Салықтан жалтарыну себепетрі мен оны шешудің жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2012 в 09:30, дипломная работа

Краткое описание

Диплом жұмысының мақсаты салықтан жалтарынудың себептерін анықтап, оған тосқауыл қоюдың оңтайлы іс-шараларын ұсыну, салық бақылауын күшейту және салық төлемдерін азайту негізінде мәселені шешу болып табылады.
Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін төмендегідей міндеттер қойылды:
Салықтан жалтарыну себептерін анықтау;
салықтық бақылауды ұйымдастырудың экономикалық маңызы мен объективті қажеттілігін ашу жолымен республикалық және жергілікті бюджет көздерін молайту арқылы бюджет тапшылығын азайту;
салықытық бақылаудың заңдық және нормативтік базаларының негіздерін қолдана отырып талдау жасау арқылы бақылауды күшейтудің талаптандыру жолдарын ұсыну;
ҚР салық қызметіндегі салықтық бақылауды жетілдіру мен тиімділігін арттыру бойынша нақты ұсыныстар жасау және оларды негіздеу;
Салықтан жалтарудағы көлеңкелі экономиканың көлеңкелі капитал жасауға жол бермеудегі салықтық бақылауды күшейту арқылы есепке алу.

Содержание работы

Кіріспе
4
1
Қазақстан Республикасындағы салықтан жалтарынудың теориялық түсінігі

7
1.1
Мемлекеттің салық қызметінің шеңберінде салықтардың ұйымдастырылуының мәні

7
1.2
Салықтан жалтарыну себептерін анықтау және салық бақылауының маңыздылығы

23





3
Қазақстандағы салықтан жалтарыну мәселелері мен оларды шешудің жолдары

56
3.1
Салық салу шеңберіндегі мәселелер
56
3.2
Салықтарды оңтайландырудың негізгі бағыттары
61

Қорытынды
65

Қолданылған әдебиеттер тізімі
68

Қосымшалар
70

Содержимое работы - 1 файл

Салық..doc

— 329.00 Кб (Скачать файл)

Сонымен қатар, елдегі жағымсыз жағдайлар (ішкі саяси тұрақсыздық, капитал ағымы, табиғи апат) ұлттық валюта бағамының төмендеуіне әсер етуі мүмкін. Ол экспортқа бағытталған отандық тауар өндіруші кәсіпорындарға қолайлы болғанымен инфляция деңгейін көтереді және жалпы экономикалық дағдарыс қауіптілігін туғызады. Сондай-ақ, Ұлттық Банктің валюта бағамының нығаюын қолдан тежеуі де инфляцияның өршуіне алып келеді. Соңдықтан валюта бағамын нарықтық заңдылықтарға сай реттеу керек.

Соңғы жылдары инфляцияның жоғары деңгейі мен теңгенің шетелдік валюталарға қатысты нығаюы Қазақстаңды әлемдегі қымбат мемлекеттер қатарына айналдыруда. Бұл халықтың тұтыну деңгейін төмендетумен қатар елде тауар өндіру шығындарын да арттырып отыр. Осындай жағымсыз салдардың зардабын төмендету мақсатында біршама шаралар жасалуы қажет. Оның бастамасы ретінде ішкі нарыққа шектен тыс ағылып жатқан шетелдік валюталар ағымының массасын төмендету мақсатында Ұлттық қор құрылды. Осы шара аталған жағдайды біршама оңтайландырғанымен оның жеткіліксіз екендігін уақыт көрсетіп отыр.

Жалпы қазіргі салық  саясаты отандық тауар өндірісін  арттыруды көздегенімен оның да әлсіз  жақтары бар. Мысалы, экспортты арттыруға  бағытталған салық заңнамалары  ішкі нарыққа шетелдік валюта ағынын ұлғайтады. Нәтижесінде Ұлттық валютаға сұраныс артып, оның нығаюына алып келеді. Сол сияқты импорттың да шектелуі шетелдік валютаның сыртқа ағынын төмендетеді. Ол да өз кезегіне Ұлттық валютаның нығаюына септігін тигізеді. Бұл Ұлттық валютаның еріксіз нығаюына алып келеді. Ол жоғарыда аталғандай отандық өндірістің бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді. Сондай-ақ, осындай салық саясаты нәтижесінде еркін сауда айналымы шектеледі. Сонымен қатар инфляция деңгейін артады.

Біздің пікірімізше  осындай салық саясатынан бас  тартып, сауда еркіндігін қамтамасыз ету керек. Сондай-ақ, жалпы экспортты емес, оның ішінде экспорттық құрылымында дайын өнім үлесін арттыруды ынталандыратын салықтық, тетіктерді қарастыру керек.

Жалпы біздің айтар ұсынысымыз: біріншіден, импорттық тауарлар ҚҚС-дан босатылып, экспорттық тауарларға ҚҚС салынуы тиіс. Бұл ұлттык валютаға сұранысты төмендетіп, шетелдік валютаның сыртқа ағынын ынталандырады. ҚҚС став-касы 12% болғандықтан осындай салықтық өзгертулер Ұлттық валюта құнын шамамен 12%-ға төмендетеді. Бұл өз кезегінде экспорттық тауар өндірушілерге зардабын тигізбейді және ішкі нарықта да импорттық тауарлар бағасы төмендемейді [19, 12 б.].

Екіншіден, еркін сауда  айналымын қамтамасыз ету мақсатында кедендік баж салығын алып тастау керек. Бұл өз кезегінде еркін сауда айналымын қамтамасыз етумен қатар экспортты да ынталандырады. Яғни, елге импорттық тауарлар агынының еркіндігін қамтамасыз ету арқылы ішкі нарықта шетелдік валютаға сұраныс артады. Нәтижесінде ұлттық валюта бағамы төмендеп, тауарларды экспортқа шығару тиімділігі артады.

Қазіргі кезде импорттық  тауарларға 13 пайыз ҚҚС салынады және оған қоса 5-20% аралығында кедендік баж салығы қосылады, нәтижесінде импортқа салынатын салық 18-33 пайыз аралығында құрап отыр. Импорттық салықтың осындай жоғары деңгейі оның заңсыз жолмен тасымалдануына итермелейді. Экспорттың импорттан екі есе асып кетуі осының дәлелі болса керек және де ол кеден саласыңдағы коррупцияның жоғарылығын көрсетеді. Аталған салықтық өзгерістер осы олқылықтардың орнын түзеуге мүмкіндік береді.

Үшіншіден, отандық өңдеу саласын жандандыруға және де экспорттың құрылымдық сапасын жақсарту мақсатында әлемдік нарыққа шығарылатын барлық шикізатқа бірыңғай экспорттық салығын енгізу қажет. Ол шикізаттың елімізде өңделіп, сыртқа дайын тауар ретінде экспортталуын ынталандырады жөне де шикізат экспортының шектелуіне байланысты ұлттық валюта құнын төмендетеді.

Салықтық заңнамаға  осындай өзгертулер енгізу нәтижесінде жалпы ұлттық валюта бағамы 15-20% аралығында төмендейді және де инфляция деңгейін біршама төмендеп, шет елдермен салыстырғанда ішкі нарықтағы баға қазіргі деңгейінен айтарлықтай төмендемек. Яғни, ішкі нарықта шетелдік валюталар бағамы біршама жоғарылап, ішкі нарықтағы баға тұрақты болып қалады. Ал сырттан тасымалданып, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіретін (есірткі, заңсыз қару жарақ, контрафактілік өнімдер, қолданылуы заңмен тыйым салынатын заттар және т.б.) заңсыз тауарлар шетелдік валютаның қымбаттауына байланысты ішкі нарықта олардың бағасы көтерілмек. Нақты түрде айтатын болсақ ішкі нарықта баға тұрақтылығы сақталып, тек заңсыз тасымалданатын тауарлар бағасы көтеріледі.

Төртіншіден, жергілікті басқару билігінің құзіретін арттырып, біршама салықтарды жергілікті бюджетте қалдыру керек және де республикалық бюджеттен төленетін біршама төлемдерді жергілікті бюжетке жүктеу керек. Атап айтқанда Жер қойнауын пайдаланумен байланысты салықтар мен арнайы төлемдер (қол қойылатын бонус, коммерциялық табу бонусы, өндіру бонусы, роялти, үстеме пайдаға салынатын салықтар, пайдалы қазбаны өндірудегі мемлекеттің үлесі), Акциздер және Экспортталатын шикізатқа салынатын рента салығы республикалық бюджетке немесе ұлттық қорға аударылуы керек. Қалған салықтар мен алымдар жергілікті деңгейде қалуы тиіс.

Осындай салықтық реформалаудың  нәтижесінде шикізат өндіру кәсіпорындары екі деңгейде қадағаланып, қалған кәсіпорындар жергілікті биліктің бақылауына өтеді. Шикізат өндірісіне екі деңгейде салық салынатындықтан бірінші орталықтандырылған мемлекеттік бақылау және қосымша жергілікті әрбір әкімшілік өзінің аумағындағы кәсіпорындарды бақылауға алады. Атап айтқанда шикізат өндіруші кәсіпорындардың Жер қойнауын пайдаланумен байланысты салықтары мен арнайы төлемдері мемлекеттік деңгейде, ал Корпоративті табыс салығы, ҚҚС, әлеуметтік салық, мүлік салықтары жергілікті деңгейде салынуы тиіс.

Аталған жергілікті жерлерге түсетін салықтар біршама тұрақты болып келеді. Сондықтан жергілікті бюджет әлемдік баға ауытқуларынан зардап шекпейді. Ал республикалық бюджетті Ұлттық қор тұрақтандырып тұрады.

Жалпы осыңдай өзгерістер салықтық заңмананы біршама оңтайландырып, бюджетке түсетін салықтық түсімдер біршама артады деп ойлаймыз. Және де осындай салықтық өзгертулермен қатар экономиканың дамуына серпін беретін салықтық ауыртпалықтарды жеңілдету керек, әсіресе қосымша құн салығын мейлінше төмендету керек.

Салық деңгейін төмендету, әрине, ол мемлекет күн көріп отырған табысының бір бөлігінен айрылу деген сөз, яғни мемлекеттік бюджетке түсіп отырған кіріс төмендейді. Егер мемлекеттің мүмкіндігі көтеретін болса, онда оның экономиканы жандандыруға тигізетін үлесі орасан зор. Біздің көзқарасымыз бойынша салықты төмендетудің тиімділігі өте көп. Оларды ретімен атап өтетін болсақ:

1) тауардың өзіндік құнының біраз бөлігін салықтар құрайтындықтан, салықты төмендету тауардың өзіндік құнының төмендеуіне де әсер етеді;

2) салықтың бір бөлігінен босатылған кәсіпорындардың пайдасы артып, оның нәтижесінде амортизациялық аударымдарды көбейтуге мүмкіндіктері туады. Ол технологияны жаңарту процесін жылдамдатады;

3) экономикамызға инвестиция тартудың қолайлы климаты туады, ол экономиканың жан-дануына, серпінді дамуына және халықтың тұрмыс деңгейінің одан әрі көтерілуіне мүмкіндік туғызады;

4) инфляцияның деңгейі  төмендейді, яғни экономиканың бәсекелестік қабілеті артқандықтан тауар бағасы төмендеуі мүмкін;

5) салықтан қашып отырған көлеңкелі экономиканың біраз бөлігі заңды түрде жұмыс істеуге кіріседі, ол бюджетке қосымша салық түсуіне мүмкіндік береді;

6) жұмыс орындары көптеп ашылады. Салық экономикада ең маңызды орын алуымен қатар, макроэкономикалық реттеуде негізгі құралдардың бірі болып саналады.

Сондықтан салық ставкаларын  дұрыс белгілеп, салық саясатын орынды жүргізу ол экономика тұрақтылығының кепілі болмақ. Салық түрлеріне ставкаларды өзгерту мен экономиканың кейбір басымды салаларына салық жеңілдіктерін қарастырудағы мемлекеттің рөлі ол үкіметтің экономиканы реттеудің негізгі тетіктері ретінде саналады.

 

 

3.2 Салықтарды оңтайландырудың негізгі бағыттары

 

Соңғы кездері әлемдік  қаржы рыноктарында орын алып отырған  дағдарыс жағдайында Қазақстан үкіметі  салықты төмендету туралы түбегейлі шешімді саналы түрде қабылдап отыр.Экономикалық тоқырау жылдары Қазақстанның бірінші болып ұзақмерзімдік дамудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасын жасағанын, бүгінде бағдарламаның өз нәтижесін беріп отырғанын еске алудың өзі жеткілікті. Республика Тәуелсіз мемлекеттер достастығына кіретін мұнай өндіруші елдер арасында брінші болып мұнайлы емес бюджетті жасақтауға ауысты, мұнай секторынан түсетін кірістерді жинақтап, тұрақтандырушы және жинақтаушы қызмет атқаратын өз Ұлттық қорын құрды. Аймақтағы үздік банк жүйелерінің бірі Қазақстанда жұмыс істеуде [20, 8 б.].

Республикада экономиканы  саралауға бағыт алынды, ұлттық корпоративтік  көшбасшыларды жасау жөніндегі  арнайы бағдарлама жүзеге асырыла бастады, бизнестің жүргізілу шарттарын  жақсарту және Қазақстанның инвестициялық  тартымдылығын арттыру бағытында  әкімшілік шаралар қабылдануда. Бұл тұрғыдан алғанда, республика түрлі трансұлттық корпорациялардың өндірістерін орналастыруға тартымды алаң болу мүмкіндігіне ие.

Соңғы кездері орын алып отырған әлемдік қаржылық дағдарыс жағдайына қарамастан, Қазақстан  үкіметі ұзақмерзімдік стратегиялық жоспарын ескере отырып, салықты төмендету сияқты түбегейлі шешім қабылдаудан тайсалмай отыр. «Салық төлеушілер үшін ыңғайлы және әділ салық жүйесін жасау бизнестің көлеңкеден шығуын, шағын кәсіпкерлікті және экономиканың жаңа ғылыми қамтымды салаларының дамуын ынталандыратын болады», деген сенімде.

Нәтижесінде корпоративтік  табыс салығы 2009 жылы 20 пайызға төмендесе, 2011 жылдан бастап 15 пайызға дейін төмендетілетін болады.

Салық төлеуші өзінің салықтық міндеттемесін тиісінше орындаған жағдайда ол төлеген салықтар ақша нысанында тиісті бюджет кірісіне уақытылы және толығымен түсетіні сөзсіз [20, 9 б.].

Сондықтан, айтылған жайларды ескере отырып мемлекет өзінің салықтық-бюджеттік  мүддесін қамтамасыз ету мақсатында:

- өркениетті, салық салу процесін жан-жақты қамтитын салық заңын қабылдау нәтижесінде әрбір салықтың ұтымды болуын қамтамасыз ету және оның тимді құқықтық негізін құру арқылы салық төлеуден жалтарушыларға және төлемей жүргендерге тосқауыл қою;

- өктем өкілеттілік берілген салық органдарының екінші тарапқа–салық төлеушілерге мәжбүрлеу шараларын қолдануға қажетті құқығын қалыптастыру;

- салық төлеушілердің өздеріне тиесілі салықтық міндеттемелерін тиісінше орындамауларына байланысты оларға жазалау нақты шараларын белгілеу;

- салық төлеуді қамтамасыз ету мақсатында салық төлеушілерге және басқа да салықтық құықтық қатынасқа қатысушыларға әкімшілік–құқықтық және қылмыстық-қықықтық сипаттағы заңи жауапкершілік шараларын белгілеу тәрізді мәжбүрлеу механизмін құру;

Салық салу аясында мемлекет назарынан тыс қалмайтын субьектілер қатарына салық төлеушілерден басқа өздеріне жүктелген күрделі міндет–мақсаттарды жүзеге асырушы салық органдары, салықтарды төлем көздерінде ұстап қалатын қаржылық агенттер және салық төлеушілер төлеген салық сомаларын тиісті бюджет кірісне аударатын банктер жатады. Мемлекет аталған осындай субьектілердің салық заңдарының әмірлі талаптарын бұлжытпай орындалуына және атқарылу нәтижелеріне мүдделі болады [21, 12 б.].

Осыған байланысты салық  салу аясында мынандай стратегиялық мақсаттар мен ірі масштабтағы іс-шаралар белгіленуі қажет:

- 2012-2014 жылдарға жергілікті бюджет бойынша негізгі салықтар мен төлемдерге мүмкін болатын сомманы жобалау.

- Бюджеттің мақұлданыуы бойынша, жыл ішінде бюджетке түсетін өндірістік емес түсімдердің нақты салықтық базасын анықтау үшін, аудандық маслихат сессиясына үнемі қатысу;

- Салық заңнамасы бойынша жұмыс жүргізу;

- Бюджетке салықтан және төлемдерден максималды соманың түсуіне, талдаужасау және қосымша салық салу  көздері есебінен қадағалау;

- Есептік, экономикалық жұмыс жүргізу арқылы, оның тиімділігін көтеру;

- Салықтық қарызды өтеуін қадағалау барысында қосымша есептік шара қолдану;

Ірі маштабтағы іс-шаралар:

- Тіркелген және жойылған кәсіпорындар бойынша Әділет Министрлігінің мәліметімен салыстыру;

-Салық салу объектілерін табу мақсатында қосымша іс-шаралар жүргізу;

- Құжаттық тексеріс сапасын максималды көтеру үшін, кәсіпорындарға тексеріс жүргізетін салық төлеушілерді таңдап алу;

- Компьютерлік базаны құру арқасында, салық төлеушілер, екінші деңгейлі банк, уәкілетті органдар туралы қосымша максималды  түрде ақпарат алу;

- Салық төлеушілердің тапсырған декларациясын және оның дұрыстығына камералдық тексеріс жүргізуді оптимизациялау;.

- ҚР салықтық және басқа да заңнамаларына сәйкес, құқық қорғау, бақылау органдарымен бірігіп жұмысын жасауын күшейту;

- Біріккен жоспар негізінде салықтық әкімшілдік, өндірістік емес төлемдерді жүргізуді  мемлекеттік және басқа органдармен бірігіп жүргізу;

- Жергілікті жеке тұлғалардың салықтық есебін жүргізуді ұйымдастыру;

- Әр кәсіпорын бойнша қарыздың жиналуына талдау жасау, жағдайсыз жұмыс істеуге қабілеті жоқ кәсіпорындардың, бакроттыққы құжаттарын жинау;

- Бюджетке салықтар мен төлемдердің максималды қарыздарын азайту, міндетті түрде зейнетақы қорына, зейнетақы салымын салу;

- Қарыздарды жабу мақсатында, басшылармен келіссөз жүргізу арқасында белгілі шаралар қолдану;

- Қаржы-несилік мекемелерге тексеріс ұйымдастыру, олардың уақытылы қарызын өтеуін бақылау;

- Салықтың есеп беру бойынша, толық негіздегі базаны құру, ақпараттық құрылым негізінде:

1.Декларацияның негізігі формасы, декларация құжаты;

2.ҚҚС бойынша декларация және шот- фактура;

3.ЖТС бойынша декларация.

Информация о работе Салықтан жалтарыну себепетрі мен оны шешудің жолдары