Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Сентября 2011 в 19:19, курсовая работа

Краткое описание

Осыған байланысты XXI ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр: соңғы ақпарттық технологиялар мен ұлттық дәстүрлі сабақты өткізудің жолдарын жетілдіре отырып және сапалы оқулықтарды оқу үрдісінде тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.

Содержимое работы - 1 файл

КУРСТЫК ЖУМЫС.doc

— 403.00 Кб (Скачать файл)

Ән деген  құдіретті күштің, ғажайып құбылыстың тым ертеде басталғаны белгілі. Ол алғашқы  қауымдықта өмір сүрген кезеңдерден  бастау алып, еңбек еткенде, аңшылықта, ұлттық салт – дәстүрге байланысты қалыптасып, ұлттық жүйеге, оның ментальдық ерекшелігіне айналған күрделі құбылыс.

     Тал бесіктенжер бесікке дейін, яғни, ананың әлдиінен азаны жоқтауына  дейін адам баласының рухани жан  дүниесі тек сұлу сазға суарылып, өзіндік эстетикалық ләззат алып, бір сәтке болса да тыңдап, желпініп қалатын әсем әннің құпиясы адам сезімінің көмескі көңілінен тол табуында жатыр. Қазақ әншілік дәстүрінің тарихын қарастыру – қазақ халқының рухани мұраларын зерделеудегі аса қажетті мәселелердің бірі.

     Тойбастар ғұрыптық әнін өткен заманда құдалық  үйлену тойы, мерейтой, мүшелтой инициациялармен сондай – ақ, жайлауға көшу, баланың тууы, тұсау кесу, сүндат той, т.б. байланысты әлдебір салтанатқа арналған отырыс – тойыстылар алдында орындаған. Тойбастар тойдың соңында да айтыла береді. Үй иелері табаққа салып сый тартумен жаңа дәм алып шығып, қонақтар оларды ұтып алады. Ол үшін ән айтып, күй тартылады да, сыйлықтар қонақтарға бөлініп беріледі.

     Тойбастар әнін орындау құрметі, әдетте, ақынға беріледі. «Әуелде ақындар отбасылық  және рулық ғұрыптық салтанатқа қатысқан. олар құдалыққа қатысқан, оларсыз үилену тойы да өтпеген. Үйлену тойы рәсімдерін: «беташар» әнін орындап,  келіннің бетін ашу және «тойбастар» әнімен тойды ашқан. Шілдехана, сүндет той сияқты отбасылық салтанаттарды ақын немесе ақындық қабілеті бар адам орындаған. Ақын болмаған жағдайда, тойбастар әнін қадірменді ер немесе әйел адам орындаған.

     Беташар – үйлену тойында жас жұбайларды жар- жар айтып қарсы алады. Мұнан  кейін келіннің бетін ашу салты  басталады. Халқымызда еш уақытта ашық бетті ашу салтанаты болған емес, бұл халқымыздың өзіндік бір ерекше дәстүрі, жоралғысы. Жиналған көпшілік алдында бет ашушы ақын, не жыршы жыр толғап, жас келіннің бетін ашады, оны келген жеріндегі ата – ана, туған – туыстарымен таныстыру арқылы, келінді ізеттілікке, инабаттылыққа және сыйластыққа тәрбиелейді.

                                         Беташар

                    Бет ашайын, ал енді  

                    Ахуалыңды, айт келін

                    Бұйрықпен келдің бұл жерге

                    Үйдегі қамнан қайт, келін!

                    Тұнық судай таза боп,

                     Жақсы жолды тап, келін!

     Қазақтың  батырлық жырлары-үлкен оқиғалы  эпостардың саны алпыстан асады. Оның бастылары: «Алпамыс», «Ер Тарғын», «Қамбар батыр», «Қобыланды» жырлары, қазақтың «Қырық батыр» атты жырында қырыққа тарта батырдың ерліктері жырланған.

     Қазақтың  ауыз әдебиетінің бір саласының  бірі-ғашықтық дастандары. Қазақта  «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу», «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан» сияқты ондаған ғашықтық дастандары бар. Қазақ халқының романтикалық негізге құрылған лирикалық ғашықтық дастаны «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу». Оның сюжет желісі шын өмірден алынған. Бұл дастанда қазақ өмірі, әдет-салты кең қамтылған. Онда ғашықтардың бақыт және бостандық жолындағы күресін жырлайды.

     «Қазақ  қиссалары» деген атпен әйгілі болған «бақтиярдың қырық бұтағы», «Тотынама», «Қырық уәзір», «Қырық батыр» сияқты қырар  қиссаларды бір желіге тізген, ұшан-теңіз  тоғыспалы дастандар бар. Олардан  қазақ халқының өмірі, ақындық дарындылығы айқын көрінеді. Жоғарыда айтылған батырлық жырларды, ғашықтық жырларды және қиссаларды жинақтағанда қазақ әдебиетінде кесек қисса-дастандардың өзі 200-ден асады. Міне, бұл қазақ халық әдебиетінің «жыр теңізі» екендігін дәлелдейді.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2. 4. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті мен мәдениеті.

     Сабақтың  тақырыбы: XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті мен мәдениеті.

     Сабақтың  мақсаты: XIX ғасырдың бірінші жартысындағы халқымыздың ұлттық мұраларын, өнер түрлерін, музыка өнерін, қолөнер, әдебиет пен мәдениетті оқушыларға жеткізу.

     Білімділігі: қазақ халқының бай әдебиеті мен  мәдениетінің қайталанбас ерекшіліктері  мен құндылығын қосымша мәліметтермен  тереңдетіп, мазмұнын ашу.

     Дамытушылығы:  XIX ғасырға дейінгі қазақ әдебиеті мен мәдениетінің өткендегісі мен бүгінгісін салыстырып, дерек көздерін пайдаланып, оқушылар білімдерін одан әрі жетілдіру.

     Тәрбиелік: табиғат сырына үңіле білген, ұлттық әуен, өлеңдерді атамекеннің табиғи ерекшеліктерімен үйлестіре білген қазақ өнері мен әдебиетін баяндай отырып, оқушыларды Отан сүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелеу.

   Сабақтың  түрі: аралас сабақ

   Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

                        2. Үй жұмысын сұрау.

                                       

             Тест сұрақтары

1. Өскемен  училищесі қай жылы ұйымдастырылды?

А) 1831 ж

Ә) 1822 ж

Б) 1841 ж

В) 1836 ж

2. XIX ғасырдың  бірінші жартысында Қазақстанда  болып, «Бөкей мен Мәулен» повесін  жазған кім?

А) А. С. Пушкин

Ә) И. А. Крылов

Б) В. И. Даль

В) Е. П. Ковалевский

3. 1773-1775 жж. Е. И. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі туралы мәлімет жинаған А. С. Пушкин 1833 жылы қай қалада болды?

А) Омбы

Ә) Орал

Б) Өскемен

В) Семей

4. 1848-1849 жж. Г. С. Карелиннің Каспий  теңізіне және капитан-лейтенант  А. Бутановтың Арал теңізіне  жасаған экспедицияларының маңызы қандай болды?

А) Еділ мен Жайық арасындағы қазақтар тарихын  зерттеді.

Ә) Орынбор  өлкесіндегі қазақтардың тұрмыс жағдайларын сипаттады.

Б) Сырдария өзенінің жағалауларын картаға түсіріп, Арал теңізі мен Сыр өзенінің тереңдігін анықтады.

В) қазақ жерін топографиялық зерттеумен шұғылданды

5. Оралда  «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» поэмасымен  танысқан кім?

А) Н. А. Северцев

Ә) Н. В. Гоголь

Б) Э. Мейер

В) А. С. Пушкин 

        Карточка  сұрақтары

                              №1

XIX ғасырдың  басында Қазақстанда ағарту ісі  қандай деңгейде болды? Онда қандай кітаптар оқытылды?

                              №2

1813 жылы  Омбыда, 1825 жылы Орынборда ашылған  әскери училищелердің мақсаттары  қандай болды? 

                              №3

Ауқатты ата-аналар неге балаларын неге Бұқар, Самарқан, Хиуа, Ташкентке жіберіп  оқытты?

          №4

1789 жылы  ашылған Азиялық училищенің мақсаты қандай болды? 

           Карточка  жауаптары

     XIX ғасырдың басында Қазақстанда  ағарту ісі негізінен шәкірттерге  ислам дінінің қағидаларын үйретумен  ғана шектелді. «Шариғат-ұл-иман»  («Мұсылман дінінің ережелері»), «Әпитек» («Құранның жетіден бір бөлігі») сияқты діни мазмұндағы кітаптар оқытылды.

