Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2012 в 09:30, дипломная работа
Диплом жұмысының мақсаты салықтан жалтарынудың себептерін анықтап, оған тосқауыл қоюдың оңтайлы іс-шараларын ұсыну, салық бақылауын күшейту және салық төлемдерін азайту негізінде мәселені шешу болып табылады.
Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін төмендегідей міндеттер қойылды:
Салықтан жалтарыну себептерін анықтау;
салықтық бақылауды ұйымдастырудың экономикалық маңызы мен объективті қажеттілігін ашу жолымен республикалық және жергілікті бюджет көздерін молайту арқылы бюджет тапшылығын азайту;
салықытық бақылаудың заңдық және нормативтік базаларының негіздерін қолдана отырып талдау жасау арқылы бақылауды күшейтудің талаптандыру жолдарын ұсыну;
ҚР салық қызметіндегі салықтық бақылауды жетілдіру мен тиімділігін арттыру бойынша нақты ұсыныстар жасау және оларды негіздеу;
Салықтан жалтарудағы көлеңкелі экономиканың көлеңкелі капитал жасауға жол бермеудегі салықтық бақылауды күшейту арқылы есепке алу.
Кіріспе
4
1
Қазақстан Республикасындағы салықтан жалтарынудың теориялық түсінігі
7
1.1
Мемлекеттің салық қызметінің шеңберінде салықтардың ұйымдастырылуының мәні
7
1.2
Салықтан жалтарыну себептерін анықтау және салық бақылауының маңыздылығы
23
3
Қазақстандағы салықтан жалтарыну мәселелері мен оларды шешудің жолдары
56
3.1
Салық салу шеңберіндегі мәселелер
56
3.2
Салықтарды оңтайландырудың негізгі бағыттары
61
Қорытынды
65
Қолданылған әдебиеттер тізімі
68
Қосымшалар
70
Мазмұны
Бет
Кіріспе |
4 | |
1 |
Қазақстан Республикасындағы салықтан жалтарынудың теориялық түсінігі |
7 |
1.1 |
Мемлекеттің салық қызметінің шеңберінде салықтардың ұйымдастырылуының мәні |
7 |
1.2 |
Салықтан жалтарыну себептерін анықтау және салық бақылауының маңыздылығы |
23 |
3 |
Қазақстандағы салықтан жалтарыну мәселелері мен оларды шешудің жолдары |
56 |
3.1 |
Салық салу шеңберіндегі мәселелер |
56 |
3.2 |
Салықтарды оңтайландырудың негізгі бағыттары |
61 |
Қорытынды |
65 | |
Қолданылған әдебиеттер тізімі |
68 | |
Қосымшалар |
70 |
Кіріспе
Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі. Өз қоғамымыздағы келесі мәселлерге жол табу: жергілік және мемлекеттік даму бағдарламасының қаржымен қамтамасыз етуді молайтудағы әлеуметтілік–экономиканың қарқынды дамуына мүмкіндік туғызу, жергілікті бюджет мүмкіншілігін арттырудағы олардың өз кірістері мен шығыстарын теңестіруді қамтамасыз ету мүмкіншілігін өсіру, жергілікті бюджеттің трасферттік қаржылану мүмкіншіліктеріндегі бей-берекеттілікті жою, салық салу мен салық төлеуден жалтару сыбайластық жемқорлыққа жол бермеу жолындағы бақылауды күшейту, салық бақылаушының қызметін тиімді ұйымдастырудың теориялық мәселелерін енгізу және салықтық түсім жоспарының жоғарылауының жетілдірілуі, салықтық бақылау жүргізудің әдістемелігін жетілдірудегі салық қызметкерлерінің қызметіндегі құзыретін жоғарылату, салық заңдылық актілерінің жүзеге асыруды тұрақты түрде бақылау жүргізуді орындау, салықтық бақылауды ұйымдастыруды жетілдіре түсу және оны басқару саясатына арнайы ғылыми негіздеме жасау арқылы пәндік статус әперу.
Бүгінгі күннің ең негізгі талабы "Көлеңкелі экономика мен сыбайластық жемқорлықпен" күрес жүргізу барысындағы қоғамдық даму заңдылықтарын орындау. Ол үшін әрқашанда бақылау жүйесіндегі тексеру, талдау әдістерін кеңінен қолдана біліп салықтан жалтарынуға тосқауыл қою туындап отыр.
Экономиканың дамуындағы жалпы ішкі өнім үлесіндегі қосымша құн өскен сайын бюджет көздері толықтанып, халықтық әлеуметтік және рухани шығындарын қанағаттандыра түсіру үшін нарықтық қатынастардың құқықтығы күшейе түсуіндегі барлық бағыттарды бақылау жүргізу әділеттіліктің негізгі даму бағыты. Сайып келгенде, зерттелінген мәселенің ғылыми және іс-тәжірибелік маңызы зор бастамалардың бірі екенін айта аламыз.
Диплом жұмысының мақсаты салықтан жалтарынудың себептерін анықтап, оған тосқауыл қоюдың оңтайлы іс-шараларын ұсыну, салық бақылауын күшейту және салық төлемдерін азайту негізінде мәселені шешу болып табылады.
Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін төмендегідей міндеттер қойылды:
Диплом жұмысының пәні ретінде салықтан жалтарыну себептерін анықтау және зерттеу болып табылады.
Зерттеудің объектісі. Қазақстан Республикасындағы салықтық қатынастар мен салықтан жалтарынудың негіздеріне сүйене отырып, оны болдырмаудың жолдарын ұсыну және анықтау. Сонымен қатар, Жамбыл облысы Байзақ ауданы бойынша салықтық түсімдердің толықтығын қамтамасыз ету және оны жүзеге асырудың құқықтық базасы зерттеудің объектісіне алынған.
Диплом жұмысының теориялық және әдістемелік негізі. Мемлекеттің қаржы және салық саясатын жетілдіру мәселелерін зерттеуге өз еңбектерін арнап, сол арқылы экономика ғылымына айтарлықтай үлес қосқан төмендегідей экономистер мен заңгерлерді айтуға болады: А.И.Худяков, А.К.Арыстанова, Б.Ж.Ермекбаева, В.Д.Мельников, Г.К.Жакупова, Г.М.Бродский, Е.Калюжанова, Е.Х.Сигаев, З.Атығаева, К.А.Сержантов, М.Т.Оспанов, М.Х.Тусеева, С.С.Сатубалдин, А.А.Нурумов, А.Б.Зейнельгабдин, А.Смит, А.Соколов, А.Тривус, В.Д.Ли, Г.Карагусова, Д.Г.Черник, Е.В.Порохов, К.А.Аттапханов, К.Ә. Сағадиев, К.К.Ильясов, М.Б.Кенжегузин, О.Тимофеева, Ф.С.Сейдахметова және тағы басқалар. Бірақ, салық жүйесінің бақылау қызметі мен мемлекеттік қаржылық бақылауының көпжақтылығы және мәселелерінің күрделілігі оның әрі қарай зерттеуді қажет етеді.
Салық Кодексі, тағы басқа
заңдар мен нормативтік құқықтық
актілер (оларға түсіндірмелер) мен
әлемдік экономика ғылымының
классиктерінің, Ресей және Қазақстандық
ғалым-экономистер мен маман-пр
Диплом жұмысында Қазақстан Республикасы Салық Басқармасының нормативтік құжаттары мен инструктивтік материалдар, сонымен қатар ғылыми конференциялар мен кезеңдік баспалар материалдары кеңінен қолданылды. Зерттеу барысында жүйелік талдау, жинақтау, топтау, салыстыру, және тағы басқа экономика-математикалық әдістер пайдаланылған.
Алға қойылған мақсаттарға жету барысында жылдық, тоқсандық есептіліктері және жедел ақпараттары, сонымен бірге осы қарастырылып отырған мәселеге тиесілі шеңберіндегі арнайы материалдарға, жалпы экономикалық және құқықтық әдебиеттерге жүгініп негізделінген.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Бірқатар теориялық шешімдерді практикалық талдауларды негізге ала отырып салықтан жалтарынудың себептерін анықтай отырып, оған тосқауыл қою немесе болдырмаудың жолдарын шешуде болып отыр.
Өткізілген зерттеуді
топшылай отырып, бірқатар жаңалық
ретінде мұнадай нәтижелер
Зерттеудің ғылыми-тәжірибелік маңызы. Диплом жұмысының негізгі ғылыми түйіндері мен оның ұсыныстары және алынған нәтижелері тек зерттеуге алынған объектілерде енгізіліп қалмай, Қазақстан Республикасы бойынша Салық саласының барлық жүйесіне енгізілудегі стратегиялық мақсаты бар деп танылды. Қазіргі таңдағы әлеуметтік-экономикалық даму мақсаттарының ең негізгі тармақтары жергілікті бюджеттің қаржы ресурстарын жеткілікті өзіндік қамтамасыз ету мүмкіншілігін арттырудағы индикативтік жоспарлар жасауға әзірленуде кеңінен пайдалануға болады.
Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Сандық материалдар кестелерде, суреттерде және қосымшаларда келтірілген.
1 Қазақстан Республикасындағы салықтан жалтарынудың теориялық түсінігі
1.1 Мемлекеттің салық қызметінің шеңберінде салықтардың ұйымдастырылуының мәні
Мемлекеттің салықтық қызмет
Қазақстан Республикасының салы
Салықтар мемлекеттік кірістін (бюджеттің) ең мол түсім көздері болғандықтан олар қандай болмасын мемлекеттің өciп-өркендеуінің материалдық негізі болып есептелінеді. Сондықтан салықтық қызмет мақсатының басты бағыты салықтардың көмегімен бюджетке кірістерді тарту арқылы мемлекеттің қазынасын қалыптастыру және мемлекеттің функциялары мен қоғам мүдделерін ақшалай қамтамасыз ету болып табылады [2, 42 б.].
Бұл ретте мемлекеттік салықтық қызмет аясы қоғамның әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымын құруға бағытталған ic-қимылдарды қамтиды.
Мемлекеттің салықтық қызметі:
1) Мемлекет аумағындағы республикалық және жергілікті бюджеттерге алынатын салықтар мен өзге де міндетті төлемдерді, олардың түрлерін, ерікті төлеу және мәжбүрлеп алу тәртібін белгілеу, салық жүйесі мен салықтық құрылымдарды қалыптастыру және олардың тиісінше жұмыс істеулерін қамтамасыз ету, сондай-ақ қоғамның әлеуметтік-экономикалық аясын салықтық реттеу жөніндегі мемлекеттің біртұтас өзінің немесе өзі айрықша уәкілеттілік берген мемлекеттік органдарының қызметі ретінде;
2) барлық салық төлеушілердің өздеріне тиесілі салықтық міндеттемелерін дұрыс орындауларына жағдай жасау, салық әкімшілігін толыққанды жүргізу, оның ішінде салықтық тексерулердің жемісті жүзеге асырылуына баса назар аудару, сондай-ақ заңда көзделген келеңсіз сәттердің орын алуына байланысты салықтарды мәжбурлеп алу жөніндегі арнайы уәкілетті салық органдарының iсқимылдары мағынасында сипатгалады[3, 27 б.].
Салықтық қызмет өзара тығыз байланысқан құқыктық және экономикалық қатынастардың, жүйесінен тұрады. Жоғарыда айтқандай, мемлекет тиісті заңдар мен басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдауы арқылы салықтар мен міндетті төлемдерді белгілейді, өзгертеді, жояды және олардың уақтылы, белгіленген мөлшерде бюджетке түсуіне бақылау жүргізеді.
Демек, салықтар мен өзге де міндетті төлемдердің белгіленуі және алынуы мемлекеттің салықтық қызметіне байланысты болады.
Мемлекеттің салықтық қызметі:
1) салықтар мен өзге де міндетті төлемдерді белгілеу;
2) мемлекеттің салық жүйесінің қазіргі кезең талаптарына сай құрылуына, оның экономикалық және құқықтық негіздерінің тиімді болуына ат салысу;
3) салық төлеушілердің, өз салықтық міндеттемелерін біржақты-epiктi орындауларына жағдай жасау және осыған орай салықтық бақылауды жүзеге асыру;
4) салық салу саласындағы мемлекеттік органдар мен арнайы салық органдарының жүйесін айқындау және олардың тиісті құзыреттерін белгілеу;
5) салық органдарының қызметтерін тиісті ұйымдастыру және салықтық құқықтарын ұтымды белгілеп, жетілдіру;
6) салықтық міндеттемелердің айтарлықтай көлемде орын далмағанына орай олардың мәжбүрлі негізде жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
7) салықтық заңдарды бұзғаны үшін заңи жауапкершілік белгілеу және осы жауапкершілік шараларына кінәлі тұлғаларды тарту;
8) салық салу саласындағы салық органдары мен салық төлеушілердің құқықтық және салықтық мәдениеттерін қажетті деңгейде қалыптастыру арқылы олардың материалдық мүдделерірінің мүмкіндігіне балансты болуына ат салысу;
9) отандық және шетелдік инвестициялардың мол және тиімді ағымының арнасын кеңейту мақсатында инвесторларға салық салу климатын жақсарту,тартымды жеңілдіктер беру және оларға қатысты салық әкімшілігін екі жақтың (тараптың) мүдделерін есепке ала отырып жүргізу сиқты негізгі бағдар-бағыттар 6ойынша жүзеге асырылады.
Салықтық қызметті өздерінің құзыреттеріне сай жүзеге асыратын мемлекеттік лауазымды тұлға мен уәкілетті органдарға:
1) ҚР Президенті;
2) ҚР Парламенті;
3) ҚР Үкіметі;
4) Жергілікті Маслихаттар мен әкімдер;
5) ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі;
6) ҚР Қаржы министрлігі;
7) Қаржы министрлігінің Салық Басқармасы;
8) ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау Басқармасы;
9) Астана, Алматы қалалары және облыстар мен аудандардағы және қалалардағы аудандар бойынша салық органдары жатады.
Информация о работе Салықтан жалтарыну себепетрі мен оны шешудің жолдары