Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Сентября 2011 в 19:19, курсовая работа
Осыған байланысты XXI ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр: соңғы ақпарттық технологиялар мен ұлттық дәстүрлі сабақты өткізудің жолдарын жетілдіре отырып және сапалы оқулықтарды оқу үрдісінде тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.
Салыстыру
кезінде ұқсас оқиғалардың
Қай ел | Уақыты | Халық ауыз әдебиеті | Ғылым | Ағарту ісі | Музыка | Көркем өнер |
|
Бұл
бағандардағы бос орындарға сол
дәуірдегі мәдениеттің жас салаларының
дамуын көрсететін басты-басты жетістіктері
енгізіледі. Әлем халықтарының мәдениетін
қазақ мәдениетімен байланыстыра оқытқанда,
оларды бүгінгі Қазақстан өмірімен байланыстырып
отырған абзал. Бұл тәсідер, әдістер, сызба
жұмыстары оқушылар бойында белгілі бір
дағдылар мен шеберліктердің, ойлау қабілетінің
қалыптасуына пайдасын тигізеді. Оқушылардың
пәнге деген ынтасын арттыру мақсатында
сабақтарды түрлендіріп, дәстүрден тыс
сабақтар өткізіп отыруға болады. Мәдениет
тақырыбын оқытқанда әдебиет, сурет, музыка
пәндерімен кіріктірілген сабақтарды
өткіген жөн деп есептеймін.
2. Тарих пәнін оқытудың әдіснамадағы тәжірибелік негізі
2. 1. Киіз үй-көшпенділердің негізгі баспанасы
Келесі бір өткізілетін сабағымның тақырыбын «Киіз үй-көшпенділердің негізгі баспанасы» деп алдым. Сабақтың жоспарын төмендегідей құрдым.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
«Сәулет өнері
Тәрбиелік: Киіз үй жасаушы шеберлерге деген құрмет пен киіз үй
жабдықтары мен әбзелдерінің сәндік, әсемдік ерекшеліктерін көрсету арқылы эстетикалық талғамын, елінің мәдениетіне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, ізденіс, таным қабілеттері
арқылы іскерлікке баулу.
Пәнаралық байланыс: Еңбек, технология, сурет пәндерімен
байланыстыру.
Көрнекілігі:-Картина-
-«Лашық қос», «Андрондықтар баспанасы», «Арбадағы киіз үй».
-Киіз үй суреттері;
-Киіз үй макеті;
-Тақта.
Сабақтың барысы:
Оқушыларды алдын-ала берілген қазақтың қолданбалы тұрмыстық қол өнері түрлеріне байланысты 3 топқа («Білгірлер», «Алғырлар», «Тапқырлар») бөледі. Берілетін сұрақтар ағаш шеберлері мен олардың құралдары, киіз үй сүйегіне қолданатын ағаштың түрлері және «тез түзеу» сиқты әдістерді 1-топ («Білгірлер») оқушыларынан, «Киіз қалай дайындалады?» деген сұрақтарды 2-топ («Тапқырлар») оқушыларынан, ши тоқу, өрмек тоқу, арқан есу әдістері туралы 3-топ («Алғырлар») оқушыларынан сұрап, олардың жауаптарын жүйелеп, қорытындылап, «Киіз үй» тақырыбымен байланыстырдым.
Аталған қол өнер бұйымдарын көшпелі бабаларымыз жайлауға шығып, күн ұзарып, жұмыс азайып, қол босаған шақта, әсіресе әйелдер мен аналарымыз киіз басу, ши, өрмек тоқу, т, б, жұмыстарды атқарғанын айтып, соған байланысты суреттер көрсетіледі.
Жаңа сабақты өткізу жоспары ілінеді:
1. Киіз үйдің қысқаша тарихы, олардың түрлері.
2. Киіз үйдің негізгі бөліктері, қаңқа-сүйегі.
3. Киіз үйдің сыртқы жабу әбзелдері
4. Киіз үй құрастыру
5. Киіз үйдің негізгі ерекшеліктері.
Киіз үй-көне заманнан б. з. б. VII ғасырдан бері халқымыздың көшпелі
өмірінде пайдаланып, бүгінгі күнге дейін жеткен дәстүрлі мәдениет ескерткіші екеніне тоқталып, бұған негіз болған алғашқы адамдардың қос-лашықтары, қола дәуіріндегі андронов баспаналары және одан әрі дамытылған сақтар заманындағы арбаға орнатылған және қазіргіге ұқсас киіз үйлер екенін айтып, дәлелдеп, олардың суреттері көрсетіледі.
Қазақтардың орта ғасырлардағы және жаңа заманда көп қолданыста болған киіз үйлерінің түрлері көрсетіліп, тақтаға жазылады. Ол мәдени-тұрмыстық және шаруашылық мақсатта пайланауына қарай 4-топқа бөлінеді:
Ақ боз үй-мереке жиындарға арналған немесе қадірлі қонақтарға, хан
сұлтандарға арналып тігілген үй.
Қараша үй-негізгі көпшіліктің жалпы пайдаланатын тұрғын үйі.
Абылайша-жорық кезінде тігуге арналған, жеңілдетілген үй.
Жолым үй-асхана, қойма ретінде тігілген үй.
Сонымен қатар киіз үйлер көлеміне, кереге санына қарай 4, 6, 8, 12, т .б.
қанатты деп бөлініп, үлкейген сайын уықтарының көлемі мен саны ұлғая түсетіні, кейде олардың шаңырағын ат үстінде тұрып көтеретіні айтылады. Тақтаға киіз үйдің негізгі бөліктері:
Қаңқа сүйегі (кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық).
Сыртқы жабу әбзелдері
Бекіту бау-құрлар жазылып, оларға жеке анықтамалар берілді.
Шаңырақ-киіз үйдің негізін құрап, тұтастырып тұратын күмбез. Шаңырақтың шеңбері 3-6 м. шамасында. Жарық түсуді, қазан-ошақтан шыққан түтіннің шығуына және ауа тазартылуын қамтамасыз етеді.
Уық-кереге мен шаңырақты байланыстыратын шатыры.
Кереге-уықтың төменгі басын бекітіп, үйдің барлық салмағын көтеретін іргесі, қабырғасы. Керегенің көктеліп біткен әр бөлігін қанат деп атайды. Кереге жасау технологиясына қарай желкөз, торкөз кереге болып бөлінеді.
Сықырлауық-керегелердің екі ұшын біріктіріп және киіз үйге кіріп-шығуды қамтамасыз ететін есік.
Бақан-шаңырақты көтеретін айыр ұшты сырық. Бұлар киіз үйдің ағаш сүйегі деп аталады.
Сыртқы жабу әбзелдері киізден, шиден жасалады.
Туырлық-суық, шаң-тозаң өткізбейтін керегені айналдыра жабатын орама киіздер.
Үзік-жауын-шашын өткізбейтін, уықтардың үстін айналджыра жабатын киіздер.
Түндік-шаңырақ арқылы ашылып, жабылып, жарық пен ауа кіруді, түтін мен шаң-тозаңды шығаруды реттейтін киіз.
Киіз есік-суық, жел, шаң кірмес үшін сықырлауықтың сыртынан жабылатын киіз.
Бекіту бау құралдары. Киіз үйдің сүйегіне бір-бірімен ұштастыру, сыртқы әбзелдерін бастырып тұру мақсатыгнда қолданылады.
Бас арқан-керегелердің бір-бірімен тығыз тұруын қамтамасыз ететін, айналдыра байланып тартылған арқан.
Таңғыш құр-(жалпақ өрнекті) керегені қосымша тартып байлайтын тартпа.
Иық бау (уық шалғыш)-уықтарды жеке-жекеайналдыра байлайтын, уықтардың қозғалмауын қамтамасыз ететін таңғыш бау.
Бас құр-кереге мен уықтың түйіскен жерін орап бекітетін, әрі туырлықтың қозғалып, тозбауын қамтамасыз ететін өрнекті жалпақ бау.
Туырлық бау-туырлықтың сыртынан орайтын өрнекті жалпақ терме бау.
Белдеу-туырлықтың керегеге тығыз жатуын, әрі туырлықты жел көтеріп кетпеуін қамтамасыз ететін қыл арқан.
Үзік бау-үзіктің жиектерін айқастырып, уыққа тығыз жатуын қамтамасыз ете отыра керегеге байланатын терме бау.
Жел бау-шаңыраққа 3 жерден байланып, уыққа тығыз тұруын қамтамасыз етуі үшін керегеге тартып, байланатын жалпақ өрнекті бау. Оның негізгі міндеті-дауыл кезінде шаңырақты всалмамен басып тұру.
Түндік бау-түндікті ашып немесе жабу үшін қолданатын, екінші ұшы белдеуге байланатын арқан.
Ши-кереге мен туырлық арасына ұсталатын және киіз есік пен қаптама арасына салынатын тоқыма ши.
Киіз үйді тігу әдісі
Үйдің қаңқасын құрап (кереге, шаңырақ, уықтарды), олардың тартпа баулармен (бас арқан, таңғыш құр, бас құр, жел бау) бекіту.
Туырлық ұстау, тартпа баулармен бекіту (белдеу, туырлық бау).
Үзік жабу (үзік бау).
Түндікті жабу (түндік бауды белдеуге бекіту).
Киіз үй сан ғасырлардан бері қолданыстан түспей пайдаланылып келуі мынадай ерекшеліктеріне байланысты:
-ауа-райының
барлық жағдайларына
-жарықтың біркелкі және мол түсуі;
-ауаның тез алмасып тазартылуы, салқындатылуы:
-жауын-шашынның тұрмауы;
-тез құралып, тез жиналуы;
-алып жүруге қолайлылығы.
Осындай ерекше ыңғайлы қасиеттері үшін киіз үйді ертедегі жаугершілік жорықтарды сарбазда да үнемі қолданған.
Сонымен киіз үй-тек баспана ғана емес, көне заманнан бері жоғалмай, өзгермей сақталып келе жатқан көненің көзі-халқымыздың тарихи-мәдени мұрасы болып табылады.
Сабақты бекіту кезеңінде 3 топқа үлестірмелі және тест сұрақтарымен дайындалған карточкалар таратылады.
-«Білгірлер» тобына киіз үйдің қысқаша тарихына, негізгі бөліктеріне қатысты сұрақтар:
-«Алғырлар» тобына киіз үйдің түрлері мен ерекшеліктеріне қатысты сұрақтар;
-«Тапқырлар» тобына киіз үйдің сыртқы жабу әбзелдеріне қатысты сұрақтар таратылып, жауаптарына сәйкес білімдері бағаланады.
3 топтан
бір-бірден үш оқушыға «Кім
жылдам?» ойын сөзжұмбағы
Сөзжұмбақ «Киіз үй»
Киіз үйдің негізі қаңқасы (Кереге)
Бекіткіш бау әбзелі (Иық бау)
Сыртқы жабу әбзелі (Түндік)
Сыртқы жабу әбзелдері неден жасалады? (Киізден)
Сыртқы жабу әбзелі (Үзік)
Жорық
кезінде тігуіге арналған киіз үй
(Абылайша)
Үйге тапсырма: 1. Дәптерге кесте
толтыру.
Р/с | Киіз үй қаңқа сүйегі | Сыртқы жабу әбзелдері | Бекіту бау құралдары |
1.
2. 3. 4. |
2. Киіз
үйдің ішкі мүліктерін
2. 2, IX ғасырдың II жартысы-XIII ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: 1. оқытудың жаңа технолгияларын қолдану арқылы оқу материалдарын иегру.
2. IX-XII ғғ.
сәндік қолданбалы өнер, архитектуралық
құрылыс жүйелері, қазақстанда ислам
дінінің таралуы және оның
мәдениетке тигізген әсері
Дамытушылық:
Оқушылардың пәнге
Информация о работе Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс