Салықтық есепті ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Мая 2012 в 13:55, курсовая работа

Краткое описание

Диплом алды іс – тәжірибесі – мамандықтың оқыту жоспарының аса маңызды элементтерінің бірі, сондықтан да оқыту пәндері бойынша білімді бақылаудың аса маңызды түрі болып табылады. Ол студенттердің өз мамандығына қатысты білім алуына, білім деңгейін дамытуға өз үлесін қосады, сонымен қатар профессионалдық, ұйымдастырушылық жұмыс біліктілігін арттыруға, өндірістік практика пәні бойынша ақпаратты жалпылау мен рәсімдеу, жинақтау үрдістеріне байланысты сұрақтарды оқып – білуге үлкен септігін тигізеді.

Содержание работы

Кіріспе

I
Жалпы бөлім

1.1
Іс – тәжірибе базасымен танысу. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп және аудитпен танысу

1.2
Қаржылық есептілікті экспресс талдау

II
Қаржылық есеп және аудит

2.1
Капитал есебі мен аудиті

2.2
Негізгі құралдар, материал емес активтердің есебі мен аудиті

2.3
Материалдық қорлар есебі мен аудиті

2.4
Ақша қаражаттарының есебі мен аудиті

2.5
Дебиторлық қарыздың есебі мен аудиті

2.6
Міндеттемелердің есебі мен аудиті:
- Еңбекақы бойынша жұмыскерлермен есепайырысу есебі мен аудиті;
- Мердігерлер мен жеткізушілермен есепайырысу есебі мен аудиті;
- Басқа да кредиторлық қарыздардың есебі мен аудиті





2.7
Қаржылық қорлардың есебі мен аудиті

III
Өнімді өндіру және өткізудің басқарушылық есебі мен аудиті

3.1
Өндірістік шығындар және өнімнің өіндік құнынның есебі мен аудиті

3.2
Дайын өнімді шығару және өткізу есебі мен аудиті

3.3
Кәсіпорындағы шығындарды бақылау және жоспарлау жүйесін ұйымдастыру

IV
Салықтық есепті ұйымдастыру

4.1
КТС салық есебі

4.2
ҚҚС салық есебі

Содержимое работы - 1 файл

перевод практика.doc

— 390.00 Кб (Скачать файл)

-                     Құм 501,6 тонна, бағасы 628 тенге = 315000тенге

-                     Тас 191,41 тонна, бағасы 1153 тенге = 220696 тенге.

Барлығы келісім – шарт бойынша жалпы құны – 535696 тенге. ҚҚС 80354 тенге, төленуі тиіс барлығы – 616050 тенге.

                            Негізгі қызмет ету түрінен басқа ҚҚМЗ негізгі қорларды өндірумеен айналысады. Бұл 6210 «Басқа да табыстар» шотында есептеліп, 2007 ж бастап кәсіпорында станоктар өндіріске шықты. Негізгі қорларды сату жүзеге асырылатындықтан соған сәйкесінше пайда табылады.

                            Кезең шығындары өнімді өндіруге кеткен шығындарға қарағанда өндіріс көлеміне тәуелсіз және нақты бір өнім түріне байланыссыз тұрақты шығындар болып табылады. Шаруашылық субъектілер ешқандай өнімді белгілі бір кезеңде өндірімеген жағдайда да мезгіл шығындарын төлейді. Мезгіл шығындарына келесілер жатады:

-                     Жалпы және әкімшілік шығындар;

-                     Дайын өнімді өткізумен байланысты шығындар;

-                     Сыйақы ретінде саналатын шығындар.

Дайын өнімді  өткізу шығындарының негізгі баптары келесілер:

-                     Өндіріс үрдісімен байланысты жұмыскерлердің еңбекақысы;

-                     Келісім – шарттарға отырумен байланысты жұмыскерлердің іс – сапар шығындары;

-                     Негізгі қорлар амортизациясы;

-                     Жарнама шығындары;

-                     Ыдыс, өнімді буып – түюге кеткен шығындар;

-                     Басқа да шығындар.

                            Аталған шығындар номенклатурасына ҚҚМЗ кәсіпорын қызметінің ерекшеліктеріне байланысты өзгертулер мен толықтыруы мүмкін.

Әкімшілік шығындардың жалпы аналитикалық есебі баптар номенклатурасы бойынша жүзеге асырылады(18). Ол номенклатура келесідей:

-                     Жалпы және әкімшілік персоналға қатысты жұмыскерлердің еңбекақысын төлеу;

-                     Қызмет көрсету өндірісінде және шаруашылықтарда жұмыс атқаратын персоналдың еңбек ақысы;

-                     Аудиторлық қызметтер.

                            Кәсіпорынның бухгалтерлік бөлімінде жалпы және әкімшілік шығындар Қазақстан Республикасының  шоттар жоспарына сәйкес 7200 «Жалпы және әкімшілік шығындар» шотында жүргізіледі. Аталған шот активті болып табылады және өндірістік үрдіспен тікелей байланысты емес шаруашылық және басқарушылық шығындар туралы ақпаратқа арналған.

 

 

2.7                 Өндірістегі өнім өндіру есебі және басқарушылық есеп

 

                            Кәсіпорынның басқарушылық есебі келесілер арқылы анықталады:

-    Қамтамасыз етушілік саясаты (соның ішінде тапсырыс беру, қорларды басқару);

-    Тұтынушыларға дайын өнімді жеткізу.

                            Қамтамасыз ету саясаты – ішкі шаруашылық есеп негізінде жеткізіліп отырған құндылықтардың саны мен сапасын бақылау және есебін жүргізу жүйесі.

                            Құндылықтарды жеткізу келесі схема ретінде жүзеге асырылады:

лимит – тапсырыс беру  — келісім – шарт – тауар түсіруге тапсырыс беру – қоймаға жеткізу – сапасын бақылау – қабылдау актін құру.

                            Дайын өнімдерді жеткізу түсірілетін тауарлардың құны, жеткізуге кеткен шығындарды қоса есептегендегі екі жақты бекітілген келісімдер негізінде жүзеге асырылады.

                            Нарықтық экономикаға көшкен кезде барлық басқару жүйелері мен іс-әрекетінің есеп жүйесін қайта құру қажеттілігі туды. Кез келген кәсіпорынның ақпараттық жүйесінің негізін бухгалтерлік есеп жүйесі құрайды.

                            Бухгалтерлік есеп жинау, тіркеу және ақпаратты өңдеу, көрсеткіштерді есептеу және бағалау, пайдаланушыларға ақпаратты өндіру үшін мәліметтерді ұсыну және шешімді қабылдау, дәлелдеу жүйесін, кәсіпорынның табысы мен шығындарын есептелуін орындайды [4].

                            Бухгалтерлік есептің міндеті – белгілі шешімді дұрыс қабылдау үшін қажетті ақпаратпен қамтамасыз етусаласындағы) сатып алушылар, жұмыскерлер, мемлекеттік органдар, жұртшылық.

Инвесторлар қауіп–қатердің дәрежесін және инвестицияның мақсатқа қаншалықты сәйкес келетіндігін анықтауға көмек көрсететін ақпаратты қажет етеді.

                            Менеджерлерге шешімді қабылдауға, басқару іс-әрекетін (сату бағасы, өндіріске жұмсалатын қаражат, сұраныс, бәсекелестік қабілеті, тиімділігі) реттеп, бақылауға көмектесетін ақпарат қажет.

                            Акцияны иеленушілерді капитал салымының құны, акцияны сату керек пе, дивиденттер төленеді ме деген мәліметтер қызықтырады.

                            Кредиторларды өнеркәсіптер проценттерді уақытында төлей алатындығы және алған несиені қайтара алатындығы жөніндегі мәліметтер қызықтырады.Сатып алушы өнімнің сапасына көңіл бөледі және өнеркәсіптің үздіксіз қызмет етуі қызықтырады, егер де өнеркәсіптің ұзақ мерзімді келісім шарты болса ғана.Жұмыскерлер өнеркәсіптің еңбек ақыны төлеу мүмкіндігі, қызмет бабында өсу мүмкіндігі және өнеркәсіптің тиімділігі мен тұрақтылығы жөніндегі ақпаратқа құштар.Мемлекеттік органдар – үкімет, министрліктер, комитеттер атынан кәсіпорынның қызметін реттеу мақсатында жеке салалар бойынша ресурстарды бөлу туралы ақпаратқа құштар. Бұл ұлттық табыс және статистикалық мәліметтерді анықтаудың негізі ретінде салық салу саясатын анықтау үшін өте қажет. Халықты экономикаға салым салу, жаңа жұмыс орындарын құру, номенклатура, қызмет атқару және өнімнің сапасы қызықтырады.Сонымен, бухгалтерлік ақпаратты пайдаланушылар тобын екіге бөлуге болады:

-                Ішкі пайдаланушылар – есеп жүретін ұйымның ішінде пайдаланатындар.

-                Сыртқы пайдаланатындар – кәсіпорын құрамына кірмейді.

                            Пайдаланушылар категорияларына сәйкес есептің екі саласын ажыратып көрсетуге болады: басқарушылық және қаржылық.

                            Басқарушылық есебінде (БЕ) – есеп жүретін ұйымның құрамына енетін адамдарды ақпаратпен қамтамасыз ету мақсаты бар.

                            Қаржылық есеп (ҚЕ) – сыртқы пайдаланатындарға ақпаратты даярлайды, яғни кәсіпорын құрамына кірмейтін адамдар үшін.

                            Сонымен, БЕ есеп ақпаратының барлық түрлерін қамтиды. Ол өлшенеді, өңдеуге ұшырайды және бұл ақпарат басшылықтың ішінде қолданылуға беріледі. Бұл ақпаратпен пайдаланудың пайдалылығы, оны даярлау шығынынан асатындығы алдын ала белгілі болса, онда ол қажетті кезде жүзеге асады.

                            БЕ-нің мазмұны басқару мақсатымен анықталады: ішкі бөлімшелер басшылықтың алдына қойылған мақсат пен қызығушылықтарына байланысты әкімшіліктің шешімі бойынша бұл өзгеру мүмкін.

                            Басқару есебі калькуляциялық есеп негізінде пайда болды. Сондықтан оның негізгі мазмұнын әртүрлі классификациялық аспектілерде өткен және болашақ кезеңдердің өндіріске жұмсалатын қаражат есебін құрайды (12).

                            50ж.ж. өндіріс есебінің мәліметтеріне қызығушылықты сырттай пайдаланатындар білдірді. Бұл жағдай кәсіпорын басшылығы үшін жұмсалатын өндірістің қаражаты туралы мәліметтердің жиналуы, қаржылық есеп жүйесінен гөрі басқа принцип бойынша жүзеге аса бастағандығын алдын-ала анықтады. Бұның нәтижесі болып, басқару есебінің пайда болуы саналды. Дегенмен, басқару және өндірістік есеп арасында айырмашылық бар.

                            Өндірістік есеп жүйесінде материалдық өндіріс қорының құнын бағалауға арналған өндірістің шығындары анықталады. Бұл ішкі есептіліктің талаптарына сәйкес келеді.

БЕ-нің міндеті болып кәсіпорын ішінде лауазымды қызмет адамдары үшін дұрыс шешімді қабылдау үшін қажетті қаржы ақпаратына сәйкес келетін дайындық табылады.

                            Өндірістік есеп дегеніміз өнімнің құнына баға беру үшін өндірістің шығындары туралы мәліметтер жинау.

                            Пәннің мазмұны оның көптеген объектілерін ашады. Оны екі топқа біріктіруге болады:

-    Өндірістік ресурстар (НҚ, МЕА, материалдық ресурстар);

-    Шаруашылық процестер және олардың нәтижесі (жабдықтау ісін жүргізушілік, дайындаушылық, өндірістік, қаржылық - өткізетін, ұйымдастыратын).

                            БЕ әдісі амал мен тәсіл жиынтығы деп аталады. Оның негізінде кәсіпорынның ақпараттық жүйесінде БЕ обектілері көрінеді.

БЕ әдісінің элементтері: құжаттама, инвентаризация (Құрал-жабдықтар тізімі), бағалау, топталу және талдап қорыту, тексеру есеп шоттары, жоспарлау, лимидтеу, бақылау, талдау.

                            Құжаттама – БЕ кепіл беретін алғашқы құжаттар мен машинаны иеленушілер кәсіпорынның жеткілікті толық өндірістік бейнесі. Алғашқы есеп қаржы мен басқару есебін жүргізуге арналған ақпараттың негізгі қайнар көзі болып табылады.

                            Инвентаризация – объектінің шындық жағдайын анықтау тәсілі. Сонымен қатар бұл есеп мәліметтерінен, есепке алынбаған құндылықтарды, жетіспеушілікті, жоғалтуды, ұрланғандарды қабылдай алмайды. Инвентаризация материалды құндылықтардың сақталуына жағдай жасайды, олардың жүзеге асуын бақылап отырады, толықтықты және есеп ақпаратының дұрыстылығын орнатып отырады (12).

                            Топталу және талдап қорыту – белгілер бойынша объект туралы ақпараттыжүйелеу және жинау тәсілі. Топталған ақпарат іс-әрекеттің нәтижесін бағалау үшін және оперативті, стратегиялық шешімдерді қабылдау үшін эффективті түрде пайдаланылады.

                            Тексеру есепшоттары – бұл қорытынды есепшоты. Бұнда жазба осы кезеңнің қаржы мен басқару есебін байланыстырып тұратын звено, қорытынды операциялары бойынша жүргізіледі.

                            Жоспарлау – кәсіпорынның мүмкіншіліктері нарықтық жағдайларға сәйкес келу үшін бағытталған үзілмейтін циклдік процесс (болашақта жүзеге асу мүмкіндігі бар іс-әрекеттердің нұсқаларын жазу процесі).

Нормалау – ресурстың барлық түрлері эффективті пайдаланылуы үшін қамтамасыз етуге бағытталған оптималды нормалардың ғылыми тұрғыда дәлелді есеп айырысу процесі.

                            Шектеу – шығын мен қор нормаларының жүйесіне негізделген материалдық шығынды бақылауының алғашқы сатысы. Лимит - өнімнің бірлігіне ресурстарды жұмсау нормасы. Лимиттеу тек қана лимиттің есеп айырысуынан тұрмайды, бақылау операцияларынан және есептен тұрады.

Талдау – бекітіліп жоспарланған тапсырмаларды орындау үшін бөлімшелердің арасындағы өзара байланыс және өзара тәуелді болуының өнеркәсіптің нәтижесінде сәйкес келетін басқарудың шешімдерін қабылдағанда өзгертуді қажет ететін себептер мен ауытқу процесі.

                            Бақылау – пайда болған ауытқуды жоюға немесе жасыруға мүмкіндік беретін жоспарлаудың жүзеге асуын тексеретін процесс.

                            Басқару есеп әдісінің барлық элементтері бір-бірінен бөлек емес, жүйе ішінде әрекет етеді (21).

                            Қаржылық және басқарушылық есепті салыстыру:

Салыстырыла

тын сапалар

Қаржылық есеп

Басқарушылық есеп

Уақыт тәртібін белгілеу дәрежесі

Ресми, барлық кәсіпорын үшін міндетті түрде жүргізілуі қажет, мазмұны және есептіліктің формасы тәртіппен белгіленеді.

Кәсіпорынның мамандарына, басшылыққа қажет.Есептіліктің міндетті формасы жоқ. Басқару үшін қажетті ақпарат құндылығы алу құнынан жоғары

Ақпараттың нақтылығы

Ақпарат нақты және сенімді болу керек. Заң тек шектеп қана қоймай, сонымен қатар талаптарды реттейді.

Ақпараттың жеделділігі бағаны шамалап жорамалдайды.

Ақпараттың масштабы

Қаржы есептілігінде барлық кәсіпорындардың қызметі туралы ақпарат қорытындыланады.

Қызметтердің түрлері, бөлімшелердің нәтижесі, жауапкершілік орталығы, жеке бұйымдар туралы ақпараттар жөнінде есеп беру.

Есептің мақсаты

Сырттай пайдаланатындарға есептілікті құру

Жоспарлау және басқару үшін пайдаланатындарды ақпаратпен қамтамасыз ету.

Ақпаратты пайдаланатын

Дар

Кәсіпорын құрамына кірмейтін жұмыскерлер тобы.

Кәсіпорын құрамына кіретін басқарудың қызметкерлері.

Есеп принципі

Бухгалтерлік есептің жалпы қабылданған нормалары.

Заңның талаптарына және нормаларына қатысты емес шешімдерді қабылдау үшін ақпараттың пайдалылығы.

Есептің құрылымы

 

А=К+О

Нәтижесі – екі рет жазылмайды, шығатын теңдік жоқ.

Арақатынас уақыты бойынша

Қаржымен байланысты отчетта уақыттың белгілі кезеңінде шаруашылық операция мен аяқталған факт нәтижесі көрсетіледі.

Аяқталған факт қана сипатталып қоймай, сонымен қатар болашаққа деген болжау сипатталады.

Ақпараттың көріну формасы

 

Өлшеудің ақша бірлігі

Әртүрліше: ақшалай да, натуралды да, шартты нтуралды да, еңбекпен де.

Есеп берудің жиілігі

 

 

 

Жүйелі түрде: жыл сайын, квартал сайын, ай сайын.

Пайдаланушылардың талаптарына байланысты: күн сайын, он күн сайын, ай сайын, квартал сайын, жыл сайын

 

Информация о работе Салықтық есепті ұйымдастыру