Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Сентября 2011 в 19:19, курсовая работа

Краткое описание

Осыған байланысты XXI ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр: соңғы ақпарттық технологиялар мен ұлттық дәстүрлі сабақты өткізудің жолдарын жетілдіре отырып және сапалы оқулықтарды оқу үрдісінде тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.

Содержимое работы - 1 файл

КУРСТЫК ЖУМЫС.doc

— 403.00 Кб (Скачать файл)

    

     5.Қорытындылау. «Сонымен бүгінгі тақырыбымызды қорытындыласақ, XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті мен мәдениетінің өзіндік биік дәрежеге жетіп, шарықтап дамыған кезеңі болды. Сол кезеңдегі әдебиет пен мәдениет бүгінгі тәуелсіз, егеменді елімізде одан әрі гүлдену үстінде. Сондықтан ата-бабамыз қалдырып кеткен осынау асыл қаынамыз бен бай мұраларымызды сақтап, жалғастыру ел ертеңі-жастар, яғни сіздер мен біздердің қолымызда».

  6. Бағалау.

   7. Үйге тапсырма беру.

     Үйге  тапсырма: осы тақырыпты оқып келу. «Мен күйші болсам» немесе «Мен зергер болсам» деген тақырыптардың  біруіне шағын эссе жазу. Қазақ күйіне, әндеріне, мәдениетке немесе жалпы өнерге байланысты мақал-мәтелдер жазу.Киіз үйдің құрам-бөліктерін дәптерге жазу.

     Әдебиет. XIX ғасырдың бірінші жартысында қазақ  әдебиетінде екі идеялық ағым: еңбекші бұқара мүддесін көздеген және ірі ақсүйектер мүдделерін жақтаған ақындар, суырыпсалма жыршылар шығармашылығы қалыптасты. Кейбір ақындар шығармаларында әлеуметтік сарын басым болса, енді біреулері ауқатты әлеуметтік топтардың сойылын соғады. Шернияз Жарылғасұлы, Орынбай Кертағұлы, Шөже Қаржаубайұлы, Махамбет Өтемісұлы, т. б. ақындық дарындары халық арасында ерекше із қалдырды.

     Өтемісұлы Махамбет (1804 ж., Ішкі Бөкей Ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданының Нарын құмының Жанқұс жері. — 1846 ж. қазан 20, Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысының Махамбет ауданы) — қазақтың әйгілі ақыны, күйші композиторы, отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманов бастаған көтерілісті (1836-1837жж.) ұйымдастырушылардың бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы.

     Байұлы ішіндегі Жайық-Беріш. Нәдір деген кісіден Мәлі (кейбір деректе Құлмәлі, Құлманияз деп айтылады) туады. Мәлінің қазақ әйелінен Өтеміс пен Шыбынтай, қалмақ әйелінен Қобылай туған. Өтемістен - он ұл, Шыбынтайдан - төрт ұл, Қобылайдан - үш ұл туып, Мәлі ұлдың өзінен он жеті немере сүйген адам. Бұл әулет Тайсойған құмындағы іргелі ауылдардың бірі. Атасы Құлмәлі, әкесі Өтеміс те өз заманында айтулы тұлғалар болған, Құлмәлінің тұқымынан би де, шешен де шыққан.

     Махамбет  өзінің барша болмыс қасиеттерімен  көшпелілер арасындағы көсем тұлғалардың  бірі. Ол өзі туып өскен өңірдің  Қамбар батыр, Ер Тарғын, Сыпыра жырау, Асанқайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Жиембет, Доспамбет сияқты біртуар тұлғаларының өлмес мұраларын көкірегіне тоқып өсті. Өзі өмір сүрген заманның ағымына жүйрік, қыр сырын жетік меңгерген, көзі ашық, көкірегі ояу, білімдар адам болған. Орыс, татар, араб тілдерін тәуір меңгерген. Мұны ол жазған хаттардан айқын аңғаруға болады.

     Ақындық талабымен көзге түскен Махамбетті өзіне тартуға тырысқан Жәңгір хан  өз ұлы Зұлқарнайынмен қосып, Орынборға  оқуға жібереді. Жиырма жастағы ақын хан мұрагері Зұлқарнайынға ағалық ақылын аямай, 1824-1829 жылдарда осы қалада тұрады. Алайда көп ұзамай-ақ махамбет пен Жәңгірдің арасы суыды. 1829 жылы шарулар толқуына қатысқаны үшін Калмыков бекінісінде қапаста ұсталды.

     Махамбет  өз шығармаларында езілген еңбекшілер өмірін, билеуші таптың озбырлығын суреттейді. Халық мүддесіне мейлінше берілген махамбет өлеңдері 1836-1838 жылдары Бөкей Ордасында болған шаруалар көтерілісінің себептерін, мақсаттарын айқындайды. Ол елін, жерін жанындай сүйді, озбырлық саясат жүргізіп отырған патша отаршылдарын, халық жерін талан-таражға салған билеуші топты әшкереледі, оған қарсылығын жасырмады.

     Махамбет  өзі Жәңгір ханның қудалауымен екі жыл түрмеде отырып, 1831 ж. қашып шыққан. Саналы өмірін патша өкіметінің отарлық саясатын жұзеге асырушы хан-сұлтандарға қарсы кекті жырлар толғайды, халықты күреске шақырады. Көтеріліс жеңіліспен аяқталғаннан кейін Жем, Жайық, Маңғыстау, Хиуа елдерін сағалайды, жасақ жинап, көтерілісті жаңадан жандандыруғә күш салады. Бұл ниеті нәтижесіз болды, Бөкей ордасында қолға түсіп, Орынбор түрмесіне қамалады. Тұтқыннан босағаннан кейінгі өмірін Кіші жүздің батыс бөлігіндегі ел ішінде өткізеді. Бірақ, Жәңгір хан өлген соң аға сұлтан болған Баймағамбет Айшуақұлының жалдамалыларының қолынан қаза тапты. Махамбет — халықты патшалық, хандық өкіметке қарсы қарулы кетеріліске шақырған алғашқы қазақ ақыны. Оның бейнелі де жалынды негізінен Шалкиіз, Сыпыра, Доспамбет, Қазтуған сияқты батыр жыраулардың үлгісінде шығарылған көтеріліс туралы толғаулар. «Жәңгірге», «Баймағамбет сұлтанға» деген өлеңдерінде үстем тап өкілдерін бет-пердесін жырта шенесе, «Мұнар күн» өлеңінде ел басындағы ауыртпалықты күйзеле, ашына айтты. Исатай — ақынның кеп өлендерінің басты қаһарманы. «Тайманның ұлы Исатай», «Исатай деген ағам бар», «Исатай сөзі», «Тарланым», т.б. өлеңдерінде Исатайдың адамгершілігі, азаматтығы, батырлығы, қайсарлығы сипатталады.

     Махамбет  айтулы күйші, сазгер де болған. «Өкініш», «Қайран Нарын», «Жұмыр қылыш», «Терезе», т.б. күйлері күйтабаққа жазылды. Махамбет өлеңдері 1908, 1912, 1925 жж. Қазан, Орынбор, Ташкент қалаларында жарық көрді. Шығармалары 193989 жж. арасында 8 рет жеке кітап болып шықты, оқулықтар мен жинақтарға енді.

                                           "Еділдің бойы ен тоғай,

                                            Ел қондырсам деп едім.

 Жағалай жатқан сол елге

   Мал толтырсам деп едім", 

     Шернияз Жарылғасұлы (1807-1867 жж.)-қазіргі Ақтөбе облысы, Ойыл ауданында туған. Кедей отбасында ескен шешендік өнерге, ауыз әдеиетіне жасынан құмар болған Шернияздың ақындық талабы ерте оянды. Ол 1836-1838 жылдары Кіші ордадағы көтеріліске қатысты. Қозғалыс басылғаннан кейін де Махамбет Өтемісұлынан қол үзген жоқ. Шернияздың әдебиет саласына қосқан бір жаңалығы-дәстүрлі, көне заманнан бері көшпенділер өмірінде белгілі орын алған суырыпсалмалық өнерін жетілдірді. Феодал топтардың оғаш мінездерін әжуалап, уытты мысқылмен әшкерелеп отырды.

     Өлеңдерін терме, толғау түрінде төгілте жырлайды. Мысалы, "Әй, Қазы би", "Мен сөйлейін бөлмелеп", "Исатай мен Науша батыр" өлеңдері сұлу термелі толғаулар.

     Шернияздың "Исатай мен Науша батыр туралы" толғауы 1837 жылғы Бекетай ќұмында  болған сойқан соғыстың бір қырын  көрсетеді. Сұлтансиық батыры Наушаның жауға түнде шабайық дегенін Исатай тыңдамаған сияќты. Сол үшін 600 қол Сұлтансиықпен кетіп қалады.

     Исатай 300 қолмен тал түсте жауға шауып  қателік жасайды. Аќсұр аты оққа ұшып, өз белдігіне оқ тиеді. Ырысалды мен Қалдыбай өледі. Сол кезде Науша жауға жапыра тиіп, зәресін ұшырып, ќашырады. Сірә, Исатайдың құтылып шығуына осы Науша ерлігі себеп болса керек. Шернияздың соғыс туралы өлеңі толғау түрінде жырланған.

     Шернияз Сырым баласы Қази биге арнаған сөзінде  Сұлтансиық жылқысын алған Назардың ісін Майлыбай кетеден көріп, Қазы би бұларға қысым жасап, қоныстан қуғаны байқалады. Бірақ Шернияз үйренген мекеннен кетпейтінін, "Үш таңбалы Майлыбай тұқымы бітіп қысылмай" Қазының ұрынуына сес білдіре жырлайды.

     Шернияздың "Сөз сөйлеймін бөлмелеп" деген ұзақ толғауы, философиялық ой-түйіні - өмір-тіршілік туралы парасатты қағида, мәнді сұлу жыр. Бұрынғы әдебиетті зерттеулерде Шернияздың осы өлеңіндегі:

                                  "Қайырлы болса, бай ортақ,

             Жақсы болса, би ортақ",-

дегеніне  қарап, ұсақ-байшылдық көзқарасты дәріптейді деп кінәлайды. Ал қазіргі бұл  сияќқы сын көсілген аяғын жинады.

     Шөже  Қаржаубайұлы (1808-1859 жж) 1808 жылы бұрынғы  Көкшетау облысының Қызылту ауданында (қазіргі Нұра ауданының жерінде) кедей шаруа отбасында туған. Ол қазақ халық ақыны, жыршы. Аталары Қуандық. Шөженің әкесі құлдықта, шешесі күндікте өткен адамдар. Өзі де жасынан жетім қалып, бай босағасында малайлықта күн кешкен. Өлең шығару таланты жас кезінен-ақ байқалған, бала кезінде аурудың салдарынан зағип болған.

     Шөже  – өрен жүйрік айтыс ақындарының  бірі. Айтыстарға катысқанда қалыптасқан  әлеуметтік-философиялық көзқарастары болды. Адамгершілікке жат кесілді  кемшіліктерді әшкерелейді. Шөже айтыстары  өзінің өткірлігімен де, шынайылығымен  де, сыншылдығымен де көзге түседі. Ол Кемпірбай, Тезекбай, Жәмішбай, Келдібай, Балта, Орынбай, Серәлі, Шортанбай Тазбала және қыз ақындарымен айтысқан. Үлкен айтыстарда 17 рет жеңіп шыққан. Өзінің асқан шешендігімен, суырып салма төкпелігімен, көкейкесті мәселелерді қозғауымен және ауылдағы ат төбеліндей бай-шонжарлардың екі жүзді зұлымдылығы мен парақорлығын жұрт алдында батыл аяусыз әшекерелеумен кеңінен танымал болған.Шөже айтысқа түсіп қана қоймай, кезінде арнау өлеңдер де айтқан. Оның бізге жеткен бірнеше толғаулары да бар. Олар: "Арқадан шығып едім Ноғайға еріп", "Дәуке, осынша не қылды бейілің қашып", "Домбыра шыққан тыңқылдан", "Жиылған көп жамағат отыр қоршап", "Ассалаумағалайкум, қара Бәйтек", "Бәйтікке", "Кім өлсе, соған түсер заман ақыр", "Қос құлаққа", "Ерден батырға", тағы басқалар.Асқақ жыршы, лирикалық-эпикалық дастандарды шебер орындаушы болған. Абаймен кездесіп, халық эпостарын, әндері мен аңыздарын білетіндегімен оған зор ықпал жасаған. Ш.Ш.Уәлиханов 1864 жылы 6 наурызда өзінің Омбыдағы пәтерінде Шөже орындаған "Қозы Көрпеш–Баян сұлу" дастанының ең таңдаулы нұсқаларының бірін жазып алып, Шөженің ақындық шеберлігіне жоғары баға берген. Шөже Қаржаубайұлы – ХIХ ғасырдағы қазақ поэзиясының аса ірі тұлғаларының бірі. 1895 жылы қайтыс болған.

     Сүйінбай  Аронұлы (1815-1898жж ). Сүйінбай Алматы облысының Жамбыл ауданы, Қарақыстақ ауылында дүниеге келген, сонда қайтыс болды. Қазақ халқының ақыны, айтыс өнерінің шебері.Ол айбынды айтыскер ақын және батырлық эпостарды жырлаудың шебері болған. Өтеген, Қарасай, Сұраншы, Саурық сынды қазақ батырлары турасында қаһармандық дастандарын дүниеге келтірді. Оның Тезек төре және Катаған ақындармен айтысы да дүйім жұртшылыққа мәлім. Бұл айтыстарда ол орын алған әлеуметтік мәселелерді арқау етіп, ерекше орындаушылық дарыны мен суырып салма ақын екенін паш етті.

     Сүйінбайдың Тезек төремен кездесуі — кейінірек, ақынның ер жетіп, елге танылған шағы. Қалың бұқараға сүйенген ақын тайсалмай  сөйлеп, Тезек төрені де жалайырдағы  Солтанға ұқсатып ел алдында әшкерелеп, бас көтертпей жалынды сөзінің күшімен бөгеп отырады. Тіпті көрші қырғыз халқының қанды балақ, орақ ауыз Орман хан тұқымдарының орынсыз істерін де батыл сынайды. Ол шындық үшгін күресіп, хан-төре тұқымының қылмыстарын бетіне басадй. Әр түрлі дауға түсіп, әділ қазыдай әмірлі билік айтады.

     Ақынның бұлайша ел ісіне араласуы оның қоғамдық бетін айқындайды, бетіне адам қаратпаған әрі ақын, әрі әкім төренің аузын  буып, оның төріне именбей шығып, табағынан  ас, малынан бас беруге мәжбүр еткен  — Сүйінбайдың тас жібітер  өткір де батыл тілі. Табиғатынан талантты ақынға ел артқан сенім, ол көрсеткен сый-құрмет өшпес даңқ әперіп, бойындағы сарқылмас талант бұлағының көзін ашты. Ақын енді үй айналасыңдағы әкесінің шағын шаруашылығымен айналыспай, ағайын арасы ұсақ дау-шарға бөгелмей, ел кезіп, өмір көру, ділмар-шешен ақындармен кездесіп, олармен дидарласу арманын алға қояды.  

     Сүйінбай  — халқымыздың поэтикасына жетік  шебер тілді, жүйрік ақын. Бұған оның билер мен төрелердд сынап, мысқылдап  айтқан өлеңдерінің өзі дәлел. Ақынның „Кәрілік" атты өлеңін еске алсақ, бұл да оның адамның қартая бастаған өмір белестерін айқын бейнелеп, шендестіре сөйлеуге ұста екенін танытады.

Ақын  боп жиырмада желдей болдым,

Отызда  асқар биік белдей болдым.

Отыз  асып қырыққа келгеннен соқ,

Қаптаған  жердін, жүзін селдей болдым.

Қырықтан  асып, елуге келгеннен соң,

Түбім терең, құрақты көлдей болдым.

Елу асып, алпысқа келгеннен соң,

Салынды суға ілінген сеңдей болдым

Алпыс асып, жетпіске келгеннен соң,   

Тап-тақыр  ел жайлаған жердей болдым.

     Ақынның бір арманы еліне әділетті өмір орнатып, еңбек адамын бақ-дәулетке ие ету. Берекелі, бейбіт елді, елі үшін еңіреп туған ерді көрсетіп, бұқара халықты әділ жолға бастар абзал басшыны, адал азаматты қадірлеу. Ел берекесі бірлікте екенін ескертіп, әсіресе, сыртқы жауға қарсы тұру үшін ауыз бірліктің маңызы ерекше екенін баса айтады.

     Жамбылдан басқа ақындар да Сүйінбайды өздеріне ұстаз тұтып, оның таланты алдында  бас иген. Сүйінбай қайтыс болғаннан  кейін, бір топ ақын оған арнап  жоқтау өлеңдерін шығарғану Мысалы Үмбетәлі ақынның жоқтауы 1935 жылы шыққан Сүйінбай өлеңдерінің алғашқы шағын жинағында басылды.Сүйінбайдың кейінгі ақындарға осылай үлгі-өнеге болғаньш айта келіп, профессор Е. Ысмайылов былай дейді: „Сүйінбайдың бүкіл Жетісу ақындарына, әсіресе, ең талантты шәкірті, келешегінен зор үміт күткен Жамбылға берген ақындық, ұстаздық жолында екі үлкен ерекшелік бар. Бірі — айтыста болсын, шындықты жеткізіп өткір, шешен, тапқыр тілмен тыңдаушыны қүмарландырып сөйлеуі, екіншісі — тарихта болған батырларды үнемі желілі жырға айналдырып айтуы ("Ақындар"— 103-бет).

Информация о работе Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс