Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Мая 2012 в 13:55, курсовая работа
Диплом алды іс – тәжірибесі – мамандықтың оқыту жоспарының аса маңызды элементтерінің бірі, сондықтан да оқыту пәндері бойынша білімді бақылаудың аса маңызды түрі болып табылады. Ол студенттердің өз мамандығына қатысты білім алуына, білім деңгейін дамытуға өз үлесін қосады, сонымен қатар профессионалдық, ұйымдастырушылық жұмыс біліктілігін арттыруға, өндірістік практика пәні бойынша ақпаратты жалпылау мен рәсімдеу, жинақтау үрдістеріне байланысты сұрақтарды оқып – білуге үлкен септігін тигізеді.
Кіріспе
I
Жалпы бөлім
1.1
Іс – тәжірибе базасымен танысу. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп және аудитпен танысу
1.2
Қаржылық есептілікті экспресс талдау
II
Қаржылық есеп және аудит
2.1
Капитал есебі мен аудиті
2.2
Негізгі құралдар, материал емес активтердің есебі мен аудиті
2.3
Материалдық қорлар есебі мен аудиті
2.4
Ақша қаражаттарының есебі мен аудиті
2.5
Дебиторлық қарыздың есебі мен аудиті
2.6
Міндеттемелердің есебі мен аудиті:
- Еңбекақы бойынша жұмыскерлермен есепайырысу есебі мен аудиті;
- Мердігерлер мен жеткізушілермен есепайырысу есебі мен аудиті;
- Басқа да кредиторлық қарыздардың есебі мен аудиті
2.7
Қаржылық қорлардың есебі мен аудиті
III
Өнімді өндіру және өткізудің басқарушылық есебі мен аудиті
3.1
Өндірістік шығындар және өнімнің өіндік құнынның есебі мен аудиті
3.2
Дайын өнімді шығару және өткізу есебі мен аудиті
3.3
Кәсіпорындағы шығындарды бақылау және жоспарлау жүйесін ұйымдастыру
IV
Салықтық есепті ұйымдастыру
4.1
КТС салық есебі
4.2
ҚҚС салық есебі
Капитал мен резервтер бойынша шоттар корреспонденциясы
Операциялар мазмұны | Дебет | Кредит |
Жарғылық капитал тіркелді: - Құрылтайшылардың өзінің қарызын әр түрлі активтермен өтеді - Меншікті акциялар айналымынан алынып тасталды | 5110 1310
5210 | 5030 5110
1010,1030 |
Қаржы инвестицияларының құны төмендетілді | 5420 | 2410 |
Қаржы инвестициялары қосып бағаланды | 1120,1140 | 5420 |
Есеп саясатының өзгеруі нәтижесінде пайданың (залалдың) түзетілуі: - Негізгі құралдардың амортизациясының көбеюі жағындағы сомасына - Негізгі құралдардың амортизациясының азаюы жағындағы сомасына |
5510
2420 |
2420
5510 |
Түзету нәтижелері өкен жылдардың қаржылық нәтижелеріне апарылды: - Пайда - Залал |
5510 5520 |
5520 5510 |
Кәсіпорынның қаржы – шаруашылық қызметінің нәтижелері, есепті жылдың соңнда бұл шотқа: кірістерді шоттың кредитіне, ал шығыстарды дебетіне шығыс етіп, кірістер мен шығыстарды салыстыру жолымен 5610 «Жиынтық кіріс (жиынтық залал)» шотында анықталады.
Есепті жыл мен өткен жылдардың қаржылық – шаруашылық нәтижелері 5510 «Есепті жылдың бөлінбеген пайдасы (залалы)» және 5520 «Өткен жылдардың бөлінбеген пайдасы (залалы)» шотында анықталады.
2. Негізгі құралдар мен материал емес активтердің есебі
Бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес негізгі құралар – өндірістік, өндірістік емес салаларында еңбек құраладары ретінде ұзақ мерзім (1 жылдан көп) қызмет ететін материалды активтер (4).
ҚҚМЗ «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС негізгі құралдарына келесілер жатады: жылжымайтын мүлік, көлік құралдары, құрылғылар, өндірістік және шаруашылық инвентарь, арнайы құралдар және өзге де негізгі құралдар.
Негізгі құралдарды бірнеше өндірістік циклда қолданыстан өткізеді, олар тозады, алайда өз пішінінін жоғалтпай өзінің құнын өндірілетін өнімнің құнына алмастырады. Негізгі құралдарға қарағанда айналым құралдары бір ғана өндірістік процеске қатысып, өз құнын толықтай қайта өндірілген өнімге аударады.
ҚҚМЗ – да мүліктік қатыстығына қарай негізгі құралдар келесідей бөлінеді:
- Өзіндік – субъектіге тиесілі және оның балансында есептелетін негізгі құралдар;
- Жалға алынған – өзге субъектіден жалға алу келісімі бойынша онда бекітілген мерзімге жалға алынатын негізгі құралдар. Ағымдық жал жағдайында негізгі құралдарды жалға беруші балансында көрсетсе, жалға алушының 0010 баланстан тыс «Жалға алынған негізгі құралдар» шотымен жазылады.
