Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2013 в 18:44, дипломная работа
Дипломдық жұмыстың мақсатынан туындайтын негізгі міндеттер:
институционалды инвесторлардың қызметтерінің теориялық аспектілерін зерттеу;
институционалды инвесторлардың қызметтерін заңдық негізде қарастыру;
институционалды инвесторлар ерекшелігінің әлемдік тәжірибесін зерттеу және пайдаланудың мүмкін жақтарын анықтау;
Қазақстан Республикасы институционалды инвесторларының ағымдық жағдайын талдау;
институционалды инвесторлардың қызметін республикада дамыту жағдайларын және олардың жетілдіру жолдарын анықтау.
Кіріспе..........................................................................................................................3
1 Бағалы қағаздар нарығындағы институционалды инвесторлардың қызметін ұйымдастырудың теориялық негіздері........................................6
1.1 Бағалы қағаздар нарығы – экономиканы қаржыландырудың негізгі көзі.......6
1.2 Бағалы қағаздар нарығындағы институционалды инвесторлардың түрлері және олардың қызмет ету ерекшеліктері.........................................................17
1.3 Бағалы қағаздар нарығындағы институционалды инвесторлардың қызметін мемлекеттік реттеу жүйесі.................................................................................28
2 Институционалды инвесторлардың бағалы қағаздар нарығындағы қызметтерін және даму бағыттарын талдау...............................................36
2.1 Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының даму жағдайы мен басымды бағыттарын бағалау............................................................................................36
2.2 Институционалды инвесторлардың бағалы қағаздар портфелін басқарудағы негізгі қаржы-экономикалық шараларына талдау жасау...............................43
2.3 Бағалы қағаздар нарығындағы институционалды инвесторлардың қаржылық қызметінің тиімділігін талдау.........................................................50
3 Нарықтық экономика жағдайында институционалды инвесторлардың бағалы қағаздар нарығындағы қызметтерін дамыту жолдары.............57
Қорытынды..............................................................................................................64
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.........................................................................67
Қосымшалар.............................................................................................................71
Мазмұны
Кіріспе....................... | |
1 |
Бағалы қағаздар
нарығындағы институционалды |
1.1 |
Бағалы қағаздар нарығы – экономиканы қаржыландырудың негізгі көзі.......6 |
1.2 |
Бағалы қағаздар нарығындағы институционалды инвесторлардың түрлері
және олардың қызмет ету ерекшеліктері................. |
1.3 |
Бағалы қағаздар нарығындағы
институционалды инвесторлардың қызметін
мемлекеттік реттеу жүйесі........................ |
2 |
Институционалды
инвесторлардың бағалы қағаздар нарығындағы қызметтерін
және даму бағыттарын талдау........................ |
2.1 |
Қазақстандағы
бағалы қағаздар нарығының даму
жағдайы мен басымды бағыттарын бағалау....................... |
2.2 |
Институционалды инвесторлардың
бағалы қағаздар портфелін басқарудағы
негізгі қаржы-экономикалық шараларына талдау жасау......................... |
2.3 |
Бағалы қағаздар нарығындағы институционалды инвесторлардың қаржылық
қызметінің тиімділігін талдау........................ |
3 |
Нарықтық экономика жағдайында институционалды инвесторлардың бағалы қағаздар нарығындағы қызметтерін дамыту жолдары.............57 |
Қорытынды..................... | |
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі........................ | |
Қосымшалар.................... |
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Институционалды инвесторлар жүйесінің өзектілігі бір жағынан халық өзі тапқан табыстарын сенімді және табысты жерлерге орналастыруға қызығушылық танытуымен, екінші жағынан кәсіпорындардың сырттай мемлекеттік емес қаржыға қажеттілігінің өсуімен анықталады. Институционалды инвесторлар негізгі делдалдардың рөлін атқарады, яғни ұсақ инвесторлардың қаражаттарын жинақтау, инвестицияны кәсіби басқарумен қамтамасыз ету, тәуекелді әртараптандыру, кәсіпорындарды қаржымен қамтамасыз ету, кең массалық инвесторларға бағалы қағаздармен тікелей емес, жанама түрде иемденуге мүмкіндік беру қызметтерімен айналысады.
Бүгінгі таңда сыртқы шетелдік қарыз алудың шектеулілігі салдарынан ҚР-ның банк жүйесінің даму қарқыны төмендеуде. Сондықтан екінші деңгейдегі банктер қарызданудың ішкі нарығына, сондай-ақ неғұрлым көп мөлшерде институционалды инвесторларды тарту үшін өзінің өнімдерін кеңейтуге және жақсартуға үлкен көңіл бөлуде. Осыған орай, ағымдағы нарықтық үрдістерді қолдау мақсатында институционалды инвесторлардың қызметін кеңейту қажеттілігі туып отыр.
Жеке капиталды
Бүгінгі таңда қолма-қол ақшаны үйде немесе банк депозиттеріне орналастыру, сонымен қатар жылжымайтын мүлікке инвестициялаудан басқа Казақстан қаржы нарығы уақытша бос ақша ресурстарын орналастырудың жаңа балама әдісін, яғни институционалды инвесторлардың қызметін ұсынып отыр. Бірақ институционалды инвесторлардың барлығына ортақ жалпы мәселе институционалды инвесторлардың инвестициялық қызметін басқару жүйесінің жеткіліксіз дамуы. Инвестиция тартушы құралдардың жеткіліксіздігі институционалды инвесторлар активтерінің табыстылығының төмендеуін күшейте түсті. Бұны екі фактормен байланыстыруға болады: депозиттер мен барлық бағалы қағаздар категорияларына қатысты табыстылықтың жалпы төмендеуі және соңғы жылдар аралығында АҚШ долларына қатысты теңгенің девальвациясы. Бағалы қағаздар нарығында табиғаты жағынан нарықтық болып табылмайтын келісімдер де бар. Бұл өз кезегінде институционалды инвесторлардың инвестициялық портфелінің нақты табыстылығын анықтауда кері әсер етеді. бағалы қағаздар нарығы толығымен қалай дамуы керек екендігі туралы бір байламға келу үшін және оны ұйымдастыру мен қызметтерін жүзеге асырудың жеке аспектілері бойынша ортақ келісімге қол жеткізу үшін нарықты кешенді түрде зерттеу қажет. Ол үшін бағалы қағаздар нарығын ұйымдастырудың теориялық негіздері мен әдістерін, сонымен қатар оны реттеудің мәселелерін талдау керек, соның нәтижесінен бағалы қағаздар нарығының тұжырымдамасын жасап шығаруға және оның нақты үлгісін таңдап алуға болады. Сонымен бірге бір жағынан, бос ақша қаражаттарының айтарлықтай бөлігі Қазақстан азаматтарында, екінші жағынан, осы қаражатқа экономиканың өндірістік секторының мұқтаж болуы шағын салымшылардың өз қаражаттарын ұжымдық инвестициялау институттарына тартудың тиімді тәсілдерін іздестіруді талап етеді. Мұндай жағдай салымның сақталу кепілдігі және институцоналды инвесторлар қызметінде дағдарысты болдырмау сияқты тәсілдермен салымшыларды тиімді қорғау жүйесін құруды қажет етеді. Қазіргі кезде бағалы қағаздар нарығында тепе-теңдік сақталмауы, бағалы қағаздар нарығының қатысушыларының негізгі тобы болып табылатын жеке инвесторлардың құқықтары мен мүдделерінің бұзылуы жиі кездесіп отыр.
бағалы қағаздар нарығында институционалды инвесторлардың қызметін жетілдіру жолдарын іздеу, зерттеу маңызды рөл атқарады, себебі келешекте осы бағыт экономикаға инвестициялық ресурстарды тартудың ең шешуші көзіне айналмақ. Жоғарыда айтылған мәселелердің өзектілігі осы дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдауға негіз болды
Институционалды инвесторлардың қызметін дамытуды жандандырудың аса маңыздылығы мен объективті қажеттілігі, олардың үлгілері нарықтық шаруашылыққа және халықаралық стандарттарға сәйкес келтірілуі – дипломдық жұмыс тақырыбын, оның мақсатын, мәселелерін және зерттеу бағытын айқындауға септігін тигізді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мемлекеттің тұрақты экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшiн институционалды инвесторлардың бағалы қағаздар нарығындағы қызметтерінің теориялық-әдістемелік, тәжірибелік жақтарын зерттеу және олардың даму болашағын анықтау.
Дипломдық жұмыстың мақсатынан туындайтын негізгі міндеттер:
Зерттеу пәні ретінде институционалды инвесторлардың портфельдік инвестициялауды жүзеге асыру үдерісінде пайда болатын экономикалық қатынастар жиынтығы алынды.
Зерттеу объектісі Қазақстан Республикасындағы институционалды инвесторлар болып табылады.
Дипломдық жұмыс құрылымы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Дипломдық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі. Зерттеу барысында әлемдік экономикалық ғылым классиктерінің еңбектері, отандық және шетелдік ғалымдардың, экономистердің монографиялары мен баспасөз мақалалары, қатынастарды реттейтін заңнамалық және нормативтік-құқықтық, статистикалық құжаттар қолданылды. Жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының институционалды инвесторлар қызметін реттейтін Заңдары мен басқа да нормативтік-құқықтық актілер, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары, Жолдаулары, ҚР Үкіметінің қаулылары, ресей және отандық оқу әдебиеттері, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің, әр түрлі деңгейлердегі конференциялардың материалдары, журналдар, сондай-ақ республикалық статистикалық талдау негізінде алынған талдамалық зерттеу материалдары пайдаланылды.
1 |
Бағалы қағаздар
нарығындағы институционалды |
1.1 |
Бағалы қағаздар нарығы – экономиканы қаржыландырудың негізгі көзі |
Бағалы қағаздар нарығы басқа нарықтардан өзінің айрықша тауарымен өзгешеленеді. Ол өзгеше тауар – бағалы қағаздар. Олар, біріншіден, меншік белгісі, екіншіден, қарыз міндеттемесі, яғни олар бойынша табыс алу құқығы және табыс төлеу міндеттемесі пайда болады. Бұл тауарды өз құны аз болса да, өте жоғары нарықтық бағамен сатуға болады. Бағалы қағаздардың көрсетілген құны (номиналы) өте төмен болғанымен, мысалы, ол өндіріске жұмсалған нақты капиталдың белгілі-бір мөлшерін көрсетеді. Егер бағалы қағаздарға нарықтық сұраныс оның ұсынысынан жоғары болса, онда оның бағасы көрсетілген құннан (номиналынан) жоғары болады (керісінше де болуы мүмкін). Бұндай нарықтық бағаның номиналдан ауытқуы, бағалы қағаздардың «жалған капитал» екенін көрсетеді.
Жалған капитал – нақты капиталдың қағаз белгісі, яғни өндірістік капиталдың оқшауланып шыққан бір бөлігі (сауда, қарыз капиталдары).
Бағалы қағаздар ақша капиталының немесе басқа материалды құндылықтардың орнына жүретін «символы» болғандықтан оны «қордың құндылықтары» деп те атайды. Сонымен қатар, бағалы қағаздар «қор инструменті немесе құралы» болып та есептеледі. Себебі тек сол құралды пайдаланып, нақты құндылықтарға қол жеткізуге немесе сол құндылықтар бір субъектіден екіншіге ауысуына болады. Сонымен бағалы қағаздар нарығы - капитал нарығының, яғни ақша және басқа материалдық құндылықтардың нақты қызметінің көрінісі [9].
Бағалы қағаздар нарығының мақсаты – қаржы ресурстарын шоғырландыру және оларды нарыққа қатысушылардың әртүрлі операциялары арқылы қайта бөлу, яғни уақытша бос ақша қаражатының бағалы қағаздардың инвесторларынан эмитенттеріне ауысуына делдалдық ету. Осы мақсатқа жету үшін бағалы қағаздар нарығы мына міндеттерді жүзеге асырады:
Аталған міндеттерді жүзеге асыруда бағалы қағаздар нарығы көптеген қызмет түрін атқарады. Оларды шартты түрде екі топқа бөлуге болады. Біріншісі, жалпы нарықтық, яғни кез-келген нарыққа тән, екіншісі, ерекше, яғни осы нарықты басқа нарықтардан ажырататын қызметтер.
Жалпы нарықтық қызметтерге:
Бағалы қағаздар нарығының ерекше қызметтері:
Бағалы қағаздар нарығы – нарықтық экономикада күтпеген кездейсоқ болатын процестердің реттеушісі. Бұл алдымен капиталды инвестициялау процесіне қатысты жүзеге асырылады. Капиталды инвестициялау деген күрделі қаржының капиталға мұқтаж өндіріс салаларына құйылуы, ал артық болған уақытта сол саладан қайта алынуы. Капиталдың бұндай айналыс механизмі мынадан түсінікті. Мысалы, кейбір тауарларға немесе қызмет түрлеріне сұраныс өссе, онда соған сәйкес бағасы да өседі. Демек, оларды өндіруден пайда да өседі, сондықтан басқа салалардың өніміне сұраныс азайып, олардың экономикалық тиімділігі кеміп, ондағы капитал өніміне сұраныс өсіп тұрған салаларға құйылады. Бағалы қағаздар осы механизмнің қызметін қамтамасыз ететін құрал. Олар уақытша бос капиталды сату-сатып алу арқылы тиімді өндіріске бағыттап отырады.
Нарықтық экономиканың тәжірибесінде капитал ең алдымен қоғамға шын мәнінде қажетті өндіріске орналасады. Нәтижесінде қоғамдық өндірістің ең үйлесімді құрылымы пайда болып, тапшылықсыз экономика қалыптасады. Қоғамдық өндіріс негізінен қоғамдық сұранысқа сай болады. Бұл өркендеген нарықтық экономиканың басты жетістігі. Біздің еліміздегі Мемлекеттік жоспарлау комитеті басқарған орталықтанған-жоспарлы экономика 70-жыл (1921-1991) бойы қоғамның зарарсыз өсуін қамтамасыз ете алмады. Ал нарықтық қатынастарды дамыту — қоғамдық экономиканың шарықтап өркендеуіне жеткізетіні ақиқат шындық.