     Бұл оқу орындарын ашудағы мақсат-Ресейлік билеу әкімшілігі үшін шенеуніктер  даярлау.

     Себебі, бұл қалалар ғылым мен білімнің орталықтары болды. Онда білім алатындар  араб тілінде білімдерін жетілдіріп, шығыс философиясын меңгерді.

     Бұл оқу орнының мақсаты-Орта Азия, Шығыс  Түркістан қалаларының сауда  орталықтарына айналуына байланысты тілмаштар даярлау болды.

   3. Жаңа сабақты түсіндіру. 

   Жаңа  сабақтың жоспары:

1. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет.

2. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет өкілдері. М. Өтемісұлы, Ш. Жарылғасұлы, Ш. Қаржаубайұлы, С. Аронұлы.

3. Қазақ халқының музыка өнері.

4. Ел тарихы-күй тарихы.

5. Материалдық мәдениет.

   Жаңа  тақырыпты түсіндірудің жолдары:

  • Ауызша баяндау.
  • Тұлғалардың өмір жолдарына тоқталу.
  • Слайд-шоуды пайдалану.
  • Картамен жұмыс.
  • Күйлерді тыңдату.

     Көрнекілігі: Қазақстанның географиялық картасы, М. Өтемісұлы мен С. Аронұлының портреттері, ұлағатты сөздер жазылған плакаттар, М.Өтемісұлының шежіресі, слайд-шоу, қазақ күйлері.

     Пәнаралық байланыс: география, қазақ әдебиеті, музыка сабағы.

     Қолданылған әдебиеттер: «Қазақ тарихы» журналы, №4,5. 2004жыл. Интернет материалдары(www.google/kz сайты)

   Бекіту  кезеңі:

Оқушыларды  екі топқа бөлу;

Топтың  атын таңдау:

Сұрақтар  қою:

Жеңген  топты анықтап, бағалау.

   Бекіту  сұрақтары

1. XIX ғасырдың  бірінші жартысында қазақ әдебиетінде  қандай екі идеялық ағым болды?

Жауабы:1)еңбекші  бұқара мүддесін көздеген ақын-жыраулар шығармашылығы

  2) ірі ақсүйектер мүддесін жақтаған ақын-жыраулар шығармашылығы

2. Махамбет  өз шығармаларында қандай тақырыптар  мен жағдайларды жырлады?

Жауабы: Махамбет өз шығармаларында еңбекшілер өмірін, билеуші тап озбырлығын, қатыгез саясат жүргізіп отырған  патша отаршылдарын, халықтың жерін талан-таражға салған билеуші топты әшкереледі.

3. Махамбеттің  бір өлеңінен үзіндіні жатқа   айт. 

4. Шернияз  Жарылғасұлы әдебиет саласына  қандай жаңалық қосты?

Жауабы: Дәстүрлі, көне замандардан бері көшпенділер  өмірінде орын алған суырыпсалмалық ақындық өнерді жетілдірді.

5. Әйгілі  «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» жырыныі  ең көркем нұсқасын ең алғаш  таратқан кім?

Жауабы: Шөже қаржаубайұлы

6. Махамбет  Өтемісұлының күйлерін ата: 

Жауабы: «Жұмыр қылыш», «Жалын», «Өкініш», «Исатайдың ақтабаны-ай», «Қайран Нарын», «Жайық асу», «Қиыл қырғыны», «Шілтерлі терезе».

7. Құрманғазы  Сағырбайұлының «Кішкентай» күйі  кімге арналған?

Жауабы: 1836-1838 жж. Бөкей Ордасындағы көтеріліс  басшылары Исатай Тайманұлы мен  Махамбет Өтемісұлына арналған.

8. Домбырада  ойналатын қандай күйлердің түрлерін білесіңдер?

Жауабы: шертпе күй және төкпе күй.

9. Киіз  үйдің құрам бөліктерін атаңыз:

Жауабы: Шаңырақ, кереге, уық, есік...

10. 1867 жылы  Мәскеуде этнография институтында  ұйымдастырылған көрменің мәні  неде?

Жауабы: Көшпелі қазақ мәдениетімен таныс болу. Оған Батыс Қазақстан қолөнершілерінің еңбектері, аға сұлтан Құнанбайдың күміс белдігі мен ақ киіз қалпағы да көрме төрінен орын алған.

Информация о работе Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс