Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Сентября 2011 в 19:19, курсовая работа
Осыған байланысты XXI ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр: соңғы ақпарттық технологиялар мен ұлттық дәстүрлі сабақты өткізудің жолдарын жетілдіре отырып және сапалы оқулықтарды оқу үрдісінде тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.
Сүйінбайдың өмірбаянына қатысы бар кейбір мәліметтерді жазушы С. Бегалиншң Жамбыл Жабаев өмірі туралы қолжазба кітабынан да ұшыратамыз. 1955—1960 жылдары біз Сүйінбай шығармаларын жинау жұмысына араласып, сол кезде көзі тірі көп ақындармен кездесіп, жаңа шығармаларының көзін таптық. Әсіресе, халық ақыны Әбдіғали Сариев табыс еткен Сүйінбай өлеңдері қүнды боп шықты. Ақынның қолда бар шығармаларын түгелдей қарастырсақ, оларды негізгі үш салаға жатқызуға болады. Олар: толғаулар, арнаулар, айтыстар. Сүйінбайды тек қазақ елі ғана емес, көрші Орта Азия халықтары да жақсы білген. Әсіріесе, оның есімі — туысқан қырғыз халқына жете таныс. Халық арасында оның "Мақсұтқа", "Қасымға", "Жетісу билеріне", "Болыстарға баға", тағы да басқа сатиралық өлендері кеңінен танымал. Сүйінбай - өзі туып-өскен еңбекші халық ортасында жасап, сол ортадан тәлім алып, жетілген өнер саңлағы, дәуір қайшылықтарын аша да жырлай да білген шыншыл ақын. Оның шағармалары - өзінің өміршендігі мен көркемдігі мен құнды.
Музыка өнері.
Ерте кезден-ақ қазақ халқы өз тіршілігінің барлық қырларын таңдайдағы әнімен, көкіректегі күйімен, көмейдегі жырымен баяндаған. Олар әр дәуірде, әр кезеңде, әр ғасырда туғандықтан, бір жағынан халықтың рухани азығы болса, екінші жағынан өткен өмір шежіресі. Әр түрлі музыкалық аспаптардың ішінде халық арасына кең таралғаны-домбыра. Ахмет Жұбанов айтқандай: «Домбыра-көшпелі елдің көне көз шежіресі, көпті көрген қарияның көкірек күйі». Домбыра туралы халық арасында мынадай аңыз-әңгіме бар: «Жаумен күрестен, жолдан әбден шаршап-шалдығып келе жатқан батыр жолда кездескен ауылға тоқтап демалмақшы болады. Жар жағасында көлеңкеде отырған батыр ағаштың бөлігін кесіп алып, оған жылқының қылын тартып, өзі жасаған аспаптан дыбыс шығармақшы болады. Бірақ аспап дыбыс бермейді. Оны батыр жанына қойып, ұйықтап қалады. Бір кезде оянса, аспаптан өздігінен дыбыс шығып жатыр екен дейді. Аспапты қолына алып қараса, домбыраның басына, шектің астына салынған ағаш кертпені көреді де, мұны шайтанның ісі деп шешеді. Сонан бері халық арасында бұл «шайтан тиек» деп аталып кетеді». Музыкалық дарын иелері көпшілік алдындағы арнайы өнер сайыстарында көрінетін. Мұндай музыкалық-поэзиялық жарыс тойларда, жайлауға көшуге байланысты, қыз ұзатқан кезде және басқа да отбасы қуаныштарына орай өткізілетін. Поэзия сияқты музыка өнері де рухани байлықтың толастамауына, эстетикалық талғамның қалыптасуына әсер етті. Өнерімен халық арасында бедел мен қадір-қасиетке ие болғандарға сал, сері деген атақтар қосылып айтылатын. Сал-серілерге қалыңдық отырған шымылдық ішіне де кіруге рұқсат етілген. Зор құрметке бөленген әнші, күйшілердің атағы ауылдарға кең тарап, оларды қай жерде де құрметпен қабылдаған.
Жыршы-жыраулар
эпикалық және тарихи жырлар мен аңыздарды
орындау үстінде әуендік
«Не бір аруақты, дарынды дала перзенттерінің аты ұмытылып кетсе де, сары алтындай шығармалары тот баспай бізге аман жетті... Олардың бәрі де әліпті таяқ деп білмейтін, нота дегеннен тіпті бейхабар болса да, өз халқының өзегін өртеген, мұңын мұңдап, жоғын жоқтап, көптеген тамаша музыкалық шығармалар қалдырып кеткені және айқын. Олар халық аспаптарына арнап шығармаларын яғни, домбыра мен қобыз, сыбызғыға арналған музыкалық пьесаларды «Күй» деген бір-ақ сөзбен атаған».Ахмет Жұбанов
Қазақ халқының ән-күйлері XX ғасырдың 20-жылдары жүйелі түрде нотаға түсе бастады. Бұл істі алғаш қолға лаған-көрнекті этнограф А. Затаевич. Оның жинап, нотаға түсірген ән-күйлері шамамен 2000 нан асады екен. Нәтижесінде зерттеушінің 1925 жылы «Қазақ халқының 1000 әні», 1931 жылы «Қазақ халқының 500 ән-күйі» жинақтары баспадан жарық көреді. Материалдық мәдениет. Қазақ халқы материалдық мәдениетінің бір саласы мал шаруашылығымен және егіншілікпен, үй кәсіпшілігімен, қолөнермен байланысты күнделікті еңбек құралдары болып табылады. Қарапайым күнделікті өндірістік құралдарды көшпенді қазақтардың өздері ат әбзелдерін, үй мүліктерін арнайы шеберлер жасады.
Қазақ халқында дамыған қолөнер салалары: тоқымашылық, киіз басу, ағаш, металл, сүйек және мүйіз өңдеу-көшпенді халықтың күнделікті тұрмысында белді орын алды.
Материалдық өндірістің негізі көшпелі мал шаруашылығы өркендеп тұрған кезде киіз үй көшіп-қонып жүруге қолайлы қоныс болды.
Киіз үй - қазақ тұрмысының басты болмысы. Тіпті, оны жайлаудан жайлауға көшерде жинап, құрыдың өзінде жаңа өмірдің келетініне еріксіз сендіретіндей терең мән бар. Киіз үй пішінінің өзі ерекше жайлылық пен үйлесімдікті көрсетеді. Кең дала бетіндегі көк күмбезінің көшірмесіндей әсер ететін киіз үй бір жағынан халқымыздың еркіндік сүйгіш рухын және көшпенділердің тәуелсіздігін беінелейді. Жанға жайлы тыныштық пен бейбіт өмір киіз үй тігілген ортаға ғана қонақтайды.
Даланың аптап ыстығы мен аңызақ желінен соң, киіз үй табалдырығын аттасақ, бейне бір жұмаққа тап болғандай күй кешеміз. Киіз үй қабырғаларын тұтас жапқан ашық бояулы тұс киіздер мен қалың кілемдер көз алдыңа мәңгі көктемді әкеледі. Бұнда шаршап-шалдыққан жолаушыға керектің бәрі бар. Дастарханда ұлттық дәм мен қымыз. Бұдан әрі киіз үй жабдықтарының өзі-ақ үй иелерінің кім екендігін айтып береді. Мәселен, кіре берістен солға қарай, шаңырақ иесі - ер адамның жабдықтары орналасқан. Бұл жерден біз ат әбзелдерін, аңшы құралдарын, музыкалық жабдықтарды көреміз. Ал, оң жақта - ошақ иесі - әйелдің ұстап-тұтынар заттары-үй жабдықтары, ісмерлік бұйымдар орналасқан. Тұрмысқа қажет әр зат киіз үйде өз орнын тапқан. Егер әр затқа символикалық тұрғыда мән бере қарасақ, киіз үй кеңістігінің өзі күмбезді аспанды, ал ошақ күнді бейнелейді. Сайып келгенде, бұның бәрі шаңырақ арқылы аспанмен тікелей астасты.
Киіз үй қазақтың қолданбалы өнер туындыларының көптеген түрін қамтиды: ағашпен жұмыс, тоқыма, киіз басу, қамыс өру, тері илеу, т.б. Киіз үйге қажет тұрмыстық бұйымның әрқайсысы мейлі ол ыдыс-аяқ немесе қару, ойыншық немесе әшекей заттары болсын, әрқайсысы өзіндік мәнге ие.
Шаңырақ – киіз үйдің ең қасиетті бөлігі. Ол ғарышқа, көк күмбезіне қарайды. Шаңырақтың мәні терең, әрі түпсіз. “Шаңырақ көтерді” деген сөз отбасын құрады, азамат болды деген ұғымды білдіреді, “Шаңырағың биік, керегең кең болсын” деген игі тілек шаңырақ құрған жас отау иелеріне айтылады.
Ою-өрнек, материал, әшекей бұйымдарының түр сипаты бәрі-бәрі қазақ тұрмысында ерекше мағынаға ие болған. Ертедегі түріктер көптеген тастардың қасиет күшіне еріксіз сенген. Мәселен, маржан тіл-көзден, перламутр тілден сақтайды десе, бируза бақыт әкеледі деп білген. Әлі күнге сәбиді суға түсіргенде,күміс теңге салып, “Сәбидің күні күмістей жарқын болсын” деген тілек айтады.
Жылқы
жабдықтары – жегу құралдары, ер тоқым,
жабу киіз үйдің көрнекті жерінен орын
алады. Баланы жөргектен бастап-ақ, атқа
отыруға баулиды. Аяғына мініп, жүре бастасымен,
өзімен бір жылы туған құлынды сыйға тартады.
Ат әбзелдері өзінің байлығымен қоса,
әсемдігімен ерекшеленген. Негізінен
сүйекпен, алтын, күміспен безендірілген.
Қазақта “Өмірдің рахаты – жақсы ер тоқым
мен әдемі киімде” деген мәтел де бар.
2. 5. XIX ғасырдың II жартысындағы қазақ халқының өнері мен музыкасы
Сабақтың мақсаты.
а) XIX ғасырдың II жартысындағы мәдениетті дамытуға үдес қосқан Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Ақан Сері, Жаяу Мұса, Ықылас, Біржан туындыларымен таныстыру, сурет өнерінде қазақ тақырыбында сурет салған суретшілер мен қазақтың қолданбалы өнері туралы ақпаратты меңгерту.
ә) логикалық ойлау, шешім қабылдау, қорытынды жасау, өз бетінше және топпен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: дәстүрден тыс.
Сабақтың көрнекілігі: сызбалар.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиетіғ музыка.
Пайдаланылған әдебиеттер: Құрманғазы. Жинақ-Алматы, 1998.
Сабақтың барысы:
1. Шығармаларды оқу.
Оқушылар топқа бөлінеді, әр топқа екі, үш немесе төрт оқушыдан отырады. Бір топтағы оқушы деңгейлері бірыңғай болғандығы тиімді (егер әр түрлі деңгейі жоғары оқушыдан көшіре салады). Әр топқа бөліп, сызба таратылады. (1-сызба-сурет өнері, 2-сызба-Жаяу Мұса, 3-сызба-Ақан Сері, 4-сызба-Ықылас Дүкенұлы).
Әр топ берілген уақыт ішінде сызбаларды өз бетінше түсіндіруі керек.
2. Үш топ құрылып, әр топқа бір-бірден мәтін таратылады. Әр топ өзіне берілген мәтіннің сызбасын ватманға сызып, қорғайды. Екі оқушының біреуі «прокурордың», екіншісі «адвокаттың» рөлін ойнап, әр топтың сызбаларына баға береді.
3. Тарихи ойын «Ғылым».
Оқушылар
4-топқа бөлінеді. Құрманғазының
туған жылы туралы әр түрлі мәлімет
келтірген үзінділерді
Ойлау стратегиясын дамыту.
Берілген тұжырымдардң ішіндегі осы сабаққа қатысты қате тұжырымды табуы тиіс.
Бағалау
Үй тапсырмасын
беру. Ақан сері мен Ықылас Дүкенұлы туралы
қосымша мәліметтер жинап келу.
1. Шығармаларды
оқу материалы
Тақырыптың мазмұны:
Прогресшіл бағыттағы орыс суретшілері қазақ халқының тұрмысы мен табиғатын бейнелеуде зор үлес қосты.
