Антикризисное управление

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2011 в 11:23, курсовая работа

Краткое описание

Управление предприятием во время кризиса

Содержание работы

1 Нарық жағдайында кәсіпорынды дағдарысқа қарсы басқарудың теориялық аспектілері
Кәсіпорынды дағдарысқа қарсы басқару негіздері
Кәсіпорынды дағдарысқа қарсы басқару тиімділігі,оған әсер ететін факторлар
Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы басқаруын бағалау
ЖШС өндірістік шаруашылығын талдау
ЖШС дағдарыстың алдын алу жолдарын талдау
3.Нарық жағдайында кәсіпорынды дағдарысқа қарсы басқаруды жетілдіру жолдары
3.1 Нарық жағдайындағы дағдарыстың кәсіпорынға әсер етуінің ықтималдылығын болдырмау, алдын алу
3.2 Шет елдік тәжірибесі

Содержимое работы - 1 файл

МАЗМҰНЫ.doc

— 395.00 Кб (Скачать файл)

    3 - сурет – Ұлттық экономиканы  дағдарысқа қарсы басқару механизмі 

    Ұлттық  экономиканы дағдарысқа қарсы басқару  механизмін құруда келесідей негізгі  ережелер сақталуы қажет:

  • дағдарысқа қарсы басқарудың ұйымдық құрылымы мен процесі үздіксіз қозғалыс пен өзгерісте болып тұрады, дағдарысқа қарсы басқару жүйесі барлық процестері өзара байланысты бірегей тұтастықтан тұрады;
  • дағдарысқа қарсы басқару ескі мен жаңаның арасындағы күресте туындайтын ішкі қарама қайшылықпен сипатталады;
  • дағдарысқа қарсы басқару процесі нақты тұрақтылықпен сипатталатын белгілі бір ұйымдық формада жүзеге асырылады;
  • дағдарысқа қарсы басқару ел экономикасын динамикалы және пропорционалды түрде дамуын қамтамасыз етеді;
  • дағдарысқа қарсы басқару шешім қабылдауда инерциялық тәсілді және потенциалды мүмкіндікті қолдану мен білімге негізделген қазіргі әдістерді сипаттайды.

    Кәсіпорындағы дағдарысқа қарсы басқару механизмі  келесі негізгі элементтерден тұруы  мүмкін:

  1. Қаржы жағдайының диагностикасы;
  2. Кәсіпорынның бизнесін бағалау;
  3. Маркетинг;
  4. Ұйымдастырушы - өндірістік менеджмент;
  5. Персоналды басқару;
  6. Қаржылық менеджмент;
    1. Инвестициялық саясат;
    1. Дағдарысқа карсы бизнес-жоспарлау;
  1. Бизнесреинжиниринг үрдісі;
  1. Кәсіпорынның таратылуын ұйымдастыру.

    Кәсіпорындағы экономикалық кауіпсіздікті қамтамасыз ету оның құрылған мезетінен басталады. Дәл осы мезетте кәсіпкерлік  қызметті жүргізуші, таңдалған миссиялы фмрманың қызмет ету үрдісі барысында, мүмкін болатын потенциалды мүмкіндіктер мен қауіп-катерлерді анықтайтын факторларды тереңінен зерттеу және болашақ фирманың бағытын, яғни қызмет саласын бір жағынан, өзінің жеке мүдделері мен мақсаттарына, екіншіден, оның объективті пайда болатын үлкен қауіптерді кейін қайтарудың потенциалды мүмкіндіктеріне сәйкес анықтау болып табылад

       Кәсіпорынды дағдарысқа қарсы  басқару саясатының мәселелері мен оларды шешу жолдары 

 Мәселелер  Шешу жолдары
Мемлекетмізде жүйелі кәсіпорындарды қаржыландыру механизімінің  дамымауы Мемлекетіміздегі  банктер кәсіпорындарға тиімді пайыздық ставкалармен несиелер берілсе
Кәсіпорындарда  маркетинг бөлімінің нашар жұмыс  істеуі, немесе ол бөлімнің мүлдем болмауы Маркетинг бөлімдері  әр кәсіпорында жұмыс істеп, мамандандырыған  мамандар жұмыс істесе
Шығаратын өнімнің нарықта сұранысқа аз ие болуы Өнім өту  үшін жарнама жұмысына мол қаражат  бөлінсе 
Кәсіпорынның  басқару құрамы жоғары білімді мамандардан  болмауы Кәсіпорын басшылары конкурс бойынша жұмысқа қабылданса
Фирма қаражатарын басқару саясатының нашар дамуы Фирмада шетел  тәжірибелері қолданылса 
 

            ҚОРЫТЫНДЫ 

      Ғалым-экономистердің кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз етуге  берген анықтамаларын зерттей келіп, кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды — кәсіпорындағы барлық ресурстарды (өндірістік, технологиялық, еңбек, ғылыми-инновациялық, қаржылық, кәсіпкерлік) ұтымды пайдалана отырып, дағдарыстардың алдын-алу және ұдайы даму шаралары механизмінің тиімді қызмет ету жағдайы деп пайымдаймыз. Үдемелі дамып отырған қоршаған ортада қызмет ететін кәсіпорын басшылығына қатердің, дағдарыстың алдын-алатындай көреген болуы қажет. Тоқыма-кілем өнеркәсібі кәсіпорындарының қызмет ету ерекшеліктерін ескере отырып, экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету үрдісін бірнеше кезең бойынша кұру керек. Біріншіден, қатерлердің жіктелуі, себептері анықталуы; екіншіден, экономикалық қауіпсіздіктің дәл қазіргі жағдайы бағалануы; үшіншіден, қысқа және ұзақ мерзімге даму бағдарын дайындалуы оң қадам болады.

        Кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа  қарсы басқаруды қамтамасыз ету  - кәсіпорынның күнделікті өмірінде  қолданылып, стратегиялық сипат  алатын, менеджменттің бар мүмкін  болатын әлуетін кешенді, жүйелік негізде қолданып, уақытша қиыншылықтырды жеңетін және нарықтағы өз орындарын бекітіп, ары қарай дамытуға арналған дағдарысқа қарсы басқару іс-шараларының жиынтығы ретінде көрсете отырып, біз дағдарысқа қарсы басқару кэсіпорынның экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізі дегенге тұжырымға келдік. Шетелдік және отандық ғалым-экономистердің және өз көзқарастарымызды қорытындылай келе, кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін, біздің ұсынымыз бойынша, екі тұрғыда қарастыру керек. Жалпы банк қызметінің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету механизмінің бір қыры мемлекет тұрғысында, макро деңгейде көрінсе, екінші қыры ұйым деңгейінде, микро деңгейде бекітілуі тиіс. Мемлекет деңгейіндегі кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету тетіктеріне:   монополияға   қарсы   және   баға   саясаты,   салықтық реттеу, қызмет сапасын мемлекеттік реттеу, мемлекеттік инвестициялық саясат, санация жатса, кәсіпорын деңгейіндегі тетіктеріне: шығындарды басқару, қызмет сапасын және бәсекеқабілеттілікті басқару, өндірістік әлуетін оңтайландыру, еңбек ресурстары мотивациясы, контроллинг, кәсіпкерлік белсенділікті ынталандыру, маркетинг және логистика, инвестицияларды және инновацияларды басқару, бизнес реинжиниринг жатады.

      Экономикалық  дағдарысқа қарсы басқаруды барлық құрамдас бөліктерін талдай   келіп,   кәсіпорын   басшылығына   дағдарыстың,   катердің алдын-алып, болжай алуы және оң жолға бұра білуі керек деген 
ұйғарымға   келдік.   Осы  ретте,   біздің  ойымыз   бойынша,   келесі 
шаралар алгоритмі тиімді болар еді: мүмкін болатын экономикалық 
қатерлерді   талдау;   қарсы   шараларды   жоспарлау;   қабылданған 
шаралардың    орындалуын    бақылау;    экономикалық   дағдарысқа қарсы басқаруды жүйесінің тиімділігін талдау.

      Шетелдік   және   дағдарысқа   қарсы   мемлекеттік   реттеу 
аспектілерін   салыстыра  зерттей   отырып,   біз   дағдарысқа  қарсы 
мемлекеттік  реттеуді  бірнеше   белгілері  бойынша  жіктедік.   Осы 
жіктелу бойынша Қазақстандағы дағдарысқа қарсы мемлекеттік 
реттеуді    кредиторлар    мүддесін    қорғайтын,    төлемдер    мерзімі 
бойынша  төлемқабілеттілігін  анықтайтын,   реабилитация  мерзімі 
алты айға дейінгі,  әлеуметтік бағытталған,  жедел диагностикалы 
завдылық деп  қарастыруға  болады.   Кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз  ету  біз  Германия дағдарысты     реттеу     әдістемесін     толықтырып, кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету 8 топтан тұратын көрсеткіштер жинағы ретінде     қарастыруды     ұсынамыз:     өндірістік     бағдарламаның 
орындалуы; өнім сапасы және бәсекеқабілеттіліктің көрсеткіштері; 
өндірістік   әлует   көрсеткіштері;   Еңбек   әлуетінің   көрсеткіштері; 
қаржылық      дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз  ету    көрсеткіштері;      іскерлік     белсенділік көрсеткіштері; инвестициялар және инновациялар көрсеткіштері; шығындар  жөне өнімнің өзіндік құнының өрсеткіштері. Осы ретте, біз кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігін анықтау диагностикасын экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің микродеңгейдегі жүйесінің бағыттарымен ұштастыруға тырыстық.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Ұлттық Банкінің және Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын  ретте және қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін  тұрақтандыру жөніндегі 2009 – 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары (бұдан әрі – Жоспар) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын орындау үшін әзірленді және жаһандық дағдарыстың Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық ахуалға теріс салдарын жұмсартуға және болашақтағы сапалы экономикалық өсу үшін қажетті негізді қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешенін айқындайды.

     Еліміз инфляцияны жою және ақша айналысын тұрақтандыруға арналған шаралар қолдану үстінде. Инфляцияға қарсы саясаттар елімізде тікелей және жанама реттеулер негізінде жүзеге асып отыр. Инфляция тікелей реттеу табыстар саясаты еңберінде жүзеге асады. Ол елдегі жалақы мен бағалардың өсу нысаналарын белгілеу негізінде көрініс тауып отыр. Ал бағаға ықпал етудің жанама әдістерінің үлесі елімізде басымырақ деп те айтсақ болады. Еліміздегі іске асып отырған инфляцияны реттеудің жанама әдістеріне монетарлық жэне фискалдық саясаттың "дефляциялық" шаралары жатады.

     Қазір бүкіл әлем жұртшылығы экономикалық дағдарыстың қиындықтарын бастан өткеруде. Жаһандық дағдарыс дауылы алпауыт мемлекеттерді де шайқалта бастады. Дағдарыс салқыны бізді де айналып өткен жоқ. Бүл жағдай қаржылық дағдарыс пен әлемдегі шикізат бағасының құлдырауымен байланысты. Оқтын-оқтын айналып соғатын әр деңгейдегі дағдарыстарға біз бұған да төтеп беріп келгенбіз. Тәуелсіздік шежіресін парақтасақ, күйреген кеңестің империясының орнына жаңа мемлекет құру оңайға түскен жоқ. Тұралап калған экономиканы қайта қалпына келтіру, оны жаңаша даму жолына түсіру - такыр жерден тау тұрғызғанмен бірдей.

     Жоғарыда айтылғандарды қорытындылаған кезде экономикалық өмір мен экономикалық шыңайылықты нарық емес, өздеріне жасанды әлем қылып жасап алған, қолынан ұстай алады - ау, деп қорықпай, аспай-саспай пайда жасайтын алып-сатар корпорациялар билейтін жағдай туды.

     Сонымен, экономистер айтатын «жалған капитал» қазіргі «қаржы көпіршігі» экономика әлемі көрінісінен орын тапты деп айтсақ болады. 

Қолданылған әдебиеттер тізімі.

  1. Мақыш С. «Ғаламдық қаржы дагдарысының Қазақстанның экономикалық жэне әлеуметтік дамуына тигізер ықпалы» Ақиқат № 12. 2008 ж.
  2. Крымова В. «Экономикалық теория». Алматы 2004г
  3. Сейтқасымов Ғ. «Әлемдік дагдарыстан Қазақстан жеті сабақ алуы тиіс» Астана 2009 ж.
  4. Реформирование экономики Казахстана: проблеми и их решение \ Под ред.М.Б. Кенжегузина.-Алматы 1997.
  5. Управление экономикой Казахстана: методология, подходы, пути реализации: КАЗЭУ. – Алматы: Экономика,2002ж
  6. Под ред.А.Г Грязновой.Антикризисный менеджмент.-М.:Экмос,1999г.
 
 
 

                                Казфосфат» ЖШС 

«Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1999 жылдың 27 қазанында құрылған.

 Компанияның  бас офисы Қазақстан Ресаспубликы, Алматы қаласы, Самал 1 ықшамауданы  1А, (Достык даңғылы, Сатпаев көшесінің  қиылысы).

Компания  негізгі қызметін Жамбыл облысында  жүргізеді, компания филиалдарына нақты басшылықты Тараз қаласы, Абай көшесі, 126 үйдегі офис арқылы жүзеге асырады.

 Серіктестік  өз құрамына келесі филиалдарды  біріктіреді:

• Жаңажамбыл фосфор зауыты, Тараз қ. ;

• Минералды  тыңайтқыштар зауыты, Тараз қ .;

• «Қаратау» тау-кен өңдеу кешені», Жаңатас қ .;

• «Шолақтау» тау-кен өңдеу кешені», Қаратау  қ.;

• «Теміржол-көлік  кешені», Тараз қ.;

• Химиялық зауыты, Степногор қ.;

• Шымкент  филиалы (СЖҚЦ).

Компания  қызметінің негізгі түрлері: геологиялық  барлау жұмыстарын жүргізу, фосфорит рудасын шығару және өңдеу, сары фосфор мен оның туындыларын, фосфорлы минералды тыңайтқыштар мен азықтық фосфаттарды өндіру және өткеру, минералды шикізаттар негізінде өнеркәсіп өнімдерін шығару.

ТМД елдері аумағында құрамында фосфоры  бар өнімдер өндіру жөнінен жетекші компания болып табылатын «Қазфосфат» ЖШС - Қазақстан Республикасы фосфор өнеркәсібінің шынайы бет-бейнесі.

«Қазфосфат» ЖШС өнімдері Шығыс және Батыс  Еуропаға, ТМД елдеріне, Қытайға  және ішкі рынокқа шығарылады.

Компания  қызметі Қазақстанның химия саласы кәсіпорындарын дамытудағы өміршең міндеттерді шешуге, әлемдік рынокқа бәсекеге қабілетті сапалы өнім шығаруға, шикізат өңдеудің жоғары деңгейін көрсететін жоғары технологиялық тауарлар өткеруші ретінде Қазақстан Республикасының бедел-бейнесін жасауға бағытталған.

«Қазфосфат» ЖШС-нің тұрақты жұмыс істейтін кәсіпорындары бюджетке қомақты  қаржы аударуда, өнеркәсіпті жандандыруда, еңбекке жарамды халықтың көпшілігін жұмыспен қамтамасыз етуде, ал мұнымыз  аймақтағы әлеуметтік ақуалды жақсартудың негізгі факторы болып табылады.

Өндірілген  өнімнің сапасына және оның сервистік  деңгейде өткерілуіне ерекше ден  қойған компания қызметкерлерінің жоғары кәсіби біліктілігі мен дұрыс  таңдаған стратегиясы, сондай-ақ өндірістің даму қарқыны «Қазфосфат» ЖШС-н Қазақстандағы ең бір үміт күттіретін кәсіпорын деп санауға кепілдік береді.

Информация о работе Антикризисное управление