерге еңбекақы аудару есебін дұрыс ұйымдастыруға деген қажеттілік туындайды. Сонымен қатар, жұмыскерлердің еңбегіне назар аудару қажет, себебі – жұмсалған еңбекке пропорционалды түрде алынатын еңбекақы кәсіпорынның жұмысын жалпы жоғарылатуға негіз болады.
Жұмыс уақыты және кәсіпорындағы жұмыскерлер санын бақылап отыру үшін арнайы табель жүргізіліп отырады. Табельді бір дана етіп оған жауапты тұлға толтырып бухгалтерлік бөлімге тапсырады. Жұмыс уақытын қолданылу есебі табельде жұмысқа шығу – шықпауды жалпы тіркеу әдісі арқылы жүзеге асырылады.
Мерзімдік еңбекақыны есептеу:
Аты – жөні | Мамандығы | Еңбекақы көлемі | Жұмыс күндерінің саны | Нақтысы | Барлық есептелгені |
Пустовар П.П. | Слесарь | 11154,00 | 21 | 21 | 11154,00 |
Махаева Г.Ж. | Хатшы – референт | 10428,00 | 21 | 21 | 10428,00 |
Рудикова А.А. | Жинаушы | 7854,00 | 21 | 18 | 6732,00 |
Қараша айында жалпы жұмыс күні 21. Пустовар П.П. нақты 21 күн жұмыс істеді, оның жалақысы11154,00 тенге. Рудикова А.А. отбасы жағдайына байланысты (еңбекақыны сақтаусыз демалысқа шығу) 3 күнді босатты, жұмыскердің 18 күн жұмыс істегені үшін жалақы көлемі 7854,00/21*18=6732,00 теңгені құрады.
Өндірістік күнтізбенің жұмыс уақыты нормасынан нақты жұмыс күні аспауы тиіс.
Кәсіпорындағы еңбекақы төлеудің аналитикалық есебі келесі негізгі бағыттар арқылы жүзеге асырылады:
- Кәсіпорындағы әр жұмыскердің оның жұмысы мен уақытына тәуелсіз жүргізіледі;
- Есептелу түрлері бойынша;
- Құрылымдық бөлімдері бойынша;
- Орындалатын жұмыс, көрсетілетін қызмет түрлері бойынша;
- Төлем ведомостері бойынша.
2.6 Қаржылық қорытынды есебі
Қаржылық қорытынды – бұл есептік мерзім бойынша кәсіпорынның шаруашылық қызметінің қорытындысы. Қаржылық қорытынды бөлінбеген табыс (табыстың шығынға қарағанда артық болуы) немесе өтелмеген шығын түрінде (шығындардың артуы) анықталуы мүмкін.
Есептік жылдың қаржылық қорытындысы дегеніміз кәсіпорынның осы мерзімде жүзеге асырылған кәсіпкерлік немесе басқа да қызметі барысында пайда болған капиталдың өсуі (төмендеуі). Мерзімдегі табыс (шығын) – пайда мен шығынның айырмасы дегенді білдіреді [2].
Кәсіпорын қызметінің қаржылық қорытындысы туралы ақпаратты жалпылау үшін 5610 «Қорытынды пайда (шығын)» шоты арналған. Осы шотқа жыл бойы операциялық және өндірістен тыс, сонымен қатар әдеттегі қызмет түрлерінің төтнше пайдасы мен шығындарын көрсетеді. Осында сонымен қатар, салықтық заңбұзушылық үшін штрафтар, табыс салығын бюджетке аудару міндеттемелері жазылып отырады. 5610 шотының сальдосы таза табысқа (шығынға) тең болады. Бұл сальдо 5510 «Бөлінбеген табыс (шығын)» шотына көшіріледі. Шоттардың кредиті бойынша өндірілген өнімнен түскен пайда, өткен кезеңде түскен табыс есептеледі. Барлық қайтарылған тауарлар мен сауда жеңілдіктері табыстан көшіріледі. Олар табыстың төмендеуі ретінде қарастырылады[3] .
Бухгалтерлік есептегі есептік операциялардың және олардың жазылуын сатып алушыға дайын өнімді өткізу бойынша шаруашылық операцияны қарастырайық. Келесі дайын өнімдер сатып алушы қоймасына түсірілді: