Антикризисное управление

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2011 в 11:23, курсовая работа

Краткое описание

Управление предприятием во время кризиса

Содержание работы

1 Нарық жағдайында кәсіпорынды дағдарысқа қарсы басқарудың теориялық аспектілері
Кәсіпорынды дағдарысқа қарсы басқару негіздері
Кәсіпорынды дағдарысқа қарсы басқару тиімділігі,оған әсер ететін факторлар
Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы басқаруын бағалау
ЖШС өндірістік шаруашылығын талдау
ЖШС дағдарыстың алдын алу жолдарын талдау
3.Нарық жағдайында кәсіпорынды дағдарысқа қарсы басқаруды жетілдіру жолдары
3.1 Нарық жағдайындағы дағдарыстың кәсіпорынға әсер етуінің ықтималдылығын болдырмау, алдын алу
3.2 Шет елдік тәжірибесі

Содержимое работы - 1 файл

МАЗМҰНЫ.doc

— 395.00 Кб (Скачать файл)

     Стратегия және дағдарысқа қарсы бағдарламалар  сапасы. Көп жағдайларда басқару  стратегиясын өзгерту және дағдарысқа қарсы даму бағдарламаларын дайындау керектігі туады. Бағдарламалар мен стратегиялық құрылымдар сапасы әр түрлі болып келеді. Бұдан дағдарысқа қарсы басқару байланысты емес болуы мүмкін емес. Адамдық фактор кейде корпоративтілік, көшбасшылық, басқару өнерлерінің факторларын айқындайды. Дағдарысқа қарсы басқаруда дағдарысқа қарсы топ түсінігі бар – дағдарысқа қарсы менеджердің жақсы көмекшілері. Олар менеджердің сенімді адамдары және дағдарысқа қарсы басқаруды бірлесіп, мақсатты жүзеге асырады. Болмайтын экстремалды жағдайлардың бірлестігін тек ортақ ойға сенетін, бір-біріне мүлтіксіз сенетін адамдар ғана жеңе алады. Дағдарысқа қарсы басқаруда адамдық фактор да жұмыс істейді.

     Дағдарысқа  қарсы басқару тиімділігінің  бірден-бір факторы дағдарыстық  жағдайларды бақылап отыру. Оның мәні – арнайы құрылған әрекеттер, олар дағдарыс жақындауын, пайда болу мүмкіндігін анықтап, оларды уақытында тауып, танып білу қажет. Мысалы, бұрын атомдық электростанциялардың жұмысы көптеген көрсеткіштермен қадағаланды, олар реактор жұмысының процестерін қарама-қайшы сипаттады. Оның жағдайын сынау, персоналға тәртіптік талаптар қою қиын болды. Дағдарыс пайда болу уақыты дәл болмайды, қатыгез жағдайлар кенеттен және көбіне күтпеген кезде пайда болады. Қазіргі таңда атомдық реактордың жұмысын қадағалайтын жаңа жүйе құрылды, бұл жүйе қарапайым реактордың жағдайын визуалды бақылаудан тұрды: оператор компьютер экрандағы суреттерді симметрияларды бақылайды, олар атом электростанциясының дағдарысқа қарсы жұмыс істеу көрсеткіштерінің негізгілерінің қатынасын көрсетеді. Симметриялардың бұзылуы – дағдарыс сипатына алғанда, қауіпті жағдайлардың пайда болуының белгісі.

     Бұған ұқсайтын дағдарыстық жағдайларды  бақылау дағдарысқа қарсы басқару  жүйесінде де қолдану мүмкін. Ең тиімдісі – компьютерлерді қолдану  және мамандандырылған жұмысшыларды жұмысқа  тарту.

          Дағдарысқа қарсы басқару тиімділігін арттыруда ұйым стратегиясын әзірлеу және әзірлеген стратегияны жүзеге асыру өте маңызды. Қатаң бәсекелестік жағдайында шаруашылық жүргізудің нарықтық формалары жеке шаруашылық субъектілерінің дәрменсіздігіне немесе олардың уақытша төлем қабілетсіздігіне әкеледі. Неліктен бұрын сәтті қызмет атқарған кәсіпорындар төлем қабілетсіздік жағдайына ұшырайды? Теория көрсетіп, тәжірибе растағандай, қазіргі жағдайда төлем қабілеттіліктің бұзылуы кәсіпорын стратегиясының нарықтық жағдайдың даму тенденцияларына сай келмеуінің салдары болып табылады.

         Осыдан 30 жыл бұрын кәсіпорындарды  басқарудың стратегиялық қағидалары  болған жоқ. Тек 1960-1970 жылдар  тоғысында басқарудың жаңа әдістері  және солармен бірге «стратегиялық басқару» ұғымы пайда болды. Бірінші кезекте оның пайда болу себебі – бизнестің сыртқы ортасындағы өзгерістер.

        Кәсіпорын өзгеріске дайын емес  болған кез-келген жағдайды дағдарыстық  деп атауға болады. Бұл жағдайды  болдырмау үшін кәсіпорын экономикасының дағдарысының себептерін уақытында анықтап, қиындықтар (қаржылық қиындықтар) сыртқы ортада көрінгенге дейін оларға қарсы шаралар қолдану керек. Кәсіпорынның дағдарысқа ұшырауының себептерін 2 топқа бөліп қарастыруға болады:

       Сыртқы, олар кәсіпорынға тәуелді емес немесе кәсіпорын оларға төмен деңгейде ықпал етеді ;

       ішкі, олар кәсіпорынның жеке  қызметінің нәтижесінде пайда  болады.

         Қазіргі уақытта нарықта өмір  сүру үшін және бәсекеқабілеттілігін  сақтау үшін барлық кәсіпорындар  өздерінің шаруашылық қызметіне өзгерістер енгізіп отыруы қажет. Дағдарысқа қарсы басқару стратегиясы кәсіпорын сыртқы орта өзгерістеріне (алдын-ала белгісіз, ретсіз және жиі пайда болатын өзгерістер) қалай қарсы тұратындығын, қандай алдын-алу шаралары арқылы өзінің өмір сүру қабілеттілігін сақтауға болатындығын және белгіленген мақсаттарға жету жолдарын анықтауға мүмкіндік береді. 

     Кесте 2 – Дағдарыстық дамудың сыртқы факторларын талдау

Фактор Көрінуі Мүмкін салдары
Ұлттық  экономика жағдайы Үкімет экономикалық саясаттың нашарлауын салықты, ақша массасының қозғалысын, банктік пайыз мөлшерлемесін реттеу арқылы білдірмеуге тырысады Салық салу жүйесінің  қатаңдауы, несиенің қымбаттауы, шығындардың  өсуі.
Саяси факторлар Мемлекеттің шектеу немесе болдырмау сипатындағы қәсіпкерлік қызметке көзқарасы; Үкімет қызметінің тұрақсыздығы, т.б. Инвестициялық климаттың нашарлауы, елден капиталды  шығару.
Құқықтық  факторлар Жеткіліксіз антимонополиялық реттеу, сыртқы экономикалық қызметті шектеулі реттеу, құқықтық базаның  дамымағандығы. Өнім бағасының  көтерілуі есебінен монополист-кәсіпорынның табысының жоғарылауы; өндірістің төмендеуі; қажетті құқықтық базаның болмауы; сыртқы нарыққа шығу қиыдықтары.
Әлеуметтік  факторлар  Әдет-ғұрыптар, өмірлік құндылықтар, әкімшілік-жоспарлы экономиканың менталитеті, қаржыны басқару дағдыларының болмауы, мәдениеттіліктің төмен деңгейі. Парақорлық, қылмыскерлік.
Технологиялық факторлар Мемлекеттің ғылым  мен техникаға төмен шығындалуы; төмен техникалық деңгей. Технологиялық тоқырау, өнімнің сапасының төмендігі және өзіндік құнының жоғарылылығы; кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігінің және өнімділік деңгейінің төмендігі.
Сатып алушылармен және жабдықтау- шылармен өзара қарым-қатынас Түсімнің өсу  темпінің баяулығы; шикізат пен материалдарды  кешіктіріп жеткізу; олардың сапасының төмендігі. Төленбеген  қарыздардың өсуі; өндіріс көлемінің  және өнім сапасының төмендеуі.
 

     Дағдарысқа  қарсы басқару стратегиясы өндірістік процестер, құрылым, кез-келген әлеуметтік-экономикалық жүйе мәдениеті облысындағы жеке және мемлекеттік кәсіпорындарды қоса алғанда, барлық бақыланатын, ұйымдастырылатын және жоспарланған өзгерістерді қамтиды.

     Аман  қалу стратегиясы қысқа уақыт  мерзімінде жүзеге асырылады, жаңа шешімдер демократиялық емес жолмен саналы түрде  енгізіледі. Басқару бірнеше тұлғалар қолында болады. Оларға қысқа мерзімде үлкен өзгерістер енгізу үшін барлық қажетті легитимді билік беріледі. Кәсіпорын жалғасымды және ауытқусыз даму жағдайында болса ғана оның қызметі сәтті болады. Сондықтан дағдарысқа қарсы басқарудың толық стратегиясы – бұл нарық қуысын жасау, жаулап алу және ұстап қалу стратегиясы, ұзақ мерзімді мүмкіндіктерге бағытталған бәсекелестік басымдылық стратегиясы.

     Жоғарыда  айтылғандай, стратегия – бұл  қоршаған орта өзгерістеріне тиімді бейімделу қағидасы. Қоршаған ортаның сыртқы шарттары тез өзгереді, сондықтан болашақты сипаттайтын көрсеткіштер түрінде сыртқы әлеммен жедел кері байланыстың болуы аса маңызды – мысалы, нарық үлесінің өсу көрсеткіші, сатып алушылардың қанағаттануының өсу көрсеткіші. Өйткені, салдарларды жою шараларына қарағанда алдын-алу шаралары аса тиімдірек.

     Дағдарысқа  қарсы басқаруда басқару стратегиясы  шешуші роль атқарады. Онда басты көңіл  дағдарыстың пайда болуына әсер еткен себептерді жоюмен тікелей  байланысты дағдарыстан шығу мәселелеріне аударылады. Бизнестің сыртқы және ішкі ортасы талданады, ұйым үшін маңызы бар компоненттер белгіленеді, әр компонент бойынша ақпарат жиналады және ізделеді, кәсіпорынның нақты жағдайын бағалау негізінде дағдарыстық жағдай себептері анықталады. Кәсіпорын жағдайының кешенді, нақты, уақытында жүргізілетін диагностикасы – бұл кәсіпорын қызметі мен дағдарысқа қарсы басқару стратегиясын жасаудың біірінші этапы.

     Дағдарыс  себептерін анықтау мақсатында сыртқы факторларды талдау. Сыртқы ортаны талдауды жүргізу барысында ақпараттың өте аз және өте көп көлемі нақты жағдайды бұрмалап жіберуі мүмкін. Сондықтан, жағдайдың дамуының анық және түсінікті кескінін жасау үшін алынған нәтижелерді дұрыс үйлестіру және талдаудың бірнеше этапын біріктіру қажет.

     Макроортаны талдау. Оны шартты түрде төрт секторға бөлуге болады: саяси орта, экономикалық орта, әлеуметтік орта, технологиялық орта.

         Бәсекелік ортаны талдау. Оның 5 негізгі  құраушылары бар: сатып алушылар, жабдықтаушылар, сала ішіндегі бәсекелестер, потенциалды жаңа бәсекелестер, алмастырушылар.

         Сыртқы орта туралы жан-жақты,  жеткілікті ақпарат алғаннан  кейін, оны сценарий жасау әдісінің  көмегімен синтездеуге болады. Бұл  әдіс болашақта қай салада  қандай тенденция болатынын нақты  сипаттауға мүмкіндік береді.  Әдетте бірнеше сценарий жасалады. Содан соң олардың әр қайсысына дағдарысқа қарсы стратегия қолданылып, сыналады. Сценарий кәсіпорынға қажетті аса маңызды сыртқы факторларды анықтауға мүмкіндік береді; олардың кейбіреулері кәсіпорынның тікелей бақылауында болады (ол қауіптілікті жояды немесе пайда болған мүмкіндікті қолданады). Алайда, кәсіпорын бақылауына бағынбайтын факторлар болады. Бұл жағдайда жасалып жатқан дағдарысқа қарсы стратегия кәсіпорынға бәсекелестік басымдылықтарды максималды қолдануға және мүмкін жоғалтуларды минималдуға көмектесуі керек.

     Дағдарыстық жағдайда тұрған кәсіпорын жағдайын талдау. Кәсіпорынның сыртқы ортасын  талдаумен қатар, оның нақты жағдайына  тереңдетілген зерттеу жүргізу  өте маңызды. Осы зерттеу нәтижесі мен оның болашақтағы көрінісі негізінде менеджерлер қажетті өзгерістер енгізуі үшін дағдарысқа қарсы стратегия жасауына болады.

     Кәсіпорын жағдайы қаншалықты әлсіз болса, оның стратегиясына соншалықты күрделі  талдау жүргізіледі. Кәсіпорындағы  дағдарыстық жағдай – бұл стратегияның әлсіздігінің, немесе оның нашар жүзеге асырылуының, немесе екеуінің де белгісі. Кәсіпорын жағдайын талдай отырып, менеджерлер өз көңілдерін келесідей бес жағдайға тоқтатуы керек.

         Ағымдағы стратегияның тиімділігі. Мынадай жағдайларды анықтау  керек: бәсекелестер арасындағы кәсіпорынның  орны; бәсекелестік шектері (нарық ауқымы);  кәсіпорын бағытталған тұтынушылар тобы; өндіріс, маркетинг, қаржы, кадр облыстарындағы функционалдық стратегиялар.

         Кәсіпорынның күшті және әлсіз  жақтары, мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлері. Жоғарыда айтылғандай, кәсіпорынның стратегиялық жағдайын бағалаудың ең қолайлы және қолданыстағы әдісі – бұл SWOT-талдау. Кәсіпорынның күшті жақтары – бұл оның қол жеткізген озық жерлері, жұмыс тәжірибесі, дағдылары, ресурстары, жетістіктері. Әлсіз жақтары – бұл кәсіпорынның қызмет ету процесінде белгілі бір маңызды аспектілердің болмауы. Күшті және әлсіз жақтары анықталғаннан кейін олар мұқият зерттеледі және бағаланады. Стратегияның қалыптасуы тұрғысынан кәсіпорынның күшті жақтары дағдарысқа қарсы стратегияның негізі ретінде қолданылуы мүмкін.

         Кәсіпорынның бағалары мен шығындарының  бәсеке қабілеттілігі. Кәсіпорын  бағалары мен шығындарының бәсекелестердің  бағаларымен және шығындарымен  арақатынасы белгілі болуы керек.  Бұл жағдайда «құндылықтар тізбегі» әдісі көмегімен шығындардың стратегиялық талдауы жүргізіледі. Бұл талдау тауар құнының пайда болу процесін, әр түрлі қызмет түрлерін, табыстылық деңгейін көрсетеді. Құндылықтар жасау бойынша бұл қызмет түрлері арасындағы байланыс кәсіпорын басымдылықтарының қайнар көзі болып табылады.

         Кәсіпорынның бәсекелік көзқарасының  беріктігін бағалау. Кәсіпорынның  бәсекеқабілеттілігін  шығындар  бойынша бағалау қажет, бірақ  бұл жеткіліксіз. Негізгі бәсекелестерге  қатысты кәсіпорын көзқарасының беріктігі тауар сапасы, қаржылық жағдайы, технологиялық мүмкіндіктері, тауарлық цикл ұзақтығы сияқты маңызды көрсеткіштер бойынша бағаланады.

         Кәсіпорынды дағдарысқа әкелген  мәселелерді анықтау. Менеджерлер  дағдарыс кезіндегі кәсіпорын жағдайын зерттеудің барлық нәтижелерін қарастырып, қандай мәселелерге көңіл бөлу керектігін анықтайды.

         Дағдарысқа қарсы стратегиялық  жоспарлаудың екінші этапы –  кәсіпорынның мақсаттар жүйесі  мен миссиясын түзету. Дағдарыстық  жағдайға ұшыраған кәсіпорынның саясатын жүргізуші менеджер стратегиялық талдау барысындаалынған ақпаратты топтап, кәсіпорынның бұрынғы миссиясы шеңберінде дағдарыстан шығуын және бәсекелікбасымдылықтарға қол жеткізу мүмкіндіктерін анықтауы керек. Шебер жасалған миссия стратегияны өзгертуге салмақты ынталандырушы болып, мыналарды қарастыруы мұмкін: құндылықтары мен бағыттарын жариялау; кәсіпорын сататын тауарлар мен қызмет түрлері (немесе кәсіпорын қанағаттандыратын тұтынушылардың қажеттіліктері);        кәсіпорын қызмет ететін нарықтар;  нарыққа шығу әдістері; кәсіпорын қолданатын технологиялар;  қаржыландыру мен өсу саясаты.

     Дұрыс, анық қалыптастырылған миссия кәсіпорын  қызметкерлерін ынталандырылады, оларды әрекет етуге итермелейді, оларға ойларын  білдіруге, ұсыныс жасауға мүмкіндік береді. Сыртқы және ішкі орта кәсіпорынға әсер еткен кезде миссия оның қызметінің сәттілігінің басты шарттарын анықтайды.

         Одан кейін мақсаттар жүйесін  түзету процесі болады (экономикалық  дағдарыстан шығуға жол беретін  қажетті нәтижелер). Менеджер қажетті нәтижелер мен қажетті нәтижелерге жетуді шектейтін, мақсаттар жүйесіне өзгерістер енгізетін сыртқы және ішкі орта факторларын зерттеу нәтижелерін салыстырады.

         Әр кәсіпорынның топ мақсаттары  ретінде сипатталатын белгілі  бір мақсаттар жүйесі болады: кәсіпорын иелерінің; кәсіпорын қызметкерлерінің, сатып алушыларының;  іскерлік серіктестерінің; жалпы қоғамның мақсаттары. Мақсаттар кәсіпорында қолданылатын бақылау жүйесінің, мотивация жүйесінің және стратегиялық жоспарлау жүйесініңбастапқы пункті болып табылады. Мақсаттар – бұл ұйымдық қатынастардың, жеке қызметкерлердің, бөлімшелердің және жалпы ұйымның еңбегінің нәтижелерін бағалаудың негізгі құралы болып табылады.

Информация о работе Антикризисное управление