Бағалы қағаздар нарығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2013 в 18:44, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық жұмыстың мақсатынан туындайтын негізгі міндеттер:
институционалды инвесторлардың қызметтерінің теориялық аспектілерін зерттеу;
институционалды инвесторлардың қызметтерін заңдық негізде қарастыру;
институционалды инвесторлар ерекшелігінің әлемдік тәжірибесін зерттеу және пайдаланудың мүмкін жақтарын анықтау;
Қазақстан Республикасы институционалды инвесторларының ағымдық жағдайын талдау;
институционалды инвесторлардың қызметін республикада дамыту жағдайларын және олардың жетілдіру жолдарын анықтау.

Содержание работы

Кіріспе..........................................................................................................................3

1 Бағалы қағаздар нарығындағы институционалды инвесторлардың қызметін ұйымдастырудың теориялық негіздері........................................6
1.1 Бағалы қағаздар нарығы – экономиканы қаржыландырудың негізгі көзі.......6
1.2 Бағалы қағаздар нарығындағы институционалды инвесторлардың түрлері және олардың қызмет ету ерекшеліктері.........................................................17
1.3 Бағалы қағаздар нарығындағы институционалды инвесторлардың қызметін мемлекеттік реттеу жүйесі.................................................................................28

2 Институционалды инвесторлардың бағалы қағаздар нарығындағы қызметтерін және даму бағыттарын талдау...............................................36
2.1 Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының даму жағдайы мен басымды бағыттарын бағалау............................................................................................36
2.2 Институционалды инвесторлардың бағалы қағаздар портфелін басқарудағы негізгі қаржы-экономикалық шараларына талдау жасау...............................43
2.3 Бағалы қағаздар нарығындағы институционалды инвесторлардың қаржылық қызметінің тиімділігін талдау.........................................................50

3 Нарықтық экономика жағдайында институционалды инвесторлардың бағалы қағаздар нарығындағы қызметтерін дамыту жолдары.............57

Қорытынды..............................................................................................................64
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.........................................................................67
Қосымшалар.............................................................................................................71

Содержимое работы - 1 файл

ДИП багалы кагаздар.doc

— 1.37 Мб (Скачать файл)

Жоғарыда жүргізілген  зерттеу бағалы қағаздар нарығындағы  институционалды инвесторлардың инвестициялық қызметін жетілдіруге – ұлттық экономиканы дамыту мен экономикалық өсу сапасын көтерудің маңызды факторы деуге негіз болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Қазақстанда бағалы қағаздар нарығы он жылдан астам мерзім ішінде жұмыс істеуде. Бұл мерзімде ол құрылудан қалыптасуға дейінгі барлық эволюциялық дамудың кезеңдерінен өтті. Бүгінгі таңда бағалы қағаздар нарығы халықаралық тәжірибеде және ұлттық экономиканың ерекшеліктеріне сәйкес жұмыс істеуде. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында институционалды инвесторлардың даму болашағына тоқталғандықтан жұмысты қорытындылай отырып, келесідей ұсыныстар жасауға болады:

  1. Институционалды инвесторлардың экономикалық маңыздылығы мен  олардың инвестициялық қызметінің негізгі құралдары анықталды. Институционалды инвесторлардың мақсатты бағытын негіздеп және оның барлық анықтамалары қарастырылды. Отандық және шетелдік ғалымдардың «институционалды инвесторлар» ұғымына берген анықтамалары  қарастырылып, соның негізінде бұл ұғымдарға авторлық анықтама жасалды.
  2. Институционалды инвесторлардың инвестициялық қызметін  жүргізуде мемлекеттің рөлі анықталды. Ел экономикасына бағытталған инвесторлардың құрылымы зерттелді. Қазақстандағы экономикалық реформалардың басты бағыттарының бірі тартымды инвестицияларды жасау болып табылады, бұл приоритетті салаларды дамытуға инвестициялық қор, зейнетақы және сақтандыру қорларының қаражаттарының өсуінен қосымша табыс алу үшін мемлекетте барлық жағдай жасалатыны анықталды. Халыққа инвестициялық қорлар туралы ақпаратты көбірек беру. Тек қана осындай жағдайда инвестициялық қорлардың қызметіне деген халықтың сұранысы мен сенімі арта түседі және бұл өте маңызды. Менің ойымша, инвестициялық қорларды жиналған ақша қаражаттарын елдегі әр түрлі өндірістік, әлеуметтік және т.б. салалардың дамуына салуға болады. Сонда ол халықтың әл ауқатының жақсаруы мен жалпы экономиканың дамуына әсер етеді. Оған Қазақстанда бағалы қағаздар нарығына қатысты нормативтік актілердің жетілдірілгендігі және жұмыс істеп жатқан инфрақұрлымның, жақын арада бағалы қағаздар нарығының қарқынды дамуына барлық жағдайлар жасалатыны анықталды.
  3. Шет мемлекеттердің көпшілігінде институционалды инвесторларға, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары мен ұйымдасқан инвестициялау институттары жатады (ҰИИ). Өз кезегінде, ҰИИ-ға – инвестициялық қорлар (инвестициялық компаниялар), хедж-қорлар, банктердің сенім департаменттері кіреді. Институционалды инвесторлардың ірі топтарына сақтандыру компаниялары мен жинақтаушы зейнетақы қорлары жатады.

АҚш-та, Англияда, Голландияда, Швейцарияда және Швецияда институционалды инвесторлар активтерінің ЖІӨ-ге қатынасы 110-220% арасында өзгеріп тұруда. АҚШ-тың жеңілдіктері бар: Институционалды инвесторларының капиталы негізінен қызметкерлер мен жұмысшылардың және кәсіпкерлердің жарнасынан қалыптасады. Бұл жарналар едәуір ұзақ мерзімге 10 және одан да көп жылдарға орналастырылады. Сондықтан институционалды инвесторлар мемлекеттік және жеке бағалы қағаздарды сатып алатын ұзақ мерзімді ақша құралдарын иемденеді. Институционалды инвесторлардың 80% бөлігін жеке корпорациялардың бағалы қағаздары құрайды. Сонымен  қатар, активтердің 30%-нен жоғарғысы жай акцияларға тиесілі, осы арқылы институционалды инвесторлар әр түрлі корпорациялардың саясатына белсенді ықпал етуге мүмкіндік береді, сондықтан осы саясатты қолдануға болады.

  1. Нарығы дамыған мемлекеттердегі институционалды инвесторлардың активтерінің 90%-інен астамы бағалы қағаздар. Дүниежүзілік акция мен борыштық бағалы қағаздар нарығының көлемі мен институционалды инвесторлардың активтерін салыстыру арқылы, оларға дүниежүзілік бағалы қағаздар нарығының 40-50%-і тиесілі екенін көруге болады. Соңғы уақытта институционалды инвесторлардың маңыздылығының артуымен байланысты «Экономикалық қатынас пен даму ұйымы» атты арнайы статистикалық анықтама басылымын шығара бастады. Бұл мәлімет экономикасы дамыған мемлекеттерде институционалды инвесторлардың рөлін жан-жақты талдауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының да институционалды инвесторларының маңыздылығы күнделікті өсуде. Институционалды инвесторлардың ішінен бірінші орынды ЖЗҚ алады. Одан кейін СК және ИҚ. ЖЗҚ-ның инвестициялық портфелі 70% бағалы қағаздарға инвестицияланады.
  2. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, әрбір қаржылық институт тәуекелді бағалау әдістемесін өздері құрастырады. Соған байланысты институцоналды инвесторлардың инвестициялық портфельдерін талдауға пайдаланылатын САРМ моделі бойынша, оңтайлы инвестициялық портфель тәуекел және тәуекелсіз бөлімдерінің әдістері  қарастырылып, САРМ моделі актив бойынша талап етілетін табыс нормасы мен тәуекелі арасындағы қатынас практикалық тұрғыдан сыналды, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларына қойылатын талаптар механизмі құрастырылды, Г.Марковицтің тиімді портфель моделіндегі жағдайға ұқсас, құнды өлшем ретіндегі нақты күтілетін құнның сандық баға беру әдістемесі әзірленді.
  3. Талдау негізінде институционалды инвесторларда келесідей күрделі мәселелері мен кедергі келтіретін факторларын атап өтуге болады: жинақтаушы зейнетақы қорларында қор нарығындағы  барлық  бағалы  қағаздардың  категориялары  бойынша табыстылықтың төмендігі; ұлттық  компаниялардың  акцияларына негізделген  туынды бағалы  қағаздарды  эмиссиялау  мәселесі; зейнетақы  қорларының  тәуекел деңгейіне  байланысты   сапасы  төмендігінен  тәуекел  менеджментінің  жоқтығы; инвестициялық құралдардың шектеулігі; әлуетті сақтандырушылардың болашаққа сенімсіздігі; халықтың сақтандыру мәдениетінің төмендігі; іс жүзінде кейбір заң нормалары инвестициялық қорлардың қызметін тежеуі немесе мүлдем орындауға орынсыздығы; белгілі бір рейтингісі жоқ, бірақ шығынсыз кәсіпорындардың акцияларын сатып алуға рұқсат етілмеуі.
  4. Институционалды инвесторлардың қызметіндегі мәселелерді шешу жолы негізінде біз бірқатар шаралар жүйесін ұсындық. Бұл шаралар жүйесі арқылы институционалды инвесторлардың алдында тұрған кедергілерді жоюға, мемлекеттің әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешуіне әкеп соқтырады. Ең негізгілеріне келесілерді атап өтуге болады: институционалды инвесторлар портфеліндегі қаржылық құралдардың тәуекелін хеджирлеу, ұзақ мерзімді айналыста болатын қаржылық құралдардың үлесін арттыру, зейнетақы активтерін басқарудың тиімділігін арттыру; халықтың әлеуметтік қорғалмаған өмiрiн лайықты қамтамасыз ету; өзара сақтандыру және жеке сақтандыруды, оның iшiнде оның ұзақ мерзiмдi және жинақтаушы түрлерiн дамыту; халықтың сақтандыру мәдениетiн арттыру; заң және нормативті-құқықтық актілерді қазіргі заманның талабын және қазіргі нарықтағы (оның ішінде қаржылық нарықтағы) жағдайларды ескере отырып ескертулер мен толықтырулар енгізу қажет. Сонымен қатар, халықтың және кәсіпкерлердің бос ақша қаражаттарын қаржы нарығына тарту үшін оларды ынталандыру; зейнетақы, сақтандыру, инвестиция және венчурлық қорлардың ақша ағынын экономиканың нақты секторына инвестжобаларды жүзеге асыру  үшін жаңа қаржылық құралдарды ұсыну; республикада акция нарығын инвестициялаудың және белсендендірудің ұжымдық формасын дамыту мақсатында  инвестициялық және венчурлық қорларды құруды ынталандыру; инвестициялық қорлары үшін қаржылық құралдарды кеңейту үшін ұйымдастырылған нарықта  ЖШС-нің бағалы қағаздарын сауда саттық бойынша алаңды құру мүмкіндігін қарастыру; туынды қаржылық құралдар нарығының дамуын ынталандыру.
  5. Институционалды инвесторлардың қызметінің инвестициялық тиімділігін арттырудың негізгі бағыттарының бірі – бұл институционалды инвесторлардың инвестициялық мүмкіндіктерін едәуір ұлғайту, сонымен қатар, жоғарыда баяндалған ұсыныстарды іске асыру үшін институционалды инвесторлардың инвестициялық қызметін, қаржылық тұрақтылығын нығайту, салымшылардың мүддесін қорғау деңгейін көтеру жөнінде кешенді іс-шаралар қажет. Инвестициялауға қатысты біздің тарапымыздан экономиканың басым секторындағы нақты инвестициялық қызметке байланысты қаржылық құралдарды сатып алу сияқты институционалды инвесторлардың активтерін инвестициялау механизмі және жаңа құралдар ұсынылды. Бұл институционалды инвесторлардың активтерін  орналастыру міндетіне сай келеді, себебі табыстылық пен тәуекелдің оңтайлы ара қатынасы қаржылық құралдарына өзінің қаражаттарын салу салымшының мүддесіне сай болып келеді. Сонымен қатар, бұрын анықталып көрсетілгендей, салымшылардың қорлары ұзақ мерзімді ішкі инвестицияның көзі болып табылады, бұл тек салымшыларға ғана табыс әкеліп қоймай, еліміздің экономикасының өрлеуіне мүмкіндік туғызады, сондай-ақ, Қазақстанның дамуына жағдай жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан Республикасының «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңы, 2003 жыл.
  2. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу туралы» Заңы, 05.03.1997 жыл.
  3. Қазақстан Республикасының «ҚР инвестициялық қорлары туралы» Заңы, 6.03.1997 жыл.
  4. Қазақстан Республикасының «ҚР вексель айналысы туралы» Заңы, 28.04.1997 жыл.
  5. Қазақстан Республикасының «ҚР зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заңы, 20.06.1997 жыл.
  6. Қазақстан Республикасының «ҚР сақтандыру кызметі туралы» Заңы 18.01.2000 жыл.
  7. Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңы, 2003 жыл.
  8. http://www.rfca.kz желісі
  9. Көшенова Б.А. Бағалы қағаздар нарығы: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2010.
  10. Сребник Б.В. Рынок ценных бумаг: учебное пособие. –М.: КНОРУС, 2010.
  11. Тусаева А.К. Система государственного регулирования рынка ценных бумаг в Казахстане // Конкурентоспособность национальной экономики в условиях глобализации: Материалы международной научно-практической конференции: проблемы и пути ее повышения. – Алматы: Университет Международного Бизнеса, 2004.
  12. Елтоков Б.С. Зейнетақы жүйесі: отандық және шетелдік тәжірибелер // ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми - сараптамалық журналы «Қоғам және Дәуір», -2006.- №2 (10).
  13. Вилкова  Т. Б.  Брокерская деятельность на рынке ценных бумаг: Учеб. пособие. М.: КНОРУС, 2010.
  14. Жасаганбергенова Н.А. Қаржы саясатын жүргізу бағыттары және оны іске асырудың шетелдік тәжірибелері // ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми - сараптамалық журналы «Қоғам және Дәуір», -2006,- № 3 (11).
  15. Ілияс А.Ә. Ақша – кредит саясаты: Оқу құралы. Алматы: Экономика, 2008.
  16. Кадерова Н.Н. Финансирование и кредитование инвестиций. Учеб.пособие. – Алматы, 2008.
  17. Искаков Ұ.М., Бохаев Д.Т., Рузиева Э.А. Қаржы нарығы және делдалдары: Оқулық – Алматы: Экономика, 2008.
  18. Тихонов Р.Ю., Тихонов Ю.Р. Фондовый рынок.- Мн.: Амалфея, 2000.
  19. Зейнельгабдин А.Б. Финансовая система Казахстана: становление и развитие: моногр. Астана: Изд.КазУЭФиМТ, 2008.
  20. Құлпыбаев С., Мельников В.Д. Қаржы негіздері. ЖОО-ға арналған оқулық.- Алматы: ТОО «Издательство LEM», 2009.
  21. Адамбекова А.А. Теоретические основы финансового рынка: детерминанты развития // КазЭУ Хабаршысы.- Алматы,  2007.-№ 1.
  22. Баймұратов О. Қазақстан қаржы нарығы: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2007.
  23. Ходжаниязова Ж.Т. Нарықтық экономика негіздері: Оқулық. Астана: Фолиант, 2007.
  24. Куашбаев С., Джуманов А.М. Финансы: Учебное пособие. – Алматы: Экономика, 2010.
  25. Искаков У.М., Бохаев Д.Т., Рузиева Э.А. Финансовые рынки и посредники: Учебник. – Алматы: Экономика, 2005.
  26. Тусаева А.К. ҚР бағалы қағаздар нарығындағы пайлық инвестициялық қорлар және олардың қызметін мемлекеттік реттеу ерекшелігі // Қазақстан Республикасы экономикасының бәсекелестік қабілеттілігінің жағдайы мен  болашағы: өнеркәсіптік маркетингтің, қаржыландырудың және басқарудың қазіргі әдістемесі: Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. –  Алматы: Қ.Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, 2007.
  27. Адамбекова А.А. Взаимодействие как основа повышения эффективности финансового рынка // Деньги и кредит. – Москва,  2008.-№ 5.
  28. Мирманов  Н.К. «Некоторые аспекты регулирования рынка ЦБ США, Франции, Польши, РФ и РК»// Вестник Университета международного бизнеса, №2 (12), 2009.
  29. Мирманов Н.К. Разновидности ценных бумаг // Материалы международной научно-практической конференции «Современное бизнес-образование: прогрессивные направления и технологии», Университет международного бизнеса, Алматы, 18-19 декабря 2008.
  30. Тусаева А.К. Бағалы қағаздар нарығындағы тәуекелдер. Мемлекет тарапынан бағалы қағаздар нарығындағы тәуекелдерді реттеу жолдары // Екінші Рысқұлов оқулары: Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. - Алматы: Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті, 2007.
  31. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын жəне қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Комитетінің 2011 жылғы Жылдық есебі. Алматы.
  32. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын жəне қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Комитетінің статистикалық жарияланымы: - Алматы: қаңтар 2012 жыл.
  33. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің 2011 жылғы жылдық есебі. Алматы.
  34. Қазақстанның қаржылық тұрақтылығы туралы есеп: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын жəне қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Комитетінің қатысуымен дайындалған. 2011 жылғы желтоқсан.
  35. Мирманов  Н.К. Особенности публичного размещения ценных бумаг// Каржы-Каражат – Финансы Казахстана, №2-3, 2008.
  36. Корпоративные финансы. Учебное пособие. Э.Э. Михель, А.Б.Рахимбаев, А.К. Бельгимбаев и др. – Алматы: Азия – Принт, 2009.
  37. Карагусов Ф. Негосударственные долговые ценные  бумаги в Республике Казахстан.- Алматы: ВШП «Әділет», 2000.
  38. Алшынбай А.М. Нарық және баға белгілеу. Оқу құралы. - Алматы: Экономика, 2008.
  39. Шалабай С.И., Шалабаев М.И. Финансовый менеджмент и конкурентоспособность банков Республики Казахстан. Алматы - Экономика, 2008.
  40. Смағұлова Р.О., Мәдіханова Қ.Ә., Тұсаева Ә.Қ., Сатыбалдиева Ж.Ш. Қаржы, ақша айналысы және несие: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2008.
  41. Васильев А.А. Биржевая спекуляция: торговля на рынке ФОРЕКС - СПб,: Питер, 2001.
  42. Мирманов  Н.К. «Особенности клиринговых систем США, Франции, Польши, РФ и РК» // Вестник Университета международного бизнеса, №2 (12),  2009.
  43. Бердникова Т.Б. Рынок ценных бумаг и биржевое дело: Уч. пос. -М.:ИНФРА-М, 2000.
  44. Бердникова Т. Оценка ценных бумаг: Учеб. пособие -М.:ИНФРА-М, 2005.
  45. Дегтярева О.И. Биржевое дело: Учебник.- М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2000.
  46. Тусаева А.К. Бағалы қағаздар нарығындағы сандық-сапалық көрсеткіштердің рөлі және олардың Қазақстан Республикасында сипаты // Бәсекеге қабілетті ұлттық экономиканың мәселелері және келешегі: Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. –  Алматы:  Халықаралық бизнес университеті,   2006. - 1 бөлім.
  47. Еркінов С.Р. Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығы және оның үлгілері  // АльПари экономикалық журналы, 2007, - № 3-4.
  48. Саматова Н.Е. Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу: қажеттілігі, алғышарттары және мәселелері // Қаржы-қаражат журналы, 2008,  - №5.
  49. Есенкулов Т.П. Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығының үлгісі: теориясы және  мемлекеттік реттеуді қолданудың тәжірибесі // ҚазЭУ Хабаршысы, 2008,  - №5.
  50. Тусаева А.К. Отандық бағалы қағаздар нарығының өзекті сұрақтары: опцион және астық қолхаттары // Мемлекет және қоғам: өзара байланыстың жаңа аспектілері: Халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның материалдары. – Алматы: Тұран Университеті, 2006.
  51. Баймухамедова С, Танкибаева Д. «Фондовый рынок и реальный сектор экономики». // Рынок ценных бумаг Казахстана. 2000, № 8.
  52. Көшенова Б.А. Бағалы қағаздар нарығы және биржа ісі: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2007.
  53. Михайлов Д. Мировой финансовый рынок тенденции и инструменты.- М.: Экзамен, 2000.
  54. Резго Г.Я., Кетова И.А. Биржевое дело: Учебник / Под ред. Г.Я. Резго.- М.: Финансы и статистика, 2003.
  55. Тусаева А.К. Бағалы қағаздар нарығының халықаралық үлгілері және Қазақстан нарығында мемлекеттік реттеуді жетілдірудің бағыттары // Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігі: ұлттық экономиканы жеделдетілген жаңғырту және корпоративтік құрылымдардың дамуы: Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция. Алматы: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, 2008.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

А қосымшасы

 

Бағалы қағаздар нарығындағы  институционалды инвесторлардың күрделі  мәселелері мен кедергі келтіретін факторлар жүйесі

 



 



 

 

 

 


 

 

 

 


 


 

 

 


 

 

 


 


 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақпарат көзі: Көшенова Б.А. Бағалы қағаздар нарығы: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2010.

 

Б қосымшасы

 

Пай және коммерциялық банктің депозиті

 

Салыстыру

Депозит

Пай

1.

Табыс тұрақты мөлшерлемеге негізделеді

Табыс жұмсалған активтің табыстылығына негізделеді

2.

Коммерциялық банк міндетті резервтер қорына депозитке жұмсаған қаржының

бір бөлігін бөлуі

Міндетті резервтер қарастырылмайды

3.

Жоғарыдағы белгіге байланысты депозит табысының

төмен деңгейі

Жоғарыдағы белгіге

байланысты пай табысының

жоғарғы деңгейі

4.

Шоғырланған қаржыны банк өз қызығушылығына сай жұмсауы

Шоғырланған қаржыны пайлық инвестициялық қор пай ұстаушысының қызығушылығына сай жұмсауы

5.

Шоғырланған қаржы негізінен банктік несиеге бөлінеді

Шоғырланған қаржы негізінен бағалы қағаздарға, жылжымайтын мүлікке, жер учаскілеріне, басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталына бөлінеді

6.

Депозиттен жинақталған қаражатты инвестициялауда диверсификация қағидасына сүйенбейді

Пай арқылы жинақталған қаражатты инвестициялауда диверсификация қағидасына сүйенеді


 

 

Ақпарат көзі: Тусаева  А.К. Бағалы қағаздар нарығының халықаралық үлгілері және Қазақстан нарығында мемлекеттік реттеуді жетілдірудің бағыттары // Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігі: ұлттық экономиканы жеделдетілген жаңғырту және корпоративтік құрылымдардың дамуы: Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция. Алматы: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, 2008.

 

 

 

В қосымшасы

 

Институционалды инвесторлардың әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға  қаржы жұмсау құрылымы

 

Институционалды инвесторлар

Нарықта алатын

орны

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға инвестициялау нормасы

Жинақтаушы зейнетақы  қоры

І

30%-тен жоғары болмауы керек

Сақтандыру компаниясы

ІІ

20%-тен жоғары болмауы керек

Инвестициялық қорлар

ІІІ

15%-тен жоғары болмауы керек


 

 

Ақпарат көзі: Мирманов Н.К. Разновидности ценных бумаг // Материалы международной научно-практической конференции «Современное бизнес-образование: прогрессивные направления и технологии», Университет международного бизнеса, Алматы, 18-19 декабря 2008.




Информация о работе Бағалы қағаздар нарығы