Қолдану ерекшелігіне байланысты негізгі құраладар келесідей ажыратылады:
- Әрекет етуші – өндірістік және шаруашылық қызметте қолданылатын негізгі құралдар.
- Әрекет етпейтін – уақытша қолданыста жоқ негізгі құралдар.
- Қоймада сақталатын – ликвидациялау, жөндеуден өткізу, авария жағдайында әрекеттегі негізгі құралдарды алмастыруға арналаған негізгі құралдар.
Салық төлеуге қатысты негізгі құралдар ҚҚМЗ – да бірнеше топқа бөлінеді және сол топтар бойынша шек болып табылатын амортизациялық аударымдардың нормалары бекітіледі. Негізгі құралдардың ликвидациялық және өткізу құны, сонымен қатар баланстық, ағымдық және бастапқы құн түрлері бар [5].
Бастапқы құн: негізгі құралдар бухгалтерлік есепте олардың келіп түсу сәтінде сатып алуға кеткен барлық нақты шығындарды қоса алғандағы алғашқы құны бойынша есептеледі.
ҚҚМЗ негізгі құралдардың есеп объектісі ретінде инвентарлық объект алынады, яғни аяқталған, өған қатысты бөлшектер мен құрылғылары бар құрал немесе өзіндік функцияларын атқаруға арналған жеке конструктивтік құралдар (құралдар кешені) болуы мүмкін. Инвентарлық объектіге арнайы инвентарлық номер тағайындалады. Әдетте объектілерді номерлеу реттік – сериялық жүйе арқылы құрылады:
- Ғимараттар үшін 0001 – ден 0299 – ға дейінгі номерлер;
- Имараттар үшін – 0300 – 0399;
- Беріліс құрылғылары үшін – 0400 – 0499, т. с. с.
Инвентарлық номерлер №НҚ – 1 формасында және барлық негізгі құралдар қозғалысы жөніндегі құжаттар мен регистрлерде көрсетіледі. Оларды металл жетондары немесе бояу арқылы тиісті объектіге белгілейді. Инвентарлық номерді объектінің эксплуатациядағы болған мерзім бойы сақтайды, ал егер олар істен шықса жаңадан түскен негізгі ұүралдарға ұзақ уақыт бойы тағайындалмайды (5 жылға дейін). Бухгалтерлік есепте негізгі құралдардың аналитикалық есебінің регистрі ретінде негізгі құралдардың инвентарлық кітабы қолданылады. Ол негізгі құралдардың объектілері мен классификациялық топтары (түрлері) бойынша ашылады. Әр объектіге сипаттамасы, атауы, инвентарлық номер, өндіру мерзімі мен эксплуатацияға енгізу мерзімі, амортизация нормалары беріледі (5).
Негізгі құралдардың келіп түсуі шот-фактуралар[37] мен жүкқұжаттар[14] негізінде жүргізіледі. Зауытқа негізгі құралдар келесі тәртіппен келіп түседі:
- Жеке және заңды тұлғалардың өтеуі арқылы негізгі құралдарды сатып алу барысында;
- Өзге жеке және заңды тұлғалардың қайтарымсыз беруі негізінде;
- Айырбас операциясын жүргізу барысында негізгі құралдарды сатып алу;
- Негізгі құрал оюъектілерін ұзақ мерзімді жалға беру.
Негізгі құралдардың синтетикалық есебі №12 журнал – ордерінде 1000 «Ақша құралдары» синтетикалық шотының кредиті бойынша оған сәйкес шоттар жоспарының кореспонденциялануы арқылы жүргізіледі. Ай соңында әр синтетикалық шот бойынша кредиттік айналымдар есептеліп «Барлығы» жолында көрсетіліп, кейін Бас кітапқа ауыстырылады.
Негізгі құралдардың жарамсыздығын анықтау немесе олардың қалпына келтіруі үшін жөндеуден өткізуге мүмкіндігінің жоқтығын, сонымен қатар көшіруге қажетті құжаттарды рәсімдеу үшін ұйымның директоры тағайындайтын арнайы комиссия құрылады және ол өз қызметін тұрақты атқарады.
Материалды емес активтердің және олардың қозғалысының есебі 2730 «Өзге де материалды емес активтер» шотында жүргізіледі. Дебет бойынша материалды емес активтердің келіп түсуі мен олар бойынша жүргізілетін операциялар ай басы мен соңына қалдық ретінде көрсетіледі, ал кредит бойынша материал емес активтердің шығарылуы көрініс табады. 2730 «Материал емес активтер» шоты бойынша аналитикалық есеп инвентарлық карта жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Амортизация есептелуі үшін сызықтық әдіс қолданылады. Материал емес активтердің барлық түрлеріне байланысты жинақталған амортизациялық аударымдар жөнінде жалпы ақпаратты жинақтауға 2740 «Басқа да материал емес активтердің амортизациясы» шоты арналған. Жинақталған амортизация арнайы өңделген кестеде және журнал – ордерде көрсетіледі.
Материалды емес активтер бастапқы құн бойынша есепке алынады. Материалды емес активтердің келіп түсуі мен шығарылуын материалды емес активтерді қабылдау – шығару актісі[ 10] бойынша рәсімдейді («1С:Кәсіпорын» бағдарламасында № НАК – 1 жеңілдетілген формасы қолданылады). Актіде материалды емес активтерд түрінің нақты атауы, оның кәсіпорынға жіберілу мерзімі (немесе кәсіпорында өндірілу мерзімі), объектінің сипаттамасы, оның бастапқы құны, амортизация нормасы және т.б.қажетті мәліметтер көрсетіледі. Акт толтырылғаннан кейін қажетті құжаттармен қоса бухгалтерлік бөлімге жіберіледі, бас бухгалтердің қолы қойылып, кәсіпорынның жетекшісімен бекітіледі.
Материалды емес активтердің аналитикалық есебі инвентарлық карталар арқылы жүргізіледі. Материалды емес активтер бойынша амортизация олардың қолданылу мерзімі мен бастапқы құнынан саналған нормалар барысында аударылып отырады. Жыл басынан бастап әр ай сайын материалды емес активтердің инвестициялық түгендеуі жүргізіледі. Материалды емес активтердің ликвидациясы кәсіпорында жүргізілген жоқ.
2.2 Қорлар есебі
Өндірістік қорлар – бұл бір өндірістік цикл процесінде толықтай тұтынылатын, өзінің құнын бірден өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнына көшіріп, оның материалдық негізін құрайтын еңбек заттары.
Қорлар – бұл:
1) шикізат қорлары, материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар мен кешендік бұйымдар, отын, ыдыс, ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер және өндірісте немесе жұмыстарды, қызметтерді орындау кезінде пайдалануға арналған өзге материалдар;
2) аяқталмаған өндіріс;
3) субъектінің қызмет барысында сатуға арналған дайын өнім, тауар түріндегі активтер (6).
Мердігер қоймаларынан, темір жол станцияларынан материалдарды алу үшін материалды – техникалық қамтамасыз ету қызметкері бухгалтерлік бөлімнен сенімхат алады. Сенімхаттар «Сенімхаттар есебі кітабында» рәсімделеді[15]. Қоймаға келіп түскен материалдар қосымша құжаттарда көрсетілген тауардың саны, сапасы, ассортиментінесәйкес тексерістен өтеді. Қорларды қабылдау олардың келіп түскен күнінде кіріс ордерінің жазылуы барысында жүзеге асырылады. Егер қорлар мердігер қоймасынан жеңіл автокөлікпен әкелінетін болса, онда кіріс ордері жазылмайды. Оны жүк жіберушінің тауарлық – көліктік жүкқұжатымен алмастырады. Жетіспеушілік, сонымен қатар қорлардың бүлінуі немесе сынуы орын алатын жағдайда экспедитордың қалауымен көліктік ұйым мердігерге өз ұнатпаушылықтарын жазу үшін қажетті актті толтырады[12].
ҚҚМЗ «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС есеп саясатында қорлар есебінің қағидалары мен ережелері анықталған:
1)көліктік қызметті көрсету үшін орташа өлшенген құн әдісімен жүзеге асырылатын жанармайдың өзіндік құнын бағалау;
2)қорлар есебі барысында үздіксіз жүйе қолданылады;
3)қорларды инвентаризациялау әр квартал сайын (кварталдың бірінші айының 10 – шы жұлдызынан кеш емес) өткізіледі.
Бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес «Қорлар есебі» ҚҚМЗ «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС – де қорлар есептік құжаттарда олардың нақты өзіндік құнымен көрсетіледі.
Материалдар есебін дұрыс және тиімді ұйымдастыруды қамтамасыз ету үшін қажеттісі:
- материалдық тауардың бірегей номенклатурасын әзірлеу
- құжат айналымының айқын жүйесі және қорларды кірістеу және шығару жөніндегі операцияларды рәсімдеу тәртібін сақтау
- бастапқы құжаттардың есептік нысандарын біркелкі қалыпқа келтіру
- қорларға тұрақты түрде түгендеу жүргізу
- бухгалтериядағы материалдардың есебі учаскесін компъютерлендіру
Өндірістік қорлар функционалдық бағыты бойынша былайша бөлінеді:
Шикізаттар мен материалдар – бұл өнім әзірленетін еңбек заттары.Олар өнімнің материалдық негізін қалайды. Ауыл шаруашылығы мен өндіруші өнеркәсіптің өнімдері.