Салықтан жалтарыну себепетрі мен оны шешудің жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2012 в 09:30, дипломная работа

Краткое описание

Диплом жұмысының мақсаты салықтан жалтарынудың себептерін анықтап, оған тосқауыл қоюдың оңтайлы іс-шараларын ұсыну, салық бақылауын күшейту және салық төлемдерін азайту негізінде мәселені шешу болып табылады.
Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін төмендегідей міндеттер қойылды:
Салықтан жалтарыну себептерін анықтау;
салықтық бақылауды ұйымдастырудың экономикалық маңызы мен объективті қажеттілігін ашу жолымен республикалық және жергілікті бюджет көздерін молайту арқылы бюджет тапшылығын азайту;
салықытық бақылаудың заңдық және нормативтік базаларының негіздерін қолдана отырып талдау жасау арқылы бақылауды күшейтудің талаптандыру жолдарын ұсыну;
ҚР салық қызметіндегі салықтық бақылауды жетілдіру мен тиімділігін арттыру бойынша нақты ұсыныстар жасау және оларды негіздеу;
Салықтан жалтарудағы көлеңкелі экономиканың көлеңкелі капитал жасауға жол бермеудегі салықтық бақылауды күшейту арқылы есепке алу.

Содержание работы

Кіріспе
4
1
Қазақстан Республикасындағы салықтан жалтарынудың теориялық түсінігі

7
1.1
Мемлекеттің салық қызметінің шеңберінде салықтардың ұйымдастырылуының мәні

7
1.2
Салықтан жалтарыну себептерін анықтау және салық бақылауының маңыздылығы

23





3
Қазақстандағы салықтан жалтарыну мәселелері мен оларды шешудің жолдары

56
3.1
Салық салу шеңберіндегі мәселелер
56
3.2
Салықтарды оңтайландырудың негізгі бағыттары
61

Қорытынды
65

Қолданылған әдебиеттер тізімі
68

Қосымшалар
70

Содержимое работы - 1 файл

Салық..doc

— 329.00 Кб (Скачать файл)

Салықтық қызметтің негізгі құқықтық әдістеріне:

1) салық заңдарын шығару;

2) салық заңдарына тәуелді және сол заңдарды атқару мақсатында нормативттік құқықтық актілер шығару;

3) жекеленген салықтық-құқықтық  актілер шығару;

4) келісімді негізде екі жақты  салықтық құқықтық акті қабылдау;

5) мемлекеттің немесе оның уәкілетті  органдарының, салықтык заңдарда (заңнамада) белгіленген өкілеттіліктерін өздері қатысатын нақты салықтық құқықтық қатынаста біржақты түрде жүзеге асыруы жатады.

Салықтық  қызметті жүзеге асыру кезінде қолданылатын жолдар мен тәсілдер:

1) салықтарды белгілеу;

2) салықтарды алу;

3) салықтардың толығымен және уақтылы төленуіне салықтық бақылау жүргізу;

4) салық төлеушілердің ece6iн жүргізу;

5) табысты төлеу кезінде салықтарды ұстап қалуды ұйымдастыру;

6) мемлекеттің салық органдарынын жүйесі мен қызметтерін ұйымдастыру;

7) салық заңдарын бұзған кінәлі тұлғаларға белгіленген заңи жауапкершілік шараларын қолдану;

8) салық салу жүйесін және әлеуметтік-экономикалық қатынастарды салықтық-құқықтық реттеуге ат салысу;

9) салықтық міндеттемелердің мүлтіксіз орындалуын қадағалау және қамтамасыз ету сипатында көрініс табады.

Мемлекет аумағындағы  салықтарды белгілеу мынадай нысандағы нормативтік құқықтық актілер:

а)Парламент қабылдаған ҚРзаңы;

б) Президент шығарған ҚР заңы;

в) ҚР Президентінің заң күші бар жарлығы арқылы жүзеге асырылады.

Салықтарды  белгілеу элементтеріне белгілеу субъект белгілеу нысаны және белгілеу тәртібі жатады. Салықтарды белгілеу конституциялық қағидаттары: салықтарды белгілеу және жою кезіндегі мемлекет билігінің заң шығару тармағының үстемдігі; салықтарды белгілеу кезінде заңдылықты сақтау; салықтық заңдардың конституцияға сәйкес болуы; салықтарды төлеу міндеттілігі; мемлекеттің салықтық қызметінің бұқаралылығы және жариялылығы болып табылады [4, 32 б.].

Салық органдарының негізгі міндеттеріне:

1) өз құзыреттері шегінде мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

2) салықтардың, алымдардың, кедендік және басқа да міндетті төлемдердің тиісті міндеттерге түсуін қамтамасыз ету;

3) мемлекеттің фискалдық саясатын қалыптастыруға қатысу және осы саясатты іске асыруға ат салысу;

4) халықаралық салық салу мәселелерін тиісінше шешуге байланысты халықаралық салықтық құқықтық қатынастардың белсенді қатысушысы мәртебесіне ие болу жатады.

Салықтарды  жоғарғы өкілді орган шығарған заңның негізінде тек мемлекет белгілейді және ол Қазақстан аумағында жүретін салықтарды енгізу және олардың төлеушілерін, салық салу объектісін, мөлшерлері мен төлеу мерзімін дәл көрсетеді. Салықтар белгілі кезеңде,яғни салық жылы ішінде салық салу объектісін 6ip мәрте ғана алынады. Салықтарды белгілеу кезінде жеңілдіктер беру мәселелері қоса қарастырылады. Кейде, заңда көзделген жағдайда жергілікті міндетті төлемдердің алыну тәртібін, мөлшерін белгілеу жергілікті өкілді органдарға жүктеледі. Айта кететін тағы 6ip жәйт, салық салу объектілерін заңға негіздеп айқындау тек шаруашылық, кәсіпкерлік қызмет-пен айналысатын, табыстары мен мүліктері және көрсететін қызметтері бар субъектілерге ғана қатысты болады.

Алымдарды белгілеу де мемлекет тарапынан, жоғарғы өкілді орган шығарған нормативтік құқықтық aктінің негізінде жүзеге асырылады. Дәлірек айтсақ, алымдарды белгілеудің жалпы принциптерін ҚР Парламенті айқындаса, ал олардың нақты ставкаларын әкімшілік-аумақтық құрылыстардың ерекшеліктepi мен экономикалық жай-күйлерін есепке ала отырып белгілеу ҚР Үкіметіне немесе жергілікті өкілді органдар-маслиxaттарға жүктелуге әбден мүмкін.

Баждарды  белгілеу тек ҚР Парламенті арқылы, ол қабылдаған заң негізінде жүзеге асырылады. Баж алу объектілері мемлекеттің арнайы мамандандырылған органдары көрсететін немесе жасайтын заңи және басқа да манызы бар белгілі 6ip қызметтер болып табылады және сол қызметтерді пайдаланған заңды және жеке тұлғалар баж төлеушілер болып есептелінеді. Баждардың өзіне тән қасиеті ақылы болып келеді немесе біршама баламалы деген термин қолданылады.

Салықтарды, алымдар мен баждарды, сондай-ақ басқа да міндетті төлемдерді алуды тікелей салық органдары жүзеге асырады. Салық органдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық Басқармасының облыстардағы, аудандарға мемлекеттік салық органдарынан тұрады. Салықтарды алу, яғни төлеу заңда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, сондай-ақ салық органдарының норматвтік құқықтық және нұсқаулық актілерінде көзделген мерзімде жүргізіледі. Салық органдары салық төлеушілер мен салық салынатын және салық салуға байланысты объктілердің есебін уақытылы алу нәтижесінде салықтық міндеттемелердің мерзімінде орындалуына жағдай жасайды.

Салықтық  реттеу салық салық жүйсінде пайдалынатын арнаулы тәсілдер мен әдістер арқылы құқықтық негізде жүзеге асырылады. Салықтық реттеу әдістеріне:салық шегерімдері инвестициялық салықтық преференциялар салық демалыстары (каникулы),салықтық рақымшылық ету қосарлы салық салуға жол бермеу жөніндегі халықаралық шарттар салықтық түсімдерді бюджеттер арасынла бөлу, тиісті салық ставкалары таңдау және белгілеу жатады және олар бюджеттік реттеу әдістерімен тікеллей байланысты болады [5, 41 б.].

Ал салықтық реттеу тәсілдері (стимулдары) салықтық жеңілдік беру және салықтық санкция қолдану жүейлерінегізінде пайдалынады.Салықтық жеңілдік беру жүйесі аванстық төлемдерді жою: берілген өтініш бойынша салықты төлеу мерзімін кейінге қалдыру: белгілі негіздерге қарай салықтық міндеттемелердің салмағын жеңілдету сияқты және т.б. әдістерден тұрады. Салықтық санкция қолдану жүйесінде қаржылық айыппұлдар өсімақылар салық берешегін  мәжбүрлеп алу және әкімшілік айыппұлдар көрініс табады.

Қазақстан Республикасының  қылмыстық кодексінде де салықтық қылмыс жасауға байланысты айыпппұл салу, қоғамдық пайдалы жұмысқа тарту:түзеу жұмыстарында пайдалану және т.б. көзделінген.

Салықтық  бақылау әдісі-салық заңнамасының мүлтіксіз атқарылуын, сондай-ақ Республикалық  және жергілікті бютжетке түсетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің  дұрыс есептелуін және уақытылы төленуін тексеру болып табылады. Салықтық тексеру жүргізуді тек салық органдары ғана жүзеге асырады. Кейбір заңда көрсетілген жағдайда салық салу, салық қызметі саласын  бақылау мемлекеттік арнайы органдарға жүктеледі.

Қазіргі кезде  тікелей салықтық бақылау жүргізетін мемлекеттік органдарға: Қаржы министірлігінің Салық Басқармасы, оның облыстардағы, аудандардағы,қалалар мен қалалық аудандардаға салық Басқармасы басқармалары,сондай-ақ салық әкімшілігін жүргізу басқармасы жатады.

Мемлекеттің салықтың қызметі қоғамның әлеуметтік-экономикалық аясындағы қаржылық бәл процестерінің жай-күйін салық жүйесінің тұрақты әрі тиімді жұмыс істеу әлеуетіне тәуелді мемлекеттің салықтық бюджеттің салықтық кірістері мен бюджеттік шығыстары өзара байланыстың сандық және сапалық көрсеткіштері арқылы қызмет қатарына жатады.Мемлекеттің салықтық қызметі мен салық жүйесінің нормативтік құқықтық базасы салық әкімшілігін қалыптастыру және салық әкімшілігін жүргізу негіздерін мен тәсілдерін, сондай-ақ жолдарын нақтыландырады [6, 56 б.].

Мемлекеттің салықтық құзырының ауқымында жүргізілетін салық әкімшілігін уәкілетті  салық органдары жүзеге асырады.

Салық әкімшілігін  жүргізетін салық органдарының міндеттеріне:

1) Салық төлеушілерді тіркеу және тіркеу есебіне қою мәселері жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамаларын атқару қамтамасыз ету

2) Фисклдық дады бар бақылау-касалық машиналарды қолдану, салықтық тексерулер жүргізу және салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдану мәселері бойынша Қазақстан Республикасының заң актілерін атқару қамтамасыз ету

3) Салық органдары мен салық төлеушілердің өзара қатынастары нысандары мен тәсілдерін жетілдіру

4) Салық төлеушілердің өз салықтық міндеттемелерін орындуларына байланысты салықтық бақылауды жүзеге асыру

5) «салықтық аудиттік электрондық бақылауы» ақпараттық жүйесін енгізу байланысты жүргізілетін салықтық аудит сапасын жетілдіру

6) Салық берешегінің құралуына байланысты деректер жиюды және себептерді талдауды жүзеге асыру

7) Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларының дұрыс қолдануына бақылау жүргізу

8) Салықтық нормативтік құқықтық актілердің жобасын жасауға қатысу, салықиық заңнаманы, соның ішінде әкімшілігі туралы заңдар мен заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныс жасау жатады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құзырындағы  Салық Басқармасының уәкілетті органдары салық әкімшілігін жүргізу жүргізі барысында:

1) Қазақстан Республикасы салық төлеушілерінің Мемлекеттік тізімін жүргізу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді сондай-ақ басқа да құжаттарды әзірлеу және жетілдіру;

2) салық төлеушілерді салық органдарында тіркey есебіне қою, фискалдық жады бар бақылау-кассалық машиналардың Мемлекеттік тізілім жүргізу, фискалдық жады бар бақылау-кассалық машиналарын тіркеу және қолдану, жекелеген қызмет түрлерімен айнылысатын салық төлеушлерді есепке алу, ақпараттарды қабылдау және өңдеу Орталығынын жұмыс icтеу,салықтық тексерулер жүргізу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер мен өзге де құжаттарды әзірлеу және жетілдіру;

3) Салық органдарының ақпараттарын қабылдау және өңдеу Орталықтарындағы салық есептемесінің нысандарын уақтылы және сапалы қабылдауға және өндеуге жүргізілетін бақылау процедураларын жетілдіру;

4) салық органдарына салық есептемесінің нысанын электронды түрде қалыптастыру және беру жүйесін, сондай-ақ оларды қабылдау және өңдеу жүйесін енгізу есебінен салық әкімшілігін жүргізу тиімділігін арттыру;

5) салық төлеушілердің салық декларациясын табыс ету мерзімін ұзарту жөніндегі өтініштерін қарастыру;

6) ақпараттық жүйені пайдалану негізінде салық төлеушілермен жүргізлетін жұмыстың сапасы мен тиімділігін жоғарылату;

7) жүргізілген салықтық тексерулер нәтижелерін орындауға бақылау жасау;

8) салық есептемесінің әр нысанындағы ақпаратқа автоматтық камералды бақылауды жүзеге асыру негізінде салықтық тексерулер жүргізу тиімділігін арттыру;

9) салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді дұрыс есептеу және уақтылы төлеу, салықтық заңнаманы қолдану мәселелері бойынша салық төлеушілерге салықтық тексерулер жүргізуге қатысу;

10) салық салу саласында заңнаманы қолдану практикасын талдау, сондай-ақ осы саладағы заңнаманы жетілдіру жөніндеұсыныстар енгізу;

11) салық заңнамасын сақтауға, шаруашылық операцияларын бухгалтерлік есепте дұрыс көрсетуге байланысты бақылауды жүзеге асыру жөніндеп салық органдарының жұмыстарын ұйымдастыру;

12) міндетті төлемдерді мемлекеттік бюджетке есептеуді немесе жинауды жүзеге асыруға уәкілетті Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының қызметтеріне жүргізлетін бақылауға өз құзыреті шегінде қатысу;

13) Салық Басқармасы орталық аппаратының қызметкерлері жүргізген салыктық тексерулер материалдарының уақтылы тапсырылуына бақылау жүргізу;

14) салық төлеушілердің салық төлеу бойынша салықтық міндеттемелерінің орындалу мерзімін өзгерту жөніндегі өтініштерін қарастыру;

15) салық есептемесі нысандарын әзірлеуге қатысу;

16) салық органдарымен байланыстарын-жоғалтқан жұмыс істемей тұрған кәсіпорындарды, хабар-ошарсыз кеткен борышкерлерді анықтау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

17) салықтарды есептеу және төлеу практикасында жиі кездесетін қателіктерді көрсететін хаттарды әзірлеу сияқты жәнет.б. негізгі функцияларды атқарады.

Салық салу саласында  ұдайы жүзеге асырылатын салық әкімшілігі бухгалтерлік есептін сапасын жақсартуға, электрондық құжат айналысындағы салық есептемесі нысандарын жіктеу арқылы олардың ақпараттарын нақтыландыруға, салықтық заң актілерінің сақталуына, салық төлеушілердің мүдделерін назардан қалыс қалдырмауға, салық төлеушілерді, салық салу объектілерінің және салық салуға байланысты объектілерді есепке алу тәpтібі мен тиімдшігін тексеруге, республикалық және жергілікті бюджеттерге түсуге тиіс салқтар мен өзге де міндетті төлемдер жөнінде тиісті салық органдарынан мәліметтер алып отыруға, жеке тұлға төлейтін мүлік салығын, көлік құралдары салығын және жер салығын жинауды жүзеге асыруға уәкілетті жергілікті әкімдіктерге салықтық заң актілерінің талаптарын дұрыс орындау жөнінде кеңес беруге бағытталған мемлекеттің салықтық қызметінің 6ip қыры болып табылады [7, 12 б.].

Мемлекеттің салықтық қызметі  ауқымында жүргізілетін салық экімшілігі макроэкономикалық өсу тұрғысынан және халықаралық салық салу стандарттарының  өркениетті үлгілеріне сай қоғ ам мен мемлекеттің, сондай-ақ корпоративтік  шаруашылық (ішінде жеке меншік негізндегі жекелей кәсіпкерлік қызмет) субъектілерінің экономикалық-қаржылық мүдделерінің балансты болуын көздейді және соны қамтамасыз етуге ат салысады.

Салық әкімшілігін  жүргізу барысында салық салуға байланысты ақпараттарды қабылдау және өңдеу Орталығына түсетін: азаматтардың тіркеу туралы берілген өтініші, өзге де өтініштepi, арыздары мен хаттары; жиынтық ақшалай табыс туралы декларация; негізгі жұмыс орнынан тыс жерлерден азаматтарға берілетін олардың 6ip жыл ішінде алған табыстарының сомасы туралы мәліметтер; жылжымайтын мүліктің және жер салығының есептеулерін тексеру aтісі; авторлық сыйақы туралы тиісті ақпараттар; жарғылық және құрылтай шарты; тіркеу туралы куәлік; салық органында тіркелу нөмipi және мерзімі; жарғы қорын қалыптастырудың түсім көздері; баланс және оның қосымшасы; аванстық төлемлер аппараты; талап арыздар; салық органдарының салық төлеушілерді тексеру актілері; қаржы полициясы жүргізген тексерулердің салықтық есептері және тексеру aктілері; кәсіпорындарды және ұйымдарды мемлекеттік тізілімге енгізу жөніндегі мәлімет; нақтылы қызмет түрімен айналысуға құқық беретін лицензия; заңды тұлғаларға байланысты айыппұлдар жөніндегі мағлұматтар бойынша алынатын ақпараттар; хабарлармалар; төлемдік тапсырмалар, инкассолық өкімдер; тиісті бюджеттердің кассалық орындалуы туралы мәлімет; жаңадан ашылған есеп айырысу және бюджет шоттары жөніндегі мәліметтер тәрізді және т.б. банк мекемелерінен тусетін ақпараттар талдаудан өткізіліп салық салу тиімділігі мен икемділігін жақсарту жөнінде тиісті ұсыныс, қорытындылар жасалады.

Информация о работе Салықтан жалтарыну себепетрі мен оны шешудің жолдары