Антикризисное управление

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2011 в 11:23, курсовая работа

Краткое описание

Управление предприятием во время кризиса

Содержание работы

1 Нарық жағдайында кәсіпорынды дағдарысқа қарсы басқарудың теориялық аспектілері
Кәсіпорынды дағдарысқа қарсы басқару негіздері
Кәсіпорынды дағдарысқа қарсы басқару тиімділігі,оған әсер ететін факторлар
Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы басқаруын бағалау
ЖШС өндірістік шаруашылығын талдау
ЖШС дағдарыстың алдын алу жолдарын талдау
3.Нарық жағдайында кәсіпорынды дағдарысқа қарсы басқаруды жетілдіру жолдары
3.1 Нарық жағдайындағы дағдарыстың кәсіпорынға әсер етуінің ықтималдылығын болдырмау, алдын алу
3.2 Шет елдік тәжірибесі

Содержимое работы - 1 файл

МАЗМҰНЫ.doc

— 395.00 Кб (Скачать файл)

     Кәсіпорынның    несиеге  қабілеттілігін    талдаудың  негізгі міндеттері:

     -кәсіпорынның    қаржылық жағдайын анықтау;

     -қарыз    алушының шаруашылық  қызметінің тиімсіздігі   салдарынын  несие    ресурстарын  жоғалтудан   алдын  ала  сақтандыру;

     - қарыз   алушы  кәсіпорынды оның тиімділігін көтеру  

     бағытында қызметін ынталандыру;

     -несиелердің   тиімділігін көтеру.

     Бүгінгі    кезде    отандық   экономикамыз    өсіп,   дамытуға   бара  жатқанда  кәсіпорындардың     қаржылық   антикризистік    басқаруы   өте  мықты  болу   керек.

     Кәсіпорынның  қаржылық антикризистік    басқаруы   қызметінің   қалыпты  болуы  әсіресе  өз кезеніндегі   қойылған  мақсаттарға   қол   жеткізу үшін  қажетті   жағдайларды туғызады,   оның  төлеу қабілеттілігінің    кепілі  болып   табылатын    өнім   өндірудің үздіксіздігін және   кәсіпорынның   қаржылық   жағдайынын  тұрақтылығы қамтамасыз  етеді.

       Қаржылық  антикризистік    басқаруы     көтеру,   әдістердің   жетілдіру     үшін  келесі   шаралар  кіргізу керек: 

     Нарықтық  экономика жағдайында қаржылық есеп шаруашылық субъектілерінің қызметі  жөнінде қаржылық ақпараттардың  жүйелендірілген бірден-бір көзіне, әр түрлі ұйымдық-құқықтық нысандардағы шаруашылық субъектілерінің өзара негізгі байланысына және басқару шешімдерін қабылдауға қажетті аналитикалық есептердің   ақпараттық    базасына   айналу   керек .

     Қаржылық   антикризистік    басқару кезінде  кәсіпорынның жағдайды  талдау керек   деген еңбегінде талдау әдістемесін, әрбір шаруашылық жүргізушінің маңызды міндетінің бірі болып табылатын және де кәсіпорының төлеу қабілеті мен өтімділігіне косымша баға беруге мүмкіндік беретін мүліктік массанын құрылымын бағалаудан   бастайды .  Қаржылық   дербестігіне және  талдау қабілеттілігіне тереңдетілген талдау жасайды. 
 
 

    3.3 Дағдарыстарды       мемлекеттік         реттеу:  шетел және          отандық     тәжірибелері

     Мемлекет  нарықтық экономиканың сыртқы жүйесі емес, оның құрамдас бөлігі болып табылғандықтан, ұдайы өндіріс үрдірісінің әр түрлі сфераларына өз әсерін тигізеді. Экономиканы мемлекеттік реттеу-мемлекеттің макроэкономикалық тұрғыдан жасалатын қызметі, мемлекеттік құқылы мекемелердің және қоғамдық ұйымдардың әлеуметтік-экономикалық жүйелерді өзгеретін жағдайларға сәйкес, әртүрлі және өзара байланысты экономикалық реттегіштерді қолдана отырып, зандылық, атқарушы және бақылау сипатындағы жүргізетін типтік шаралардың жүйесі .

     Экономиканы мемлекеттік реттеудің маңызды міндеттерінің бірі болып, кәсіпорын қызметіндегі дағдарыстық құбылыстардан өтуге жағдайлар жасау табылады. Бұл міндет дағдарысты мемлекеттік реттеу шараларын жасау мен өткізу арқылы шешіледі. Дағдарысты мемлекеттік реттеу-мемлекеттің кәсіпорынды дағдарыстық жағдайлардан, банкроттықтың алдын - алудан қорғау немесе оның арғы қызметін тоқтату үшін пайда болатын ұйымдастырушылық-экономикалық және кұқықтық қатынастарын көрсететін макроэкономикалық категория. Дағдарысты мемлекеттік реттеу-нормативті құбылыс. Ол қызметті талдаудан және нақты, ашық мақсаттарды қоюдан, мүмкіндігінше дағдарыстық жағдайларды оң түрде өзгертетін құралдардан тұрады .

     Дағдарысқа қарсы  басқару үрдістерін мемлекеттік  реттеудің дамыған елдердегі  тәжірибесін талдай отырып, қолданылатын тәсілдердің ортақтығына қарамастан әр мемлекеттің заңдылығы ұлттық экономиканың ерекшеліктерін, қалыптасқан менталитетті, этикалық дәстүрлерді  ескеретінін   айта   кету   орынды    сияқты .

      Біз осы зерттеу жұмысымызда нарықтық экономикалы, транзитты экономикалы елдердің және Қазақстан Республикасының дағдарысты мемлекеттік реттеу тәжірибелерін  қарастыра отырып, кәсіпорын үшін оңтайлы, ұтымды жақтарын анықтауға, жалпы дағдарысқа қарсы заңдылықтарды қандай да бір белгілері арқылы жіктеуге тырыстық.

      Осы жерде мынадай орынды сұрақ туады - кәсіпорынның төлем қабілеттілігі  қандай белгілермен бағаланады және қандай көрсеткіштер бойынша дәрменсіздікті алдын-ала болжауға болады?

     Жалпы түрде, кәсіпорынның банкроттығының ресми  белгілері борышкердің ақшалай міндеттемелерін және өзге де сипаттағы талаптарды орындауға қабілетсіздігі-яғни төлем қабілетсіздігі. Дағдарысты мемлекеттік реттеу үрдісін бастау үшін төлем қабілетсіздік белгісі Германияда- кәсіпорынның өзінің тез өтімді қаражаттарынан көп соманы 1 ай ішінде төлемеуі, Францияда несиегер куәлаган төлемді тоқтату фактісі, Англияда шаруашылық жүргізуші субъект бір немесе бірнеше қарыздар бойынша ең кемі 750 фунт стерлинг, АҚШ - та 5 мың доллар борышы болу керек. Бұрынғы социалистік елдерде банкроттықтың ресми белгілерін-дәрменсіздікті белгілеуде негізгі назар уақыт аспектісіне жасалады. Мысалы, Болгарияда, дәрменсіз болып, 60 күн бойы өз міндеттемелерін банк шоттарында ақша қаржылары болмағандықтан орындамаған фирма - төлем қабілетсіз деп жарияланады. Венгрияда дәрменсіз болып, мойындаған қарызын 60 күн ішінде немесе талап қойғаннан кейін 30 күн ішінде төлеуге кедергі болған себептерді кредиторға үсынбаған борышкер табылады. Румынияда бұл мерзім 30 күнтізбелік күнмен шектеледі. Басқа бұрынғы социалистік елдермен салыстарғанда дәрменсіздік институты ұзағырақ қызмет ететін Чехия мен Польшада банкроттықтың ресми белгілері-кәсіпорынның бірнеше кредитор алдында өз міндеттемелерін орындауға қабілетсіздігі болып табылады. Ресей мемлекетінде, Қазақстан Республикасында үш ай мерзімде өз міндеттемелері бойынша төлем төлемеуі саналады.

     Банкроттықтың ресми белгілерімен қатар, мүмкін банкроттықты білдіретін ресми емес белгілері  бар. Дағдарысты мемлекеттік реттеу тәжірибесін нарықтық экономикалы елдердің бірі - Германия мысалынан бастадық. Ел экономикасының маңызды ерекшеліктерінің бірі болып, өнеркәсіп шоғырлануының жоғары деңгейі табылады. Басқа көптеген Еуропалық елдермен қатар, Германияны жеткілікті деңгейде дамыған экономикалық инфрақұрылым және оның элементтерінің-жылжымайтын мүлік, ақпараттар, технологиялар, қаржылар және бағалы қағаздар нарықтарының бүтіндігі сипаттайды. Бұл бизнестің 
жоғары деңгейін, және оның салдары ретінде жоғарғы ұйымдастыру шығындарын  анықтайды.  Осындай макроэкономикалық тенденциялар төлем  қабілетсіз кәсіпорындарды басқару механизмдерінің типологиясын қалыптастырады. Кәсіпорындар санациясын тікелей мемлекеттік қаржыландыру, әдетте, аймақтық маңызы бар өте ірі зауыттарға ғана қолданылады. Экономиканы мемлекеттік реттеудің құралы ретінде банктік несиелер бойынша кепілдік беру қолданылады. Кәсіпорындар санациясы, кредиторлар өз капиталдарын қайтарып алатынына анық сенімді болған жағдайда жүргізіледі. Санацияның міндетті шарттары болып кредиторлық борышты жартылай (кем дегенде 35 % - ке) жабу және басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын оңтайландыру үшін менеджерлік құрамды ауыстыру саналады.

      Германияда, банкроттық механизм жетік әзірленген. Арбитрлық соттың конкурстық өндірісті  ашуына негіз болып кредиторлардың немесе борышкердің өз арызы табылады. Кәсіпорын басшылығының арызды өз уақытында бермеуі қылмыс ретінде қабылданады-мемлекет төлем қабілетсіз элементтердің экономикадан кетуін қатаң бақылайды. Барлық сұрақтар кредиторлар жиналысының бақылауымен қызмет ететін конкурстық басқарушының құдіретіне жатады.

    Заң жүзінде несие қарызын жабудың  келесі кезектілігі белгіленген:

    • мемлекетке салық борыштарын өтеу;
    • әлеуметтік төлемдер, оның ішінде еңбек ақы (Германияда азаматтарға әлеуметтік кепілдіктердің сенімді жүйесі әрекет етеді, жұмысшыларға еңбек ақы қарыздарын төлеуге    кәсіпорында қаражат жетпеген жағдайда мемлекет төлейді);
    • басқа да несиегерлер.

     Дегенмен, коммерциялық банктермен несиелеу, әдетте, жылжымайтын мүлікті кепілге  алу арқылы жүргізілетіндіктен, конкурстық өндірісті ашқан кезде кепілден бос мүлік аз қалады. Сондықтан, кредиторлар  шешімінің кең таралған түрі болып  кәсіпорын санациясын жүргізу табылады.

     Неміс заңдылығы конкурстық өндірісті  екі талап орындалған жағдайда қарастырады: банкпен несиелеу тоқтатылғанда  және активтерден пассивтер артып  кеткен жағдайда. Елдің жоғары сотының  шешіміне сәйкес, кәсіпорынды, егер оның активтері қарыздарын өтемесе немесе өз дамуына негізделген дәйекті бизнес-жоспары болмаса банкрот деп табады.

     Әрине, кәсіпорынның дәрменсіздігін анықтаудың мұндай критерийлері    өте    қатал.     Сондықтан,     кәсіпорынның    нақты қаржылық жағдайын анықтау бірнеше бағыттарды қамтитын оның дағдарысының себептерін талдау жолымен жүргізіледі:

    • кәсіпорынның қызмет етуінің құқықтық жағдайларын талдау оның ұйымдық - құқықтық нысанын, фирма қызметінің заңды кеңістігін   қалыптастыратын құрылтай құжаттарын қарастыруды ескереді;
    • кәсіпорын филиалдарының орналасуын, өндірістік бағдарламасын  талдау өндіріс жағдайларының    және    өткізу оңтайлылығын бағалауға бағытталған;
    • кәсіпорынды өндіріс ресурстарымен жабдықтау жүйесін талдау 
      барысында шикізат пен өнім қорының бар-жоғы, тауар айналым қарқыны, щикізат жеткізудің келісім-шарттарының орындалуы, шикізат сапасы мен құны анықталады;
    • кәсіпорынға   қаржы  ресурстарының  қажеттілігін   талдау және қаржылық  жоспарлау  кәсіпорын   активтерін   бағалауға,   олардың өтімділігін, нарықтық құнын, меншікті және қарыз капиталының үлесін, қаржылык саясаттың стратегиясын бағалауға және бизнес - бағдарламаны   қаржыландырудың   ең   тиімді   көздерін   анықтауға бағыттылған;
    • ұйымдастырушылық жағдайларды талдау кәсіпорынды басқару тиімділігін, менеджмент құрылымының ұтымдылығын, басқарушы құрамның    біліктілік   деңгейін,  акпараттық тасқындардың оңтайлығын бағалауды ескереді;
    • кәсіпорынның қызмет етуінің сыртқы жағдайларын бағалаудың да маңызы зор - салалық қимадағы жағдай, өндірілетін тауарлар тобы бойынша бәсеке деңгейі, бәсекелестердің стратегиясы мен қуаты, аймақтағы саяси және әлеуметтік тұрақтылық, тұрғын халықтың төлем қабілеттілігі, экологиялық шектеулердің әсері.

      Осы аталған факторлардың және заңдылықтың  ресми мөлшерлерінің жиынтығы кәсіпорынның төлем қабілеттілігін анықтайды және оның құрылымын кайта құру нысандары жайлы шешімдерді қабылдауға негіз болады.

      Италияның банкроттылық туралы заңдылығы бірнеше  құқықтық нормаларды бөліп көрсетеді: банкроттық; банкроттық қаупі жағдайында кредиторлармен келісу; банкроттық қаупі төнген жағдайдағы бақыланатын басқару; басқару органдарын күштеп жою.

     Германия  тәжірибесінде белгіленгендей кәсіпорынды  қаржылық сауықтыру нысандарына  ұқсас, бұл нормалар дәрменсіз фирмалардың  құрылымын қайта құрудың қатаң шараларын реттейді. Банкроттық- басқару және бақылау функцияларын меншік иесінен тартып алуды, сондай-ақ оның мүлкін тікелей сатуды  қарастыратын  ең  өктемді  шара  болып  табылады.   Оның үстіне, Италия банкроттығының еркіндік саясын және банкроттық құқық қабілеттілігін шектейтін дербес салдары бар.

     Кредиторлармен  келісім, төлемдердің мерзімін борышкер бірқатар шарттарды орындаған соң  кейінге қалдыруды, оның ішінде мүліктік немесе басқа заңмен белгіленген  кепілдікті ұсыну да бар, ескеретін  ымыралы шешім болып табылады. Ең қолайлы нысаны болып, кәсіпорын санациясының дәйекті жоспарын ұсынған кәсіпкерге, сот бақылауымен мүлікті және кәсіпорынды басқаруды сақтап, екі жылға дейін төлеу мерзімін ұзартуға мүмкіндік беретін бақыланатын басқару болып табылады.

      Басқару органдарын күштеп тарату ерекшелігі - стратегиялық маңызы бар бірқатар кәсіпорындар мемлекеттік басқару  органдардың бақылауында болғанымен анықталады. Осындай кәсіпорындардың  каржылық дағдарысы жағдайында олардың  мүлкін тарату жүргізіледі. Бұл әкімшілік тәртіппен мемлекеттік басқарудың тоқтатылғанын көрсетеді.

      Банкроттық  туралы Италияның заңдылығы үнемі  жетілдіріліп отырғанын айта кету керек  және осы үрдіс мақсаттарының  бірі болып, кәсіпорын банкроттықка ұшыраған жағдайда азаматтарды әлеуметтік қорғау шараларының кешенін енгізу табылады. Егер Германияда мемлекет банкрот болған кәсіпорынның жұмысшыларына қарыздарын тікелей өтеуге қатысса, Италияда экономикалық-әлеуметтік реттеудің басқа, икемді нысандары карастырылған. Ол мемлекеттің қаржылық қиыншылықтары бар жеке компаниялардың жарғылық. капиталына мемлекеттік басқаруды енгізу мақсатында үлеспен кіру және осы шеңберде мемлекеттік үлесті қайтып берумен байланысты санациялық іс-шараларды қаржыландыру. Осы шараны нақты қаржылық дағдарысты басынан кешіріп отырған кәсіпорындарға ғана қатысты қолдануға болады. Сол себепті олардың дағдарыс алдындағы диагностикасы мақсатында және оларды қайта құру жайлы басқару шешімдерін қабылдау үшін кәсіпорынның төлемқабілеттілігін анықтаудың негізделген көрсеткіштері қажет.

     Италияда  дәрменсіздік жағдайды келесі көрсеткіштермен  анықтайды:

    • өмірді   сақтандырумен   айналысатын   кәсіпорындарға   міндетті резервтер кепілдігі есебіне ұсынылатын активтердің жеткіліксіздігі;
    • егер банктер немесе кооперативтік типті несие мекемелері үшін жарғылық капиталдың 1/3 - і жоғалса;
    • басқа типтегі несие мекемелер үшін, егер қалған жартысы қарыз міндеттемелерін жабуға жеткілікті болғанына қарамастан, мүлкінің жартысы  жоғалса.

Информация о работе Антикризисное управление