В.
Верещагиннің «Лепсі алқабын қоршаған
таулар» картинасы қазақ
Н. Хлудовтың өнері қазақ халқына арналған. «Мал айдау», «Отынға бару» шығармаларында қазақ елі аса сүйіспеншілікпен бейнеленген.
Жергілікті шеберлер мен зергерлер дайындаған бұйымдар Петропавлдағы, Көкшетаудағы (1876 ж), Нижний Новгородтағы (1896 ж) көрмелерде көрсетілді.
1868
жыл-Париждегі Дүниежүзілік
XIX ғасырдың II жартысы-халық сазгерлері мен классикалық сипатта қалыптаса бастаған музыка өнерінің негізі қаланған кез.
Құрманғазы Сағырбайұлы (1818-1889 жж.)-күйші, сазгер, аспапты музыканың (күйдің) классигі. Туған жері-Бөкей Ордасының Жейделі деген жері. Алғашқы ұстазы-Ханбазар, алғашқы күйшісі-Ұзақ. Құрманғазының бүкіл өмірі мен шғармашылығы әлеуметтік әділетсіздік мен озбырлыққа күрес жолында өтті. Алғашқы күйлерінің бірі «Кішкентай» Исатайға арналды. «Ақбай», «Ақсақ киік», «Көбік шашқан», «Түрмеден қашқан», «Кісен ашқан», «Адай» күйлерінде азаттықты аңсаған халықтың үміті, езушілерге қарсы өшпенділігі суреттелген. «Сарыарқа» туындысы арқылы туған жерді, кең даланы, халықтың қажымас күшін сипаттады. Би күйлері: «Қызыл қайың», «Балбырауын».
Үстем
тап өкілдерінің жаласымен
Тәттімбет Қазанғапұлы (1815-1862 жж.)-шерте күйдің негізін қалаушылардың бірі. 40-тан астам күй шығарған лирик сазгер. «Саржайлау», «Былқылдақ», «Балбырауын», «Салқоңыр», «Алшағыр» күйлерінде негізінен өмір тартысы, сұлулыққа құштарлық байқалады. «Бестөре» күйінде әлеуметтік теңсіздікке қарсы әуен байқалады. 1855 жылы Петербургте өнер көрсетіп, күміс медальға ие болады.
Дәулеткерей Шығайұлы (1820-1887 жж.)-күйші, сазгер, домбра өнеріндегі лирикалық бағыттың негізін салушы. Күйші көзқарасын қалыптастыруда 1836-1838 жж. көтеріліс әсері мол болды. Дәулеткерей Бөкей Ордасын басқару жөніндегі Уақытша Кеңестің төрағасы Г. В. Ващенконың көмегімен сұлтиан болып сайланады. Сазгердің орыс зиялыларына жақын болуы, Орынбор, Мәскеу, Петербургке барып, мәдени мұралармен танысуы оның талантын ұштай түсті. Орыс музыкасының әскери марш әсерімен шығарған күйлері: «Ващенко», «Қос ішек», «Топан», «Қоңыр». Тұрмыстық саланы бейнелейтін күйлері: «Желдірме», «Қосалқа», «Ақбала қыз», «Тартыс», «Ысқырма», «Құдаша», «Жігер», т. б. Сазгердің 40-қа жуық күйлері сақталған. «Төре күйлерінің атасы» атанған.
Біржан Қожағұлұлы (1834-1897 жж.)-сазгер, әнші, ақын. 20 жасынан бастап ән шығара бастаған. 1865 жылы Абаймен кездесуі оның сазгерлік, әншілік, ақындық өнерінің дамуына әсер етті. Біржан патриархалдық-феодалдық қоғамның озбырлығына қарсы тұрды. («Жанбота» өлеңі). Біржанның Сарамен айтысы оның суырып-салма ақындық талантын елге танытты. 40-қа жуық өлеңдері бізге жетті. Шоқтыңы биік туындылары-«Ғашығым», «Біржан сал», «Айтбай». Біржан мектебінен тәлім алған дарындылар: Ақан Сері, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ.
Информация о работе Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс