Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Сентября 2011 в 19:19, курсовая работа

Краткое описание

Осыған байланысты XXI ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр: соңғы ақпарттық технологиялар мен ұлттық дәстүрлі сабақты өткізудің жолдарын жетілдіре отырып және сапалы оқулықтарды оқу үрдісінде тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.

Содержимое работы - 1 файл

КУРСТЫК ЖУМЫС.doc

— 403.00 Кб (Скачать файл)

Қазақтың  саз аспаптары жайлы не білесің? Әңгімелеп айтып бер.

       Салт-дәстүрге, ұлттық ойындарға  қатысты сұрақтар:

     Бұл салт-дәстүрді отбасына бір адам қосылғанда жасайды. Жаңа келген адамға шашу шашады. Ел тамақ жеп болған соң біреу оны өзгелермен таныстырады. Ол төмен қарап иіліп, сәлем береді. Бұл қандай той және кім? (Беташар тойы, келін).

     Мұны  ер жігіттер ойнайды. Ол үшін жүйрік ат, ептілік және шапшаңдық керек. Қажет заттың тек ұшы ғана көрінеді. Оған қолы жеткен жігіт оны ұнатқан адамына сыйлайды. Бұл қандай ойын және ол не? (Теңге ілу ойыны, түйіншек).

     Ол  тойларда беріледі. Көп адам бір  затқа таласады. Оған жүйрік ат та, білек  күші де керек. Оны жеке-жеке немесе топқа бөлініп те жүргізеді. Бұл қандай ойын түрі? (Көкпар).

     Бұл қазақтар өміріндегі маңызды оқиғалардың  бірі. Оған балалар да қатысады. Ол үшін ала жіп, көк шөп, қайшы және жүйрік адам керек. Бұл не? (Тұсаукесер).

     Тұрмысқа  қатысты сұрақтар:

     Мұның қазақтарда екі түрі болған. Ол негізінен жыл мезгіліне байланысты бөлінген. Кейде жылжымалы түрі де қолданылған. Тұрмыс жағдайына қарай оның сәні де әр түрлі болған. Ұлттық ерекшеліктерімізді білдіретін кейбір бөліктері мемлекеттік рәміздердің бірінде бейнеленген. Ол не? Қайда пайдаланылады? (Киіз үй, қазақ тұрмысында кеңінен қолданылған).

     Ол  үй жиһаздарының бірі. Тұрмыс қажетіне де, сәндік бұйым ретінде де қолданылған. Ол әр түрлі қызмет атқарады, соған  лайық түрліше аталады және үй ішінің әр жерінен орын алады. Кейде онымен адамды да тасиды не жасырады. Ол не? (Сандық).

     Ол  далада өседі. Онан үй шаруасына қажет  бұйым жасалады. Оны түрлі түсті  жүндермен өрнектеуге болады. Ол желдеткіштің де рөлін атқарады. Үйдің ішін бөлуге, құрт, ет жаюға пайдаланылған. Ол не, қайда, қашан қолданылады? (Ши).

     Оны негізінен үлкен апалар киеді. Оны  әйелдер мен аналарымыздың жасына қарай әр түрлі етіп әрлеуге болады. Ол қазақ әйелдеріне ғана тән айбын, көрік береді. Қазір көп қолданылмайды. Ол не? (Кимешек).

     Оқушылар  сұрақтарға жауап беру барысында оқу бөлмесінен сол затты тауып алып, көрсетеді, сол затқа қарап трып түсіндіреді. Жауапты басқа оқушылардың толықтыруларына болады.

   2.3. Ойлан, тап?

Бұл бөлімде  оқушылар басқатырғыштар шешеді, үнтаспадан берілген ауыз әдебиеті шығармаларының үзіндісін тңдап, оған анықтама береді.

   3. Қорытынды және бағалау кезеңі.

Сабақты оқушылар қорытындылайды, көмекшілер толтырған бағалау парағы арқылы оқушылардың білімдері бағаланады.

   4.Үйге тапсырма беріледі.

