Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Сентября 2011 в 19:19, курсовая работа
Осыған байланысты XXI ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр: соңғы ақпарттық технологиялар мен ұлттық дәстүрлі сабақты өткізудің жолдарын жетілдіре отырып және сапалы оқулықтарды оқу үрдісінде тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.
КІРІСПЕ
Тәуелсіз еліміздің болашағы бүгінгі күнгі ұрпақ тәрбиесіне, ғылымымыз бен біліміміздің өркендеуіне тікелей байланысты. Жаңа ақпараттық технологияның еліміздің болашағы бүгінгі күнгі ұрпақ тәрбиесіне, ғылымымыз бен біліміміздің жылдан-жылға кең құлаш жайып, оның адам қызметінің барлық салаларына енуіне орай оқушылардың сыныптағы және сыныптан тыс оқу жұмыстарын тарих сабағымен байланыстыра оқытып, патриоттық сезімге, Отынын, елін, жерін сүюге тәрбиелейтін сабақтар арқылы ұйымдастыру Қазақстан-2030 бағдарламасында көрсетілгендей көкейкесті мәселелердің бірі. Осыған байланысты XXI ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр: соңғы ақпарттық технологиялар мен ұлттық дәстүрлі сабақты өткізудің жолдарын жетілдіре отырып және сапалы оқулықтарды оқу үрдісінде тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру. Оқыту әдісін, соның ішінде тарихты оқытудың жолдары мен әдістері оқу материалын беру мүмкіндігін едәуір кеңейтіп, оқу мотивін күшейтуге мүмкіндік береді байланысты. Сондықтан да курстық жұмысымды «Тарих сабағында мәдениет пен өнер тақырыптарын оқытудың әдістері» деп алдым.
Менің ойымша, мектепте оқытылатын әрбір пәннің алдына айқын мақсат болмаса, оқу – тәрбие жұмысында толық нәтижеге жету мүмкін емес. Мұндай мақсат мемлекеттің мектептің алдына қандай міндеттер мен талаптар қойып отырғанына байланысты анықталады. Бұл жерде алдымен елдің, қоғамның келешекте дамуы, жастардың қандай ортада оқып, қызмет ететіндігі, қандай қоғамда өмір сүретіндігі, ал мемлекетке қандай мамандар, кадрлар қажеттігі, оның халықаралық жағдайы, т.б. ескеріледі. Жоғарыда айтылғандардың бәрі Қазақстанда өмір сүретін, қызмет істейтін әрбір адамның осы республиканың, оның халықтары тарихының негізгі кезеңдері мен мәселелерін білуі қажет екенін дәлелдейді. Ал республиканың жергілікті халқы – қазақтардың балалары Қазақстан тарихын терең, жан – жақты әрі тиянақты меңгеруі тиіс. Мектепте тарихты оқытудың басты міндеті – жастарды адамзаттың өткен тарихымен таныстыру, дүниежүзілік мәдениеттің басты – басты жетістіктерімен сусындату, өткен тарихты сын көзімен талдай отырып, келешекті бағдарлайтын, шығармашылықпен ойлана отырып, олардан дұрыс қорытынды жасай алатын, тарихи деректермен өздігінше жұмыс істеп, өз білімін үнемі толықтырып отыратын азамат тәрбиелеу. Қазақстан тарихын оқып – үйрене отырып, оқушылар тарихымыздың барлық кезеңдерінен хабардар болуы, халқымыздың ғасырлар бойы жинаған тарихи тәжірибесі мен мәдени қазынасын, тәуелсіздік алған жылдарда болған өзгерістерді, оның жетістіктері мен қиындықтарын тиянақты меңгеруі керек. Республиканың қазіргі қоғамдық – саяси, әлеуметтік – экономикалық дамуын, оның келешегі мен алға қойған мақсатын осыған байланысты өздерінің алдында тұрған міндеттерді толық түсініп, өздерінің қоғамдағы орны мен үлесін айқындай білуі қажет. Бұл көрсетілген мақсатттар төмендегі міндеттерді шешу арқылы жүзеге асады:
-оқушыларды Қазақстандағы адамзат қоғамының ерте заманнан бастап осы күнге дейінгі дамуымен жан – жақты таныстыру; тарихи процестердің, құбылыстардың, оқиғалардың дамуын тек шындық тұрғысында ғана баяндай отырып, оларда ғылыми көзқарасты қалыптастыру;
-қазақ халқының тарихын Қазақстанды мекендеген басқа да халықтардың, көрші халықтар мен елдердің тарихымен үйлестіре қарастыру, халықтарды жақындастырған себептерді, әсіресе олардың арасындағы мәдени байланыстарды ашып көрсете отырып, оқушыларды халықтар арасындағы өзара түсінушілік идеясына тәрбиелеу. Оларды шығыс халықтарының салт – дәстүріне, азиялық идеологияға баулу;
-тарихи материалды дұрыс іріктеп, оны сапалы оқыту арқылы оқушыларды жоғары саналылыққа, адамгершілікке, имандылыққа, еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, жоғары эстетикалық талғамға тәрбиелеу;
-оқушыны қоғамдағы өзінің орны мен үлесін, құқылары мен міндеттерін дәл таба білуге, қоғам алдында тұрған міндеттерді шешуге белсене араласуға, ұжым алдындағы жауапкершілігін сезіне білуге тәрбиелеу;
-оқушыларды бейбітшілік орнатуға үлес қосуға, адам құқын құрметтеуге, өзімізді қоршаған табиғи ортаны қорғауға, оны ластауға, бүлдіруге қарсы белсене күресе алуға, туған өлкені сүйе білуге, әсіресе оның тарихи, мәдени ескерткіштерін қорғай білуге тәрбиелеу;
-діннің адамзат тарихындағы ролін объективті тұрғыда оқытып түсіндіру, оқушыларды діннің пайдалы және зиянды жақтарын әділ бағалауға үйрету;
-оқушыларды әрбір ұлттың ана тілін, мәдени – эстетикалық, тұрмыс – салт ерекшеліктерін және ұлттық рухани игіліктерін, демографиялық құрылымын қорғай білуге, бірде – бір халықтың өзінің қайталанбас ғасырлар бойы қалыптасқан келбеті мен мінез– құлқын жоғалтып алмауына көмектесуге тәрбиелеу; оларды нәсілшілдікке, шовинизмге, ұлтшылдыққа қарсы күресе алуға тәрбиелеу деп ойлаймын.
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыстың негізгі бөлімі екі жоспардан тұрады:
Бірінші бөлімінде тарих пәнін оқытудың негізгі міндеттері мен әдіснамалық негізіне тоқталдым.
Екінші бөлімді тарих пәнін оқытудың әдіснамадағы тәжірибелік негізі деп алдым. Себебі осы бөлімде аталған тақырыпқа байланысты сабақ жоспарларын көрсеттім. Бұл бөлім өз ішінен 5 бөлімге бөлінген.
Киіз үй-көшпенділердің негізгі баспанасы
IX ғасырдың II жартысы-XIII ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті
XVI-XVII ғғ. қазақ халқының мәдениеті
XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті мен мәдениеті.
XIX ғасырдың II жартысындағы қазақ халқының өнері мен музыкасы.
Бөлімдерден
кейін қорытынды мен
1. Тарих пәнін оқытудың міндеттері мен әдістері
«Қазақстан тарихы» пәнінің мектепте оқытылатын білім мазмұнын анықтау – білім беру тұжырымдаманың күрделі де маңызды мәселелерінің бірі. Өйткені кейінгі жылдарға дейін бұл курс мектепте мүлде үстірт оқытылды. Оның үстіне Қазақстан тарихының көптеген маңызды мәселелері бұрмаланды немесе шындыққа сәйкес келмеді. Сондықтан да бұған дейін пайдаланып келген бағдарламалар мен оқулықтар болашақта оқытылатын «Қазақстан тарихы» пәнінің мазмұнының үлгісі бола алмайды. Пәннің білім мазмұны бағдарламада анықталады. Сондықтан да келешекте осы пәннің бағдарламаларын жасаушылар білім мазмұнының әдіснамалық негізі болып табылатын, яғни оған қойылатын диалектикалық және тарихи материализмнің, тарих ғылымының, педагогиканың, психологияның төмендегі бірқатар талаптарын ескеруі тиіс. Тарихи әдіснамалық тұрғысынан қойылатын талаптар:
-Қазақстан тарихы білім мазмұнының әдіснамалық негізі – оны іріктеуге, сұрыптауға, құрастыруға формациялық, өркениеттілік және мәдениетпен таныстыру тұрғысынан қарау.
-Қазақстандағы
адамзат қоғамының дамуында
болған алуан түрлі тарихи
құбылыстар мен қарама-қайшылықтарды
диалектикалық тұрғыда
-Адамның, қоғамның және табиғаттың өзара байланысын ашып көрсету талабын сақтай отырып, тарихи процестің түрлі жақтарын: экономиканы, саясатты, иделогияны, материалдық және мәдениет тарихын тұтас қамту.
-Тарих ғылымының әдіснамасы үнемі сақтандырып отыратын догмалықты, формальдылықты жою.
Қазақстан тарихының білім мазмұнын анықтағанда қазақ халқының тарихын осы өлкедегі басқа да халықтардың, көрші елдердің, сондай-ақ дүние жүзі тарихымен байланыста қарастыру.
Бүгін
де тарихты оқытудағы басты
Жалпы мәдениетті оқып-үрену оқушыларға тарихты ғылыми тұрғыдан түсінуді қалыптастыруға себін тигізетін мына идеяларды меңгертуге жетелейді:
-мәдениеттің дамуы көптеген әлеуметтік-экономикалық және саяси факторларға, сондай-ақ қалыптасқан дәстүрге байланысты;
-таптық
қоғамда үстемдік етушілер
-халық
бұқарасы өз еңбегімен
-дүниежүзілік
мәдениеттің дамуына әрбр
Осындай идеяларды меңгерту және оқу-тәрбие үрдісін ұлттық болмыспен сабақтастыру үшін мен мынадай тәсілдерді пайдаландым:
Жалпы тарихтың жаңа материалын Қазақстан тарихының өткен тақырыптарымен байланыстыру. Мұндай байланыста өткізуді сабақтың өн бойында пайдаланбаймын. Әр сабақта, әр түрлі кезеңде іске асырдым. Екі курстың мәдениет тақырыбын байланыста оқыту міндеті тек жаңа материалды баяндау, алдындағы байланыстырулармен шектелмейді, мұны жаңа сабақты баянду, оны дамыту, қайталак кезінде де іске асырылады. Бұл тәсілді жүзеге асыру үшін алдын-ала екі курста да кездесетін тарихи дамудың ортақ заңдылықтарын, ұқсас құбылыстары мен оқиғаларды және фактілерді айқындап алып, байланыстыру тәсілін белгілеген дұрыс деп есептеймін.
6-сыныпта Ежелгі дүние тарихының I тарауын өткен кезде ежелгі адам өз дамуында бірнеше кезеңдерден өткені айтылады. Олардың негізінде тачсты өңдеу техникасының жетілдірілуі және соған байланысты еңбек өнімділігінің, материалдық рухани мәдениетінің өсуі жатыр. Археологияда қабылданған кезеңдерге бөлуге сәйкес адамзат тарихы-тас, қола және темір дәуірлеріне бөлінеді. Осындай дүние жүзі халықтарына ортақ адамдардың алғашқы өмірі Қазақстан жерін мекендеген халықтарға да тән екендігін айтып өтеміз. Оқушы осы байланыстыру арқылы алғашқы қауымдық құрылыс тек Египет, Грекия елдерінде ғана болмай, Қазақстан жерін мекендеген елдер үшін тиесілі екенін ұқты. Екі курстың материалдарын байланыстыруда салыстыру тәсілін де қолдандым, оның екі түрі бар:
1.
Синхроникалық жағынан
2. Әр мезгілде болған, бірақ өзара ұқсас оқиғаларды салыстыру.
Бірінші тәсілде орта ғасыр тарихынан 8-сыныпта «XV-XVII ғғ. Еуропадағы қайта өрлеу мәдениеті» тарауындағы «Батыс Еуропаның гуманист жазушылары» тақырыбын өткен кезде осы кезеңдегі қазақ елінің жыраулар поэзиясымен және халық ауыз әдебиетімен байланыстырдым. Еуропа бойынша Т. Мор, В. Шекспир, С. Сервантес т .б .шығармашылығын өткенде қазақ елінің әйгілі жыраулары Қазттуған, Асан Қайғы, Марғасқа, Шалкиіз, Жиембеттерге және «Қыз Жібек, «Қозы Көрпеш-аян Сұлу» жырларына тоқталамын. Олардың шығармаларының басты идеялары арқылы қоғамдық құбылыстарға талдау жасалып, бір-бірінен алыс жатқан аймақтағы даналардың даналығы, олардың ойларының, идеясының тоғысуына баса назар аударамын.
2-тәсілде әр жылдар мен кезеңдердегі, өз ара ұқсас оқиғаларды салыстыру. Мысалы, 7-сыныпта орта ғасыр тарихындағы «Түріктердің мәдениеті», «Қала мен сауда» тақырыбын өткенде түріктер мен қазақтардың сәулет өнеріндегі көпптеген ұқсас белгілерді атап өтемін. Егер діни ұғымға, нанымға тоқталсақ, екі елдің де діні-ислам. Осыған орай сәулет өнерінде де көп ұқсастықтарға кезігеміз. Бейнелеу өнерінде қабырғаларды өсімдік суреттерімен және геометриялық өрнектермен безендіру, ағашқа, металға, тасқа оюлар салу, ғанышқа, мәрмарға салынған түрлі өрнектердегі ұқсастықтар бар. Ислам діні бойынша жанды заттарды салуға тыйым салады. Оларды түсіендіру үшін Ахмет Иассауи, Айша-Бибі кесенесіндігі бейнелермен (көрнекіліктерді пайдалана отырып) салыстыра баяндаймын. Ұқсас оқиғаларды бұлай салыстыру ең алдымен оқушылардың тарихтың даму заңдылығын дұрыс түсінуіне мүмкіндік береді. Түріктердің сәулет өнері мен қазақ сәулет өнерінің әр дәуірде, әр елде болғанына қарамастан, ұқсас сипаттары бар.
Информация о работе Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс