Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2013 в 18:44, дипломная работа
Дипломдық жұмыстың мақсатынан туындайтын негізгі міндеттер:
институционалды инвесторлардың қызметтерінің теориялық аспектілерін зерттеу;
институционалды инвесторлардың қызметтерін заңдық негізде қарастыру;
институционалды инвесторлар ерекшелігінің әлемдік тәжірибесін зерттеу және пайдаланудың мүмкін жақтарын анықтау;
Қазақстан Республикасы институционалды инвесторларының ағымдық жағдайын талдау;
институционалды инвесторлардың қызметін республикада дамыту жағдайларын және олардың жетілдіру жолдарын анықтау.
Кіріспе..........................................................................................................................3
1 Бағалы қағаздар нарығындағы институционалды инвесторлардың қызметін ұйымдастырудың теориялық негіздері........................................6
1.1 Бағалы қағаздар нарығы – экономиканы қаржыландырудың негізгі көзі.......6
1.2 Бағалы қағаздар нарығындағы институционалды инвесторлардың түрлері және олардың қызмет ету ерекшеліктері.........................................................17
1.3 Бағалы қағаздар нарығындағы институционалды инвесторлардың қызметін мемлекеттік реттеу жүйесі.................................................................................28
2 Институционалды инвесторлардың бағалы қағаздар нарығындағы қызметтерін және даму бағыттарын талдау...............................................36
2.1 Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының даму жағдайы мен басымды бағыттарын бағалау............................................................................................36
2.2 Институционалды инвесторлардың бағалы қағаздар портфелін басқарудағы негізгі қаржы-экономикалық шараларына талдау жасау...............................43
2.3 Бағалы қағаздар нарығындағы институционалды инвесторлардың қаржылық қызметінің тиімділігін талдау.........................................................50
3 Нарықтық экономика жағдайында институционалды инвесторлардың бағалы қағаздар нарығындағы қызметтерін дамыту жолдары.............57
Қорытынды..............................................................................................................64
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.........................................................................67
Қосымшалар.............................................................................................................71
Ескерту – ғылыми-зерттеу нәтижесінде автормен құрастырған
Сурет 2. Қазақстанда институционалды инвесторлардың қалыптасу және құқықтық қамтамасыз ету кезеңдері
Инвесторлардың жұмсаған қорларына байланысты екіге бөлінеді. Жеке инвесторлар меншіктік қаржы қорларын инвестициялайтын жеке және заңды тұлғалар болып табылады. Ал, институционалды инвесторлар тек қана тартылған қорларды инвестициялайтын қаржылық мекемелер деп танимыз. Институционалды инвесторлар ретінде отандық бағалы қағаздар нарығында келесідей институттарды жатқызамыз:
Қарастырылған институттардың ішінен пайлық инвестициялық қорлардың қызметі басқа мекемелерге қарағанда қалыптасуы кеш еді. Олардың себептеріне мемлекет тарапынан аталған институттарға қатаң талап қоюы.
1990-жылдардағы көптеген қорлардың ашылып бір мезгілде жабылуы, халықтың осы институт қызметі туралы бейхабар болуы және т. б. факторлар әсер етті.
Осыған қарамастан, аталған институттардың соңғы жылдары қарқынды дамуы бағалы қағаздар нарығындағы қосымша қаржы қорларының ұсынысы мен бағалы қағаздарға сұраныстың шоғырландыруына септігін тигізді.
Пайлық инвестициялық қор – бұл қаржыны шоғырландыра отырып, әр түрлі активтерге инвестициялайтын институт. Қаржыны шоғырландыру қордың пайы арқылы жүргізіледі. Пай – бұл меншік иеленушінің инвестициялық қорға белгілі бір қаржы жұмсағанын және келісімшартқа сәйкес сыйақыны алуын куәландыратын эмиссиялық, құжатсыз, атаулы бағалы қағаз. Пайды жеке де, заңды тұлға да сатып алуына болады.
Пайлық инвестициялық қорлар Батыста 1920 жылы пайда болды. Бірақ, инвесторлар аталған мекемеге тек 70-80 жылдарда көңіл бөле бастады. Себебі, банктер ұсынған депозиттік мөлшерлеме сол кездері инфляция қарқынынан да аспады. Сондықтан да депозиттік мөлшерлемеден жоғары ұсынған мекемеге деген қызығушылық көптеген мемлекеттерде көрініс тапты [22].
Пайлық инвестициялық қорлар инвестор үшін келесідей артықшылықтар береді:
Осыдан көріп отырғанымыздай, бұл институттың банктік депозитке балама тәсіл ретінде қарастыруға болады. Бірақ, банктен және оның ұсынған депозитінен бірқатар артықшылықтарға ие. Пайлық инвестициялық қордың пайы және коммерциялық банктің депозиті бойынша салыстыру жүргізейік (Б қосымшасы).
Осы қосымшадан көріп отырғанымыздай, пай бойынша тәуекел орташа, ал табыстылық бойынша депозиттен жоғары екенін атап өтуге болады.
Бағалы қағаздардың дамуы, сонымен қатар нақты өндірістің жандануына әкеледі. Сондай-ақ, нақты өндірістің дамуы бағалы қағаздар нарығының қарқынды өсуіне әсер етеді. Тәжірибе көрсеткендей, инвестордың жекелей өздігімен бағалы қағаздарға инвестициялay процесі қиынға соғады. Мұнда, бағалы қағаздар туралы аса білікті болуы және бағалы қағаздар нарығындағы мемлекеттік талаптарына сәйкес ұйымдастырушылық, техникалық жағдайлар сипат алады.
Пайлық қорлар кастодиан-банкпен басқарушы компаниямен, тіркеушімен өзара байланысы бар. Кастодиан - шартқа сәйкес пай арқылы жинақталған қаражаттарды сақтайтын және сәйкесінше объектілерді есепке алатын, өкілетті органнан лицензиясы бар коммерциялық банк. Басқарушы компания осы пайдан жинақталған қаражаттарды нарық объектілеріне инвестициялайтын, өкілетті органнан лицензияны алған кәсіби қатысушы. Ал, тіркеуші пай ұстаушылардың тізімін жүргізетін кәсіби қатысушы. Яғни, пайлық қордың қызмет аясы қаржы нарығының кәсіби қатысушыларды жан-жақты қамтиды.
Пайлық инвестициялық қор – ұжымдық одақ. Акционерлік инвестициялық қормен салыстырғанда, ұйымдастырушылық – құқықтық мәртебесі жоқ.
Пайлық инвестициялық қордың 3 түрі бар: ашық, интервалдық және жабық пайлық инвестициялық қорлар. Бұл түрлері басқарушы компания пайды инвестордан қайта сатып алу мүмкіндігіне байланысты. Егер инвесторға қордың қызметі, пай құны ұнамаса, онда пайды қайта сатуға болады. Ашық пайлық инвестициялық қорлар 2 аптада 1 рет, интервалдық кем дегенде жылына 1 рет қайта сатып алуға міндеті бар. Ал, жабық қорлар пай ұстаушылар алдында мұндай міндеті жоқ.
Сондай-ақ, олардың келесі айырмашылығы - бұл пайдың құнын есептеу мерзіміне қатысты. Ашық қорларда пай құны әр күні, интервалдық - әр ай сайын жүргізіледі. Жабық қорлар алдыңғы белгіге ұқсас - міндеті жоқ. Сондықтан да, көп жағдайларда жабық пайлық инвестициялық қорлар тәуекелдік инвестициялау қорлары болуы мүмкін.
Жалпы, пайлық қорлар біздің мемлекетімізде жаңадан құрылған институттар. Олардың қызметін мемлекет тарапынан қадағалау мен реттеу жүргізу қажеттілігі жоғары. Өкілетті орган ретінде — ҚР ҚҚК болып бекітілген. ҚҚК пайлық инвестициялық қорлар қызметін келесідей шаралар жүргізеді:
Пайлық қорлар бір эмитенттің бағалы қағаздарына таза активтің белгілі бір шегінен аспауы керек. Атап айтқанда:
Сонымен, көптеген мемлекеттерде пайлық инвестициялық қорлар сияқты мекемелердің қалыптасуы мен дамуы мемлекетке де, халыққа да, басқа да қаржылық мекемелерге әсер етті. Бір жыл ішінде пайлық қорлардың 2 есе өсуі, осы институттарға деген сенімі, сондай-ақ басқа қаржылық құралдарға қарағанда тиімді балама құрал ретінде танылғанын куәландырады.
Бүгінгі таңда Қазақстан ТМД мемлекеттерінің ішінен экономикалық жағынан алдыңғы қатарлы мемлекет ретінде орнын алғанын экономистер тұжырымдап отыр. Қазақстанның экономикалық өсуге жетудің бірден-бір алғышарты деп мемлекетіміздегі зейнетақы реформасының нәтижелері ретінде анықтады. Зейнетақы жүйесі елдің ең өзекті мәселелердің бірі деп айтуға болады. Себебі зейнетақы жүйесі тек әлеуметтік сұрақтармен қатар экономикалық сұрақтарды шешуге көмектеседі.
Зейнетақы реформасын жүргізу нәтижесінде ел ішіндегі ірі инвесторлардың пайда болуына, ірі қаржы ресурстардың шоғырлануына әкелді. Зейнетақы қорлары қаржы жүйесінің негізгі бөлігі ретінде сипат алады.
Нарықтық экономиканың негізгі элементтерін енгізе отырып, мемлекеттің зейнетақы бойынша көзқарасы да сан алуан өзгеруде. Қаншалықты мемлекет зейнетақы жүйесіне қатысуын анықтау барлық мемлекеттердегі туындайтын негізгі мәселе болып табылады. Зейнетақы жүйесінің көп кездесетін үлгілері: ынтымақтастық және жинақтаушы. Ынтымақтастық зейнетақы жүйесіне сәйкес, бүгінгі зейнеткерлерді мемлекеттік бюджет не басқа да бюджеттен тыс қорлар қамтамасыз етеді. Ал, нақты зейнетақыны төлеу бойынша ауыртпалық жеке не заңды тұлғаларға түседі. Көбінесе, бұл арнайы салықты енгізу арқылы жүзеге асырылады. Жинақтаушы үлгіге сәйкес, әр адам зейнет жасына дейін болашақтағы зейнетақы жинақтарын қалыптастырады. Мұнда, әр елде мемлекеттің қатысуы әр түрлі. Бір елде мемлекет міндетті түрде бекітуі мүмкін, ал басқа елдерде үкімет әр адамның өзінің ықыласына орай (инициативасына) қалдыра отырып, тек ерікті түрдегі зейнетақы жарнаны бекітуі мүмкін.
Сөйтіп, зейнетақы сұрақтарын шешу мәселесін зерттей отырып, бірқатар мемлекеттердің зейнетақы жүйелеріне тоқталайық.
Мәселен, АҚШ-тың зейнетақы жүйесі 4 деңгейден тұрады [27].
Ал, Канада мемлекеті АҚШ-қа жақын орналасқанымен зейнетақы жүйесінде көптеген жағдайлармен ерекшелінеді. Канадада зейнетақы жүйесі 3 деңгейден тұрады:
Сондай-ақ, Франция мемлекетінің зейнетақы жүйесі 2 қағида бойынша қызмет атқарады.
Біріншісі, «Ынтымақтастық» қағидасына сәйкес қазіргі кездегі жұмыс істейтіндер бюджетке қаражаттарды аударады және мемлекет үкіметі зейнеткерлерге осы арнайы салық есебінен зейнетақыны төлейді.
Екіншісі, «Жинақтаушы зейнетақы сақтандыру» қағидасына сәйкес, әрбір жеке тұлға арнайы қорға өз қалауынша қаражаттарды ерікті түрде аударады. Қазіргі кезде Францияда ең төменгі зейнетақы мөлшері жылына 5000 долларды құрап отыр. Бұл мемлекетте салымшыны қорғау бойынша ерекшелікті атап өтуге болады. Францияның заңнамасына сәйкес, қаражаттардың қайтарылымдылық нормасы жоғары болып келеді. Яғни, тұлға зейнет жасына жеткенде зейнетақыны еңбекақыдан жоғары алады. Еркектер үшін қаражаттардың қайтарылымдылық нормасы 78%, ал әйелдер үшін 72% деңгейінде бекітілді.
Енді, ҚР зейнетақы жүйесін қарастырайық. Зейнетақы реформасы бізде 1998 жылдан бастап орнатыла бастады және көптеген экономистердің дұрыс бағытты ұстанғанымызды дәлелдеп отыр. Біздің зейнетақы жүйеміз Чили мемлекетінің үлгісін қолданды. Чили мемлекеті өзінің зейнетақы үлгісінен бас тартса да, Қазақстанда зейнетақы жүйесі алға басуда. Жинақтаушы зейнетақымен қамтамасыз ету қағидасы: әрбір жеке тұлға өзінің табыс көзінен бекітілген бөлігін зейнетақы қор шотына аударады және сәйкесінше зейнет жасына жеткенде заңнама бойынша анықталған көлемде зейнетақыны алады. Екінші деңгей бойынша зейнетақы жарналардың 2 түрі қарастырылады: міндетті және ерікті.