     Тапқырыптың мазмұны:

     XVI-XVII ғасырларда қазақ халқының өзіндік мәдениеті қалыптасқан. Қазақ тілі Қазақстан территориясындағы ежелден тұратын, тегі жағынан бір-біріне жақын тайпалардың тілдері негізінде шықты. XVI ғасыр-қазақ тілі өзіне тән ерекше белгілерімен дербес тілге айналып, қазақ тілінде тарихи шығармалар пайда болды. XVI-XVII ғасырларда қазақтар араб жазуын қолданды. XVI-XVII ғасырлардағы қазақ тарихының маңызды ескерткіші-Қадырғали Жалайырдың (1530-1605 жж.) «Жамиғат-тараурих» («Жылнамалар жинағы») шығармасы. Автор өз кітабын «Жалайыр» деген атпен 1587 жылы Борис Годуновқа достықтың белгісі ретінде сыйға тартқан. Шығармада Тәуекел ханның жиені Ораз-Мұхаммедтің өмірбаяны жазылады. Шығарма ертедегі қазақ тіліндже жазылған тұңғыш шығарма болуымен құнды. Бұдан басқа түркі тілдес шығармалар тобы: «Шыңғыснама», «Бабырнама».

     Мұхаммед  Хайдар Дулати (1499-1551жж.)-1546 жылы парсы тілінде

жазылған  «Тарих-и Рашиди» еңбегін Абдар  Рашид ханға тарту еткен. Шығармада  шайбанилық Әбілхайыр хандығы және Қазақ хандығының құрылуы туралы құнды мәліметтер жазылған.

     XVI ғасырдың 40-жылдары Усман Кухистанидің  «Тарих-и-Әбілхайырхани» еңбегі  жазылды. 

     Шах Махмудтың «Тарих-и-шах Махмуд Бен  мырза Фазил Чорас» шығармасында Қасым мен Тәуекел хандар туралы тарихи деректер келтірген.

     XVII ғасыр-Әбілғазы Баһадүр (1603-1664 жж.) «Түрік шежіресі» кітабында шыққан тегінен бастап өзіне дейінгі әулет тарихын жазған.

     Ауыз  әдебиеті. Қазақ халқының ауыз әдебиеті XV-XVII ғасырларда кеңінен өркендеді. Ауыз әдебиет-қоғам өмірінің айнасы. Халық арасында көп тараған батырлық эпостар: «Қобыланды», «Ер Тарғын», «Қамбар», «Алпамыс», «Ер Қосай», т. б.

     XV-XVII ғасырларда өмір сүрген жыраулар: Доспамбет, Марғасқа, Жиембет, Шалкиіз,  Ақтамберді, Бұқар.

     Доспамбет жырау (1490-1523жж.)-шешен және батыр. Қырым, Ноғайлы, Қазақ хандықтары арасындағы ұрыстарды қол бастаған.

     Шалкиіз Тіленшіұлы (1465-1560 жж.)-Едіге ұрпағынан  тараған атақты жырау. Оның 30-ға жуық туындылары бізге жеткен.

     Марғасқа-Есім ханның жорық жырауы болған, 1627 жылы Тұрсын ханның бүлігін басуға қатысқан. «Еңсегей бойлы ер Есім» атты тарихи жырды шығарған.

     Жиембет жырау Бортоғашұлы-XVI ғасырдың соңғы  ширегі XVII ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүрген жырау. Есім ханның Кіші Жүздегі  ел басқарушы биі, әскербасы болған. «Әмірің қатты Есім хан» толғауын жырлаған.

     Ақтамберді  Сарыұлы (1668-1762 жж.)-жырау, қолбасшы батыр, қоғам қайраткері. Ол 17 жасынан бастап Орта Азия хандықтарымен, қалмақтармен соғыста қолбасшылық қабілетімен көзге түскен. «Ақтабан шұбырынды» оқиғаларының куәгері. Оның 26 туындысы бізге жеткен.

     Үмбетей жырау Тілеуұлы (1697-1786 жж). Әкесі шебер қобызшы, жыршы. Жорықтарға қатырсып, батырлардың ерліктерін көріп, оларды мадақтап өлеңдер шығарды. Оның «Бөгенбай өліміне» және «бөгенбай өлімін Абылай ханға естірту» шығармалары ерекше.

   Би-шешендер шығармашылығы:

     XVI-XVIII ғ. ғ. би-шешендер арасында мемлекеттік және қоғамдық қызметінің маңыздылығы жағынан, шешендік өнерінің шеберлігі жағынан ерекшеленетін өкілдер болды. Олар қазақ елінде ғана емес, Ресейде, Хиуада, Жоңғарияда, Цин империясында танымал болған.

     Әйтеке  би Бәйдібекұлы (1644-1700 жж.)-мемлекет және қоғам қайраткері. Кіші Жүздегі Әлімұлы тайпасының Төртқара руынан шыққан. Атақты Жалаңтөс батыр Әйтеке бидің үлкен атасы болып келеді. Ұлықбек медресесінде оқып, білім алған Әйтеке әкесі Ақша ханның (Қоқан ханы) және Жалаңтөс батырдың тәрбиесінде болып, ел басқаруды үйренеді. Әбілхайырға дейін ол Кіші Жүздің барлық руларын басқарған. Тәукенің хан кеңесіне еніп, «Жеті жарғыны» жасауға, мемлекеттік істерді, жүздер арасындағы ірі дауларды шешуге қатысқан.

     Төле  би Әлібекұлы (1663-1765 жж.)-Тәуке, Болат, Жолбарыс, Әбілмәмбет, Абылай хандар тұсында мемлекет басқару ісіне араласқан қоғам қайраткері, ойшыл дана, шешен. Халық оны «Төбе би» атаған. Қазіргі Жамбыл облысының Жайсаң деген жерінде туған. 20 жасында сот ісімен айналысып, әділдігімен ерекшеленген. Тәуке зхан тұсында хан кеңесшісі болып, «Жеті жарғы» заңдар жинағын жасауға қатысады. Тәуке ханнан кейін Ұлы жүзді басқарды. Ташкентті де биледі. Қазақтардың жоңғарларға қарсы күресін ұйымдастырушы. Ташкентте жерленген.

     Қазыбек би Келдібекұлы (1665-1765 жж.)-мемлекет және қоғам

қайраткері. Қазіргі Қарағанды облысында  дүнеиеге келген. Жас Қазыбектің асқан  қабілеттілігіне көз жеткізген  Орта Жүз ақсақалдары мен билері оны сот ісін қарауға тартады. Қазыбек би Тәуке, Болат, Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай хандардың кеңесшісі болған, мемлекетті басқаруға араласқан. «Жеті жарғыны» жасауға қатысқан. Абылай тұсында дипломатиялық өкілдік атқарып, жоңғарларға қарсы күресті ұйымдастырған. XVIII ғ. 40-ж. Абылай сұлтанды жоңғар тұтқынынан босатуға қатысқан басты қайраткер. Қазыбек би жүз жастан астам жасаған. Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне жерленген. Діні.

     XV-XVII ғасырларда ислам дінінің таралуына  суфистік миссионерлер елеулі  үлес қосты. Суфизмнің түркі  дәстүрін Қожа Ахмет Яссауи  таратты. 

     «Диуани хикмат» («Даналық кітабы») еңбегінде исламның негізгі қағидалары қарастырылды. Көшпелілер арасында Тәңірге, табиғатқа, ата-баба аруағына табыну сақталды. Отқа табыну ерекше болып, От-Ана үйдің қамқршысы деп саналды. Ата-баба аруағын құрметтеп, көптеген әулиелер атымен қоғамның топтарын байланыстырды:

Мұхаммед  пайғамбардың қызы Фатима Ана-әйелдер  мен балалар қамқоршысы.

Қорқыт  Ата-қазақ бақсыларының, әнші-күйшілерінің қамқоршысы.

Түкті Шашты Әзіз Баба-қазақ батырларының қамқоршысы.

Диқан Баба-егіншілер қамқоршысы.

Қдыр  Ата-игілік, молшылық, бақыт әкелуші.

Әрбір мал түліктерінің пірлері болған деп санаған:

Шопан Ата-қойдың пірі.

Зеңгі Баба-сиырдың пірі.

Қамбар  Ата-жылқының пірі.

Ойсыл Қара-түйенің пірі.

Сексек  Ата-ешкінің пірі.

     Жерлеу  дәстүрінде ислам діні мен тәңірге табыну ықпалы қатар жүрді. Зират құрылысы қайтыс болған кісінің әлеуметтік жағдайын білдірді.

Обалар-кедейлерге арнап, жай кірпіштен және тастан жасалды.

Мазарлар-байларға арнап күйдірген кірпіштен өрнектеп салынды.

Әдет-ғұрыптар: Халықтық әдет-ғұрыпты айқындайтын ерекше дәстүр-үйлену тойы. Қызға құда түсудің жолдары:

Қарын құда-бала анасының құрсағында жатқанда атастыру.

Бесік құда-бесікте жатқанда уәделесу.

Айттыру құдалығы-қыз бой жеткенде құда түсу.

Сүйек жаңғырту құдалығы-ескі жекжаттардың қыз алысуы.

Қалыңдықтың туған-туыстарына көрсетілетін сый  рәсімдері:

Қалың мал-47 жылқы.

Сүтақы-қалыңдықтың  анасына берілетін сый.

Той малы-қалыңдықтың  әкесіне беріледі.

Тарту-қалыңдықтың  аға-інілеріне.

Кәде-қалыңдықтың  туыстарына беріледі.

     Жас келін баланы дүниеге әкелгенге дейін немесе ұзатылғанға жыл толғаенға дейін өзінің ата-анасына баруға тыйым салынған. Төркіндеу-ұзатылған қыздың жыл аралап төркініне келуі.

     Бәсіре (енші)-төркіндеп келгенде баласына берілетін сый (қозы, бұзау, құлын, тай, бота).

     Ат  тергеу-жас келіннің күйеуінің туыстарын  аттарымен атамай, еркелетіп қосымша  есіммен атау дәстүрі.

     Әмеңгерлік-жесірдің марқұм күйеуінің туыстарына қосылу дәстүрі. Әмеңгерлік күйеу бала қайтыс болған жағдайда айттырылған қалыңдыққа да қолданылады.

     Балдыз  алу-ер азаматтың марқұм әйелінің туған  сіңілісіне үйлену құқығы. Қалың малы төленіп қойған қалыңдық әкесінің үйінде өлсе, балдыз алу міндетті деп саналған.

     Жамбы ату-нысанаға күміс қойып, садақпен ататын ойын.

     Көкпар-жігіттердің  күшін, петілігін, шеберлігін көрсететін сайыс.

     Саз өнері. Қазақ халқының саз өнері бірнеше салаға бөлінеді: айтыс, терме, толғау, ән, күй, би өнері.

     Саз аспаптары:

Домбыра-шертіп ойналатын аспап.

Қобыз-ысқышты  аспап.

Сыбызғы-қуыс қамыстан немесе жұмсақ ағаштан жасалып, үрлеп ойналатын аспап.

Дабыл, дауылпаз-ұрып ойналатын аспап.

Асатаяқ, қоңыру-сілкіп ойналатын аспаптар.

Материалдық мәдениеті.

     Қазақ өнері –Қорқыттың қобызымен, Асан қайғының арманының ар жағынан, яғни көне замандардан  ат жалында жалындап туған өнер. Қорқыттың қобызы, қазақтың қара домбырасы, қураймен сырласқан сырнайы  халқымыздың  тума табиғаты берген ұлы дүниелер. Қаңсыған қарағайға тіл беріп, жүрек қылын суырған, семізге от берген қос ішек неткен шебер десенізші! Ол өз үнімен, қасиет-қабілетімен Құрманғазыны, Тәттімбетті тудырыпты. «Ау» деп басталатын кең әуез сары даланы жаңғыртып, ән атасы Біржанды, Ақаңды, Естайды дүниеге әкелткен. Қазақтың әлемі күллі әлемді араласаң, таптырмас үнімен, күмбірімен күндік жерден бой тартады. Бізден бұрын өткен Ұлылар ешбір мектеп көрмей – ақ ән маржандарын, бергінің тілімен атар болсақ, қайталанбас классикалық музыка үлгісін салып кетіпті. Күмбірлеген күйдің, шырқалған әннің дауысы қазақ қауымында қашаннан қалыптаса бастағанын дәл бүгін кесіп айту, әрине, мүмкін емес.

Информация о работе Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс