Антикризисное управление

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2011 в 11:23, курсовая работа

Краткое описание

Управление предприятием во время кризиса

Содержание работы

1 Нарық жағдайында кәсіпорынды дағдарысқа қарсы басқарудың теориялық аспектілері
Кәсіпорынды дағдарысқа қарсы басқару негіздері
Кәсіпорынды дағдарысқа қарсы басқару тиімділігі,оған әсер ететін факторлар
Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы басқаруын бағалау
ЖШС өндірістік шаруашылығын талдау
ЖШС дағдарыстың алдын алу жолдарын талдау
3.Нарық жағдайында кәсіпорынды дағдарысқа қарсы басқаруды жетілдіру жолдары
3.1 Нарық жағдайындағы дағдарыстың кәсіпорынға әсер етуінің ықтималдылығын болдырмау, алдын алу
3.2 Шет елдік тәжірибесі

Содержимое работы - 1 файл

МАЗМҰНЫ.doc

— 395.00 Кб (Скачать файл)

МАЗМҰНЫ

          КІРІСПЕ

1 Нарық жағдайында  кәсіпорынды дағдарысқа  қарсы басқарудың  теориялық аспектілері

    1. Кәсіпорынды дағдарысқа қарсы басқару негіздері
    2. Кәсіпорынды дағдарысқа қарсы басқару тиімділігі,оған әсер ететін факторлар 
  1. Кәсіпорынның  дағдарысқа қарсы басқаруын бағалау
    1. ЖШС өндірістік шаруашылығын талдау
    2. ЖШС дағдарыстың алдын алу жолдарын талдау
 

3.Нарық  жағдайында кәсіпорынды  дағдарысқа қарсы   басқаруды жетілдіру  жолдары

3.1 Нарық жағдайындағы  дағдарыстың кәсіпорынға әсер  етуінің ықтималдылығын болдырмау, алдын алу

3.2 Шет елдік  тәжірибесі 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

КІРІСПЕ

        Кәсіпорынды дағдарысқа қарсы  басқару дегеніміз – ол кәсіпорынның  қаржылық ресурстармен капитал  айналымымен және қаржылық қатынастармен  басқару  жүйесі. Дағдарысқа қарсы  басқару - әртүрлі көзқараста болады:     функционалды көзқарас бойынша; қаржылық менеджмент ол басқару жүйесі; институционалды көзқарас бойынша; қаржылық менеджмент ол басқару органы;  ұйымдастырушылық - құқықтық қөзқарас бойынша ол кәсіпкерлікті реттеуші экономикалық категория ретінде қарастырылады.  Дағдарысқа қарсы басқару субъектілеріне жататындар қаржы қызметін жүзеге асырушы мамандар тобын, яғни қаржылық менеджмент жерлер, ал қаржылық менеджмент объектілеріне ақша қаражаттары, қаржылық ресурстар, капитал айналымы және қаржылар жатады. 

           Ал, банкроттық дегеніміз – заңды  және жеке тұлғаның қаражат  жоқтығына байланысты өзінің  борышқорлық міндеттемелерін төлеуден  бас тартуы. Банкрот кәсіпорынның  қызметін жабуға немесе оны  мәжбүрлеп таратуға апарып соқтырады, мұның өзі несиегерлердің талаптарын өтеу үшін мүлікті сатуға ұласады.                                                   

       Нарықтық экономиканың қалыптасуы  ауылшаруашылық өнімдерін өңдейтін  кәсіпорындардан ғылыми–техникалық  прогресстің,  кәсіпкерлік белсенділіктің негізінде өндіріс тиімділігін арттыруды талап етеді.

     Қазақстандағы кәсіпорындарды дамыту, мейлінше олардың  дағдарысқа қарсы бейімділігін күшейту  мемлекеттің басты назарында. Бұл  мәселеге қатысты пікірлерін Қазақстан  Республикасының Президенті өзінің биылғы халыққа Жолдауында айтып өтті:

     «Біз  Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын қалаймыз. Әлемдегі жасалған жаңа мен  озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса  өзіне лайық «орнын» иемденген әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге, дағдарыстың алдын-алуға қабілетті ұйымдары мен кәсіпорындары болуын қалаймыз» [2].

     Мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету импортты алмастыру арқылы ішкі өндірісті дамыту есебінен жүргізілетіні белгілі. Осы тұрғыда ақырғы тұтыну өнімдерін шығаратын отандық кәсіпорындарға салмақ салынады. Кәсіпорынның дамуын қамтамасыз ету жүйесі дағдарысқа қарсы басқарудың озық тәжірибелерін, экономикалық қауіпсіздік шарттары мен параметрлерін, ғаламдану жағдайындағы өнеркәсіптік кәсіпорындардың маңызын, қосымша құн тізбегіндегі алатын орнын ескере отырып, дайындауды қажет етеді.

     Ұйым  дамуындағы дағдарысты болдырмау мәселелері бойынша көптеген сұрақтарды кеңінен  зерттеу қажет. Осы жағдайда ұйым дағдарысының диагностикасын бағалау көрсеткіштері, дағдарысқа қарсы басқаруды банкроттықты басқарудың негізі ретінде қарастыру, мемлекет тарапынан ұйымның дағдарыс үрдістерін реттеудің шаруашылық қызметке тигізетін әсері, ғаламдану жағдайындағы саланың дамуын қамтамасыз ету бағыттары, бойынша мәселелер жан-жақты қарастыруды талап етеді. Үдемелі қарқынмен дамып отырған технологиялық, инновациялық, ғылыми-техникалық факторлар және нарық сұранысының өзгермелілігі тұтынушылыр зердесінен шығатын тауарлар өндіру қажеттілігін анықтайды.

     Белгіленген мақсатқа жету үшін дипломда келесі міндеттер  анықталды:

– ұйым дағдарысына қатысты анықтамаларды зерттеу және олардың мазмұнын ашу;

– дағдарысқа қарсы басқарудың банкроттықты болдырмауға тигізетін әсерін анықтау;

– дағдарысты мемлекеттік реттеудің отандық және шетелдік тәжірибелері негізінде бағыттарын айқындау;

– ұйымның дағдарыс ықтималдылығы диагностикасын анықтау әдістемесін дайындау; 

     Бүгінгі танда мемлекеттің негізі экономика болса, ал экономиканың негізі қаржы және банк жүйесі болғандықтан, қазіргі әлемдік дағдарыс жағдайындагы еліміздегі банк жүйесінің құрылымын, оның экономикадағы негізгі қызметтері мен тиімділігін талдап, ұлттық экономикадағы дамуына қосар үлесін анықтау болып отыр.

     Қазіргі уақытта елімізде банктердің дамуы соңғы 18 жыл шамасында көптеген реформалық процестерді басынан кешірді. Осы уақыт кезеңінде Қазақстан банктері ТМД елдері арасында көп ілгерлеушіліктерге қол жеткізді, дегенмен еліміздегі банк жүйелері алдыңғы дамыған елдердің банк жүйелерінің деңгейіне жету үшін көптеген күрделі мәселелерді шешуі қажет. Еліміздегі екінші деңгейлі банктердің қызметтерін алып қарайтын болсак олар бір жақты, яғни банк өзінің клиенттерінің алдында әрдайым үстемдікке шығып тек рейдерлік операцияларды максат тұтады. Мұның артында елдегі экономикалық жағдайлардың нашарлауына алып келуде, әсіресе әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың қйын жағдайда болуына әкелді.

     Біздің ойымызша, нарықтық экономиканы қалыптастыру біздің Қазақстан Республикасында жаңа қоғам құру. Осы мәселе туралы әлі де бірқатар пікір - таластарды алға тартуға болар еді. Қазақстан Республика-сының Президенті Н. Ә.Назарбаев: «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде  қалыптасу мен дамуының стратегиясы» деп аталатын еңбегінде біздің стратегияны былай деп анықтайды: «меншіктің негізгі түрлерін (жекеменшік пен мемлекеттік меншік) үйлестіре және өзара іс -қимыл жасай отырып бәсекелестік бастамаға негізделген әлеуметтік - экономика құру... ».Әлемдегі соның ішінде еліміздің экономикасында болып өткен дағдарыстың салдарына байланысты Елбасының 2009ж. 6 наурыздағы «ДАҒДАРЫСТАН — ДАМУҒА» атты кезекті халыққа жолдауының маңызы зор.   Қазір бүкіл әлем жұртшылығы экономикалық дағдарыстың қиындықтарын бастан өткеруде. Жаһандық дағдарыс дауылы алпауыт мемлекеттерді де шайқалта бастағанын бәріміз көріп, біліп отырмыз. Дағдарыс салқыны бізді де айналып өткен жоқ арине. Оқтын-оқтын айналып соғатын әр деңгейдегі дағдарыстарға біз бұған дейін де төтеп беріп келгенбіз. 
Тәуелсіздік шежіресін парақтасақ, күйреген кеңестер империясының орнына жаңа мемлекет құру бізге оңайға түспегені белгілі. Тұралап қалған экономи-каны қайта қалпына келтіру, оны жаңаша даму жолына түсіру – тақыр жерден тау тұрғызғанмен бірдей еді. Өткен ғасырдың соңында Шығыс Азияда басталған кезекті дағдарыс тұсында тәуелсіздігіміз тағы бір сынаққа түскен болатын. Дер кезінде қабылданған дұрыс шешім, ұтымды іс-қимылдың арқасында біз одан да аман-есен өте шықтық. 
Біз осылайша сындарлы жылдар мен күрделі кезеңдерде лайықты тәжірибе жинақтап, ысылып, шыңдала түстік. Ел дамуының жаңа бағыттарын айқындап, қарыштап алға басумен болдық. 
Сол сияқты қазіргі әлемдік дағдарыс та өткінші құбылыс. 
Халқымыз мұндай күйзелістер кезінде “көппен көрген ұлы той” деп, сабыр сақтап, ынтымақ-бірлігін бекіте түскен. Қиындықтарды бірлесіп жеңіп отырған. Мемлекет дағдарыстың алдын алудың барлық шараларын жасауда. Ұлттық қордан бөлінген ауқымды қаражат қазір отандық экономиканың кідіріссіз жұмыс істеуіне қызмет ете бастады. Әлеуметтік кепілдіктер толығымен сақталып отыр. Олай болса, бұл дағдарыстан да біздің аман-есен өтетініміз айдай анық.

     Белгіленген максатқа жету үшін зертеу жұмысының  келесі міндеттері анықталды:

  • дағдарысқа    қарсы   қатысты    анықтамаларды    зерттеу   және 
    олардың мазмұнын ашу;
  • дағдарысқа  қарсы  басқарудың  экономикалық тигізетін әсерін 
    анықтау;
  • ғаламдану    жағдайындағы    кәсіпорындарының     экономикалық 
    дағдарысқа қарсы басқару бағдарларын негіздеу.
  •       әлемдік қаржы дағдарысының Қазақстан даму болашағына сипаттама бере отырып олардың қазіргі кезеңдердегі дағдарыстан шығу тенденциялары мен ерекшеліктеріне сипаттама беру.

     Бүгінгі таңдағы ауқымды өзгерістер кезеңі қоғам өмірінің барлық саласын жан-жақты қамтуда. Сол себепті қалыптаскан құрылымды мүлдем жаңартып, әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуға жол ашатын демократиялық қоғам құруға сай экономиканы нарықтық қатынастарға көшіру міндеті түр. Осы негізінде әлеуметтік, рухани және тағы басқа күрделі мәселелерді шешу - бүгінгі күннің басты талабы. Сөйтіп бұл мәселелерді дәйекті түрде жүзеге асыру бүкіл қоғам мүшелерінің жаңаша көзкарасына, нақты іс - қимылына және олардың экономикалық біліміне тікелей байланысты. Экономикалық тәрбие - қоғамды дамытудың пәрменді күші. Сондықтан бүгінгі жаңа шаруашылықты жүргізу тәсілдеріне негізделген экономиканы басқаруға тартылатын мамандардың экономикалық білім дәрежесі де жоғары болуы қажет.

     Дағдарыс қандай терендікте болмасын, әйтеуір өтеді. Бұны көптеген елдердің экономикалық даму тарихы көрсетті. Және дағдарысқа қарсы басқару қажеттігін керек етпейді. Сонда бұндай типтегі басқару уақытша мінезді немесе тек прагмативті мәнде ма? Онда неге жоғары білім беру жүйесінде мамандар дайындап, ғылыми концепция қалаудың кажеттігі қанша? Әрине, Қазақстандағы дағдарыстың өршуі тиімді дағдарысқа қарсы басқаруды қажет етті. Бұл тәжірбие тапсырысы. Сонымен бірге басқару ғылымының даму тенденциясы да дағдарысқа қарсы баскару концепциясын дайындауды қажет етеді. Оның алғы шарттары болып, циклдық даму, басқарушылық, ресурстрды үнемдеу, мотивация, уакыт үнемділігі, әлеуметтік әріптестік және көптеген басқалар. Олардың жиынтығы нақты дағдарыс қаупін куәландырады, тіпті сәтті басқаруда да.

      Қоғам дамуындағы дағдарыстың қайнар көзінің экономика екендігін дәлелдеді, ол жеке меншікке және соның салдарынан құрылымға және мүдделер қақтығысына әсер етуіне негізделген. Осыдан көптеген біздің елдің алысты көрмейтін саясаткерлері мен идеологтары мынадай пікір қалыптастырды, жеке меншікті жойған қоғамдык - экономикалық формацияда дағдарыс мүмкіндігі болмайды. Сол себепті бұрындары «өсім қиындықтары», «даму проблемалары», «тұрып қалу» терминдері жиі колданылып келді, кейіннен олар «дағдарыс түсінігіне» ауысты, бірақ мәні бойынша сол процестерді қамтыды.

     Бірақ та, дағдарыс басталуы қандай терминді қолданумен анықталмайды, ол өндірістің және жалпы экономиканың нақты даму тенденцияларымен, қажеттіліктермен анықталады. Ал дағдарыс негізі мен тереңдігі басқаруға тәуелді, яғни, мәселені шешудегі көрегендік және дағдарысты жұмсарту мүмкіндігі, оларды даму мақсатында қолдану.

     Бүгінгі күндегі азғантай дағдарысқа қарсы баскару кітаптары мен оқу әдістемелерінде дағдарысқа қарсы басқару концепцияларына әр түрлі көзқарастар қалыптасқан. Немесе оны тек макроэкономикалық масштабтағы мәселе деп қарастырылады да, дағдарыстың жекелей ұйымда да пайда болып және ол әрқашан жалпы экономикалық жағдайға тәуелді еместігін естен шығарып алғандай немесе тек дағдарыстың экономикалық аспектілері ғана қарастырылып, оның әлеуметтік, саяси, психологиялық, ұйымдастырушылық, басқарушылық, табиғи және тағы басқа жақтары шетте қалып қойылған. 

    1. Кәсіпорынды дағдарысқа қарсы басқару негіздері

     Дағдарысқа  қарсы (антикризистік) бағдарламаның  мақсаттары қаржылық шаруашылықтың  кризистік бағасының өндіріске  нашар әсер ететін факторлардың анализдерінен  шығады.

      Қаржыны дағдарысқа қарсы басқару бағдарламасының  мақсаттары:

1.Төлей  алмаушылықты шеттету.

 Сыртқы  және ішкі міндеттерді қысқарту  және ақша ресурстарының көлемін  көбейту арқылы іске асады:

- Ұйымдық  структураны және тұрақты ұстанымдарды    қысқартуларды оптимизациялау.

- Процесті  өндірісті автоматизациялауда өзгермелі ұстанымдарды қысқарту және негізгі және көмекші бөлімдердің персоналдарын қысқарту;

-  Кредиторлық  қарыздарды барынша ұзарту және  рестуктуризациялау;

- Дебиторлық  қарыздың айналымдарын жеделдету  сенімсіз дебиторлы қарыздар- қазіргі  кездегі салық заңына сай дебиторлық қарызды қайтару және дебиторлық қарызды валды шығынға қатынастыру мақсатында сотқа беруге байланысты коммерциялық кредит периодын қысқарту;

- Сұраныстарға  дайын өнімдер арқылы тауарлы  материалды бағалылықтар запастарының  мөлшерін нормализациялау. Толықтай өзінің тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқан, дайын полиграфиялық өнім қайта өндейтін кәсіпорындардан өту керек. Осыдан пайда болған шығындар болашақтағы салықтық табыстарды қысқартады;

Информация о работе Антикризисное управление