Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Сентября 2011 в 19:19, курсовая работа

Краткое описание

Осыған байланысты XXI ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр: соңғы ақпарттық технологиялар мен ұлттық дәстүрлі сабақты өткізудің жолдарын жетілдіре отырып және сапалы оқулықтарды оқу үрдісінде тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.

Содержимое работы - 1 файл

КУРСТЫК ЖУМЫС.doc

— 403.00 Кб (Скачать файл)

      Жаяу  Мұса Байжанұлы (1835-1929 жж.)-сазгер, әнші. 1851 жылы Пертопавлда орысша оқып, гармоньда, скрипкада ойнауды үйренеді. «Кел, балалар, оқылық» өлеңіне ән шығарды. Шоқанмен бірге жүріп, Абайға өлең арнады. 1852 жылы Омбыға келіп, 1854 жылы орыс мектебіне түседі. Желтоқсаншылар мен петрашевшілер тарихы оның әлеуметтік көзқарасының қлыптасуына әсер етті. 1856 жылы ауылына қайтып, дауларға раласады. Баянауыл дуанының аға сұлтаны Мұса мен інісі Мұстафа Шорманұлдары Байжанның балалары өздерімен ататс болмасын деп, Мұсаны-«Жаяу», інісі Мұстафаны-«Жалаң аяқ» атандырды. 1860 жылы Шорман балаларының жаласымен Тоблға жер аударылып, 1862 жылы өз еркімен әскерге алынды. Генерал М. Г. Черняев тобының құрамында Шымкент, Әулиеата жорықтарына қатысты. Өзін қуғынға ұшыратқандарға шағымданып, қолдау таба алмай, жиһан кезіп кетеді: Польша, Латвияда болып, Қазақна тұрақтайды. Жаяу Мұса-ақын-публицист. Өзі жазған 70-ке жуық әннің сөздерін өзі жазған: «Ақсиса», «Хаулау», «Шорманұлына», «Толғау», «Баянауыл», «Сұршақыз», т. б.

      Ақан  сері (Ақжігіт) Қорамсаұлы (1843-1913 жж.)-сазгер, күйші. 16-17 жасынан өнер жолына түскен. Оның шығармашылық қалыптасуына негіз болған қазақтың халық музыкасы және орыс шаруалары, қала тұрғындарының әндері. Ақан сері 1905-1907 жылдардағы Ресей революциясының лебімен сықақ өлеңдер шығарды: «Шоғырмаққа», «Сұрағанға», «Смағұлға». Сазгердің «Маңмаңгер»,  «Сырымбет», «Балқадиша» әндері халықтық музыка мәдениетінде ерекше орын алады. Ақан серінің жақын серіктері-Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Естай. Ақынның 40-тан асатм әндері бізге жеткен.

      Ықылас  Дүкенұлы (1843-1916 жж.)-күйші, қобызшы, сазгер. Аса белгілі туындылары: «Ықыластың күйі» мен «Қоңыр күйі». Эпикалық аңыздар негізінде шығарған күйлері: «Қорқыт күйі», «Қамбар күйі», «Қазан күйі». Патша шенеуніктері мен байларды келекелеген «Жарым патша», «Бес төре» күйлерін шығарған. Балласы Жүсіпбек оның «Қорқыт» күйін насихаттап, кейінгі ұрпаққа жеткізген.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

          ҚОРЫТЫНДЫ

     Қазақстанның  тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Қай халықтың, қай ұлттың болсын толығып өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығы да-мектеп. Сондықтан да қазақ мектептерінің білім деңгейін көтеру және онда тарих сабағын қызықты етіп өткізу, оқу-тәрбие процесін тиісті деңгейге көтеру, мектеп ұстаздарының, педагогикалық ұжымның жүйелі басшылыққа алатын бағыты деп есептеймін.

     Талантты ақын М.Жұмабаев кезінде былай деп жазды: «Әрбір ел келешегіне негізді балаларын тәрбиелейтін, даярлайтын мектебіне салмақ. Бір елдің тағдыры – мектебінің құрылысына байланысқан нәрсе. Бұл-ескірмейтін игі сөз, өзгермейтін бір шындық. Тарихты аз ғана болса да ақтарған кісі мұны біледі. Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізге құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, сау, берік һәм өз жанымызға қабысатын, үйлесетін негізге құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады. Сондай негізге құра алмасақ, келешегіміз күңгірт».

     «Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» деген Шоқан Уәлиханов.

     Сонау ХХ ғасырдың басында Жүсіпбек Аймауытов: «Сабақ беру-үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер» деген екен.

     Сондықтан қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын, қазіргі қолданып жүрген пән ерекшелігіне қарай тиімді пайдалана білу – оқыту мақсатына  жетудің бірден-бір жолы. Тарих сабағын оқыту барысында туған елінің тарихын өз бойына сіңіріп өскен, қыр-сырын, табиғатын таныта отырып, ертең өмірден орнын таба алатын өзіне сенімді, нағыз ұлтжанды, парасатты ұрпақ тәрбиелеу үшін педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен пайдаланып, тәжірибені байыта түсу – бүгінгі таңның басты мәселесі болып табылады деген ойдамын.

     Бүгінгі білім өзегінен алынып отырған үш таған Мәдениет – Білім – Тарих бірлігі де елдің тарихы мен бүгінін сабақтастыратын саналы білімнің дара тұлға мәдениетін қалыптастыруға бағытталуын қажет етеді.

     Қазақстан Республикасының жалпы білім  беретін тұжырымдамасында «Жалпы білім  беретін мектептің мақсаты-жас  ұрпақты ұлттық игіліктермен адамзат  мұрасының сабақтастығын сақтай отырып, тәрбиелеу және әрбір шәкіртті тұлға деп санап, оның жан-жақты дамуына мүмкіндік жасау» делінген. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін оқушылардың санасына туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезімін ұялатып, көкейіне ұлттық рухты енгізу, сондай-ақ тілі мен әдебиетін, дінін, мәдени мұрасын, тарихын құрметтеп, қастерлей білуге үйрету керек.

     Заман талабына сай оқушылардың білімін  жетілдіру және белсенділігін арттыру, танымдық қабілеттерін қалыптастыру үшін оқытудың жаңа тәсілдерін қолдану қажет деп ойлаймын. 
 
 
 
 

                              ЖОСПАР 
 

  КІРІСПЕ

  НЕГІЗГІ БӨЛІМ

            1. Тарих пәнін  оқытудың  міндеттері мен әдістері

            2. Тарих пәнін оқытудың әдіснамадағы тәжірибелік негізі

         2. 1. «Киіз үй-көшпенділердің негізгі баспанасы»  

      2. 2. IX ғасырдың II жартысы-XIII ғасырдың басындағы          Қазақстан  мәдениеті

      2. 3. XVI-XVII ғғ. қазақ халқының мәдениеті

      2. 4. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы  қазақ әдебиеті мен мәдениеті.

      2. 5. XIX ғасырдың II жартысындағы қазақ халқының  өнері мен музыкасы

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДБИЕТТЕР 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

         ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 

  1. Ақбаева Ш. Дәстүрлі өнердің эстетикалық тәрбие мәселелері. //Ұлт тағылымы. 2001, № 4-5. 66-72 б.
  2. Серікбаев Ж. Ұлттық ою-өрнектерді сабақта қолдану. // Бейнелеу өнері және сызу мектепте және ЖОО-да оқыту. 2006, № 1. 9-10 б.
  3. Сұлтанова М. О. Қазақ мәдени мұраларының ерекшеліктеріне мазмұндық сипаттама. //Абай атындағы ҚҰПУ хабаршысы. Көркемөнерден білім беру: өнер теориясы әдістемесі. 2005, №2. 76-78 б.
  4. Оразқұлова Қ. С. Дәстүрлі өнердегі тұрақты белгілер. //Абай атындағы ҚҰПУ хабаршысы. Көркемөнерден білім беру: өнер теориясы әдістемесі. 2007, №4. 31-33 б.
  5. Аяған Е. С. Қазақстанның жоғары мектептерінде ұлттық мәдениет негізінде студенттерді патриоттыққа тәрбиелеу. //ҚР-да жоғары білім беру сапасын жетілдіру және дамыту перспективасының өзекті мәселелері. Қарағанды. 2004, 16-наурыз.
  6. Уәлиева М. Мектеп оқушылар аңыз арқылы сәндік қолданбалы өнеріне қызықтыру. // Мектептегі технология. 2004, №4. 26-28 б.
  7. Қазақстан тарихы. ЖОО-на түсушілерге арналған оқулық. Шың баспасы. Алматы. 2006 жыл
  8. Ж. Қасымбаев. Қазақстан тарихы. Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Алматы «Мектеп». 2004ж, 135-141, 199-206 б.

     

Информация о работе Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс